- •Лекциялық тапсырма материалдары
- •Ақпараттық жүйенің классификациясы
- •Масштабы бойынша классификация
- •Жалғыз ақпараттық жүйе
- •Топтық ақпараттық жүйе
- •Корпоративті ақпараттық жүйелер
- •Қолдану аймағы бойынша аж классификациялау
- •Ұйымдастыру әдісі бойынша аж классификациялау
- •Аж қолдану аймақтары және іске асыру мысалдары
- •Бухгалтерлік есеп
- •Қаржылық ағындарды басқару
- •Қойманы, ассортиментті, сатып алуларды басқару
- •Өндірістік процессті басқару
- •Маркетингті басқару
- •Құжатайналым
- •Мекемені жылдам басқару
- •Фирма туралы ақпарат тарату
- •Жүйелік объектілерді сипаттау
- •Жүйелік объектілерді сипаттау процессінің механизмі
- •Жобаны басқару тураалы жалпы түсінік
- •Жоба түсінігі
- •Жобаны классификациялау
- •Аж өмірлік циклі.
- •Ақпараттық жүйенің өмір циклының каскадты моделі
- •Өмір циклының спиральді моделі
- •Итерациялар
- •Жүйені өңдеудің функционалды-бағытталған әдісі.
- •Каж жамуына әсер етуші факторлар
- •Мекемені басқару әдістемесін дамыту
- •Компьютерлік жүйенің жалпы мүмкіндіктерін және өнімділігін дамыту
- •Ақпараттық жүйе элементтерін техникалық және программалық жүргізу әдістерін дамыту
- •Корпоративті ақпараттық жүйенің негізгі құраушылары
- •Ақпараттық жүйе құраушыларының арасындағы қатынастар
Қаржылық ағындарды басқару
Ақпараттық технологияты қаржылық ағындарды басқаруға енгізу, мекеменің қателесу критикалық жағдайымен шартталады. Жеткізушілер мен тұтынушылар арасындағы есептесу жүйесін дұрыс құрмаған жағдайда, қолайлы сатып алулар, сатулар және жақсы маркетингтің өзінде ақша кризисіне ұшырауы мүмкін. Және керісінше дәл есептелген және қаржылық есептеулерді қатаң бақылау шарты фирманың айналымдағы қаражатын айтарлықтай жоғарылатуы мүмкін.
Қойманы, ассортиментті, сатып алуларды басқару
Бұдан әрі, сексен пайыз кіріс әкелетін, жиырма пайыздық ассортиментті тіркеп бақылай отырып, тауар жүрісін талдау үрдісін автоматтандыра аламыз. Бұл әркез қаражаттың жетіспеуі кезінде максимал пайданы қалай алуға болады деген сұрақты шешуге мүмкіндік береді? Айналым құралын қойма қорында «қатырып тастау» – өндірістік немесе сауда мекемелерінің кез-келгені орындайтын ең қарапайым әдіс. Сондай-ақ, уақытылы қаражат талап етпейтін перспективті тауарды да қарастыруға болады.
Өндірістік процессті басқару
Өндірістік процессті басқару өте күрделі тапсырма. Мұндағы негізгі тапсырма өндірістік процессті жобалау және басқару механизмі болып табылады.
Мұндай тапсырманың автоматтандырылған шешімі сауатты жобалауға, шығындарды ескеруге, өндіріске техникалық дайындық жүргізуге, өнімді шығару процессін өндірістік программаға және технологияға сәйкес жылдам басқаруға мүмкіндік береді.
Маркетингті басқару
Маркетингті басқару дегеніміз – бәсекелес-фирмалар туралы, және олардың өнімі және баға саясаты туралы ақпарат жинау және талдау, сондай-ақ ішкі ортаның параметрлерін бағаның тиімді деңгейін алу үшін, кірісті болжау үшін және жарнамалық компаннияларды жобалау үшін модельдеу. Мұндай тапсырмалардың шешімі көбіне маргетингті басқару тиімділігін барынша жоғарылататын, ақпараттық жүйе түрінде дайындалуы мүмкін.
Құжатайналым
Құжатайналым кез-келген мекеменің әрекетінің маңызды процессі болып табылады. Құжатайналымды есепке алудың жақсы өңделген жүйесі, мекемеде дәл қазіргі уақытта мекемеде қандай әрекеттің орындалып жатқандығын анық бейнелейді және басқарушыға оған өз әсерін тигізуге мүмкіндік береді. Сондықтан құжатайналымды автоматтандыру басқаруды тиімді етеді.
Мекемені жылдам басқару
Мекемені жедел басқарудың ақпараттық жүйесі, мекеме туралы барлық мүмкін ақпарат тіркелетін, деректер қоры негізінде құрылады. Мұндай ақпаратық жүйе бизнесті басқару құралы болып табылады және ол әдетте корпоративті ақпараттық жүйе деп аталады.
Жедел басқарудағы ақпараттық жүйе, нақтылы мекемеде орынға ие бизнесс-процесстерді автоматтандырудың көптеген программалық шешімдеріне ие. Бірақ, мұндай ақпараттық жүйелерге қойылатын маңызды талаптар – икемділігі, одан әрі дамуға мүмкіндігі.
