Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аралык баклау.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
170.41 Кб
Скачать

2. Оқытушының кіріспе сөзі (5 минут):

Сабақ тақырыбына мотивациялық сипаттама беру, маңыздылығына тоқталу, сабақтың жоспары мен мақсаттарын айту.

Тақырыптың мотивациялық сипаттамасы.

Арналарға арналған, аралық және уақытша пломбалар.

Пломба сөзі біздің эрамыздың ІІ – ғасырында өмір сүрген Римдік дәрігер Клавди Галеннің ойынша патологиялық үрдісті тоқтату үшін қуыстан қара тіндерді қырып алып тастап, орнын қорғасын мен толтыруды ұсынған. Сондықтан «plumbum» - «қорғасын» деген сөзден пломба термині келіп шыққан деп болжам жасайды. Қазіргі заманда соматологияның өркендеуімен бірге, пломбалық материалдардың да түрлері көбейіп кеткен. Дегенмен оларды қолдану орнына қарай пломбалық материалдарды төмендегі негізгі топқа бөлеміз.

  1. Уақытша пломбалық материалдар.

  2. Аралық пломбалық материалдар.

а) емдік пломбалық материалдар;

б) оқшаулағыш материалдар.

3. Арналарға арналған пломбалық материалдар.

4. Тұрақты пломба салуға арналған пломбалық материалдар.

І. Уақытша пломбалық материалдар – оларды тіс жегі және оның асқынуымен келгенде, тісті 1 келуде жабу мүмкіндігі болмаған жағдайда, тіс протездерін уақытша бекіту үшін қолданады. Уақытша пломбалық материалдар тіс ұлпасына қатерсіз болуы, дәрілердің қасиетіне әсер етпеуі, жұмсақ, онай қуысқа енуі және шығарылуы, қуысты 2 айға дейін герметик жауып тұруы керек.

Оларға: жасанды дентин, дентин сықпасы, мырыш эвгенол сықпасы, поликарбоксилат цемент, темпопро, провикал, темпо, симпа т. б. жатады.

ІІ. Аралық пломбалық материалдар – олар қолданылуына қарай 2 топқа бөлінеді-

а) емдік пломбалық материалдар;

б) оқшаулайтын пломбалық материалдар.

а) Емдік пломбалар төмендегі талаптарға жауап беруі шарт.

- ұлпада дентиннің пайда болуына әсер ететін одонтотропты қасиеті;

- қабынуға қарсы және бактериоцидті қасиеті;

- ауру сезімін басатын қасиеті;

- шырышты қабықпен ұлпаны тітіркендірмейтін қасиеті;

- жұмсақ және жақсы жабысатын қасиеті;

- қатқаннан кейін шайнау кезінде оған түскен ауырлыққа шыдамды болуы керек.

Оларға каласепт, кальмецин, кальципульпа, кальцевит, кальцесил, кальцелайт, «life» және т.б. жатады.

б) Оқшаулайтын пломбалық материалдар, олар төмендегі талаптарға жауап беру керек:

- ұлпаны тітіркендіретін факторлардан (токсикалық, термиялық, химиялық) қорғай алуы;

- қуыс қабырғасына жақсы жабысуы;

- пломбаны ұстап тұруы;

- ұлпаны тітіркендірмеуі керек;

Оларға: мырыш – фосфатты поликарбоксилатты, стеклоиономерлі, бактериоцидті цементтер тобы жатады.

Тұрақты пломба амальгамадан қойылғанда термиялық фактордың ұлпаға әсер етпеуі үшін арлық оқшаулайтын пломба қойылады.

Ал цемент не композициялық материалдарды қойғанда, аралық оқшаулайтын пломба, ұлпаға ортофосфор қышқылы және «протравка» әсер етпеу үшін қойылады.

Арналарды майлы сықпалар мен пломбалаған кезде, май тұрақты пломбаны түсіріп жібермеу үшін оны аралық пломба мен оқшаулайды.

1. Аралық оқшаулайтын – мырыш фосфаты цеметтерге: Фосфат, Унифас, Адгезор, Фосцин, Висцин т.б. жатады.

2. Поликарбоксилатты цементтер: уақытша пломба қоюда, сүт тістерді пломбалауда, өзекті «вкладка», жасанды сауыт, көпір тәрізді протез, ортодонтиялық аппарат және тұрақты пломбаны оқшаулау үшін қолданылады. Оларға «Карбоко», «Белакор» жатады.

3. Бактерицитті цементтерге – фосфат цемент құрамында күміс бар, Уницем бактерициті жатады

4. СИЦ -стеклоиономерлі цементтер жаңа пломбалық материалдардың бірі болып, ол қолдану орнына қарай бір неше топқа бөлінеді.

