- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені
- •4. Глоссарий
- •1.Дәрістер
- •Жер бедері мен ауа райы.
- •«Әнші тау» құпиясы.
- •Жануарлар дүниесі.
- •4 Тақырып. Тұқым қуудың хромосомолық теориясы.
- •5 Тақырып. Жыныс генетикасы.
- •6 Тақырып. Тұқым қуудың молекулярлік негіздері.
- •8 Тақырып. Мутациялық өзгергіштік.
- •9 Тақырып. Биометрияның негіздері.
- •10 Тақырып. Саңдық белгілерді тұқым қуалау.
- •11 Тақырып. Популяциялар генетикасы.
Жер бедері мен ауа райы.
Алматы қорығының биік шыңдарын мәңгі мұз бен қар басқан, сұлу шыршалы ормандарына қараса көз тоймайды. Алатаудың бауырында сыңғырап өзендер ағып жатады. Алматы қорығына Іле Алатауының орталық бөлігі – теңіз деңгейінен 1400- 5017 м биіктік аралығында орналасқан Талғар тау жоталары енеді. Топырағында зор әсер еткендігі көзге түседі. Оның үстіне қорық территориясына «Ән салатын» құмды таулар да кіреді. Шөлді аймақтың тау етегіне жақын орналасуы оның ауа- райына үлкен әсер тигізеді. Соған сәйкес таудан төмен түскен сайын жылына болатын жауын- шашын мөлшері азаяды. Теңіз деңгейінен 1000 м биіктікте 500 мм, ал 2400- 3000 м биіктікте 780- 870 мм жауын жауады. Жазда тауға әр бір 100 м көтерілген сайын ауа температурасы 0,71 *С төмендейді. Қыс айлары онша суық болмайды, бұл қорықта паналайтын хайуанаттардың қыстан күйлі шығуына көмектеседі.
Қорық территориясы кіші- гірім өзеншелер арқылы бөлінетін бірнеше тау қыраттарынан тұрады. Ондағы суы мол саналатын өзендер - Талғар мен Есік. Басын мәңгі мұдардан алатын бұл өзендердің ені 3-5 м тереңдігі 0,5-1 м- дей болып ағысы қатты келеді. Өзендердің су деңгейі тіпті тәулік ішінде бірнеше рет өзгереді. Жаз айларында су деңгейінің тәуліктік ауысуы кейде 40- 50 см дейін жетеді.
Өсімдіктері.
Алматы қорығының бір артықшылығы - тау беткейлерінде орманды - дала, субальпі және альпі өсімдік белдеулерінің ұштасып жатуы. Орманды дала белдеуі қорық жерінде 1300- 2600 м биіктік аралығында орналасқан. Оның төменгі етегінде жапырақты ағаштар мен бұталар өседі. Көпшілігі жабайы жеміс ағаштары. Бұл белдеудегі ормандағы негізгі ағаш түрлері- долана, алма, өрік, көктерек, тал. Бұталарымен топтаса қарақат, итмұрын және ұшқат ұштасады.
Алатауға сән беріп тұрған қылқан жапырақты ормандар 1400- 2800 м биіктікте орналасқан. Жалпы жабайы жеміс ағаштарының алып жатқан аумағы 157 гектардай. Алматы қорығындағы шырша орманының көлемі 5,3 мың гектардай болады. Орманды – дала белдеуінің ашық алаңдарында шабындық- көкмайса шөптері өседі. Таудың салқын самалды қыраттарында боз, бетеге, қарабасшалған бетеге, жусан сияқты бұталы ағаштар арасында тау таспасы, қозықұлақ, тянь - шянь еркекшөбі, ширатылған қоңырбас, шабынды қоңырбас, аюбалдырған т.б. балауса шөптер көктемде қаулап шығып, тау беткейін көкорай шалғынға айналдырады.
Альпі белдеуі 3000- 3600 м биіктікте орналасқан, одан әрі қар мен мәңгі мұз орын тебеді. Бұл өңір көлемінің 70- 80 пайызын қойтастар мен құздар алып жатыр. Ондағы құздардың жарылуынан, бұзылуынан пайда болған тасты шөгінділер үнемі қозғалыста болады да, шөп өспейді.
«Әнші тау» құпиясы.
Қорықта қарасты әнші тау биіктігі 150 м- дей, ұзындығы 3 шақырымға жуық сусылдаған ақ шағылды төбе. Кейде оны «Жаңғырық тау» деп те атайды. Ғажайып әнші тау халық арасында неше түрлі аңыз әңгімелер туғызған. Мәселен, бұл құнды төбелерде өзінің жырымен жолаушыларды еліктіріп, қалыпты сусыз шөлшерге апарып, қырғынға ұшырастыратын әйел кескінді мақұлық ән салады- мыс. «Әнші тау» туралы әр қилы хиқаялар дінге сенуден, жоққа нанушылықтың салдарынан туған. «Жаңғырық таудың» етегінде ерте замандағы бейіттер кездеседі. Қазіргі ғалымдар құмның айрықа үн шығаруын қалай түсіндіреді? Ол туралы айтылған болжамдар көп, бірақ солардың ешқайсысы бұл сырды нақты ашып бере алмайды. Мұндай қасиеттер өте құрғақ, кремнезем қоспасы бар сусын малы, таза құмдарда ғана байқалатындығы анықталды. Ондай құм түйіршігі ұсақ және біркелкі мөлшерде қийыршық болады. Құмның тек қозғалыс гектарлатып келеді.
