Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭЭ отпели процесс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.76 Mб
Скачать

2 Күрделі электр тораптарындағы симметриялы емес қысқа тұйықталу режимдерін есептеу

Симметриялық емес режим, бір немесе екі фазаның үзілуінен, болмаса симметриялық емес қ.т. туындайды. Бірінші жағдайда бойылық, ал екінші жағдайда көлденеңдік симметриясыздық туындайды. Симметриясыздық кезде тоқ және кернеу фазасы бойынша бірдей емес және әртүлі, ығысу бұрышы 120 градустан айырмашылықта болады. Симметриясыздықты сараптамалауда симметриялы құраушы әдісі негізінде белгілі бір рұқсатамалар жіберіледі. Симметриялы құраушы әдісі бір жағынан бір желілі сұлбаны қолдануға мүмкіндік береді. Симметриялық емес қ.т. мүмкін болатын нүктедегі үш фазалық қ.т. есептеуге алып келеді.

Тапсырма

Электрлік сұлба үшін, 1 – суретте келтірілген бастапқы сұлбадағы берілген нүктедегі симметриялы емес қ.т. есептеуді орындау. Нүкте және қ.т. түрі 4 – кесте бойынша таңдалады [1, бет 12] сәйкесінше номерімен.

t=0 моменті үшін есептеген кезде анықталады:

  • - периодты құрастырушы қ.т. тоғының әсер ету мәні;

  • - қ.т. соғу тоғы;

  • ӘЖ үшін фазалық тоқтар (кА), қ.т. нүктесін, сұлба түйінімен, таңбасы – белгіленіп N номерімен байланыстырады, ол қ.т. нүктесіне тең;

  • N номері, таңбасы бар түйінмен қ.т. нүктесі үшін фазалық және желілік кернеулер (кВ);

  • Тоқ (қ.т. нүктесі және ӘЖ) және кернеудің (нүктедегі және түйіндегі ) векторлық диаграммасын тұрғызу.

Симметриялы емес режим практикасының есептеулерінде, симметриялы үш фазалық қ.т. сараптамасындағыдай рұқсаттамалар қолданылады.

Сол базистік шарт кезімен жүйені салыстырмалы бірлікте есептеуді жүргіземіз.

Симметриялық режим кезіндегі алғашқы берілімді қолданамыз.

Барлық тізбектер үшін жүйенің кедергілерін бірдей және тікелй тізбек кедергілеріне тең деп қабылдаймыз.

Симметриялы емес қ.т. есептеу үшін симметриялық құраушы әдісін қолданамыз.

Симметриялы құраушы әдісінің мәні :

Симметриялық құраушының тәуелсіз әрекет принципі қолданылады, яғыни әрбір тізбек жеке симметриялы қ.т. ретінде қарастырылады.

Тікелей тізбектің түрлендірілген сұлбадағы қорек көзі асқын өтпелі ЭҚК ретінде қарастырылады.

Кері тізбектің түрлендірілген сұлбасында барлық ЭҚК нөлге теңестіріледі. Айналмалы бөліктері жоқ элементтер тікелей тізбек кедергісіндей енгізіледі.

Нөлдік тізбектің түрлендірілген сұлбасына жерге қосылған трансформациялық нейтралі бар ғана трансформаторлар кіргізіледі.

2.1 Тікелей тізбекті түрлендіру сұлбасы

Тікелей тізбекті түрлендіру сұлбасы, кезкелген симметриялы үш фазалы режимді немесе процессті есептеу үшін құрылатындай қарапайым болып келеді. Қолданылатын есептеу әдісіне және уақыт моменттіне тәуелді оған генераторлар және реактивтік ЭҚК сәйкес жүктемелер енгізіледі. Барлық қалған элементтерді сұлбаға кедергілерін өзгертпей кіргізіледі.

Біздің жағдайымызда есептеуді бірінші бөлімдегідей, жаңа нүктедегі қ.т. ретінде жүргіземіз.

Барлық генерацияланатын және жүктемелік тармақтардың бос еркін ұштары біріктіріліп, сол нүктені тікелей тізбек сұлбасының басы ретінде есептейді.

Тікелей тізбек сұлбасының соңы, симметриясыздық туындаған нүктені айтады.

Сурет 15. Күрделі электр торабының тікелей тізбегін түрлендіру сұлбасы.