- •Оқу жұмыс бағдарламасы
- •Пәннің мазмұны және оның әдістемелік қамтамасыз етілуі Дәріс курсы және практикалық сабақтар
- •Әдебиеттер Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •1. Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1. Оқытушы туралы мәліметтер:
- •2. Пән туралы мәліметтер:
- •6. Сабақ жоспары
- •1 Тақырып. Кристалдық тор.
- •2 Тақырып. Серпімді және пластикалық деформации. Гук заңы
- •3 Тақырып. Бөлшектер ұжымын сипаттаудың термодинамикалық және статистикалық әдістері.
- •4 Тақырып. Қатты денелердегі (кристалдағы) атомдардың байланысы
- •9 Тақырып. Атомдардың магниттік моменттерінің табиғаты
- •10 Тақырып. Ферримагнетизм. Ферриттер
- •Әдебиеттер Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Баға бойынша ақпарат
- •10. Оқу пәні мен академиялық әдептің саясаты
- •Дәріс тезистері байланыс күштері. Қатты денелердің ішкі құрылымы.
- •Иондық байланыс
- •Коваленттік байланыс
- •Металдық байланыс
- •Сутектік байланыс
- •Әртүрлі байланыс түрлерін салыстыру
- •Тебіліс күштері
- •Кристалдық тор
- •Кристалдардағы бағыттар мен жазықтықтарды, түйіндерді белгілеу
- •Байланыс күштері сипатына байланысты қатты денелерді классификациялау
- •Полиморфизм құбылысы
- •Кристалдық торлардағы олқылықтар (жетіспеушіліктер) мен дефектілер
- •Серпімді және пластикалық деформации.
- •Кристалдардың пластикалыққа өтуінің негізгі заңдылықтары
- •Механикалық қосарлану
- •Ығысуға кристалдардың теориялық және нақты беріктіктері
- •Дислокация туралы түсінік. Дислокацияның негізгі түрлері.
- •Дислокацияның орын ауыстыруы үшін қажетті күштер
- •Дислокация көздері. Кристалдарды беріктендіру.
- •Қатты денелердің морт беріктілігі
- •Қатты денелердің уақытша беріктілігі
- •Қатты денелердің беріктіліктерін арттыру жолдары.
- •Физикалық статистика элементтері Бөлшектер ұжымын сипаттаудың термодинамикалық және статистикалық әдістері. Химиялық потенциал.
- •Фермиондар мен бозондар. Азғындалмаған және азғындалған бөлшектер ұжымдары.
- •Таралу функциясы
- •Микробөлшектердің фазалық кеңістігі және оның квантталынуы туралы ұғым
- •Күй тығыздығы
- •Идеал газдың азғындалмауы және металдағы электрондардың азғындалуы
- •Азғындалу температурасы
- •Азғындалмаған газға арналған таралу функциясы. Максвелл-Больцман таралу функциясы
- •Азғындалған газ фермиондарға арналған таралу функциясы. Ферми-Дирак таралу функциясы
- •Азғындалған газ фермиондардың орташа энергиясы. Электрондық газдың қысымы.
- •Бозе-Эйнштейннің таралу функциясы
- •Қатты денелердің электрлік қасиеттері
- •Қатты денелердегі (кристалдағы) атомдардың байланысы
- •Кристалдық тордағы электрондардың динамикасы. Эффективті масса
- •Металдардың электрөткізгіштігі
- •Кристалдардағы энергетикалық зоналар
- •Жартылай өткізгіштер
- •Жартылай өткізгіштердің меншікті өткізгіштігі
- •Жартылай өткізгіштердің қоспалы өткізгіштігі
- •Қ оспаның барлық атомдары иондалған кезде өткізгіштік зонадағы электрондар концентрациясы қоспа атомдары концентрациясына тең болады:
- •Ауысудың пайда болуы мен жұмыс принципі
- •Жартылай өткізгішті триодтың (транзистордың) жұмыс істеу принципі
- •Ішкі фотоэффект (фотоөткізгіштік)
- •Фотоэлектрлік құралдар
- •Күн батареялары
- •Жарық диодтары
- •Электрондардың шығу жұмысы
- •Потенциалдардың контактілік айырмасы
- •Термоэлектрлік құбылыстар. Зеебек құбылыстары
- •Пельтье құбылысы
- •4.22 Сурет Пельтье құбылысын түсіндіруге арналған
- •Қатты денелердің жылулық қасиеттері Кристалдық тордың қалыпты тербелістері туралы ұғым
- •Тордың қалыпты тербеліс спектрі
- •Дебай температурасының сипаттамасы
- •Гармоникалық осциллятор. Фонондар
- •Диэлектриктердің жылу сиымдылығы (Дебай теориясы)
- •Электрондық газдың жылу сиымдылығы (металдардың жылу сиымдылығы)
- •Қатты денелердің жылулық ұлғаюы
- •Қатты денелердің жылу өткізгіштігі Тордың жылу өткізгіштігі (диэлектриктердің)
- •Металдардың жылу өткізгіштіктері
- •Видеман-Франц заңы
- •6 Тарау
- •Асқын өткізгіштердің негізгі қасиеттері
- •Асқын өткізгіштік табиғаты.
