Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жалпы орта білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
363.52 Кб
Скачать

7. Кәсіби кооперация принципі

1. Психолог өзінің теориялық және әдістемелік қалауларына қарамастан басқа мамандарға,олардың жұмысына сыйластық таныту мен құқығын сақтауға негізделеді.

2. Психолог клиенттер мен зерттелуші адам алдында әріптестерінің жұмысының әдіс-тәсілдері туралы баға беруден өзін-өзі ұстауы тиіс.

3. Егер әдеп бұзушылық тиісті талап жолдарымен шешілмесе, психолог мәселені әдістемелік бірлестік отырысына шығаруы мүмкін,қандай да бір кикілжің туындаған жағдайда, білім саласының психологиялық қызметінің ғылыми-әдістемелік кеңесінің әдептілік отырыстарына шығаруы мүмкін.

8. Клиентті зерттеу мақсаты мен нәтижелері мен таныстыру принципі

1. Клиентті осы жұмысқа қатысу туралы шешім қабылдау үшін жүргізілетін жұмыстың мақсаты мен мазмұны, ақпаратты алу әдіс-тәсілдерімен таныстырады. Егер психологиялық зерттеу жұмысы 16 жасқа толмаған оқушылармен жүргізілген жағдайда, оның осы жұмысқа қатысуына келісімді ата-аналары беруі тиіс.

2. Кәсіби іс-әрекет барысында өзінің ой пікірімен бөлісуде және қандайда бір жағдайға баға беруде клиенттің бостандығын шектеу мен өз еркімен шешім қабылдау бостандығын қорғау түрінде болуы тиіс. Психологиялық көмек барысында клиент тарапынан еркіндік принципі сақталуы тиіс.

3. Психолог психологиялық жұмысқа қатысушылардың тиісті жұмысқа қатысу шешіміне әсерін тигізетін аспектілер (физикалық қауіп, қолайсыздық, жағымсыз эмоционалдық тәжірибе т.б.) туралы хабардар етуі тиіс.

4. Психологиялық жұмысқа келісімін алу үшін психолог клиент үшін жеткілікті және түсінікті деңгейдегі терминологияны қолдануы тиіс.

5. Зерттеу нәтижелері түйін түрінде немесе клиент үшін ұсыныс түрінде берілуі тиіс. Ұсыныстар нақты болуы қажет және орындалмас талапта болмауы тиіс.

6. Зерттеу барысында психолог клиенттің қабілеттері мен мүмкіндіктерін анықтап атап отыруы тиіс.

Бала құқықтары туралы конвенция. 1989 жылғы 20 қарашада Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдады. Біріккен Ұлттар Ұйымының негізгі принциптері және адам құқығынабайланысты кейбір пактілермен декларациялардың негізгі қағидалары атап өтіледі. Онда балалар өздерінің табиғи нәзіктігіне байланысты ерекше қамқорлық пен қорғауды қажет ететіндігі, әсіресе басты қамқорлық пен жауапкершілік от басы иелеріне жүктелетіндігі расталады. 1924 жылғы Бала құқықтарының Женева декларациясында3 және 1959 жылғы 20 қарашадағы Бас Ассамблея қабылдаған Бала құқықтары декларациясында қамтылғанын және оның Жалпыға бірдей адам құқықтарының декларациясында, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакетте (атап айтқанда, 23 және 24-баптарда) 2, Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарытуралы халықаралық пакетте (атап айтқанда, 10-бапта)2, Әлеуметтік және құқықтық қағидаттар туралы декларацияның ережелеріне 5, Біріккен Ұлттар Ұйымының жасы кәмелетке толмағандарға қатысты әділ сот жүргізу жөніндегі («Пекин ережелері»6) Минимальды қалыптық ережелеріне және Төтенше жағдайлар мен қарулы жанжалдар кезінде әйелдер мен балаларды қорғау туралы декларацияның ережелеріне сілтеме жасай отырып, дүниежүзінің барлық елдерінде аса ауыр жағдайларда өмір сүріп жатқан балалар бар екенін және мұндай балалар ерекше көңіл бөлуді қажет ететіндігін мойындай отырып, баланы қорғау және оның үйлесімді дамуы үшін әрбір халықтың дәстүрлері мен мәдени құндылықтарының маңыздылығын тиісті түрде ескере отырып, әрбір елде, атап айтқанда, дамушы елдерде балалардың өмір сүру жағдайын жақсарту үшін халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын тани отырып, төмендегілер туралы келісті:

1-бап Осы Конвенцияның мақсаттары үшін әрбір адам баласы 18 жасқа толғанға дейін, егер осы балаға қолданылатын заң бойынша ол кәмелеттік жасқа бұрынырақ толып қоймаса, бала болып саналады.

