Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5.ОНЖ кызмет бузылысы для студ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.16 Mб
Скачать

Сананы жоғалту түрлерін жүйелері

Барлық сананы жоғалтумен жүретін оқыс жағдайларды диагностика және жедел жәрдем көрсетілуіне байланысты мынадай түрлерге бөлуге болады:

  • кенеттен және қысқа уақытқа сананы жоғалту;

  • кенеттен және ұзақ уақытқа сананы жоғалту;

  • біртіндеп басталатын ұзақ уақытқа сананы жоғалту;

  • белгісіз басталатын және ұзақ уақытқа сананы жоғалту.

«кенеттен және қысқа уақыт» деген ұғым сананы жоғалту бірнеше секундтан бірнеше минутқа, ал «біртіндеп басталатын ұзақ уақыт» деген термин сағат немесе күндер бойы сананы жоғалтуды айтамыз.

сұрақ

Ескерту

Кома дамуының жылдамдығы қандай?

әртүрлі комалар үшін өзіне тән даму қарқыны бар.

Қандай да болмасын жарақат белгісі бар ма?

Көзге көрінетін жарақат болса ол кома болғанға дейін әлде кейін болғанын анықтау.

Экзогенді интоксикация болуы мүмкін бе?

Токсикалық заттарды абайсызда немесе әдейі қолдану(медикаменнтер, алкоголь суррогаттары), уларды шашып алғаннан болатын оқыс жағдайлар(ұшқыш сұйықтар, жанатын заттар, тұрмыстық фосфорорганикалық инсектицидтер) және т.б.

Команың дамуына қандай клиникалық көрініс себепші болды?

Қызба, артериалды гипер немесе гипотензия, полиурия және полидипсия, тәбеттің бұзылуы, құсу, диарея, тырысулар, сананы қайталап жоғалту немесе басқа да неврогиялық симптоматиканы анықтау.

Науқаста қандай да бір созылмалы ауруы бар ма (қант диабеті, артериальды гипертензия, бауыр бүйрек, қалқанша безі аурулары, эпилепсия)?

Комаға әкеле алатын қандай да бір аурудың болуы осы команың дәлелі ретінде болуы мүмкін емес; мысалы, қант диабетінің ұзаққа созылуынан уремия немесе инсульт болуы да мүмкін.

Науқас қандай дәрілік заттарды, психотропты немесе токсикалық заттарды (транквилизаторлар, ұйықтатқыштар, наркотиктер, алкоголь) қолданды ма?

Қандай да бір заттарды артық қолдану (мысалы, накотиктер) ғана емес, сонымен қатар осыған сәйкес заттарды қолданудан (алкоголь) басқа да себептер болуы мүмкін.

Жедел көмек көрсету бойынша жалпы нұсқаулар

Ессіз жағдайда жатқан науқастарға жедел көмек көрсетудің өзіндік ерекшелігі бар: өміріне қауіп төнуіне байланысты уақыттың аздығы, ауру тарихы және анамнезінің болмауы дәрігердің жинақы болғанын талап етеді және төменде келтірілген жалпы нұсқауларды дәлдікпен орындауын талап етеді:

  • жанындағылардан бірінші кестегідей сұрау. Дұрыс интерпретация клиникалық диагнозын дұрыс қоюға мүмкіндік береді.

  • Сананы жоғалтудың кез келген түрі БМЖ болуы мүмкін, сондықтан диагностика және емнің алғашқы кезеңдерінде оны дәлелдеу немесе шығару. Кенеттен сананы жоғалтқанда адам қатты затқа басы соғылып содан БМЖ алуы мүмкін екенін ұмытпау керек.

  • Жиі команың себебі алкогольді қолдану болады, бірақ осыған тән белгілер болса да лаботория қанда алкогольдің үлкен концентрациясын анықтамайынша кома деп қоюға болмайды.