Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жалпы орта білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
363.52 Кб
Скачать
  1. Лекциялық кешен (лекция тезисі)

Тақырыбы 1. Жалпы орта білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметтің дамуы.

Лекция тезистері

Білім берудегі психологиялық қызмет немесе мектеп психологиясы көптеген елдерде өмір сүре отырып, барлық білім беру жүйесін және мектепке дейінгі, мектеп аяқталғанға дейінгі аралықтағы уақытты қамтиды. Сонымен қатар ғасырлық тарихы бар.

АҚШ –та мектеп психологиясы 1800 – жылдан бастап дамыды. Мектеп психологиясы АҚШ-та заңмен бектілген, білім беру депертаменті мектеп психологтарына куәлік беруді қадағалайды. Мектеп психологының негізгі күші - өлшемді стандарттаған тестер арқылы қолдану дәстүрге айналған мектеп психологиясы эволюциясы және мектеп психологының қызметтіндегі теориялық және практикалық елеулі жетістіктер соңғы 35-40 жылдары дамығанын атап өту керек. (АҚШ-та). 60 жылдары мектеп психологтарының кәсіптік ұйымы құрылды.

80 жылдары АҚШ-та мектеп психологтарының ұлттық асоциациясы құрылды. (NAZP). Психологиялық қызметтің бірнеше функцияланған деңгейін ерекше көрсетуге болады.

  • оқушылары арнайы оқуға таңдау үшін тестер өңдейді.

  • бұл жұмыс белгілі бір деңгейдегі білім мен тәртібінде көрсеткіштерге бағытталған

  • психологиялық мәселелердің кеңес, оқушылардың қажетсінуі бойынша тікелей психологиялық көмек қарастырылады.

Франциядағы мектептегі психологиялық қызметтің даму тәжірбиесі ерекше қызығушылық танытады. Француздар мектеп психологынығ атасы деп Альфреда Бинені айтады. Ол өз зерттеулерін 1894 жылы бастаған. 1897 жылы оның бастауыш мектептегі психологиялық мәселелерге арналған еңбектері жарық көрді. 1905 жылы француздың білім беру министрлігі А.Бине жалпы бағдарлама бойынша оқи алмайтын оқушылары психологиялық жағынан зерттеулері ұсынады. 1951 жылы Франциядағы білім беру министрлігі бірінші болып мектеп психологының қызметін сипаттап берді.

80 жылдары ортасында Францияда мектептегі практикалық психологтың дамуының жаңа сатысы басталды. Мектептегі психологиялық қызметтің іс-әркеттері мен ұйымшылдық тәжірбиелері шығыс еуропа елдерінде де жинақтала бастады. Шванцара И. (1978), Черны В (1983), Витцлак Г. (1986).

Шығыс еуропа елдерінде психологиялық қызмет көбіне аудандық немесе облыстық психологиялық педагогикалық ораталық немесе консультациялық формада қызмет етті.

1980 жылдарЧСФР–де тәрбие мәселесі жөнінде консультациялар туралы қаулылар өңделді. Венгрияда халықаралық білім беру органдарын басқаратын қызметкерлер бекіткен тәрбие мәселелері бойынша консультациялар үшін инструкциялар жарық көрді.

Ресейде баланы оқыту және тәрбиелеу психологиялық практикалық түрде ХІХ –ХХ ғғ қолдана бастады және педалогиямен тығыз байланысты. Педалогия И.А. Арямовтың (1928) айуынша қалыптасып келе жатқан адам туралы оның барлық биологиялық әлеуметтік ерекшеліктерін қамтитын ғылым. Көптеген ғалым педагогтар, педалогтар психологтар ( Н.К. Крупская, М.Я. Басов, К.Н. Корнилов, Л.С. Выготский) тестілердің мектептерде қолдануға қарсы шықты. Зерттеу пәні ізденістері балалардың практикалық жұмысын істеу әдістері жүргізіліп жатты. Л.С.Выготский жұмыстары да бар.. Мектептегі психологиялық қызметтің дамуы А.Г. Асмолов, Ю.К.Бабанский, А.А.Бодалев, Б.А.Виткин, В.В.Давыдов, Н.В.Кузьмина, Д.Б.Эльконин т.б. ғалымдардың есімімен байланысты. 1983 ж. Мектептегі психолог қызмет туралы «Вопросы психологии» атты дөңгелек столда ерекше сипатталды. 1984жылы Москвада психологиялық институттарда психологиялық қызмет мәселесі жөніндегі І бүкілкеңестік конференция өтті.

1988ж. Барлық оқыту мен тәрбиелеу мекемелерінде мектеп психологының сағаты берілуі туралы мемлекеттік комитеттің қаулысы жарық көрді. Сол уақыттан бастап психологиялық қызмет елдің барлық аймақтарында дамиды. Ресейде көптеген аудандық және қалалық психологиялық кабиненттер мен орталықтар ашыла бастады.

Ресей Федерациясындағы білім беруде практикалық психолог қызметінің жағдайы:

Жалпы жағдайы:

Практикалық психологтың көмек көрсету құрылымы Ресейдің білім беру жүйесінде түйінделеді, балалр мен жасөспірмдердің психологиялық дамуына бағытталған шара, олардың мүмкіншіліктері мен қызығушылықтарын жоғарылатып, әртүрлі мінездегі ауыртпалықтардың алдын алу.

  • Қызмет жұмысы мемлекет аралық және Ресей мемлекетінің заңдары мен акітлері балаларды қорғау және олардың дамуы қаралады. Көмек көрсету РФ білім беру облыстары ақылы , документ жәнеактілер, бұйрықтар , білім беру департементінің құрылымы бойынша , қазіргі жағдай, барлығына сәкес келеді.

