Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция Жобалау.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
409.6 Кб
Скачать

Лекциялық тапсырма материалдары

Лекция №1. Кіріспе. АЖ жобалау объектісі. Ақпараттық жүйенің классификациясы. АЖ қолдану салалары.

Программалық қамтама жарты ғасыр ішінде өте үлкен өзгерістерге ұшырады: қарапайым логикалық және арифметикалық операцияларды орындайтын программалардан бастап, мекемелерді басқаратын күрделі жүйеге дейін. Программалық қамтаманың дамуында әрқашан екі негізгі бағытты ерекшелеуге болады:

  • есептеулерді орындау;

  • ақпаратты жинау және өңдеу.

Ақпараттық жүйе қарапайым программалық өнім болғанымен, олар стандартты қолданбалы программалар мен жүйелерден айтарлықтай ерекшелікке ие.

Пәндік аймаққа байланысты ақпараттық жүйелер функциясы, архитектурасы және жүзеге асырылуы бойынша бір-бірінен өте қатты ерекшеленуі мүмкін. Бірақ жалпы болып табылатын қасиеттер қатарын да ерекшелеуге болады:

  • ақпараттық жүйелер ақпаратты жинауға, сақтауға және өңдеуге арналған. Сондықтан олардың кез-келгенінің негізінде мәліметті сақтау және оған қол жеткізу ортасы бар;

  • ақпараттық жүйе есептеу техникасын қолану облысында жоғары квалификацияға ие емес, соңғы қолданушыларға дейін икемделеді. Сондықтан, ақпараттық жүйенің клиенттік қосымшасы, соңғы қолданушыға функцияның жұмыс істеуіне қажетті барлық мүмкіндік беретін, бірақ қандай-да бір артық әрекеттер жасауға мүмкіндік бермейтін, қарапайым, ыңғайлы, жеңіл мегерілетін интерфейске ие болуы тиіс.

Осыған орай, ақпараттық жүйені өңдеу кезінде екі негізгі тапсырманы орындау қажет болады:

  • ақпаратты сақтауға арналған, деректер қорын өңдеу тапсырмасы;

  • қолданушының клиенттік қосымшасының графикалық интерфейсін өңдеу тапсырмасы.

Жалпы алғанда, ақпараттық жүйе деп әдетте мәтіндік және/немесе фактографиялық ақпаратты жинауға, сақтауға, іздеуге және өңдеуге бағытталған қолданбалы программалық жүйеастын түсінеміз. Көпшілік ақпараттық жүйелер қолданушымен диалог режимінде жұмыс істейді.

Көпшілік жалпы жағдайда ақпараттық жүйе құрамына кіретін, типтік программалық компоненттер: диалогты енгізу-шығаруға; диалог логикасына; ақпаратты өңдеудің қолданбалы логикасына; берілгендерді басқару логикасына; файлдарды және (немесе) деректер қорын басқару (манипулирования) операцияларына ие.

Ақпараттық жүйенің классификациясы

Ақпараттық жүйелер әртүрлі белгілеріне байланысты классификацияланады. Өте жиі қолданылатын классификациялану әдісін қарастыралық.

Масштабы бойынша классификация

Масштабы бойынша ақпараттық жүйелер келесі топтарға бөлінеді: жалғыз; топтық; корпоративтік.

Жалғыз ақпараттық жүйе

Жалғыз ақпараттық жүйе ереже бойынша, жеке әмбебап компьютерде жүзеге асырылады (желі қолданылмайды). Мұндай жүйе бірнеше қарапайым қосымшалардан тұруы мүмкін, және тек бір ғана қолданушының жұмысына немесе бір жұмыс орнын уақытпен бөлуші бірнеше қолданушылар тобына арналған. Мұндай қосымшалар стол үстілік немесе деректер қорын басқарушы локальді жүйе МҚБЖ көмегімен құрылуы мүмкін. Локальді МҚБЖ ішінен ең көп танымалдары: Clarion, Clipper, FoxPro, Paradox, dBase және MS Access.

Топтық ақпараттық жүйе

Топтық ақпараттық жүйе жұмысшылар тобы мүшелерінің ақпаратты коллективті қолдануына бағытталған жән ол көпшілік жағдайда локальді есептеу желісі негізінде құрылады. Мұндай қосымшаны өңдеу кезінде жұмысшылар тобы үшін деректер қорының сервері (сондай-ақ SQL-сервердеп аталатын) қолданылады. SQL-сервердің айтарлықтай көп саны бар, яғни, коммерциялық, сондай-ақ еркін таратылатын түрлері де бар. Олардың ішінде өте көп танымалдары: Oracle, DB2, Qicrosoft SQL Server, InterBase, Sybase, Inforqix.