- •Джозефсон эффектісі
- •Жоғары температуралы асқын өткізгіштік
- •7 Тарау қатты денелердің магнетизмі
- •Атомдардың магниттік моменттерінің табиғаты
- •Ферромагнетиктердің негізгі қасиеттері
- •Ферромагнетиктердің спонтанды магниттелінуінің табиғаты
- •Антиферромагнетизм
- •Ферримагнетизм. Ферриттер
- •7.8 Сурет Магниттік қабылдағыштың ( )-нің температураға тәуелділігі
- •Қорытынды бақылау материалдары (билеттер мен тесттік тапсырмалары)
- •______Аралық_______________________ бақылаудың
- •Материалдары
Қатты денелердің беріктіліктерін арттыру жолдары.
Тұтастықтың үзілуінің пайда болуы мен сызаттардың таралу механизмі қатты дененің атомдық құрылымына байланысты. Сондықтан, беріктілік осы денелердің құрылымдық-сезімталдық қасиеттері болып табылады. Кристалдарға түсірілген кернеу дислокацияны және оның сырғанау жазықтығы бойымен орын ауыстыруын тудырады. Пластикалық деформация тудыратын пластикалық жылжу осылай іске асады. Өзінің таралу жолында дислокация қоспалар, дәндер мен блоктар шекаралары, сырғанау жазықтықтарының қиылысуы сияқты тосқауылдарға кездесіп тежеледі және кристалл беріктенеді. Жоғарыда көрсетілгендей дислокацияның жинала бастаған кезде жарылулардың пайда болуына мүмкіндік жасайтын кернеудің пайда болуы мүмкін. Осындай денелердің беріктілігін арттыру үшін дислокацияның, жарылулардың пайда болуы мен дамуына жол бермеу қажет. Осыны іске асырудың екі жолы бар:
1.
Дефектілері жоқ кристалдар дайындау,
оларда жарылулардың пайда болуына
әкелетін ішкі кернеу көздері болмайды.
Бұл жол тек қана жіп түріндегі кристалдарда
ғана қолданылады, олар
мұртшалар (усов)
деп аталады. Олар арнайы жағдайларда
сәйкес химиялық қосылыстарды таза
металдардың буларын сутектік және
инертті газды орталарда сәйкес
температураларда конденсациялау
әдісімен ажырату және қайта қалпына
келтіру жолымен алынған монокристалдар.
Сонымен қатар, ерітінділерден өте
кішкене электродтарда металдарды
электрлік тұнбалау әдісімен де алуға
болады. Жіп тәрізді
кристалдардың
ұзындықтары әдетте
-ден
мм-ге дейін және қалыңдықтары
аралығында болады.
Осындай
кристалдардың ең керемет ерекшеліктері
- механикалық қасиеттерінің жоғарылығы,
беріктіліктері қатты денелердің
теориялық беріктілігіне жуықтайды.
Темірдің жіп тәрізді кристалының
беріктілігі шамамен
,
мыстікі
,
цинктікі
,
ал кәдімгі металдан жасалған үлгілердікі
сәйкесінше
,
және
болады. Темірдің жіп тәрізді кристалы
тек қана серпімді деформацияланады,
оның серпімді деформациясы өте үлкен
шамаға – шамамен
жетеді, осындай деформацияға жеткенде
кристалл серпімді қирайды.
Ал кәдімгі темірде бұл деформация
болғанда жеткілікті түрде пластикалық
деформацияның басталатынын ескереміз.
Жіп тәрізді кристалдардың осындай ерекше жоғары механикалық қасиеттері олардың ішкі құрылымының өте дұрыстығымен түсіндіріледі. Мұндай кристалдарда дислокация және басқа дефектілер болмайды, шекті жоғары таза, олардың беттік қабаттарының тегістігі сондай, тіпті 40000 есе үлкейткеннің өзінде де, ешқандай тегіс еместік іздері байқалмайды. Осындай өте жоғары сапалылықты өсіру жағдайымен ғана емес, сонымен қоса, кристалдағы тор дефектілерінің оларда болу ықтималдығының азайтатын өлшемдерінің аздығымен алуға болады.
Жіп тәрізді кристалдарда дислокация және басқа дефектілердің болмауынан сырғанау жазықтығы бойымен ығысу қатаң формада ғана өтеді. Осы кезде сырғанау жазықтығындағы барлық атомдардың байланысын бір мезетте жеңеді. Осындай ығысу болу үшін кристалдың теориялық беріктігіне жуық күш (усилия) қажет болады, бұл шынында да солай. «Мұртшалардың» ерекше жоғары серпімді деформациясы жеңіл қозғалатын дислокациялардың болмауымен түсіндіріледі, олар кәдімгі кристалдарда тіпті өте төменгі температуралардың өзінде де пластикалық деформация тудырады.