  • Көмек көрстеуге қаржы облыстардың білім беру мекемелерінен бөлінеді және де көмек шараларын ұйымдастырған кезде бөлінеді.

Көмек көрсетудің мақсаты мен міндеттері көрсетілген.

  • әр түрліі жас аралығындағы балалардың жеке тұлғалары мен интеллектуалды дамуына демеу көрсету.

  • Олардың өзін тәрбиелеу мен даму мүмкіншіліктерін қалыптастыру

  • әр баланың мінез құлқын псхолог педагог ретінде ұғыну

  • кәсіби жолмен бала бойндағы ахуалардың алдын алу.

Көмек көрсетудің толық жүйе ретінде үш маңызды бағыты бар:

  • ғылымилығы

  • оқу және тәрбие алу процесін психологиялық қамтамасыз ету.

  • Білім беру мекемелерінде психологияның жұмысын пайдалану, арнаулы психологиялық кабинеттер мен орталықтарды пайдалану.

1995 жылы 29 наурызда Ресей Федерациясының білім беру жүйесі министрлігінің бекітумен қызмет атқарады.

ХХ ғасырдың 80-ші жылдарында Қазақстандағы психологиялық қызметтің мән – жайын білдіретін пікірлер мен зерттеулер психолог – мамандар М.Мұқанов , Ә.Алдамұратов, Н.Айғабылов , К.Оразбекова т.б.

Психолог Ж.Аймауытов өзінің «психология» деп аталатын оқу құралында сонау 20 жылдары бұл пәннің адамтанудағы қызметін жоғары бағалап, жнтану пәні әрбір тұлғаның , жее адамның жан – дүниесін айқын білуге үйретеді деп көрсетті.

Психологиялық қызмет, негізінен жантану жайындағы ғылымның басты ұстанымдарына сүйене отырып жүзеге асатыны мәлім. Осы бағытты ұстаған академик Т.Тәжібаев болды. Оның психология ғыдлымы саласындағы зерттеулері өскеле ұрпақ пен жастарға психологиялық білім берудің мақсат – мүдделерімен ұштасып жатыр. Оның 30-50 жылдарда Қазақстанадағы педагогикалық ғылыми журнал беттеріндегі жарияланған мақалалары «Жалпы психология» - атты оқулығы жарыққа шықты.

Қазақстанда 40-70 жылдары арасында психология ғылымының дамуына үлес қосқандар: Е.Суфиев, И.Л. Стычинский, Е.Асылбеков, Н.Итбаев, С.Балаубаев, А.Темірбеков, Ғ.Айманов, Қ.Рақымбеков т.б. болды.

Қазақстанда психолог мамандығы ҚР Білім және ғылым министрлігінің «білім беру мекемелеріне психолог мамандығын еңгізу туралы» нұсқау хаты негізінде,еңбекақы қорынан жалақысы бекітілген, ҚР «Білім туралы»заңына, ҚР үкіметінінің бұрықтары мен қаулыларына сүйеніп жұмыс атқарады.

Жалпы жағдайы:

  • психологиялық қызмет көрсету ҚР білім деңгейінің бір саласы, балалар психологиясының дамуынв арналаған, құқық бұзуының алдын алуға, бойындағы ауытқушылықтарды жеңуге арналаған.

  • ҚР әр мекемесінде бұл құрылымының бөліктері бар ( бала – бақша, әр түрлі мпектептер, балалар үйі, интернаттар, университеттер т.б. ) барлық психологиялық қызмет жүйесі , бір ҚР психологиялық орталығына бағынады.

  • Қызмет жұмысы мемлекет аралық және Қазақстан мемлекетінің заңдары мен акітлері балаларды қорғау және жетілуіне кепіл береді.

  • Қызмет ету шарасы аймақтық басқару органы бөлген қаржы бойынша, және бақада құрылыған шаралардан бөлінеді.

Психологиялық қызметтің негізгі міндеттері, бағытттары, қызметтің құрылым ұсынылған.

Білім берудегі психологиялық ықметтің орталығының типтік жағдайы :

Негізгі жағдай:

  • психологиялық қызмет республикадағы білім беру , білім беру министрлігі ҚР, психологиялық денсаулықты қорғау, болшақ ұрпақтың дамуымен қызмет атқарады.

  • Мемлекет аралық ққарым қатынастарға қатаң қарайды, республикалық акт және заң арқылы блалардың дамуы мен жетілуін қарайды.

  • Орталық міндеті түрде білім және ғылым министрлігіне жүгінеді.

  • ҚР орталық міндеттері мен мақсаттарын жүзеге асырады.

Орталықтың негізгі мақсаттары мен міндеттері ұсынылған.

Орталықтың құрылымы:

Психологиялық – психосоматикалық - әдістемелік бөлімнен тұрады.

Психологиялық бөлім :

- Диагностикалық жолмен балалардың дұрыс жолға салынуын ұйымдастыру. Баланың тұлға болып қалыптасуына кеңес береді.

Педагог, дефектолог және т.б. мамандарды осы шарамен айналастыру үшін ұйымдастырылады. Балалардың топтарға бөлінуін қадағалайды.

Психосоматикалық бөлімі:

  • психосоматикалық бөлімі әр түрлі аруларға шалдықан балалармен ем жүргізеді ( қант диабеті, остма т.б.).

  • психологиялық – педагогикалық қажет ететін қиын мінез құылқы бар балалрмен жұмыс істейді.

  • Психологиялық көмек беру мен алдын алу жұмыстарымен айналысады.

  • Психологиялық көмек нашақорлыққа ұрынған балалармен жұмыс атқарады.