2-бап 1. Қатысушы мемлекеттер өздерінің юрисдикциясы шектерінде тұратын әрбір баланың осы Конвенциямен көзделген, оның ата-анасының немесе қамқоршысының қандай да бір кемсітушіліксіз нәсіліне, түр-түсіне, жынысына, тіліне, дініне, саяси немесе өзге де сенім-нанымдарына, ұлттық, этникалық немесе әлеуметтік шығу тегіне, мүліктік жағдайына, баланың денсаулығының және туылуының жай-күйіне немесе өзге де жағдайларына қарамастан, барлық құқықтарын құрметтейді және қамтамасыз етеді. 2. Қатысушы мемлекеттер баланы кемсітушіліктің немесе баланың, оның ата-анасының, заңды қамқоршыларының немесе отбасының өзге де мүшелерінің мәртебесінің, қызметінің, көзқарасының немесе сенім-нанымдарының негізінде жазалаудың барлық нысандарынан қорғауды қамтамасыз ету үшін қажетті шаралардың бәрін қабылдайды.

3-бап 1. Балаларға қатысты қолданылатын іс-әрекеттердің, оларды әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерімен айналысатын мемлекеттік немесе жеке мекемелердің, соттардың, әкімшілік немесе заң шығарушы органдардың қабылдағанына қарамастан, бәрінде де ең бірінші кезекте баланың мүдделерін барынша толық қамтамасыз етуге көңіл бөлінеді. 2. Қатысушы мемлекеттер заң бойынша бала үшін жауапкершілікті мойнына алған оның ата-анасының, қамқоршыларының немесе басқа да адамдардың құқықтары мен міндеттерін назарға ала отырып, баланың игілігі үшін қажетті қорғау мен қамқорлықты қамтамасыз етуге міндеттенеді және осы мақсатпен барлық тиісті заң шығару және әкімшілік шараларын қабылдайды. 3. Қатысушы мемлекеттер балалардың қамқорлығына немесе оларды қорғауға жауапты мекемелердің, қызмет көрсетуші орындар мен органдардың құзыретті органдар белгілеген нормаларға, атап айтқанда қауіпсіздік пен денсаулық сақтау саласында және олардың персоналының саны мен жарамдылығы, сондай-ақ құзыретті қадағалау тұрғысынан да сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

Бала құқығы декларациясы мақсаты балаға бақытты балалық шақты қамтамасыз етеді, бұған ата-аналарды, еркектер мен әйелдерді және ерікті ұйымдарды және тағы басқаларды шақыру; бірте-бірте мына принциптер жүзеге асады:

1 – принцип. Құқық декларациясындағы бүкіл нұсқаулар балаға тән болуы керек. Бұл құқықтар барлық балаларға оның тіліне, ұлтына, дініне, әлеуметтік, ұлттық қалыптасуына қарамастан бәріне ортақ болуы тиіс.

2– принцип. Балаға заң түрінде оның физикалық, ақыл-ой, рухани және әлеуметтік жағдайлар жасалуы керек.

3 – принцип. Баланың туылғаннан бастап оның аты мен азаматтық құқығы болуы тиіс.

4 – принцип. Бала бүкіл әлеуметтік жағдайлармен қамтамасыз етілген болуы керек. Ол денсаулығы мықты және дамуға құқылы, балаға және оның анасына бүкіл жағдайлар жасалып тұруы керек. Ол дұрыс тамақтануға, медициналық көмек алуға, ойын-сауыққа, тұратын жері болуға құқылы.

5 – принцип. Егер бала физикалық, психикалық, әлеуметтік жағынан қамтамасыз етілмеген болса, онда оның белгілі бір күн тәртібі болуы қажет.

6 – принцип. Бала дұрыс қалыптасқан болса, ол өзіне түсінушілікпен белгілі бір жылы қарым-қатынасты қажет етеді. Бала рухани, материалдық жағынан қамтамасыз етілген болуы керек. Көп балалы отбасына мемлекет көмек беруі қажет.

7 – принцип .Бала білім алуға құқылы және ол оқу тегін және міндетті болуы керек, тым болмаса бастапқы стадияларда. Ол білім алуы керек, мәдени дамуы керек, рухани және әлеуметтік қамтамасыз етілген болуы керек және қоғамда белгілі бір мүше болып қалыптасуы керек.

8 – принцип. Бала қамқорлықпен көмек алуда бірінші орында тұрады.

9 – принцип. Бала ұқыпсыз қарым-қатынастан, қайырымсыздықтан, қамауда қамқорлық алуы керек. Ол белгілі бір формдағы сатылу объектісінен қорғаныста болуы керек. Балаға егер ол жас ерекшелігі жағынан келмесе жұмыс берілмеуі қажет, егер жұмысқа алынса оның денсаулығыеа зардап әкелетін жұмыс берілмеуі керек.

10 – принцип. Бала оның діни немесе белгілі бір формадағы дискриминациядан алшақ болуы керек.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1-9; 10-31