Сонымен, бірінші жол – дефектісіз, дислокациясыз кристалдарды дайындау жолы - беріктілігі қатты денелердің теориялық беріктілігіне жуық, өте жоғары материалдар алуды көрсетеді. 2. Екінші жол бірінші жолға қарама-қайшы. Ол кристалдың ішкі құрылымын оған қоспа атомдарын кіргізіп, дисперсиялық фазаларды бөліп, күшті пластикалық деформацияға ұшыратын, максимал өзгерістер тудырады. Осындай дефектілер дислокацияның орын ауыстыруы мен жарылулардың таралуын қиындатады, сол арқылы материалды беріктендіреді. Берік және асқын берік материалдарды алу үшін ғылым мен техникада тек осы жол ғана қолданылады. Қазіргі заманғы авиация двигательдерінің 1 кг салмағына оның қуатының 1 ат күші сәйкес келеді, ал өткен ғасырдың басында 250 кг-на 1 ат күші сәйкес келген еді.
Кейінгі уақытта жіп тәрізді кристалдармен толтырылған матрицалардан тұратын композициялық материалдар қолданыла бастады. Матрицалар ретінде тот баспайтын болат, никель, титан және т.б. пайдаланылады. Матрицалар вольфрам жіптерімен, алюминий окисінен жасалған мұртшалармен және т.б. толтырылады. Жеткен жетістіктер таяу уақытта ең жақсы болаттан беріктілігі 5-10 есе жоғары, массасы 1,5-2 есе жеңіл материалдар алуға үміттендіреді.
Аморфты денелер мен шыны тәрізді полимерлердің беріктілігінің ішкі құрылымына сезімталдылығының аз еместігі белгілі. Жоғары температурада жаңа дайындалған шыны, кварц жіптердің ешқандай дефектілері болмайды, олардың беріктілігі кәдімгі беріктіліктен шамамен 100 есе жоғары және теориялық беріктіліктен айырмашылықтары аз.
Бағдарланбаған
шыны тәрізді полимерлердің бөлме
температурасындағы беріктілігі шамамен
.
Олардан жасалған қабыршақ (пленка) мен
талшықтың беріктілігі шамамен
,
бұл өте жақсы болаттың беріктілігіне
жуық. Полимерлі молекулалардан тұратын
тізбек жоғары дәрежеде бағдарланып
орналасса, олардан бағытталған
полимеризация жолымен алынған ине
тәрізді полимер кристалдардың беріктілігі
-ға
жетеді. Егер, полимерлер тығыздығының
1-ден айырмашылығы өте аз екендігін
ескерсек, онда осындай материалдардың
техника үшін қандай құнды екендігін
көз алдымызға елестетуге болады.
Қазіргі заманғы ғылым мен техникаға қажетті материалдарға деген талаптар үздіксіз, күн санап өсуде. Тіпті қазірдің өзінде бірнеше мың градус температураға шыдайтын материалдарға деген сұраныс артып отыр. Олар осындай температураларда қажетті дәрежеде берік және қалыпты жүктеме түсіргенде пластикалық деформацияға ұшырамауы қажет.
Асқын берік материалдар алудың перспективалары қандай?
Осындай
асқын берік және ыстыққа төзімді
материалдар алудың бірден-бір принципиальды
жолын тапқан совет физигі А.В. Степанов
болды. Ол молекулалық кристалдардың
ерекшеліктеріне, атап айтқанда күкіртке
назар аударды. Күкірт кристалы өте
әлсіз молекулалық күштермен байланысқан
молекулалардан тұрады. Сондықтан,
кристалдың беріктігі мен балқу
температурасы төмен (
).
Ал күкірт молекуласындағы атомдар
бір-бірімен күшті химиялық байланыста.
Егер күкірт торы молекуладағы атомдар
арасындағы байланыстар сияқты байланыспен
құрылатын болса, онда балқу нүктесі
болатын, өте берік кристалл алуға болар
еді. Осындай өзгерістерді ұқсас
молекулалық кристалдар да жасауға
болады.
Бұл мүмкін бе немесе жоқ па? Жұмсақ графит пен гексагональды бор нитридіндегі әлсіз ван-дер-ваальс күштерін күшті ковалентті байланысқа алмастыра отырып өте берік, қатты және қиын балқитын алмаз және боразон алғанымыз, оның мүмкін екендігіне нақты айғақ бола алады. Осындай материалдар алу мүмкіндігі кез-келген еңбектің зая кетпейтінін, оның ғылым мен техникаға орасан зор үлес қосатынын көрсетеді.