  • Психологиялық жұмысты жас өспірімдер мен балалармен атқарады, мұнда олар жаман жолға кірген болса ( шылым шегу, нашақорлық, алкоголизм, токсикомания) . жаман әдеттерден аулақ ұстап, дұрыс жолға салады. Нашақорлармен , алкоголиктермен және токсикомандармен жұмыс атқаруға құқылы.

Әдістемелік бөлімі:

Мамандарды нормалық әдістемелік материалдармен жабдықтайды. Мамандарды даярлап, республикадағы педагогтармен қызмет атақарады.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1-9, 10-31

Тақырыбы 2. Жалпы орта білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет туралы түсінік

Лекция тезистері

Орта бiлiм беру ұйымдарында психологиялық қызметтiң жұмыс iстеу қағидалары.(Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрiнiң 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 528 бұйрығымен бекiтiлдi.)

Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары (Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2009 жылғы 13 шiлдедегi N338 бұйрығымен бекiтiлген.)

Тәжірибелі психология қызметінің педагог-психологінің әдептілік кодексі (ҚР психологтарының әдептілік кодексінің жобасы. Жоба Американдық Психологиялық Ассоциациясының әдептілік кодексі (1995), Ресейлік Психологтің әдептілік кодексі (1998), Германия психологтарінің Кәсіби әдептілік Кодексі (1999) және «Қайнар»университеті тәжірибелік психологтарының кәсіби әдептілік Кодексі (1999) негізінде жасалған.).

Мектептегі психологиялық қызметтің негізгі мақсаты- мектеп оқушыларының жеке тұлға ретіндегі қалыптасуына, олардың шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуына, қабілеттері мен бейімділіктерінің дамуына көмектесу; олардың психологиялық ерекшеліктерін терең зерттеу; оқушылардың психикалық дамуындағы ауытқушылықты, кешеуілдеуді болдырмаудың жолдарын іздестіру; мұғалімдер ұжымында психологиялық ахуалды қалыптастыру; ата-аналар үшін психологиялық сауаттандыру, білім беру сабақтаныр ұйымдастыру.

Мектептегі психологиялық қызметке қойылатын талаптар өте көп. Осы талаптарды орындау психологтың кәсіби біліктілігіне, шығармашылық ізденісіне байланысты. Басты талаптар:

  • балалардың мектептегі оқуға даярлығын анықтау;

  • бастауыш сынып оқушыларының мектепке бейімделуін тездету және үлгермеушілікті болдырмаудың алдын-алу мақсатында пән мұғалімдерімен бірлесе отыра арнаулы бағдарламалар жасау;

  • оқушылардың дамуындағы «дағдарыс», «өтпелі», «қиын» кезеңдерге үлкен жауапкершілікпен қарап, бұл кезеңдерді арнайы бақылауға алу;

  • үлгерімі, тәртібі төмен оқушылармен диагностикалық-коррекциялық жұмыстар жүргізу;

  • оқушылардың ұстаздарымен, ата-аналарымен, өз құрбыларымен қарым-қатынас бірлігін орнату;

  • кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру;

  • мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге, ата-аналарға оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық мәселелері, өзара қарым-қатынас үлгілері, оқушылардың психикалық процестерінің даму заңдылықтары туралы психологиялық кеңестер беру.

Халыққа білім берудегі психологиялық қызметтің негізгі мақсаттары оның жұмысының мазмұнына сәйкестігімен анықталады:

1. Баланың әр жас ерекшелік кезеңінде толық жеке және интеллектуальдық жетілуін, өз-өзін тәрбиелеу және өз-өзін жетілдіру қабілеттерін дамытуын қамтамасыз ету қажеттілігімен анықталады.

2. Әр балаға жекелей ықпал етуді және осыған сәйкес балалардың психологиялық-педагогикалық жағын зерттеу ерекше-ліктерін қамтамасыз ету маңыздылығымен анықталады.

3. Профилактика міндеттерімен және балалардың жеке және ақыл-ой дамуындағы ауытқуларын жеңе білуімен анықталады.

Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметтің мақсаты. Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет тұтас білім беру жүйесінің маңызды компонентерінің бірі. Психологиялық қызметтің тууы ғылым мен практиканы өзара әрекетімен шарттасқан психологиялық қызмет бала туралы тұтас ғылым мен осы дамуды қазіргі білім беру мекемелері жағдайында жүзеге асыру практикасын өзінің бойында біріктіретін қызмет.

Жаңа формацияда білім беру саласындағы барлық процесте , пән оқушылары мен топ тәлімгерлеріне кәсіби дайындықтарын өзгертіп, толықтыру: онда білімгердің жекелік ерекшелігін ескеру, қабілетіне және тұлғалық бағыттылық ықпалында қарай жағдай туғызуды қажет етеді.

Психологиялық қызмет төрт құрамдас бөліктен тұрады:

  • ғылыми

  • қолдаңбалы

  • практикалық

  • ұйымдастырушылық

Психологиялық қызмет - оқу- тәрбие процесі мен әлеуметтік жағдайының дамуын ғылыми психологиялық тұрғысынан қамтамасыз ету, яғни даралық даму мен тәрбиені қазіргі психологиялық – педагогикалық теориялар негізінде осы процесті құру және өткізу, ұйымдастыру, сол барлық білім беру процесіндегі оқушылардың салауаттылығын сақтау үшін психологиялық жағдайды қаматамасыз етуі тиіс.

Әр білім беру мекемесінде кемінде бір психолог (9 дан 14 дейін) қызмет етеді. Егер оқушылар 300-ден көп болса, онда жүктемесі артады. Мүмкіндіктері шектелген балалармен жұмыс істеу мекемелерінде 80 адамға бір психолог тағайындалып, кемістіктің күрделігіне байланысты балалар саны азайтылады.

