- •Студенттерге арналған Әдістемелік нҰсҚау
- •2. Оқу сағатының саны: 6 сағат
- •3. Тақырыптың маңыздылығы:
- •5. Өзіндік дайындыққа арналған сұрақтар:
- •Ақпаратты - дидактикалық бөлім: Кома
- •Команың клиникалық жіктелуі
- •Болжамын және ем тактикасын анықтауда комалық жағдайға не алып келгенін білу маңызды:
- •Сананың бұзылысын екі топқа бөледі:
- •Делирий, аменция, сананың бұлыңғыр бұзылыстары
- •Сана бұзылысының сандық синдромдары
- •Кесте 1.5. Глазго шкаласы.
- •2. Цереброспинальды сұйықтықта қан немесе цитоз болуымен жүретін ми қабықтарының тітіркену аурулары, әдетте бұлар церебральды және бағанды белгілердің ошақтық өзгерісінсіз болады.
- •Сананы жоғалту түрлерін жүйелері
- •Жедел көмек көрсету бойынша жалпы нұсқаулар
- •Кесте №1. Жанындағы адамнан сұрау (Colin Ogilvie, 1987)
- •Диагностика критерийлері
- •Кесте №2. Комадағы науқасты қарау схемасы (Colin Ogilvie, 1987)
- •Терішілік көптеген иньекция іздері қант диабеті туралы, ал күтпеген жерлерде тамырішілік иньекция іздері наркоманияны айтады.
- •Жайлап басталатын ұзаққа созылған сананы жоғалту
- •Комалық жағдайдағы науқастарды ауруханаға дейінгі қараудың жалпы тактикасы
- •Комалық жағдайларда жіберілмейтін шаралар
- •Спецификалық емес симптоматикалық ем
- •Ауруханаға дейінгі кезеңде комалық науқастарды жүргізу тактикасында кеткен қателіктер
- •Қант диабеті кезінде сананың бұзылуы.
- •Кетоацидоздық кома
- •Емдеу принциптері
- •Гиперосмолярлы кома.
- •Жедел жәрдем:
- •Гипогликемиялық кома
- •Менингеальді синдром үш симптомнан тұрады
- •7. Сабақтың мазмұны:
- •8. Ұсынылған оқулықтар:
- •1 Вариант
- •2 Вариант
- •3 Вариант
- •Жауап эталондары
- •1 Вариант
- •Жауап эталондары
- •2 Вариант
- •Жауап эталондары
- •3 Вариант
- •Есептер
- •Жауап эталондары
Сана бұзылысының сандық синдромдары
Ересектерде жедел жағдайларда сана бұзылысының тереңдігін бағалау үшін Глазго шкаласын пайдаланады,мұнда әрбір жауапқа тиісті балл беріледі, ал жаңа туғандарда Апгар шкаласын пайдаланады.
Кесте 1.5. Глазго шкаласы.
I . көзін ашуы:
ашпайды 1
ауыртатын заттарға 2
сөйлегенге 3
кенеттен 4
II . ауру стимулына жауабы:
жоқ 1
бүгу реакциясы 2
жазу реакциясы 3
итеру 4
жергілікті тітіркену 5
бұйрықтарды орындау 6
III . вербалды жауап:
жоқ 1
біркелкі дыбыстар 2
түсініксіз сөздер 3
шатасқан сөйлемдер 4
толық ориентациясы бар 5
Сана жағдайын бағалау барлық топ балдарын қосып шығарылады. 15 балл-анық сана жағдайына сәйкес, 13-14 - кереңделу, 9-12 - сопор, 4-8 - кома, 3 балл мидың өлуі.
Ескерту. Глазго шкаласының көрсеткіштері мен кома кезіндегі өлім корреляциясы аса дұрыс болады. 3-тен 8 дейін балл саны кезінде өлім 60%, 9-дан 12-ге дейін 2%, 13-тен 15-ке дейін 0 тең (Д.Р. Штульман, Н.Н. Яхно, 1995).
Сананың бұзылысын және этиологиясын анықтамастан бұрын НАУҚАСТЫҢ ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЫН бағалау маңызды.
Клиникада науқастың жалпы жағдайының бес ауырлық дәрежесін анықтайды: қанағаттанарлық, орташа ауырлықта, ауыр, өте ауыр және терминалды.
Қанағаттанарлық сана – санасы анық. Өмірге маңызды қызметтер бұзылмаған.
Орташа ауырлықтағы жағдай – санасы анық немесе шамалы кереңдік бар. Өмірге маңызды қызметтері аз дәрежеде бұзылған.
Ауыр жағдай – санасы терең кереңдік немесе сопорға дейін бұзылған. Тыныс алу немесе жүрек қантамыр жүйесінің айқын бұзылысы бар.
Өте ауыр жағдай – шамалы немесе терең кома, тыныс алу және\немесе жүрек қантамыр жүйесінің айқын терең бұзылу симптомдары.
Терминалды жағдай – бағанның зақымдалуымен және виталды қызметтердің бұзылуымен болатын соңғы сатыдағы кома.
Нозологиялық факторларға байланысты комалық жағдайлар үш топқа бөлінеді(Д.Р. Штульман, Н.Н. Яхно, 1995):
1. Ошақтық неврологиялық белгілері жоқ аурулар. Цереброспинальды сұйықтықтың қалыпты жасушалық құрамы. Қалыпты КТ және МРТ. Бұл топқа жатады:
уланулар (алкоголь, барбитураттар, опиаттар, тырысуға қарсы заттар, бензодиазепиндер, трициклді антидепрессанттар, фенотиазиндер, этиленгликоль және т.б.);
метаболикалық бұзылыстар (гипоксия, диабеттік ацидоз, уремия, бауырлық кома, гипогликемия, бүйрек үсті безінің жетіспеушілігі);
жалпы ауыр инфекциялар (пневмония, тиф, малярия, сепсис);
әртүрлі себепті коллапс және қарттық жүрек декомпенсациясы;
эпилепсия;
гипертензивті энцефалопатия және эклампсия;
гипертермия және гипотермия;
2. Цереброспинальды сұйықтықта қан немесе цитоз болуымен жүретін ми қабықтарының тітіркену аурулары, әдетте бұлар церебральды және бағанды белгілердің ошақтық өзгерісінсіз болады.
КТ және МРТ қалыпты немесе өзгерген болуы мүмкін. Бұл топтың ауруларына жатқызады:
аневризма жарылғанда субарахноидальды қан кету;
жедел бактериялық менингит;
вирусты энцефалиттің кейбір түрлері.
Цереброспинальды сұйықтықта өзгерістердің болуы немесе болмауымен, ошақтық бағаналық және латерализденген милық белгілермен жүретін аурулар. КТ және МРТ патологиялық қзгерістер табады. Бұл топқа жатады:
миға қанқұйылулар;
тромбоз және эмболиядан болатын ми инфаркті;
ми абсцессі және субдуральды эмпиема;
эпидуральды және субдуральды гематома;
ми соғылуы;
ми ісіктері.
Комалық жағдайларды деструктивті (анатомиялық) және метаболикалық (дисметаболикалық) деп жіктейді(Д.Р. Штульман, Н.Н. Яхно, 1995; В. Д. Карлов 1999).
