Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5.ОНЖ кызмет бузылысы для студ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.16 Mб
Скачать

Комалық жағдайларда жіберілмейтін шаралар

Церебральды жетіспеушілік тереңдігіне қарамастан кома кезінде ОЖЖ тежейтін заттарды (наркотикалық анальгетиктер, нейролептиктер, транквилизаторлар) беруге болмайды; тек тырысумен жүретін кома кезінде ғана диазепам беруге болады.

Стимулдейтін әсері бар заттарды беруге болмайды (психостимуляторлар, тыныс аналептиктері); тек барбитураттармен уланғанда спецификалық антидоты ретінде тыныс аналептигі бемегридті беруге болады.

Ауруханаға дейінгі кезеңде инсулинотерапия жасауға болмайды.

Спецификалық емес симптоматикалық ем

  1. 40-60 мл 40% глюкоза беріңіз. Егер комалық жағдайдың себебі гипогликемиялық кома болса, онда науқас есіне келеді. Басқа барлық кезде глюкоза энергиялық зат ретінде сіңіріледі.

Ескерту. Егер науқаста кейіннен кетоацидоздық кома анықталса берілген мөлшердегі глюкоза зиян болмайды.

  1. басішілік қысым көтерілсе қалпына келтіріңіз.

  2. тырысулық құлаулар болса диазепаммен тоқтатыңыз.

  3. бактериальды менингит немесе іріңді отит белгілері болса инфекцияға қарсы күресті бастаңыз.

  4. қышқыл негіздік және электролитті балансты қалпына келтіріңіз.

  5. витамин В1 енгізіңіз (тиаминнің кардиотрофикалық және нейропротекторлық әсері бар).

  6. жедел улану белгілері болса антидотты терапияны бастаңыз.

  7. көзді сақтаңыз. Комадағы науқастың қабағы көтеріңкі болады, сондықтан кеуіп кетуі мүмкін. Асқынуды болдыр немесе альбуцид ерт.тамызып отырған жөн. Ылғал дәкені көзге қойған жағдайда оны мезгілімен ауыстырып отырған жөн.

Ескерту. Берілген жағдайлар дәл сондай жағдай болғанда ғана жасалады.

Жоғарыда келтірілгендерге қоса нейропротекторлы және антиоксидантты әсері бар заттарды қосады (Верещагин. Н.В. 2000).

1) мембранатұрақтандырушы эссенциале Н 5,0-10,0 мөлшерінде

2) антиоксидант эмоксипин 25-50 мг/тәул.тамырға тамшылатып 250 мл изотониялық ертіндісімен күніне 2 рет немесе 10% милдронат 5-10 мл ағыспен немесе тамшылатып 5% изотониялық натрий хлориді ерт.немесе мексидол 2 мл (100 мл): 100-300 мг тамырға тамшылатып изотониялық натрий хлориді ерт.60 тамшы мин.немесе бүлшықетке 100мг 1-3 рет тәулігіне;

3)нейропротектор глицин 0,7-1,0г тіл астына; цитиколин 1-2 г тамырға тамшылатып;

4)семакс 1% 2 тамшыдан әрбір мұрын жолына 4-6 рет күніне;

5) тіндік метаболизмді жақсарту үшін цитохром С 5 мл бұлшықетке. Немесе: цитомак 15 мг тамырға.

4 мл глиатиллинді бұлшықетке немесе тамырға күніне бір рет берсе сергітуші әсері бар.

Ескерту. Жәбірленушіні ауруханаға тасымалдағанда онда бас немесе омыртқа сынығы жоғын анықтап алу керек және эвакуацияны аса сақтықпен жасаған жөн.

Госпитализация сұрақтары. Жас естен тану болса ауруханаға жатқызбайды. Ал басқа жедел жағдайларда жедел жәрдем көрсетілгеннен кейін міндетті түрде аурухананың реанимация немесе интенсивті терапия бөлімшесіне жатқызады.

Жедел тыныс бұзылысы бар терең атониялық комадағы науқастар; тұрақсыз гемодинамикаға және тез жағдайының нашарлауына бейім науқастарды; өкпе ісінуін алдын алғаннан кейін екі сағат өткен науқастарды тасымалдамайды.