Атестациялау жұмысы құзырлы мекемелер мен мамандар тарапынан ҚР «Білім Заңына» сәйкес жүзеге асырылады. Жұмысы бағытын таңдау , әр түрлі жұмыс түрлерінің сәйкестігі білім мекемесінің қажеттіліктерімен және штататық және штаттан тыс психологтар санымен анықталады.

Білім мекемесіндегі практикалық психологқа кабинеттің безендірілуі және тұтынғаны үшін төлемақы мекемедегі мұғалімдер үшін бектілген нормативке сәкес төленеді.

Білім мекемелері мен орталықтарда жұмыс істейтін практикалық психологтар атақарған жұмыстарын тіркеп отырады. Әкімшілікке және кәсіби жағынан құзырлы орындарға есеп береді. Бұл психологиялық қызмет мекемелерінің , орталықтарының есептік құжаттарына, тиісті деңгейдегі білімді басқару орындарының есептеріне кіреді.

Әдістемелік және шығармашылық ізденістерге, өзіңдік білімін жетілдіруге аптасына бір күн беріледі.

Психологиялық қызмет үш звенодан тұрады:

- нақты мекемедегі практикалық психолог (балабақша, мектеп, гимназия, балалар үйі).

- психологиялық кабинеттер мен бөлімдер.

- психологиялқ қызмет орталығы.

Орталық бұл қызметтерді ғылыми әдістемелік ғылыми ұйымшылық негіздерін қаматамасыз етеді. Психологтардың кәсіби деңгейін көтереді.

Орталық екі бөлімнен тұрады:

- жеке көмек көрсету бөлімі.

-білім беру мекемелеріне психологиялық көмек көрсету бөлімі

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1-9; 10-31

Тақырыбы 3. Жалпы орта білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметтің мақсат, міндеттері

Лекция тезистері

Қазіргі таңда әлемуеттік – психологиялық белгіде «сапа» психикалық саулық деп қарауда. Сонда, психикалық саулық дегеніміз не?

Психикалық саулық дегеніміз – субьект ретінде адамның батапқы қабілеті мен қоршаған ортаға өзара қатынасын саналы түрде меңгеруі, сол арқылы ортадағы ақпараттан ішкі қасиеттерін дамытуда тұрақты және үйлесімді мүмкіндіктерін жекелік және қоғамдық деңгейде қолдану.

Адамға қажетті психикалық саулық өзіндік психологиялық көмектен қалыптасады. Оның өзіне көңіл бөлуі., жеке тұлғалық жетілуі толғандырады. Оны өзіндік санасын дамыту арқылы өзін бейнелейді, әр түрлі білім алады, өзінің қайталанбас ерекшелігіне уайымдайды. Психологиялық контектсте өзіндік сана »мен» қасиетіне қатынасында, оған ниеті, ойы сезімі және қимылы жатады.

Адамда өзіндік санада ғана жоғары деңгейде, өзін қабылдау және өзін дамыту түсінігі қарастырылады. Шыдамды назар салу өткенді ойлана отырып икемді мүмкіндіктер ашу, жаңа тәжірбие жасау, оған жоспар құру, өзіне нақты жағдайлар көмектер қарастырады.

Өзіндік сана қалыптасуы өзіндік мазмұн . өзіндік жетілу қажеттілігін меңгеруден және өз өмірне жауапкершілік алудан тұрады.

Өзіндік сана дамуы өзіндік сенім ( өзіңдік бақылау, өзіндік талдау) өзіндік баға ( эмоционалды құндылыққа қатынас), өзіндік реттелу жатады.

Психикалық салауаттылық мәселесі көптеген ғылым салаларын зерттеушінің қызықтырған мәселе. (педагогтарды, социологтарды философтардф және т.б.).

Психикалық салауаттылық терминін бүкіл әлемдік денсаулық сақтау. Психикалық салауаттылық жүйке аурумен, дене дамудағы кемшіліктермен тығыз байланысты.

Психикалық салауаттылық – бұл балалардың рухани дамуы. Кейде балалардың ақыл –ой психикалық және дене дамуын қаматамасыз ете отырып, оның рухани дамуын естен шығарамыз.

Руханилық – бұл жеке адамның эмоционалдық, адамгершілік жағдайы. Ол мынандай құндылықтарға негізделген : шыншылдық, сұлулық, қайырымдылық және ол іс-әрекетпен қарым – қатынас барысында жүзеге асуы тиіс.

Баланың психологиялық салауаттығын қаматамасыз ету – оның ішкі жан дүниесіне үңілу, оның сезіміне, уайымына, қызығушылықтары мен бейімділіктеріне, қабілетіне, баланың өзіне, басқаларға, ересектерге деген қарым –қатынасына назар аударуы болып табылады.

Психологиялық салауаттылық - баланың дамуының әр кезеңінде толық психикалық дамуды жүзеге асыруды көздейтін психологиялық қызметтің негізі мақсаты болып табылады.

Білім берудегі психологиялық қызметтің негізігі міндеттері:

- әр жас даму кезеңдегі мүмкіндіктерді балалармен жұмыста жүзеге асыру.

- балалардың жеке ерекшеліктерін дамыту. Яғни, қызығушылықтарын, қабілетін, бейімділіктерін, өмірлік жоспарын, сезімдерін және т.б.

- балалардың дамуына қажет қолайлы ахуалды жасау. Яғни, интернатта, балабақшада, мектептерде және т.б.

  • балаларға олардың ата-аналарына, тәрбиешілеріне, мұғалімдерге дер кезінде психологиялық көмек және қолдау көрсету.

