Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Компьютерлік практикум_Зертхана_2016-2017.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.3 Mб
Скачать

А. М. ДЖУМАГАЛИЕВА

Компьютерлік практикум пәнінен

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА АРНАЛҒАН

ПРАКТИКУМ

5В07001300 – Көлік, көліктік техника және технологиясы

Астана 2016

C.Сейфуллин атындағы «Бекітемін»

Қазақ агротехникалық уни- С.Сейфуллин атындағы Қазақ

верситетінің әдістемелік агротехникалық университетінің

кеңесінде қаралып, мақұлданды АҚ Басқарма төрағасының

хаттама «__»__________201_ж бірінші орынбасары ________________ А.М. Әбдіров

«___» _____________201____ ж.

Авторлары:

Джумагалиева Айнұр Максимқызы – С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ақпараттық коммуникациялық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы.

Нургазинова Әсем Жұмайқызы - С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ақпараттық коммуникациялық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы.

Пікірберуші:

Көксеген Ә.Е. - С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ақпараттық коммуникациялық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы.

Ақпараттық коммуникациялық технологиялар кафедрасының мәжілісінде хаттама №__ «___» ________201__ ж., компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде хаттама №__«___»_______ 201__ ж. қаралып, талқыланған.

Кіріспе

Информатика сөзі заманауи адамның сөздік қорында жаңа сөз болып табылады. Бұл сөздің күнделікті тұрмыста жиі қолданылуына қарамастан информатика сөзінің мағынасы әлі толық айқындалмады деп айтуға болады. Біз информатика сөзінің ақпаратқа, оны компьютерлерде өңдеуге байланысты қолданылатын сөз екенін білеміз. Ол ақпарат және автоматтандыру деген екі сөзден құрылған деп есептеледі.

Қазіргі кезде компьютердің, ақпараттың барлығының электронды түрде болып, компьютердің кеңінен қолданылуына байланысты, кез-келген сауатты азаматтың информатика жайлы білімі болуы қажет. Осы себепті информатика пәні орта мектепте оқытылып, жоғары оқу орындарында да міндетті пәндер қатарына енгізілген.

Информатика пәні – басқа пәндермен салыстырғанда жиі өзгеріске ұшырайтын ғылымы пән, сондықтан ақпаратты өңдеу, жинау және беру тәсілдері де күннен күнге дамып келеді.

Ақпараттың өте кең көлемде өсіп кетуі, барлық салаларда болуына байланысты, бұл қоғамның жаппай ақпараттандырылуына әкеліп соқты.

Осы қоғамның жаппай ақпараттандырылуына байланысты, әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық процестердің барлығын қолдануға ыңғайлы болу үшін адамдар өз қажетттіліктерінде физикалық және заңгерлік тұрғыдан қанағаттандырылуы үшін информатикадан міндетті түрде хабары болуы керек.

Ақпараттандырудың мақсаты – ақпараттық қоғам құру болып табылады, басқа адамдар ақпаратты өндіру, сақтау және өңдеумен айналысады. Осы себепті информатика пайда болды десе болады. Ақпараттық қоғамға келесі белгілер жатады: ақпараттың көбеюі мен жетіспеуін болдырмауы; қоғамның басты даму белгісі – ақпататты экономика; адамзаттың жиған білім – білік дағдыларының жаңа технологиялар арқасында жақсы сақталуы; барлық әлеуметтік салалардың ақпараттандырылуы, ақпараттың күрт өсуіне әкелуі; барлық адамзаттың ақпарат алмасу арқылы бірігуі; информатиканың арқасында кез-келген адамның дүние жүзілік өркениеттен хабардар болуы.

Бұл процестің кері әсер ететін тұстарыда бар: жаппай ақпараттандырылудың қатты әсер етуі; ақпараттандырудың адамның жеке басына қол сұғуға әкеліп соғуы; ақпараттандыру процесінде ақпараттың шынайы болуы маңызды рөл атқарады; кейбір адамдар ақпараттанған қоғамға әлі де болса үйрене алмай келеді.

Беріліп отырған оқу құралы информатиканы, оның шығу тарихымен байланыстыра отырып түсіндірілген ақпарат және компьютер – дәл осы екі сөзді кітаптын негізгі бөлімдерін айқындайды. Осы ақпарат пен информатика біріге отырып ақпараттық процесс ұғымын туғызады.

Ақпараттық қоғамды құрайтын, қоғамның әрбір мүшесіне ақпараттың алуан түрін (құпия мәліметтерді алмағанда) алуға мүмкіндік беретін бағдарламалық және техникалық құралдар жиынтығы. Сонымен бірге, жаңа немесе ескі техникалық және бағдарламалық жүйелердің әбден жетілдіруін жобалау және өндіріс үшін керек әдістер, үлгілер, алгоритмдер қолдана алатын да техникалық бағдарламалық жүйелердің күрделілігі.

Информатика іргелі ғылым ретінде абстракт әдістерді, үлгілерді, алгоритмдерді және оларға қатысты математикалық теория өңдеумен шұғылданады. Оның айырықша құзыреті ақпарат өзгеру процестерін зерттеу. Тиісті теориялар, үлгілер, әдістер іс жүзінде қолданылатын алгоритмдерді өңдеуді зерттеудің негізі болып табылады.

Өндірістік сала ретіндегі информатиканың іргелі ғылымының зертеу нәтижелерін ұдайы қолданады. Шындығында, бағдарламалық өнімдердің өндірісі бойынша бәріне белгілі батыс фирмалары, сондай-ақ Microsoft, Lotus, Borland, техникалық құралдар – Apple, Intel, Hewlett Packard және т.б.

Информатика қолданбалы пән ретінде ақпаратты өңдеу, түрлендіру облысында мамандар әзірлеуімен шұғылданады. Ол нақты облыстардағы ақпараттық үрдістерді ағу заңдылығы мен нақты ақпараттық жүйелер және технологиялардың өңдеу әдістемелігін үйретеді. Демек, информатиканың бас функциясы компьютерді қолдану барысымен ақпаратты құру әдістері мен құралдардың көмегімен өңдеу, сонымен бірге оларды технология үрдісінде ақпарат түрлендіруін іске асыруда қолдану.

1 тәжірибелік жұмыс