Фирма туралы ақпарат тарату
Интернет желісінің белсенді дамуы, мекеме туралы әртүрлі ақпаратты тарату үшін корпоративті сервер құру қажеттілігіне әкелді. Қазір өзін-өзі силайтын әрбір мекеменің өз web-сервері бар. Web-сервер бірнеше тапсырмалар ретін шешеді, оның ішінде екеуін ерекшелеуге болады:мекеменің имиджін құру; тұрақты және потенциялды абоненттерге фирма туралы, ұсынылатын тауарлыр, қызметтер және бағалары туралы қажет ақпаратты жеткізу арқылы, компанияның анықтамалық қызметін максималды жеңілдету.
Лекция 2. Жүйе және жүйенлік талдау. Жүйе, иерархия, сыртқы орта. Жүйені сипаттау механизмі.
Қазіргі заманғы ғылыми және техникалық әрекеттің негізгі ерекшеліктерінің бірі объектіні зерттеу және жобалау әдісі жүйедегідей орындалады. Қазіргі заманғы АЖ тұрғызу принциптерін түсіну негізі жүйелік әдіс болып табылады. Жүйелік талдау – бұл операцияны зерттеу теориясының ойлары мен принциптерін синтездеу және заманауи есептеу техникасының көмегімен басқару теориясының әдістері.
Қазіргі уақытта «жүйе», «Жүйелік талдау», «жүйе теориясы», «жүйелік әдіс» ұғымдары бар.
Әрекет мінездемесіне байланысты «жүйе» термині әртүрлі түсінік береді, бірақ, шешілуші тапсырманың талаптарына сәйкес, кез-келген табиғат элементтерінің жиынынан бөлінген, өзара байланысқан элементтер жиыны.
Жүйе – субъектінің ойындағы (зерттеуші, бақылаушы) объект қасиеттерінің бейнесі және зерттеу, тану тапсырмасын шешудегі олардың ара-қатынасы.
Жүйеасты – жүйе қасиеттеріне ие, жүйе бөлігі.
Элемент — берілген бөлшектеу әдісінде жүйенің одан әрі бөлінбейтін компоненті.
Қасиет – бұл жүйені сипаттауға мүмкіндік беретін және оны басқа жүйелер ішінен ерекшелейтін сапа. Қасиет бірі сандық өлшемге, ал екіншісі сапалық өлшемге ие параметрлер жиынымен сипатталады.
Байланыс – элементтердің еркіндік деңгейін шектеу.
Мақсат, «мақсат» туралы ұғым, мақсаттың туындауы, мақсатқа бағыттылық – жүйенің даму негізінде жатыр.
Құрылым – нақты қатынастарды, жүйенің негізгі бөліктерінің, оның құрылғыларының орналасуын бейнелейді.
Элементтердің құрылымы мен қасиеті жүйенің жеке мінездемелерін анықтайды және оны бүтін білім ретінде қарауға мүмкіндік береді.
Жүйенің бүтіндігі, оның қасиетінің оны құрушы элементтер қасиетінен сапалық ерекшелігімен анықталады
Кіріс. Кірісте мекеме қоршаған ортадан ақпарат, капитал, адам және материалдық ресурстар алады.Бұл компоненттер кіріс деп аталады.Түрлендіру процессі кезінде мекеме бұл кірістерді өнім мен қызметке түрлендіреді. Бұл өнімдер мен қызметтер мекеме қоршаған ортаға жіберетін шығыстар болып табылады.
Шығыс. Егер басқару мекемесі тиімді болса, онда түрлену процнссі кезінде шығыстың үстеме бағасы пайда болады. Нәтижесінде пайда, рынок үлесінің ұлғаюы, сауда (бизнесте) көлемінің ұлғаюы, социалды жауапкершілікті жүргізу, жұмысшыларды қанағаттандыру, мекеменің өсуі секілді көптеген мүмкін қосымша шығыстар пайда болады.
Қоршаған орта. Қоршаған ортаны кейбір деңгейлерде элементтке қарсы қоюға (немесе салыстыруға) болады. «Жүйе» ұғымы кейбір элементтер жиынымен шектеледі. Мұндай жағдайда жүйенің ішінде ол байланста болатын бірнеше элементтер болуы мүмкін. Бұл көпшілік сыртқы орта беп аталады. Жүйемен байланыспаған элементтер, ол ортаға жатпайды.Сыртқы ортасы бар жүйе, ашық жүйе деп аталады.
Қоршаған орта сыртқы шекараларды орнатады. Бұл ашық жүйені зерттеу кезінде міндетті түрде қажет.
Құрылым. Жүйе элементін байланыстыратын, қатынас ретімен байланысты құрылым туралы ұғым. «Велосипед алу үшін, оның барлық детальдары салынған «жәшік» алу жеткілікті емес. Детальдарды бір бірімен дұрыс жалғау керек».
Жүйе құрылымы – элементтер арасындағы қатынас мақсатына қол жеткізу үшін қажеттілік және жеткіліктілік жиыны бар.
Құрылым жүйе бөлшектері арасындағы қатынас санына және типіне байланысты қарапайым немесе күрделі болуы мүмкін. Күрделі жүйеде иерархия болуы тиіс, яғни, жүйеасты, бөлшек және элементтердің реттелген деңгейі. Жүйе компоненттері арасындағы типіне және реттілік қатынасына байланысты, жүйе функциялары мен оның орындалу тиімділігі айтарлықтай деңгейде тәуелді.
Жиын элементтерінен құралған жүйе бөлшегі, жүйеасты деп аталады. Жүйеасты – бұл нақты бір ережеге немесе принципке байланысты жүйеден бөлінген, қандай да бір мақсатқа бағытталған кез-келген табиғаттың өзара байланысқан элементтері жиыны.