Оқушының қабілеттілік деңгейін, зеректігін, зейінінің қасиетін анықтау нәтижесінде психолог қолына оқушының мүмкіндігі туралы құнды деректер береді; білім берудің бала танымна лайық жолдарын сұрыптап, оқушылардың белсенділігін арттыруға жағдай жасайды, педагогикалық ұжымдағы өзара қарым – қатынас типтерін:

- мұғалім – оқушы

- оқушы –оқушы

- оқушы – басшы

- басшы – мұғалім

реттейді; топтағы психологиялық ахуалды реттеп бірқалыпты жағдайда ұстап отыруға мүмкіндік етеді.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1-9; 10-31

Тақырыбы 4. Психологиялық қызметтің бағыттары және құрылымы

Лекция тезистері

Қазіргі кезде психологиялық қызметтің екі бағыты бар:

- өзекті бағыт – бұл күнделікті мәселелерді яғни оқушыларды оқыту мен тәрбиешілерге . Олардың мінез-құлқының қарым қатынасының жеке басының қалыптастыруға ауытқулар мен бұзылыстарға байланысты қиындықтарды шешуге бағытталады.

- перспективті бағыт – бұл әр баланың даралығының дамуына, қоғамдағы салауаттылық өмірге психологиялық дайындығын қалыптастыруға бағытталған.

Оқу мекемесіндегі психологиялық қызмет психологиялық ағарту, алдын алу, диагностикалау, дамыту, түзету, әлеуметтік сұранысты қағаттандыру бағыттарында практикалық іс-әрекетттерді жүзеге асырады.

Психологиялық ағартудың мәні мынада:

-тәрбиешілерді, мұғалімдерді және ата-аналарды бала психикасының дамуының негізгі заңдылықтарымен және қолайлы жағдайлармен таныстыру.

-жаңа психологиялық зерттеулерді насихаттау , олардың нәтижесін түсіндіру.

-психологиялық білімге деген мұқтаждықты қалыптастыру. Баланың жеке басын қалыптастыруда, өзінің мүддесін қалыптастыруда осы білімді қолдануға деген қажеттілікті қалыптастыру.

- оқушыларды өзін- өзі тану және өзін-өзі тәрбиелеудің негіздерімен таныстыру.

-практикалық психологтың баланың оқу тәрбие мекемесінде қажеттілігін түсінуге әкелу.

Психологиялық ағартудың негізгі формаларына мыналар жатады: көрермендер, әңгіме, лекция, семинарлар және әдебиеттер тізімін іріктеу және т.б.

Психологиялық алдын-алу , оның міндеттері.

Психологиялық алдын-алу жұмысы практикалық психолог іс-әрекетінде өте аз қарастырылған мәселелердің бірі. Дегенмен де бұл мәселелердің маңыздылығын кез –келген ғалым және практик мойындайды. Психологиялық алдын – алу жұмысында психолог оқушылардың жеке бас дамуындағы баланың сәтсіздігінің алдын-алу шараларын жүзеге асырады.

Психолгиялық алдын-алуда 3 деңгей қарастырылады.

Білім беру саласындағы психологтың психологиялық консультация (кеңес) және психологиялық диагностика жұмыстары.

Бұл бағыттың міндеттері педагогтар мен балалардың психологиялық білімге деген мұқтаждықтарын дамыту қажеттілігімен анықталады, оларды баламен жұмыстанған кезде немесе өзінің жеке дамуына ерекше мән бергенде қолдануға болады, әр жас ерекшелік кезеңінде баланың толық психикалық жетілуі үшін жағдай жасалуы керек, жеке тұлғаның және интеллектінің қалыптасу кезінде болатын өзгерістерді уақтылы ескертуі керек.

Психопрофилактикалық жұмыс түрлері:

  1. Психологиялық сауаттандыру;

  2. Психологиялық консультация;

  3. Педагогикалық-психологиялық консилиум;

Психологиялық диагностика. Бұл бағыт мектепке дейінгі және мектептегі балалық шақтың барлық кезеңі бойынша баланы терең психологиялық-педагогикалық зерттейтін, жеке ерекшеліктерін, оқыту мен тәрбиелеуде бұзылу себептерін анықтайтын психологиялық қызмет бағыты болып табылады. Диагностикалық жұмыс жеке баламен және балалар тобымен жүргізіледі.

Психодиагностикалық бағыт бойынша психологиялық қызмет қыз-меткерлері келесі нақты міндеттерді шешеді:

1.Баланың психикалық даму барысын, оның жас ерекшелік нормативтеріне сәйкес келуін анықтау мақсатында баламен қажет болған жағдайда психологиялық зерттеулер жүргізіледі.

2.Тәрбие жұмысының барысында кәсіби және жеке өз-өзін анықтауда көмек ретінде, жеке ықпал етуді қамтамасыз ету мақсатында балалардың ерекшелігін, олардың қызығушылығын, қабілеттерін, бейімділіктерін зерттеу жұмыстары жүргізіледі;

3.Балалардың үлкендермен және құрбылармен қарым-қатынас диагностикасын жүргізеді және қарым-қатынастың бұзылуының психологиялық себептерін анықтайды.

4.Саласы сәйкес келетін мамандармен бірігіп, психикалық дамудағы әртүрлі ауытқулардың саралау (дифференциалдық) диагностикасын жүзеге асырады:

Психодиагностикалық жұмыстарды мектеп психолгы мынадай мақсатта жүргізе алады:

    1. Оқушылардың психикалық дамуы оның жас ерекшеліктеріне сай келе ме?

