Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5.ОНЖ кызмет бузылысы для студ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.16 Mб
Скачать

Команың клиникалық жіктелуі

«біріншілік»және «екіншілік» болып бөлінетін комалардың клиникалық жіктелуі себеп салдарлық факторларына негізделген.

Болжамын және ем тактикасын анықтауда комалық жағдайға не алып келгенін білу маңызды:

  • ми жарты шарының ошақтық зақымдалуы;

  • ми бағанасының зақымдалуы;

  • ми қыртысының және бағанының диффузды зақымдалуы.

Алғашқы екі түрі біріншілік, ал соңғысы екіншілік комаға тән.

Команың барлық себептерін төрт вариантпен қарастыруға болады:

  • басішілік үрдістер (қантамырлық, қабынулық, көлемдік және т.б.);

  • соматикалық патология нәтижесінде болатын гипоксиялық жағдайлар (тыныс алу жүйесі бұзылғанда болатын респираторлы гипоксия, қанайналым бұзылғанда болатын циркулиялық, гемоглобинопатияда кездесетін гемикалық);

  • тіндік тыныс алудың бұзылуы(тіндік гипоксия), тыныс алатын ауада оттегі қысымының төмендеуі (гипоксиялық гипоксия);

  • зат алмасудың бұзылуы (эндокринді генезді);

  • уланулар(экзо және эндогендік).

Сананың бұзылысын екі топқа бөледі:

  1. сананың бұлыңғырлануы – продуктивті емес түрі («сандық өзгерістер») психикалық белсенділіктің болмауы, интеллектуалды және қозғалыс белсенділігінің болмауы.

Естімеу, сопор, кома.

Жедел неврологиялық патологиялардың көптеген түрінде байқалады және психиатриялық тәжірибеде сирек кездеседі.

  1. сананың өзгеруі – продуктивті түрі тынығу кезінде болады («сапалық өзгерістер»), психикалық қызметтердің дезинтеграциясымен, қоршаған ортаны және өзін басқаша қабылдау; әдетте оларда қозғалыстың тежелуі болмайды.

Делирий, аменция, сананың бұлыңғыр бұзылыстары

Көптеген психикалық аурулардың жетекші көрінісіне жатады және неврологиялық симптоматикамен жүреді.

Сананың жоғалуының жұмыстық жіктелуі сананы бағалаудың жеті дәрежесін бөледі (Коновалов А.И. 1982г.):

  • анық;

  • шамалы кереңдік;

  • терең кереңдік;

  • сопор;

  • шамалы кома (I)

  • терең кома (II)

  • соңғы сатыдағы кома (III)

Сананы бағалаудың негізгі клиникалық мінездемесі (А. И. Коновалов, 1982).

Анық сана – толық сақталуы, айналадағы жағдайға адекватты реакциясы, толық ориентация, тынығу.

Шамалы кереңдік – шамалы ұйқышылдық, бөлінген дезориентация, сұрақтарға жауап берудің кідіруі (жиі қайталау керек болады), бұйрықтарды жаймен орындау.

Терең кереңдік – терең ұйқышылдық, дезориентация, толық ұйқышылдық жағдай, сөйлеу қарым қатынасының шектелуі немесе қиындауы, жай бұйрықтарды ғана орындау.

Сопор (естің болмауы, қатты ұйқы) – сананың толық болмауы, мақсатты, координациялық қорғаныстық қозғалыстың сақталуы, ауыртатын және дыбыстық тітіркендіргіштерге көзін ашуы, көп қайталап сұрағанда ғана эпизодты біртекті жауап беруі, қозғалыстың болмауы немесе автоматты стереотипті қозғалыс, жамбас функциясын бақылай алмауы.

Шамалы кома – оята алмау, ауыртатын тітіркендіргіштерге хаотикалық координацияланбаған қорғаныс қимылымен жауап беруі, тітіркендіргіштерге көзін ашпауы және жамбас функциясын бақылай алмауы, тыныс алудың және жүрек қантамыр қызметінің жеңіл бұзылыстары.

Терең кома – мүлде оята алмау, қорғаныс қимылдарының болмауы, бұлшықет тонусының бұзылыстары, сіңір рефлекстерінің болмауы, тыныс алудың терең бұзылыстары.

Жедел көмекті көрсете білу кез келген медициналық қызметкердің міндеті болып табылады. Жедел медициналық көмекті қажет ететін жиі кездесетін сананың жоғалуына талу, кома, коллапс, жедел тамыр жетіспеушілігі жатады, бұлар естен тану жағдайларының ізашары болуы мүмкін және жақсы қарауды талап етеді.