Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Малика информатика.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
84.48 Кб
Скачать

Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті

Медициналық информатика және биофизика кафедрасы

№ 1 бақылау жұмысы

Тақырыбы: «Дәрігердің автоматтандырылған жұмыс орны»

Орындаған: Орынбаева Г.А.

103 ОЗ.

Тексерген: Бадекова Қ.Ж.

Қарағанды 2011ж.

Жоспар:

  1. Компьютердің дәрігер жұмысы үшін маңызы

  2. Компьютер басында жұмыс істеуге қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар (бөлмеде орналасуы, қолдану ыңғайлылығы).

  3. Дәрігерге қажетті копьютердің ішкі және сыртқы құрылғыларын шолу (1кесте)

  4. Программалық қамтамасыз етілу: қандай жүйелік және қолданбалы программалар қажет, не үшін қажет (2кесте)

  5. Қорытынды

  6. Қолданылған әдебиеттер.

Кіріспе

Қазір «Ақпараттық технологиялар дәуірі» компьютермен таныс болмасаңыз, күнделікті жұмыста оның көмегіне жүгінуге үйренбесеңіз, онда өмірге бейімделмеуіңіз мүмкін. Компьютер ғылыми және инженерлік есептеулерде, жаңа ғарыштық станцияларды модельдеуде, күрделі процесті автоматтандыруда, адамға ауа-райын немесе табиғи апатты алдын ала болжауда, кітаптар мен журналдарды даярлау және басып шығаруда, фильмдерді түсіруде және тағы басқа көптеген жағдайларда көмектеседі.

Медициналық информатиканың негізгі мақсаты тұрғындардың денсаулығын сақтау, сапасын көтеруді қамтамасыз ететін компьютерлік технологияны қолдану есебінен медицинада ақпараттық үрдістердің тиімділігі болып табылады.

Қазіргі таңда компьютерлер арқылы жетістіктерге жетуге болады. Мысалы үшін, биология саласына келетін болсақ мөлдір емес денелердің ішкі бөлшектерінің кескінін алудың жаңа әдісін жақсартуға мүмкіндік берді. Бұл әдісті томография деп атайды. Ол әдетте рентгенскопия беретін кескіннен әлдеқайда сапалы кескін алуға мүмкіндік жасайды. Томография сандарға жүздеген миллион арифметикалық амалдарды шапшаң орындай алу үшін, қабілетіне негізделген.

1. Компьютердің дәрігер жұмысы үшін маңызы.

Медицина мен денсаулық сақтау үшін компьютер өндіріс құралы. Қазіргі кезде барлық мекемелерді компьютерсіз елестету мүмкін емес. Әрбір келген емделушінің аты – жөнін, қай палатада жататындығы, қандай диагноз қойылғандығын компьютерге тіркеп тез табуға болады. Компьютермен интернетке қосылып, шет мемлекеттермен тәжірибе алмастыруға және түрлі мәліметтер алуға болады.

Компьютердің медицина саласындағы көптеген есептерді айырып білу, емдеу, алдын-ала сақтандыру, ағза мүшелерімен ұлпаның қызметін сүйемелдеу, жасанды мүшелер жасау және оларды басқару міндеттерін орындауға тиімді қолданады.

Медицинада алғаш рет компьютерлік желілер пайда бола бастады. Қазіргі кезде медицина ақпараттардың негізгі бағыттарының бірі болып, жаппай медицина ақпараты компьютер негізгі болып табылады. Дәрігер көпшілік адамы, сондықтан оған ауру, сырқат адамдар келеді.

1970 ж клиникада пайдалану үшін арнайы автаматтандырылған жүйелі компьютерлер қолдана бастады.

Медициналық сипаттық компьютерлік жүйелердің классификациясы:

  1. Маманданған түрі.

  2. Көп функциялы түрі.

  3. Комплексті түрі.

Олардың көмегімен:

  • Қанайналым жүйесі.

  • Тыныс алу жүйесі.

  • Ультрадиагностика.

  • Рентген сәуле зеттеулері.

  • Компьютерлік томографияны анықтайды.

Болашақ дәрігер, өз қызметі саласында компьютерлік техникаларды пайдалана отырып, ақпаратты тиімді жұмыс істейді.

Компьютер дәрігерге:

    • Кең тараған қолданбалы программаларды іс жүзінде қолданады.

    • Жергілікті есептеу желісі құрамында жұмыс жасауға.

    • Медициналық анықтаушы жүйелерді қолданып, кәсіптік, статистикалық ақпаратты өңдеу әдістерін жүргізуге мүмкіндік береді.

    • Заман талабы бойынша, дәрігер компьютерді білуі керек.

Заманға сай құрылған компьютер, яғни бүкіл функциялары бар компьютер қандай салада да қолданылады.

Қазіргі кезде компьютер қуатты есептеуіш құрал түрінен ақпараттың кез-келген түрін өңдеп, оны сақтауға арналған құрал. Ал медицина үшін оның маңызы, көмегі орасан зор.