    2. Әрбір оқушымен жеке жұмыс жүргізу мақсатында олардың қабілетін ерте анықтау үшін психологиялық зерттеулер жүргізеді;

    3. Балалардың жас дамуынан төмен психикалық ауытқушылықтарының себептерін, мінез-құлықтың бұзылу себебін анықтауға арналған диагностикалық зерттеулер жүргізеді;

    4. Оқушылардың ересектермен (мұғалім, ата-ана), өз құрбыларымен қарым-қатынасының мазмұнын, қарым-қатынастың бұзылуының кейбір психологиялық себептерін анықтауға байланысты жұмыстар жүргізеді.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1-9; 10-31

Тақырыбы 5. Жалпы орта білім беру жүйесіндегі практикалық психолог

Лекция тезистері

Жеке бастық тұрғыдан келу практикалық психологтың негізгі принциптері: Білім берудегі практикалық психологтың іс - әрекетінің басты мақсаты баланың психологиялық салауаттылығы. Бұл мақсат практикалық психологтың негізгі жұмыс принциптерін реттейді.

Балаға жеке бастық тұрғыдан келу принципі: кез- келген жасты құнды принциптің бірі болып есептеледі. Баланы оқыту мен тәрбиелеуде жеке бастық тұрғыдан келу принципі мұғалімдерде, ата-аналарда, тәрбиешілерде мойындайды. Бірақ оны практикада жүзеге асыру оңай емес.

Психологтың педагогтармен және ата-анамен байланысы: Кез-келген білім беру мекемелерінде жұмыс істейтін психолог ең алдымен тәрбиешілермен немесе мұғаліммен тығыз байланыста болады.

Білім берудегі психологиялық қызмет практикалық психологтың әр жастағы балалармен олардың тәрбиешілерімен. Мұғаліммен және ата-анамен қарым- қатынасқа түсе отырып, барлығының назарында баланың жеке басын қалыптастыру мәселесі басты орында тұрады.

Педагог-психолог, психолог-педагогтарды алмастыра алмайды. Олардың бір-біріне деген сенімі, дұрыс қарым-қатынасы жұмысты табысты етеді. Баланы оқыту және тәрбиелеу міндетін шешу білім беру мекемелеріндегі барлық педагогикалық ұжымның іс-әрекеті осыған байланысты әр педагогта кәсіби шеберлік, терең ақыл –ой мәдениет талап етіледі.

Психологпен педагогтың бала тәрбиесіне келудегі бірлестік психологиялық қызметтті ұйымдастырудың басты шарты ретінде қарастырылады. Өзара әрекеттің сәттілігі көбіне практикалық психологтың позициясына байланысты.

Білім берудегі психологтың міндеттері және құқықтары: Өзінің кәсіптік әрекеттеріндегі психолог міндеті.

- Қ.Р. білім беру туралы заңы Қ.Р. заңдылықтарын баланың дамуын, рухын қамтамасыз ететін Қ.Р. және халықаралық актілерді.Қ.Р. министрінің нормативті құжатын білім беру психологиялық қызметі туралы құжаттарды басшылыққа алу.

- кез-келген мәселені өзінің кәсіптік деңгейімен шеңбері негізінде қарастырады. Қатаң шешім, қабылдау психологиялық ғылыми практика тұрғысынан алғанда өзінің мүмкіндігі келмейтін әрекеттерді немесе мәселелерді шешуден бас тарту.

-психология ғылымдарында ашылған әсіресе балалар психологиясы, педагогикалық психология салаларындағы ғылыми жетістіктерді, жаңалықтарды білу. Қазіргі негізделген психодиагностикалық, дамытушы, психокоррекциялық, психологиялық алдын - алу жұмысын әдістерін қолданып, өзінің кәсіптік деңгейін үнемі көтеріп отыру.

- белгілі бір кәсіптік дайындығы жоқ адамдарға психологиялық алдын-алу, түзету және басқа да жұмыстарды жүргізуіне қарыс тұру.

- кез-келген мәселені балалардың мүддесі мен оның дұрыс психикалық даму тұрғысынан шешу.

- балалардың психикалық амуын қамтамасыз ететін мәселені шешуде жергіліктті психологиялық орындарға әкімшілікке педагогикалық ұжымға

қолдау көрсету. Балалардың өзінің жеке бас мәселесін шешуге көмектесу. Бала тәрбиесі мәселесі жөнінде атаналарға, ата-ананың орнын басатын көмек көрсет. Барлық мәселені шешуге нақты жағдайларды ескеріп, шешім қабылдау. Баланың, ата-анасының, педагогтың басқада үшінші жақтың денсаулығына, намысына, зиян келтірмейтіндей формада жұмыс жасап, шешімді жүзеге асыру.

- психодиагностикалық, кеңестік, коррекциялық және алдын алу жұмысы барысында алынған мәліметтерді құпияда сақтау.

- алдынғы пункте көрсетілген құпиялықты сақтау туралы міндетті әкімшілікпен, ата-анамен, педагогикалық ұжыммен жұмыс барысында ұстанып отыру.

- белгіленген форма бойынша барлық жұмыстар құжаттарын тіркеп отыру.

Әлеуметтік психологиялық көмек көрсету қызметкері мынаған жауапты.

- психолог психологиялық диагноздың дұрыстығына диагностикалық, дамытушы, психологиялық алдын-алу, психологиялық түзету мәнінде пайдаланылған әдістер мен құралдар үшін берілген ұсынысты негізге үшін жауапты.

- психолог зерттеу хаттамалары мен қызмет құжаттарын сақтауға оларды берілген тәртіп бойынша безендіруге жауапты.

Өзінің кәсіптік іс -әрекетінде психолог құқылы.

- ауданның оқу- тәрбие мекемесінің нақты жағдайын ескере отырып, жұмыс бағытын анықтауға.

- балалармен және ересектермен атқаратын жұмыста өз бетінше нақты міндеттер қоюға жұмыс формаларымен әдіс- тәсілдерін таңдауға.