Ол топтардың ішінде аралық оқшаулайтын цементтерге Цемион – ПХ жатады.

ІІІ. Арналарға арналған пломбалық материалдар.

Олар төмендегі талаптарға жауап беру керек:

  • жұмыс істеуге ыңғайлы, жеңіл арнаға ену керек;

  • арналарды ұзына бойына толығымен толтыру үшін жұмсақ болу керек;

  • арнада қату кезінде көлемі кішірейіп кетпеуі керек;

  • арнада сорылып кетпеуі керек;

  • тін сұйықтықтарын өткізбеуі керек;

  • периодонттың пластикалық қызметтін қолдауы керек;

  • антисептикалық қасиетке ие болу керек;

  • периодонтты тітіркендірмеуі керек;

  • рентген контрасты болуы керек;

  • тістің түсін өзгертпеуі керек;

  • керек болғанда арнадан оңай шығарылуы керек.

Бірақ бұл талаптардың барлығына мүлтіксіз жауап беретін пломба жоқ.

Арнаға арналған пломбалық материалдарды үш топқа бөлеміз:

  1. жұмсақ қатпайтын;

  2. жұмсақ қататын;

  3. қатты штифтер.

1. Жұмсақ қатпайтын материалдарға құрамында сықпа негізінде майлы зат болып, оған мырыш тотығы, «белая глина» және белсенді заттар қосылады. Олар сықпаға антисептикалық, ауруды тоқтататын, сүйек түзетін қасиет береді. Көбіне сульфаниламидтер, анестезин, кальций гидроксиді, метилурацил, йодоформ т.б. қолданылады. Сықпалар арнада қатпайды, сондықтан тіндегі сұйықтықтар еніп, түбір ұшындағы бөлігі сорылып кетеді. Ал антисептктер белсенділігі жойылып, аллергиялық реакция беруі мүмкін.

Оларға: эндометазон, метазон, кариосан, эндасоль, эдофлас, гликодент, резодент, фтородент, крезодент, йодент, диакет т. б. жатады.

2. Жұмсақ қататын материалдар белгілі бір уақыт өткеннен кейін, жұмсақтығын жоғатып, арнада қатады. Олармен жұмыс істегенде арнайы ептілікті қажет етеді. Рентген суреті арқылы бақылау керек. Кейіншелік тістің асқынуларында оларды арнадан шығару өте қиын не мүлдем шығара алмайды. Оларға: мырыш фосфат цементтері, поскал, фосфат цемент, адгезор, уницем, фосцем, фосцин, лактодонт, белокор, миграфос т.б. жатады.

3. Қатты пломбалық материалдар (штифтер) – олар акрилаттардан, металлдан және гуттаперчалардан болады.

Штифтерді жұмсақ қататын пломбалық материалдар мен бірге қолданады. Бұрын штифтер тегіс, бір ұшы жіңішке, екінші ұшы жуандау болып жасалатын. Соңғы кездерде олар бұрандалы болып жасалып, түрлі мөлшерде дайындалады.

Металды штифтердің 10 – 15, 20 мөлшері болады, акрилаттан 10, 15, 20, 25, 30 мөлшерде, гуттаперча 10, 15, 20, 25, 30, 35, 40, және 50 мөлшерде болады. Ол өте жақсы рентгенконтрасты. Ағзаға зиянды әсері жоқ.

Білім деңгейін көрнекілік және оқытудың техникалық құралдарының көмегімен бақылау (30 мин):

Сұрақ: Уақытша пломбалық материалдар дегеніміз не оларға қайсылар жатады?

Жауап: Уақытша пломбалық материалдар – оларды тіс жегі және оның асқынуымен келгенде, тісті 1 келуде жабу мүмкіндігі болмаған жағдайда, тіс протездерін уақытша бекіту үшін қолданады. Уақытша пломбалық материалдар тіс ұлпасына қатерсіз болуы, дәрілердің қасиетіне әсер етпеуі, жұмсақ, онай қуысқа енуі және шығарылуы, қуысты 2 айға дейін герметик жауып тұруы керек.

Оларға: жасанды дентин, дентин сықпасы, мырыш эвгенол сықпасы, поликарбоксилат цемент, темпопро, провикал, темпо, симпа т. б. жатады.

Сұрақ: Аралық пломбалық материалдар дегеніміз не оларға қайсылар жатады?

