- •8. 0,25% Лизоформиннің ерітіндісінен 8 литр дайындау үшін:
- •9. 1 % Лизоформиннің ерітіндісінен 8 литр дайындау үшін:
- •Оқыту модулі а1 – Стоматологиялық бөлмені жабдықтау. Медициналық құжаттардың есебін жүргізу.
- •Түркістан
- •2. Оқытушының кіріспе сөзі (5 минут):
- •3 Білім деңгейін көрнекілік және оқытудың техникалық құралдарының көмегімен бақылау (30 мин):
- •4. Студенттерге тәжірибе тапсырмасын орындау тәсілін көрсетіп беру (10 мин):
- •Тәжірибелік тапсырмаларды орындаудағы студенттердің өзіндік жұмысы (85 мин):
- •6. Емдеу стоматология бөлмелерінде төмендегі құжжаттар жүргізіледі:
- •10. Жылы кезде стоматологиялық бөлмеде ауа температурасы:
- •1. Емдеу стоматология бөлмелерінде төмендегі құжжаттар жүргізіледі:
- •9. Жылы кезде стоматологиялық бөлмеде ауа температурасы:
- •Тіс пен ауыз қуысы ауруларын емдеу және алдын алу пәнінен тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу
- •Түркістан
- •2. Оқытушының кіріспе сөзі (5 минут):
- •6. Студенттердің біліміне қорытынды баға беру (5 мин)
- •7. Студенттердің сұрақтарына жауап беру (5 мин)
- •Үйге тапсырма (5 мин) :
- •Сабақтың хронокартасы:
- •2. Оқытушының кіріспе сөзі (5 минут):
- •Ауыз қуысының жеке гигиенасы;
- •Ауыз қуысының дәрігерлік гигиенасы.
- •Тіс жіптері (флоссы)
- •Тіс аралық мәсуектер (ёршиктер)
- •6. Студенттердің біліміне қорытынды баға беру (5 мин)
- •7. Студенттердің сұрақтарына жауап беру (5 мин)
- •Үйге тапсырма (5 мин) :
- •Сабақтың хронокартасы:
- •2. Оқытушының кіріспе сөзі (5 минут):
- •Ауыз қуысының жеке гигиенасы;
- •Ауыз қуысының дәрігерлік гигиенасы.
- •Тіс жіптері (флоссы)
- •Тіс аралық мәсуектер (ёршиктер)
- •6. Студенттердің біліміне қорытынды баға беру (5 мин)
- •7. Студенттердің сұрақтарына жауап беру (5 мин)
- •Үйге тапсырма (5 мин) :
- •2. Оқытушының кіріспе сөзі (5 минут):
- •3 Тақырыптың мотивациялық сипаттамасы.
- •5 Тәжірибелік тапсырмаларды орындаудағы оқушылардың өзіндік жұмысы
- •2 Стероидные противовоспалительные препараты. Классификация. Механизм действия и фармакологические эффекты.
2. Оқытушының кіріспе сөзі (5 минут):
Сабақ тақырыбына мотивациялық сипаттама беру, маңыздылығына тоқталу, сабақтың жоспары мен мақсаттарын айту.
Тақырыптың мотивациялық сипаттамасы.
Дәрігер стоматологтың өз міндетін жақсы орындау, жұмыс орнының жабдықталуы мен жұмысын ұйымдастыруына байланысты.
Соңғы кездерде стоматологияның өркендеуіне байланысты жұмыс орны күрделі стоматологиялық құрылғылармен жабдықталған. Себебі, көрсетілетін көмек тістің қатты тіндерін өңдеумен байланысты болады.
Ереже бойынша бөлме 14 шаршы метрден кем болмауы, ал әрбір қосымша қойылған орындық үшін 7 шаршы метр аудан қосылады. Бөлме едені линолиуммен не кафельмен жабыстырылған, ал қабырғалары 180 см биіктікте майлы бояумен сырланған немесе кафель жабыстырылған болуы шарт. Бөлмеде вентиляция люгы, желдеткіштер және міндетті түрде ауаны зарарсыздандыру үшін кварц шамы болуы қажет.
Стоматологиялық құрылғы табиғи жарық көзіне қаратылуы шарт.
Бөлмеде дәрігер, мейірбике және кіші мейірбике үшін орын болады. Дәрігердің жұмысы үшін стоматологиялық құрылғы, отыратын винтті орындық, дәрі-дәрмек үшін үстел, науқасқа орындық және жасанды жарық көзі болуы керек.