- өзінің кәсіптік міндеттерін сәтті орындауға қажетті жағдайларды әкімшіліктен немесе одан да жоғары инстанциядан талап етуге.

- психологтың кәсіптік – этикалық принциптеріне жұмыс міндеттеріне қарсы келетін білім беру әкімшілігінің, аудан әкімшілігінің оқу – тәрбие мекемесінің басшыларының бұйрықтарын орындауына бас тартуға құқылы.

- қажетті құжаттармен танысуға.

- өзіне қажетті сұраныстармен медециналық және құқықтың т.б. мекемелерге өтініш жасауға.

- балалардың құқын, тағдырын талқылайтын түрлі органдарымен комиссияның жұмысына қатысып, дауыс беруге.

- психодиагностикалық, психокоррекциялық, психологиялық кеңес беру, психологиялық алдын алу жұмыстары барысында жаңа әдістемелер жасауға қатысу және оның тиімділігіне баға беруге.

- зерттеу мақсатында топтық және психолгиялық зерттеулер мен эксперименттер жүргізуге.

- өзінің іс-тәжірбиесі туралы ғылыми баспаларға жариялануға.

- Психологиялық және педагогикалық білімді лекция және басқа да шаралар арқылы насихаттауға.

- базалық білімі мен психологиялық мамандығына сәйкес оқу және факультативтік жүктеме алуға.

- балаға көмек көрсетуге байланысты өтінішпен тиісті мекемелерге өтініш жасуға. Мысалы: Ата-аналық жұмыс тәртібін өзгерту, санаториймен қамтамасыз т.б.

- баланың құқы мен мүддесін қорғау мәселесі бойынша тиісті мекемелер мен орындарға жүгінуге.

Практикалық психологтың мектеп жасына дейінгі балалармен жұмысының негізіг мазмұны:

Соңғы жылдардың зерттеулері кішкентай балалар икемді, әрі жылдам үйренгіш деп атап көрсеткен. Бірақ балалардың мүмкіндіктері шексіз емес. Олардың жас ерекшеліктерінің психофизиологиясы шектеулі. Бала қарқынды даму үстінде болады.

Практикалық психологтар ересек мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалардың психологиялық есюін анықтайтын диагностикалық бағадарламаны өткізе отырып , өзінің жұмысын ұйымдастыру керек. Психологиялық диагностикалық тапсырмаларды орындай отырып, балада психикалық танымдық процестің жеке бас ерекшеліктерінің қай жағынын дұрыс қалыптасқанын, қай жағымен әлі де даму жұмыстары жүргізілуі қажеттігін анықтайды.

Балалардың мектепке психологиялық даярлығын анықтау. Балалардың жеке басын дамыту және мектепке даярлау ісі бүгінгі таңда білім беру салаларындағы аса маңызды мәселелердің бірі болып отыр.

Балалардың мектепке даярлығын анықтайтын 5 бағыт :

  • танымдық қабілеті

  • дене күшінің дамуы

  • оқуға – ынтасы, көңіл-күйі

  • ерік сапаларының қалыптасуы

  • мектептік кемелді құрайды.

Мектепке психологиялық даярлық жұмысының диагностикасының кешенді міндеттерін шешу үшін психологиялық текерудің кешенді қортындысын жүзеге асыру мынандай құралдар арқылы анықталады:

  • танымдық даярлық диагностикасы (К.Иирасек)

  • көңіл-күй даярлығы (өмірде жоқ жануар арқылы)

  • ықыласты яғни мотивті даярлығы (оқу деген ынтасын зерттеу)

  • еріктік даярлық (диктант әдістемесін пайдалану)

Мектеп оқудың басталуы бала өміріндегі әлеуметтік психологиялық жағынан физиологиялық жағынан қиын, әрі жауапкершілігі мол кезең.

Жеткіншектік оргназимінде болатын елеулі өзгерістер ұзақ уақыт бойы осы кезеңдегі жеткіншектер ерекшеліктерін дамуының сыналу құбылысының биологиялық шарттастықтары туралы әртүрлі теорияларға негіз болады. ХХ ғ басында С.Холл және З.Фрейд негіз салған биогенетикалық универсализм теориясы негіз болады. Бұл теориялардың мәні жеткіншек дағдысы мен өзіне тән ерекшеліктері комплексінің биологиялық себептерге тәуелді универсал құбылысы деп санауда болады . ХХғ 20-30 жж осы теорияға қарсы келесі теория күш ала бастады. Онда жеткіншектердің жеке басына кейбір қасиеттерінің әлеуметтік жағдайларға тәуелділігі көрсетілген. Бұл социогенетикалық концепция болды. Маргерт Мит жеткіншектер жасындағы дағдарыс болуы дау –жан-жалдардың болмай, қайшылықтардар туралы түсініктің қисын болмайтының дәлелелдеді. Сөйтіп олардың биологиялық емес, әлеуметтік жағдайларға тәуелді екенін дәлелдеді. Антрополог Р.Бинигат балалықтан ересектіке өтудің екі типін бөліп көрсеті:

1). Үздіксіз ;

2). Баланың балалық шақтағы оқып үйренгені және ересектердің ролін жүзеге асыруға қажетті іс-әрекеттер тәсілдер және түсініктер арасында үзілістер болатын типі; бірінші жағдайда даму бір қалыпты өтеді. Ересектік статусты орындауға даяр болады. Екінші жағдайда балалар мен ересектерге қойылатын мәнді талаптарда алшақтық болған кезде байқалады. Ересектердің дамуында әртүрлі бағыттардың болуы жеткіншектердің ересектік белгілерді қабылдауында соларға теңкелсем дейтін, үлгілердің әр алуан болуына байланысты.

