Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
халықаралық азаматтық процесстен дәріс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
30.45 Кб
Скачать

5 Тақырып. Хжқ-тағы мемлекеттің құқықтық жағдайы.

Диагоналды құқықтық қатынастарды құқықтық реттеудің ерекшеліктері. Жария және жеке диагоналдық құқықтық қатынастар. Мемлекеттік иммунитет түсінігі мен элементтері. Абсолютті иммунитет теориясы. Функциялық иммунитет теориясы. Мәмілелерді de jure imperii және de jure gestionis-қа жіктеу проблемасы. Мәміле мақсаты мен сипаты бойынша саралау. Шектеулі иммунитет теориясы. 1972 ж. Мемлекеттер иммунитеті туралы Еуропа (Базель) Конвенциясының мазмұны. 2004 ж. Мемлекеттер мен олардың меншігінің юрисдикциялық иммунитеттері туралы БҰҰ (Нью-Йорк) Конвенциясының мазмұны. 1965 ж. Мемлекеттер мен басқа мемлекеттердің тұлғалары арасындағы инвестициялық дауларды реттеу туралы Вашингтон Конвенциясының мазмұны. Мемлекеттік меншік пен мемлекеттік заңды тұлғалардың иммунитеті. Мемлекеттік заңды тұлғалардың автономиялы құқық субъекттілігі.

6 Тақырып. Қр аіжк-дегі шетелдік мемлекет иммунитеті.

Шетелдік мемлекетке иммунитет ұсынудың жалпы қағидалары. ҚР АІЖК-дегі шетелдік мемлекеттің функциялық және шектеулі иммунитеті теорияларының арақатынасы. ҚР АІЖК-дегі шетелдік мемлекет иммунитетін шектеулер. Шетелдік мемлекеттің иммунитеттен бас тартуға келісуі және және иммунитетті қолданбау. Шетелдік мемлекеттер қатысушы істер бойынша арнайы процедура ережелері. Қазақстан Республикасы мен оның меншігінің шетелдік мемлекеттер юрисдикциясынан абсолютті иммунитетін жариялау және оның болжамды құқықтық салдары.

7 Тақырып. Құқықтық көмек көрсету және шетелдік сот тапсырмаларын орындау.

Азаматтық істер бойынша құқықтық көмек түсінігі мен түрлері. Құқықтық көмек көрсету және шетелдік сот тапсырмаларын орындаудың құқықтық негіздері. Сот тапсырмаларымен шетелдік мемлекет органдарына жүгіну. Шетелдік сот тапсырмаларын орындау. Шетелдік сот тапсырмаларын орындаудан бас тарту негіздері. ҚР АІЖК негізінде құқықтық көмек көрсету және шетелдік сот тапсырмаларын орындау. Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша 1993 ж. Минск және 2002 ж. Кишинев Конвенциялары негізінде құқықтық көмек көрсету және шетелдік сот тапсырмаларын орындау. Азаматтық процесс мәселелері бойынша Гаага Конвенциялары негізінде құқықтық көмек көрсету және шетелдік сот тапсырмаларын орындау.

8 Тақырып. Шетелдік сот шешімдерін тану және орындату.

Шетелдік сот шешімдерін тану және орындатудың арақатынасы. Шетелдік сот шешімдерін тану және орындатудың заңнамалық және шарттық негіздері. Шетелдік сот шешімдерін тану және орындатуға қатысты теориялық ұстанымдар. Экзекватура жүйесі. Ағылшындық vested rights теориясы. ҚР АІЖК нормаларының негізінде шетелдік сот шешімдерін тану және орындату. Халықаралық шарттар негізінде шетелдік сот шешімдерін тану және орындату.

9 Тақырып. Хаіж-дегі нотариус әрекеттері. Апостиль.

ХАІЖ-дегі нотариус әрекеттерінің түрлері мен маңызы. Нотариаттың теориялық негіздері. Нотариаттың латын және ағылшын-американ жүйесі. ХАІЖ-дегі шетелдік құжаттарды заңдастырудың түсінігі мен жүзеге асырылу әдістері. Консулдық заңдастыру. Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талабын жою туралы 1961 ж. Гаага Конвенциясының жалпы мазмұны. Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талабын жою туралы 1961 ж. Гаага Конвенциясының ережелерін Қазақстан Республикасында жүзеге асыру.