- •1. Пәннің қысқаша сипаттамасы
- •Пререквизиттер
- •Оқу жоспарынан көшірме
- •Модульдер бойынша пәннің тақырыптық жоспары
- •4. Пәннің қысқаша ұйымдастырушылық-әдістемелік сипаттамасы
- •5. Білім алушылардың оқу нәтижелерін бағалау жүйесі
- •6. Студенттің өздік жұмысына арналған тапсырмалар
- •7. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар
- •Ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша әдістемелік нұсқау
- •Әдебиет
4. Пәннің қысқаша ұйымдастырушылық-әдістемелік сипаттамасы
Оқу нәтижелерін бақылау түрлері
Аралық бақылау 1 Қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша зерттеу еңбектерге жазбаша талдау жасап, ауызша қорғау. Аралық бақылау 2 «Әдіскерге ақпараттық-әдістемелік көмек» ұжымдық жобасын қорғау. Қорытынды бақылау Емтихан. Сұрақтарға ауызша жауап беру.
Курстың саясаты мен процедурасы
Оқу пәні әдістеме саласы болғандықтан, дәріс, семинар сабақтарында да БӨЖ тапсырмаларын ұйымдастыруда да интербелсенді әдістер мен педагогикалық технологиялардың элементтері кеңінен қолданылады. Сол арқылы магистранттар жаңа әдіс-тәсілдер мен технологияларды күнделікті сабақта тәжірибе жүзінде көріп, өздері соның белсенді қатысушысына айналуы тиіс. Сабақтар өзара біртұтастыққа негізделген күрделі жүйе болғандықтан, магистранттарға сабақты себепсіз босатуға болмайды.
5. Білім алушылардың оқу нәтижелерін бағалау жүйесі
Магистранттардың оқу нәтижелерін бағалау П ЕНУ 48-14 Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды бақылау Ережесіне сүйеніп жүргізіледі. Оқу нәтижесін бағалауда магистранттардың дәріс, семинар сабақтарына қатысу белсенділіктері мен берілген БӨЖ тапсырмаларын уақытында, сапалы орындаулары басты назарға алынады.
Білім алушылардың білімі, шеберлігі, дағдылары келесі жүйе бойынша бағаланады
Әріптік жүйе бойынша баға |
Баллдардың сандық эквиваленті |
Пайыздық көрсеткіші |
Дәстүрлі жүйе бойынша баға |
А |
4,0 |
95-100 |
Өте жақсы |
А- |
3,67 |
90-94 |
|
В+ |
3,33 |
85-89 |
жақсы |
В |
3,0 |
80-84 |
|
В- |
2,67 |
75-79 |
|
С+ |
2,33 |
70-74 |
Қанағаттанарлық |
С |
2,0 |
65-69 |
|
С- |
1,67 |
60-64 |
|
D+ |
1,33 |
55-59 |
|
D |
1,0 |
50-54 |
|
F |
0 |
0-49 |
Қанағаттанарлықсыз |
6. Студенттің өздік жұмысына арналған тапсырмалар
1.Тақырып: «Қазақ тілін оқыту әдістемесінің бүгінгі жай-күйі».
Тапсырма: Мәселеге SWOT талдау жасау.
Әдістемелік нұсқау: Қазақ тілін жоғары мектепте оқытудың әлеуметтік, қоғамдық мәселелерімен қатар мүмкіндіктері, кемшіліктері мен жетістіктеріне талдау жасау.
Әдебиеттер: 15, 17-25 әдебиеттер.
2.Тақырып: «Қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша зерттеу еңбектер».
Тапсырма: Зерттеу еңбектерге жазбаша талдау жасап, ауызша қорғау.
Әдістемелік нұсқау: Зерттеу еңбектердің электронды нұсқасын дайындау.
Әдебиеттер: 1-40 әдебиеттер.
3.Тақырып: «ЖОО-нда қазақ тіл білімінің салаларын оқыту әдістемесі бойынша жазылған зерттеу еңбектер».
Тапсырма: Зерттеу еңбектерге жазбаша талдау жасап, ауызша қорғау.
Әдістемелік нұсқау: Зерттеу еңбектердің электронды нұсқасын дайындау.
Әдебиеттер: 2-21 әдебиеттер
4.Тақырып: Әдіскерге ақпараттық-әдістемелік көмек.
Тапсырма: Әдістемелік сайттарға шолу жасау.
Әдістемелік нұсқау: Сайттардың ғылыми-әдістемелік әлеуетіне саралай талдау жасау
Әдебиеттер:
http://www.adisker.com/
http://www.kaztube.kz/
http://www.tilashar.kz
http://kazahtili.kz/
www.abai.kz.
http://www.ks.kz/kazaktili.htm
http://til.gov.kz/
http://www.ustazdar.ru.
5.Тақырып: Қазақ тілінің инноватор оқытушысы.
Тапсырма: Инноватор оқытушының моделін жасау
Әдістемелік нұсқау: Оқытушының кәсіби құзыреттілігін құрайтын құрамдас бөліктерді саралау
Әдебиеттер: 5-17 әдебиеттер.
7.Тақырып: Оқу-әдістемелік кешен
Тапсырма: Пәннің оқу-әдістемелік кешеніне талдау жасау
Әдістемелік нұсқау: Қазақ филологиясы және қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтары бойынша оқылатын тілдік пәндердің оқуәдістемелік кешендеріне талдау жүргізу
Әдебиеттер: ОӘК
8.Тақырып: «Мамандық бойынша жүргізілетін таңдау пәндері».
Тапсырма: Таңдау пәндерінің каталогына талдау жүргізіп, ұсыныс енгізу.
Әдістемелік нұсқау: Қазақ филологиясы және қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтары бойынша оқылатын тілдік пәндердің каталогына талдау жүргізу
Әдебиеттер: Элективті пәндердің каталогы.
9.Тақырып: «ЖОО-нда оқылатын дәріс сабағына қойылатын талаптар».
Тапсырма: Бір пән бойынша дәріс дайындап, қорғап шығу.
Әдістемелік нұсқау: Қазақ филологиясы және қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтары бойынша оқылатын тілдік пәндердің біріне таңдау бойынша дәріс дайындап, қорғап шығу.
Әдебиеттер: 1-40 әдебиеттер
10.Тақырып: «ЖОО-нда оқылатын семинар сабағына қойылатын талаптар».
Тапсырма: Бір пән бойынша семинар сабағының жоспарын дайындап, қорғап шығу.
Әдістемелік нұсқау: Қазақ филологиясы және қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтары бойынша оқылатын тілдік пәндердің біріне таңдау бойынша семинар сабағының жоспарын дайындап, қорғап шығу.
Әдебиеттер:
11.Тақырып: «Қазақ тілін оқытудың дәстүрлі әдістемесі мен инновациялық технологиялары».
Тапсырма: Тақырып бойынша дебат өткізу.
Әдістемелік нұсқау: Қазақ филологиясы және қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтары бойынша оқылатын тілдік пәндерді оқытуда қолданылатын әдістер мен технологияларды саралау.
Әдебиеттер: 5-17 әдебиеттер.
12.Тақырып: «Қазақ тілі сабағында мәтінді меңгертуге арналған тапсырмалар жүйесі».
Тапсырма: Мәтінді меңгертуге арналған тапсырмалар жүйесін құрастыру.
Әдістемелік нұсқау: Қазақ филологиясы және қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтары бойынша оқылатын тілдік пәндердің біріне таңдау бойынша мәтіндер дайындап, оларды меңгертуге арналған тапсырмалар жүйесін даярлау.
Әдебиеттер: 5-17 әдебиеттер.