Психология ғылым жеке адамынң адамгершілік өрісін қалыптастырудың ерекшеліктерін терең зерттеу негізінде әлеуметтік жат мінез-құлықтың құрамы да өзіне тән ерекше қасиетінің фактісі деп туа біткен механизмдермен анықтала алмайтынын нанымды көрсетіп берді. «Қиын»- деп аталатын балалар бұл назардан тыс қалғандар балалар. Олардың жеке басының адамгершілік жағынан өзгеруі педагогикалық қателіктердің салдары. Қиын баланың типтік ерекшелікері жеткіншектік шақты неғұрлым айқын көрінеді. Бұл кезде баланың әлеуметтік позициясы өзгере отырып оның іс-әрекетінің жаңа бағыттылығын ғана емес сонымен бірге оған деген жаңа қатынасты оның қоғам арқылы белгіленуін тудырады.

Жастықтың алғашқы өкілі – балғын жастар. Бұл кезең адамның алғашқы есею кезеңі жсатық дәуірдің басы жас адамның кәмілеттік жасқа келуі.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1-9; 10-31

Тақырыбы 6: Практикалық психологтың этикалық кодексі

Лекция тезистері

Әрбір кәсіби топтардың іс-әрекетінде өзінің жеке нормалары кәсіби жүріс тұрысытың ережелерінен тұратын кәсіби этика қалыптасқа. Былай дәрігіерлік және ғылыми этика туралы айтады. Дәрігер іс-әрекетінде этика маңызды екенін білеміз. Көне грек дәрігері философ Гиппократ дәрігердің этикалық аннтарын жасағаны туралы мәлім. Қазір олар дәрігерлік этикасының кәсіби негізін құрайтын Гиппократ анттымен байланысты.псхологтың кәсіби іс-әрекеті – адамның даралығымен , ішкі дүниесімен жұмыс істеу. Ал бұл объект ерекше қағидалардың және этика ережелерінің дұрыс орындалуын қажет етеді.

ҚР психологтарының әдептілік кодексінің жобасы. Жоба Американдық Психологиялық Ассоциациясының әдептілік кодексі (1995), Ресейлік Психологтың әдептілік кодексі (1998), Германия психологтарының Кәсіби әдептілік Кодексі (1999) және «Қайнар» университеті тәжірибелік психологтарының кәсіби әдептілік Кодексі (1999) негізінде жасалған.).

Психолог жұмысының негізгі әдептілік принциптері

Әдептілік принциптер келесі бағыттарды қамтамасыз етеді:

- әдептілік нормаларға сәйкес кәсіби міндеттерді шешу;

-психолог кәсіби қарым-қатынасқа түсетін адамдардың (оқушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар, супервизор, зерттеуге қатысушы және басқа тұлғалар) құқығын қорғау;

- психолог пен клиент арасында сенімділікті сақтау;

-білім мекемесінің психологиялық қызметінің дәрежесін оқушылар мен тәрбиеленушілер, ата- аналар мен мұғалімдер қоғамында арттыру.

Негізгі әдептілік принциптері. Педагог- психолог жұмысында кәсіби стандарттарға сай келетін халықаралық психологтар ұйымының жұмысында қолданылатын принциптерді басшылыққа алады:

  • Құпиялық принципі;

  • Біліктілік принципі;

  • Жауапкершілік принципі;

  • Заңды және мәдени әдептілік заңдылық принципі;

  • Психологияны білікті насихаттау;

  • Клиенттің қолайлылығы принципі;

  • Кәсіби кооперация принципі;

  • Клиентті зерттеу мақсаты мен нәтижелерімен таныстыру принципі.

Бұл принциптер кәсіби стандарттарға сай келетін халықаралық психологтар ұйымының жұмысында қолданылады.

1. Құпиялық принципі

1. Психологтың жүргізген жұмысының нәтижесі саналы немесе оқыс таратылуға жатпайды, алынған ақпарат клиентке кедергі тигізбейтін жағдайда ғана үшінші жақтағы тұлғаларға берілуі мүмкін.

2. Психологиялық зерттеулерге, тренинг пен басқа да шараларға қатысатын тұлғалар басқа адамдар мен мекемелерге таратылуы мүмкін жұмыс көлемі мен ақпарат мазмұнымен таныстырылуы тиіс.

3. Оқушылар мен тәрбиеленушілер, ата-аналар, мұғалімдердің психологиялық жұмыстарға қатысуы (диагностика, консультация, коррекция т.б.) саналы және өз еркімен болуы тиіс.

4. Клиенттен алынған ақпарат эксперттермен сұралатын болса (аттестация барысындағы психологтың біліктілігі мәселесін шешуде) ол сараптамашының клиент тұлғасын сәйкестендіре алмауы тиіс. Ол үшін клиент туралы барлық ақпарат қатаң түрде құпия сақталып тіркеледі.

5. Кәсіби іс-әрекеті туралы есептер, зерттеу нәтижелері мен мақалалар осы клиентпен жұмыс жасайтын мамандар қатарына қосылмаған тұлғалар анықтай алмайтындықтай түрде жасалуы тиіс.

6. Диагностика немесе консультация барысында үшінші тұлғалардың қатысуы үшін клиенттің немесе оған жауапты адамдардың (егер клиент 16 жасқа толмаған болса) келісімі болуы тіс.

7. Білім басқармасы немесе мекеме әкімшілігі олардың сұранысы бойынша жүргізілетін психологиялық зерттеу жұмысында кәсіби құпиялық сақталатындығы туралы хабардар болуы тиіс. Әкімшілікке зерттеу нәтижелерін жария етуде психолог клиентке кесірін тигізетін және білім беру жағдайына қатысы жоқ ақпараттарды құпия сақтауы тиіс.