Жауап: . Аралық пломбалық материалдар – олар қолданылуына қарай 2 топқа бөлінеді-

а) емдік пломбалық материалдар;

б) оқшаулайтын пломбалық материалдар.

Сұрақ: Емдік пломбалық материалдар дегеніміз не оларға қайсылар жатады?

Жауап: а) Емдік пломбалар төмендегі талаптарға жауап беруі шарт.

- ұлпада дентиннің пайда болуына әсер ететін одонтотропты қасиеті;

- қабынуға қарсы және бактериоцидті қасиеті;

- ауру сезімін басатын қасиеті;

- шырышты қабықпен ұлпаны тітіркендірмейтін қасиеті;

- жұмсақ және жақсы жабысатын қасиеті;

- қатқаннан кейін шайнау кезінде оған түскен ауырлыққа шыдамды болуы керек.

Оларға каласепт, кальмецин, кальципульпа, кальцевит, кальцесил, кальцелайт, «life» және т.б. жатады.

Сұрақ: Оқшаулағыш материалдар дегеніміз не оларға қайсылар жатады?

Жауап: Оқшаулайтын пломбалық материалдар, олар төмендегі талаптарға жауап беру керек:

- ұлпаны тітіркендіретін факторлардан (токсикалық, термиялық, химиялық) қорғай алуы;

- қуыс қабырғасына жақсы жабысуы;

- пломбаны ұстап тұруы;

- ұлпаны тітіркендірмеуі керек;

Оларға: мырыш – фосфатты поликарбоксилатты, стеклоиономерлі, бактериоцидті цементтер тобы жатады.

Тұрақты пломба амальгамадан қойылғанда термиялық фактордың ұлпаға әсер етпеуі үшін арлық оқшаулайтын пломба қойылады.

Ал цемент не композициялық материалдарды қойғанда, аралық оқшаулайтын пломба, ұлпаға ортофосфор қышқылы және «протравка» әсер етпеу үшін қойылады.

Арналарды майлы сықпалар мен пломбалаған кезде, май тұрақты пломбаны түсіріп жібермеу үшін оны аралық пломба мен оқшаулайды.

Сұрақ: Арналарға арналған пломбалық материалдар дегеніміз не оларға қайсылар жатады?

Жауап: Арналарға арналған пломбалық материалдар.

Олар төмендегі талаптарға жауап беру керек:

  • жұмыс істеуге ыңғайлы, жеңіл арнаға ену керек;

  • арналарды ұзына бойына толығымен толтыру үшін жұмсақ болу керек;

  • арнада қату кезінде көлемі кішірейіп кетпеуі керек;

  • арнада сорылып кетпеуі керек;

  • тін сұйықтықтарын өткізбеуі керек;

  • периодонттың пластикалық қызметтін қолдауы керек;

  • антисептикалық қасиетке ие болу керек;

  • периодонтты тітіркендірмеуі керек;

  • рентген контрасты болуы керек;

  • тістің түсін өзгертпеуі керек;

  • керек болғанда арнадан оңай шығарылуы керек.

Бірақ бұл талаптардың барлығына мүлтіксіз жауап беретін пломба жоқ.

Арнаға арналған пломбалық материалдарды үш топқа бөлеміз:

  1. жұмсақ қатпайтын;

  2. жұмсақ қататын;

  3. қатты штифтер.

5. Өткен сабақты пысықтау (10 мин)

Вариант І

  1. Протравканың қызметі:

А) дентин арналарын ашу үшін қолданамыз

Б) суық – ыстық өткізбейді

В) қуысты құрғатады

Г) жансыздандырады

Д) нервті өлеттендіреді

  1. Пломбалық материалдарды қуысқа қоюдан алдын оны:

А) хлораминмен жуамыз

Б) мақтамен құрғатамыз

В) медикамертозды өңдейміз

Г) жылтыратамыз

Д) дұрыс жауап жоқ

  1. Сулы дентин бұл:

А) тұрақты пломба

Б) аралық пломба

В) емдік пломба

Г) уақытша пломба

Д) барлық жауабы дұрыс

  1. Аралық пломбаны қолданудан мақсат:

А) тісті ыстық суықтан сақтау үшін

Б) пломба жақсы жабысу үшін

В) тұрақты пломбаны бөліп тұру үшін

Г) барлық жауабы дұрыс

Д) дұрыс жауабы жоқ

  1. Эндодонтияға арналған инструменттер бұл:

А) қуысты пломбалауға арналған инструменттер

Б) тіс жұлуға арналған инструменттер

В) тіс тастарын алып тастауға арналған инструменттер

Г) арналарда жұмыс істеуге арналған инструменттер

Д) ампутация жасауға арналған инструменттер

  1. Файлдардың қызметі:

