- •Жалпы орта білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет
- •Оқу бағдарламасы (syllabus)
- •Қарағанды 2016
- •Күндізгі оқыту нысанының жұмыс оқу жоспары
- •6. Пән бойынша тапсырмалар орындау және өткізу кестесі:
- •7 . Пәннің оқу әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі
- •Лекциялық кешен (лекция тезисі)
- •2. Біліктілік принципі
- •3. Жауапкершілік принципі
- •4. Заңды және мәдени әдептілік заңдылық принципі
- •5. Психологияны білікті насихаттау
- •6. Клиенттің қолайлығы принципі
- •7. Кәсіби кооперация принципі
- •9. Семинарлық (практикалық)сабақтардың жоспарлары
- •Тақырып 6: Практикалық психологтың этикалық кодексі.
- •10. Лабораториялық сабақтар жоспары оқу жоспарында қарастырылмаған.
- •11. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіңдік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •Тақырып 6: Практикалық психологтың этикалық кодексі.
- •12. Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары
- •Әдістемелік нұсқаулар: Реферат тақырып сұрағының мәнін ашуы тиіс, толық мағлұматты және өзіндік қорытындысы болуы тиіс. 3-5 бет болуы тиіс. Өз бетінше 5 әдебиет көздерін қолдана отырып жазылуы тиіс.
- •Тапсырма: Жас ерекшелігіне сай балалардың танымдық іс- әрекетін диагностикалау
- •Тақырып 6: Практикалық психологтың этикалық кодексі. Тапсырма: Психолог этикасы
- •13. Жазбаша жұмыстар тақырыптары
- •15. Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •Мазмұны:
- •Жалпы орта білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет
- •Пәні бойынша
- •Оқу бағдарламасы (syllabus)
- •5В010300 - Педагогика және психология
2. Біліктілік принципі
1. Психолог өзінің кәсіби құзыреттілігінің шекарасын нақты айқындап ескереді.
2. Психолог клиентпен жұмыс жүргізу әдісі мен барысына жауапты.
3. Жауапкершілік принципі
1. Психолог клиент пен қоғам алдында өзінің кәсіби іс - әрекеті үшін кәсіби және тұлғалық жауапкершілігін сезінеді.
* Егер бала 16 жасқа толмаған болса психологиялық зерттеулерге қатысу үшін келісімді ата- аналар (қамқоршылары) беруі тиіс.
2. Зерттеу жүргізуде психолог ең алдымен адамдардың қауіпсіздігін басшылыққа алады және жұмыс нәтижелерін қолдануда оған зиян келтірмеуге тырысады.
3. Психолог психологиялық жұмысты өзі жүргізеді немесе оған басшылық жасаса да, осы Әдептілік кодексті орындауға жауапты.
4. Психологиялық тақырыптарға ақпарат құралдарында айтқан пікіріне кәсіби жауапты.
5.Көпшілікке жария етуде тексерілмеген ақпаратты таратуға, өзінің білімі мен біліктілігіне байланысты адамдарды шатастыруға құқығы жоқ.
6. Психолог психологиялық процедураның шынайы мақсаты туралы егер осы мақсатқа жетудің тиімді жолдары болмаған жағдайда ғана жариялайды.
7. Мүмкіндіктері шектеулі (жасөспірімдер, өте қатты күйзеліс жағдайындағы адамдар; белгілі психикалық ауытқуы бар аурулар т.б.) тұлғаларға психологиялық көмек көрсету туралы шешім қабылдаған психолог оның қолданған және таңдаған араласуларына жауапты.
4. Заңды және мәдени әдептілік заңдылық принципі
1. Психолог заңға және психологиялық іс-әрекетті ұйымдастырудың кәсіби талаптарына сәйкес зерттеу жұмыстарын жоспарлап өткізеді.
2. Осы Кодекстің және білім мекемесінің әкімшілігі жүктейтін міндеттер арасындағы талаптар арасында қарама-қайшылықтар болған жағдайда психолог осы Кодекстің нормаларын басшылыққа алады. Осындай жағдайлар мектеп әкімшілігіне, кәсіби психологиялық қоғамына (әдістемелік бірлестік) немесе облыстық ғылыми -әдістемелік кеңесіне жеткізіледі
3. Осы Кодекстің нормалары психологтың клиентпен және басқада білім үрдісіне қатысушы субъектілермен кәсіби қарым- қатынасына байланысты.
4. Психолог эксперт ретіндегі міндеттерін заңға сәйкес жүргізеді,сонымен бірге осы Кодекс нормалары толық орындалады.
5. Психологияны білікті насихаттау
1. Психологиялық білімі жоқ адамдар үшін қандайда болмасын ақпаратты беруде жұмыстың кәсіби әдістерін ашатын ақпараттың артықшылығынан алшақ болу. Толық ақпарат тек мамандарға ғана беріледі.
2. Барлық хабарламаларда психолог практикалық психологияның әдістерінің істің шынайы жағдайына сәйкес мүмкіндіктерін сипаттауы тиіс. Психолог тарапынан ақталмаған жағдайды тудыратын ой қорытулардан өз-өзін ұстай білуі тиіс.
3. Психологиядағы жетістіктерді насихаттауда кәсіби және ғылымның қазіргі жағдайын талапқа сәйкес жүргізуге міндетті.
6. Клиенттің қолайлығы принципі
1. Психолог өзінің кәсіби әрекетінде білім беру үрдісіне қатысатын субъектілердің құқығын ескере отырып, оның қолайлығына негізделеді. Психологтың міндеттері кәсіби кодекске қарама -қайшы келген жағдайда психолог бұл мәселелерді «зиян келтірме» принциптерін басшылыққа ала отырып атқарады.
2. Психолог өзінің кәсіби іс-әрекетінде әлеуметтік статусына, жасына, жынысына, ұлтына, діни сеніміне, ақыл – ойына т.б. ерекшеліктеріне байланысты дискриминацияға (тұлғаның бостандығы мен конституциялық құқығын шектеу) жол бермеуі тиіс.
3. Психологтың кәсіби іс-әрекетінде маңыздысы сол, оқу үрдісінің негізгі субъектісі ретіндегі бала құқығы мен қызығушылықтары басым тұруы тиіс.
4. Психолог клиентке жағымды және бағаламау қарым-қатынасын ұстануы тиіс.
