- •Физика есептерін комьпютердің көмегімен шығару әдістері
- •1. Сабақ үдерісін басқаруда компьютерлік құралдарды пайдалану
- •2. Мұғалім еңбегін ғылыми ұйымдастыруда компьютерлік құралдарды пайдалану
- •5. Зертханалық жұмыстардың нәтижелерін өңдеуде компьютерлік құралдарды пайдалану
- •6. Есептер шығару сабақтарында компьютерді пайдалану
- •7. Оқушылардың физикадан алған білімдері мен іскерліктерін тексеру
- •8. Компьютерлік құралдарды бейнені көрсетуде қолдану
- •9. Компьютерлік құралдарды физикалық процестер мен құбылыстарды модельдеуге қолдану
- •2.1.1 Механика есептерін шешу
- •2.1.2 Молекулалық физика есептерін шешу
- •2.1.4 Оптика және атом физикасына есептер
- •2.2 Физикалық есептерді maple компьютерлік бағдарламасында шығару әдістемесі
- •Сурет 10. Mapleбағдарламасының жұмысшы экраны.
5. Зертханалық жұмыстардың нәтижелерін өңдеуде компьютерлік құралдарды пайдалану
Бұл бағыт жұмысты орындаудың, эксперимент барысын талдаудың, практикалық дағды мен іскерліктерін қалыптастырудың мазмұнына көп назар аударуға мүмкіндік береді. Бұл оқушылардың әдетте математикалық есептеулерге жіберетін уақытын азайту есебінен мүмкін болады.
Диалогтік режимдегі жұмыс барысында компьютер оқытушы әрі бақылаушы қызмет атқарады. Зертханалық практикумда компьютерді пайдалану кезінде аса маңызды педагогикалық принциптердің бірі – сабақ үдерісін ұйымдастырудың жоғары деңгейінде оқытуды дараландыру принципін жүзеге асыруға болады.
Компьютерді пайдалану барысында оқушылар компьютермен үзік-үзік әр кезде емес, үнемі жүйелі түрде жұмыс істейді. Бұл жағдайда компьютерді үздіксіз меңгерту принципі толық жүзеге асырылады және сабақ үдерісін компьютерлендіруге формальды емес, нақты жағдайлар жасалынады
6. Есептер шығару сабақтарында компьютерді пайдалану
Дәстүрлі есептер жинағы, негізінен, бастапқы деректерді қайта құруға негізделген есептерді қамтиды. Компьютерді пайдалану сыныпқа циклды есептеулерді қажет ететін есептерді бөліп алуға мүмкіндік береді. Мұндай есептер практикалық мәнге ие. Физика есептерін шығаруда компьютерді тиімді пайдалану үшін мына принциптер қарастырылады:
- оқытушының салыстырмалы бостандығы;
- оқытушының өз мүмкіндіктерін дұрыс бағаламау жағдайында берілген есептерді шығару қиындығы деңгейін компьютердің автоматты түзету принципі;
- нақты есеп деректерін қалыптастыру үшін қажет кездейсоқ сандар генераторы пайдаланылатын тапсырмаларды толық дараландыру принципі;
- есеп шығаруда жіберілген оқушы қатесін автоматты талдау, себептерін анықтай отырып, қажетті кеңестер беру принципі;
- мұғалімге қажет толық әрі жан-жақты ақпарат пен оқыту нәтижелерін архивте сақтау үшін оқушы берген барлық қателердің құжаттық талдауымен бірге, есептерді шығару сапасын объективті бағалау принципі;
- оқушының сабақ материалын және компьютермен жұмыс барысында қажет дағдыларды меңгере алмаған жағдайында міндетті түрде мұғалімнен кеңес сұрау принципі .
Осы принциптерді ескере отырып компьютерді сабақ үдерісінің төменде көрсетілген түрлері мен формаларында кең түрде қолдануға болады:
- жаңа материалға берілген тапсырмаларды шешу әдістерін меңгергенде;
- есептерді шешу тәсілдері мен дағдыларын, өтілген материалдың меңгерілгендігін тексеру үшін;
- сабақта болмаған кезде өтілген материалды өздігінен меңгеруі үшін;
- бақылау жұмыстарын мұғалімнің көмегінсіз, оқушының өзіне ыңғайлы уақытта жазып алуы үшін.
Есеп шығару сабақтарында пайдаланылатын бағдарламалар жасау кезінде төмендегідей құрылымға назар аудару керек:
- негізгі заңдар мен ережелерді қамтитын теориялық бөлім;
- есеп шарттары және есеп шығару және бағдарлама жұмысы режимін таңдау үшін оқушыға берілетін нұсқаулар;
- жекелеген нәтижелердің дүрыстығын тексеру мен есеп шығарудағы деңгейлік тексеруді ұйымдастыруға арналған негізгі бөлім;
- нәтижелерді бағалау мен қателерді талдауға арналған бағдарлама;
- ұсынылған есептердің әр түрлі деңгейдегі қиындығын қамтамасыз ететін бағдарламалар.
7. Оқушылардың физикадан алған білімдері мен іскерліктерін тексеру
Бұл бағыттың қолданылуы бақылау жұмыстарының әр түрлі нұсқаларын құрастыру үдерісін автоматтандыруға, жұмысқа баға қоюға мүмкіндік береді. Компьютерлік құралдарды пайдалану мұғалімге әр түлі сыныптар орындаған бақылау жұмыстарының сапасан салыстыру барысында статистикалық әдістерді қолдануға мүмкіндік туғызады, ал ол өз кезегінде мұғалімнің әдістемелік жұмысының нәтижесін нақты бағалауға жағдай жасайды.
Бақылаудың бұл түрінің бір кемшілігі – оқушылар жауапты шамамен болжап табу мүмкіндігі. Бұл кемшілікті жауаптар мөлшерін көбейту арқылы немесе сұраққа жауапты оқушының өзі енгізуіне мүмкіндік беру арқылы жоюға болады.
А. Усова атап өткендей: «... сабақта білімді бақылау үшін жүйелі толықтыру бағдарламаларына мақсатты түрде көңіл бөліп қарау керек. Бұл ең алдымен, диалогтың өзара әрекет құралдарын, ақпараттық-анықтамалық жүйені және негізгі физикалық ұғымдар бойынша оқушы біліміне қойылатын талаптар карталарын» қамтуы қажет.
