Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5.ОНЖ кызмет бузылысы для студ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.16 Mб
Скачать

Кесте №1. Жанындағы адамнан сұрау (Colin Ogilvie, 1987)

  1. мезгілі.

  2. орны

  3. әсер еткен фактор: ыстық күн, қобалжу, ауру сезім, денені бір орыннан ауыстыру, физикалық жүктеме және т.б.

  4. дененің бастапқы қалпы: тұру, отыру, жату

  5. тері түсі: бозғылт, гиперемия, цианоз

  6. пульс: жиілігі, ритмі, толуы

  7. қимылы: тырысулық немесе өздігінен емес; жергілікті немесе жалпы; құлау кезіндегі жарақат, зәрін ұстай алмау, ұзақ уақыт құлау

  8. қалпына келу симптомдары: бас ауруы, сананың бұлыңғырлануы, сөйлеудің бұзылуы, парез, және т.б.

Есін жоғалтқан науқасты қарағанда есін жоғалту дәрежесін, этиологиясын, науқастың жалпы жағдайын бағалау керек.

Егер науқаста барлық көрсетілген көмекке қарамастан есін жинамаса, онда кома деп ойлау керек.

Диагностика критерийлері

Кома диагностикасы мынаған қарап негізделеді:

  • сананың бұлыңғырлану дәрежелері

  • сыртқы тітіркендіргіштерге жауаптың төмендеуі немесе мүлде болмауы

  • кома түрлерінің спецификалық белгілерін

Диф.диагнозын псевдокоматозды жағдайлармен салыстырып жүргізеді (изоляция синдромы, психогенді ареактивтілік, абулалық статус, тырысусыз эпилепсиялық статус).

Комалық жағдайлар біртіндеп басталатын ұзақ уақытқа және кенеттен басталатын ұзақ уақытқа созылған кома болуы мүмкін.

Кенеттен басталатын ұзақ уақытқа созылған сананы жоғалту

Кенеттен басталатын ұзақ уақытқа созылған сананы жоғалту жедел ми қанайналымы бұзылысынан, гипогликемиядан, эпилепсиядан және истериядан болуы мүмкін. Ессіз жағдайдағы кез келген науқасты кесте №2 қарап көмек көрсету керек. Егер жедел жәрдем көрсетілуіне қарамастан науқас есіне келмесе, онда қалтасын және әмиянын қарау керек: спецификалық дәрілер рецепті немесе дәрілік заттар дұрыс диагностика және ем жүргізуге мүмкіндік береді. Үйдің телефоны болуы науқастың туыстарымен хабарласып қосымша ақпараттар алуға болады: диабетик немесе эпилептик карточкасы. Юристік мәселелер туындамау үшін науқастың қалтасын қоршаған адамдардың көзінше қарау керек, кейіннен табылған заттарды сипаттап жазу керек. Осыдан кейін клиникалық тексеруге кіріседі.

Біріншіден науқаста БМЖ алып тастау керек. Кішкене қауіптенгеннің өзінде басты екі проекцияда рентгенге түсіру керек.

Ошақтық неврологиялық симптоматика жедел ми қанайналымының бұзылғанын көрсетеді.

Ерінді тістеп алу немесе тыртықтардың болуы эпилепсия екенін көрсетеді.

Истериялық кома диагнозын тек органикалық патологиясы болмағанда қоюға болады. Бірақ мұндай патология өте сирек кездеседі.

Кесте №2. Комадағы науқасты қарау схемасы (Colin Ogilvie, 1987)

  1. терісі: ылғал, құрғақ, гиперемияланған, цианозды, сарғыш.

  2. басы және беті: жарақаттар болуы.

  3. көзі: конъюктива (қанқұйылулар, сарғыштану); көздің жарыққа реакциясы; көз түбі (диск ісінуі, гипертониялық немесе диабеттік ретинопатия).

  4. мұрны және құлағы: ірің, қан бөлінуі; ликворея; акроцианоз.

  5. тілі: құрғақ; тістеу іздері немесе тыртықтар.

  6. тынысы: зәр, ацетон, алкоголь исі.

  7. мойны: шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі, ұйқы артериясының пульсациясы.

  8. кеуде клеткасы: жиілігі, тереңдігі, тыныс ритмі.

  9. жүрегі: ритмнің бұзылуы(брадикардия,); ми қантамырларының эмболия ошақтары(митральді стеноз).

  10. іші: бауыр, бүйрек және көкбауыр ұлғаюы.

  11. қолдары: артериялық қысым, гемиплегия, иньекция іздері.

  12. саусақтары: жиілігі, ритмі және пуьстің толуы, тремор.

  13. аяқтары: гемиплегия, өкше рефлекстері.

  14. зәрі: ұстай алмау немесе болмауы, белок, қант, ацетон.