Соңғы кезде дәрігерлерден науқас жайындағы мәліметті компьютерге енгізу және электронды вариантта есеп-қисап жұмыстарын жүргізуді талап етіліп жүргендіктен, бөлме арнайы компьютер үстелдеріменде жабдықталуда. Медбикенің жұмыс орнынада құрал-саймандар үшін үстел, күшті әсер ететін дәрілер үшін А және Б шкафы, анафилактикалық шокқа қарсы қолданатын дәрі-дәрмектер мен материалдар үшін шкафтар, залалсыздандырылған үстел, жазу үстелі болуы тиіс. Кіші медбике үшін зарарсыздандыратын заттарға арналған шкаф, раковина болуы керек.
Стоматологиялық бөлмеде ең қажет болып саналатын аппарат бормашина болып саналады. Алғашқыда олар аяқпен жұмыс істейтін болып, кейін келе жетілдіріліп мотормен, соңғы кездерде турбиналы болып шыға бастады.
Стоматологиялық құрылғы – соңғы кездерде күрделендіріліп, автоматизацияланған. Құрылғыда науқас үшін орындық, жасанды жарық көзі, гидроблок, монитор және керекті іс-әрекеттер орындау үшін қолданылатын ұштықтар (наконечник) орнатылған үстелден тұрады. Ұштықтардан тістің қатты тіндерін препараттауда, тіс жегі қуыстарын қалыптастыруда, тіс қақтарын алуда, арналарды пломбалық материалдармен толтыруда пайдаланылады.
Препараттау үшін ұштық ұшына түрлі жылдамдықта айналатын құралдар, яғни борлар орнатылады. Іс-әрекеттер үстелінде 2-3 түтік болып, оның бірі микромоторға барады. Ол минутына 2000-нан 15000-ға дейін айналым жасайды. Ал турбиналы ұштық үшін басқа түтік келеді. Мұнда оның айналу жылдамдығы минутына 300000-450000- ға дейін жетеді. Құрал- саймандар үстелінде ультрадыбыспен тіс тастарын алатын ұштық және ауа мен су беру үшін пистолет, сілекей сорғыш, бар. Гидроблокта түкіргіш, су және сілекейді сорып алу үшін ұштық болады.
Орындық түрлі жазықтықтарда қозғалып, дәрігер үшін науқасты емдеуге қажетті жағдай жасайды.
Стоматология тәжірибесінде ұйымдастыру жұмысын жүргізу, мәліметтерді сараптама жасау арқылы алып барылады. Ол үшін міндетті түрде медициналық құжжаттарды жүргізу керек. Біріншілік құжжатарды толтыру арқылы біз сан және сапа жағынан бірнеше көрсеткіштерді анықтай аламыз. Қазіргі кездерде көптеген медициналық құжжаттар толтырылуда. Науқас емханаға келгенде тіркеу бөлімінде тіркеуге алынады. Мұнда «Тіркеу дәптері» - № 001/е нысанды толтырылады. Дәптер жыл басында жаңадан басталып жазылады. Науқас қартасының реттік нөмірі тіркеу дәптерінен алып қойылады.
Сонымен бірге бұл жерде ең маңызды «Стоматологиялық науқастың амбулатория картасы»- № 043/е нысанды толтырылады. Құжжаттың паспорт бөлімін тіркеуші не медбике, ал қалған бөлімдерін дәрігер толтырады. Құжжаттар тіркеу бөлмесінде соңғы келуден кейін 5 жыл сақталады, кейін 75 жылға мұрағатқа тапсырылады.
«Науқастың диспансер бақылауындағы картасы» - № 279/е нысанды – бұл диспансер бақылауына алынған, тіс жегінің декомпенсирленген формасына шалынған, пародонт ауруының ауыр түрімен ауырған, ісік ауруларымен ауырған, жақ- бет аймағының тума не кейіннен пайда болған ақауларында, соматикалық аурулармен ауыратын науқастар тіркеуге алынады.
«Дәрігердің күнделікті қабылдау парағы» - № 037/е нысанды . Дәрігер күнде келген науқастарды осы күнделікке жазып барады. Ағым соңында барлық қабылдаған науастардың санын «Дәрігердің біріктірілген ведомосына» - № 039/е нысанды көшіріп қояды. Ай соңында реестр толтырылып, статистке тапсырылады.