А) некротомия жасау үшін

Б) тас тазалайды

В) арнаны кеңейтеді

Г) ампутация жасайды

Д) қосымша тексеру үшін

  1. Тіс қуысын өңдеу үшін қолданатын ерітінді:

А) кальций хлор

Б) 90 пайызды спирт

В) 3 пайызды сутегі асқын тотығы

Г) 3 пайызды хлорамин

Д) барлық жауабы дұрыс

  1. Дрильборлардың қызметі:

А) некротомия жасау үшін

Б) пломбаны арнадан шығарып тастау үшін

В) арнаны толтыру үшін

Г) тіс тастарын тазалау үшін

Д) барлық жауабы дұрыс

  1. Құрамында формалин бар арналарға арналған пломбалық материалдарға төмендегілер жатады:

А) иодент, резодент

Б) композит, фосцин

В) висцин, висфат

Г) крезодент, резодент

Д) формадент, резодент

  1. Арналарға арналған қатты пломбалық материалдарға төмендегілер жатады:

А) гуттаперча, унифас, штифт

Б) унифас, резодент, крезодент

В) штифт, эодент, иодент

Г) висфат, силидонт, белацин

Д) барлық жауабы дұрыс

Вариант ІІ

1.Уақытша пломбалық материалдар төмендегі қасиеттерге ие болуы тиіс:

А) ұлпаға зиянсыз, жұмсақ, қуысты бір неше ай герметикалық жауып тұруы қажет

Б) рентгенконтрас болып, сілекей әсеріне төзімді болуы шарт

В) механикалық және химиялық тұрғыдан төзімді, түсін өзгертпеуі қажет

Г) тез қатуы, табиғи тістердің түсіне тура келуі қажет

Д) барлық жауабы дұрыс

2. Уақытша жабуға арналған пломбаларға төмендегілер жатады:

А) унифас – цемент, жасанды дентин

Б) белакор, силицин, силидонт

В) дентин сықпасы, поликарбоксилат – цемент, темпопо

Г) эвгедент, уницем

Д) дұрыс жауабы жоқ

3. Цемент ұнтағының құрамындағы төмендегі зат оның жабысқақтығын қамтамасыз етеді:

А) алюминий тотығы

Б) ортофосфор қышқылы

В) кремний тотығы

Г) мырыш тотығы

Д) көмір сулары

4. Экстирпациядан кейін арнадан қанды төмендегі препараттармен тоқтатамыз:

А) фосфат цемент ерітіндісі мен, пергидрольмен

Б) сутегі асқын тотығы, хлоргексидинмен

В) Эндо Жи, сутегі асқын тотығымен

Г) ваготил, эвгенолмен

Д) йод, хлораминмен

5. Тіс тіндерінің жағдайын білуге болмайтын аспаптар:

А) бор машина

Б) ЭОД аппараты

В) рентген аппараты

Г) ыстықтық шкафы

Д) барлығы дұрыс

6. Мырыш фосфатты цементтерді қару уақыты:

А) 30 – 40 секунд

Б) 50 – 60 секунд

В) 60 – 90 секунд

Г) 100 – 120 секунд

Д) 1 – 2 минут

7. Силикат цемент пломбаларын қолданғанда ұлпа төмендегі заттың әсерінен өлеттенеді:

А) кремний қышқылынан

Б) фтор қосындыларынан

В) мышяк қышқылынан

Г) жақсы жабыспағандықтан

Д) тез қатып қалуынан

8. Композициялық пломбалық материалдардың астына оқшаулау үшін төмендегі пломбаны қойып болмайды:

А) фосфат цементті

Б) цинкоксиэвгенол цементті

В) бактерицитті цементті

Г) стеклоиномерл цементті

Д) висцин цементті

9. Емдік таңбалар төмендегі қасиетке ие болуы қажет:

А) қуыс қабырғасына жақсы жабысуы керек

Б) бактерияға қарсы тұруы, жасуша өндіруі

В) жұмсақ және механикалық төзімді

Г) тез қатып, отырмауы керек

Д) барлық жауабы дұрыс

10. Арнаны пломбалайтын материалдардың ішінде антисептикалық қасиетке төмендегі зат ие – ол:

А) барий тотығы

Б) «белая глина»

В) мырыш тотығы

Г) йодоформ

Д) дентин

1-вар

1-а

2-в

3-б

4-в

5-г

6-в

7-в

8-б

9-д

10-а

2-вар

1-а

2-в

3-в

4-в

5-г

6-в

7-а

8-б

9-б

10-г