Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5.ОНЖ кызмет бузылысы для студ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.16 Mб
Скачать

Жедел жәрдем:

Инсулинотерапия. Мұндай кезде қандағы глюкозаның үлкен мөлшерінен қорықпау керек. Гиперосмолярлы кома тек жеңіл және орташа ауырлықтағы ҚД ауыратын науқастарда болатынын ұмытпау керек және ол жіберген инсулинге бағынатын үрдіс. Бірақ оның үлкен мөлшерін бермейді, алғашқы мөлшері 10 ЕД/сағ аспау керек. Бұдан басқа айқын плазмалық гипернатриемия фонындағы плазмадағы глюкозаның көп мөлшері АҚК ұстап тұрады, сондықтан глюкозаның тез азаюы әсерінен гиповолемиялық шок болады, нәтижесінде барлық су тамырдан интерстицийге, кейіннен жасушаға кетеді.

Инфузиялық терапия. Емнің негізінде дегидатацияның ауыр түрін кетіру жатыр. Емді физ.ерт.енгізуден бастайды, енгізу жылдамдығы – 1л/сағ. 4-6 сағ бойы натрий жетіспеушілігін қалпына келтіру керек(500мэкв). Физ.ерт.АҚ, ЖСЖ, ЦВД және диурез қалпына келгенше береді, содан кейін тамырға гипотониялық физ.ерт.(0,45%) 250-500мл/сағ жылдамдықпен береді.

Бұл патологияда кетоацидоз, метаболикалық ацидоз болмайды, буферлік ерітінділер қолданбаймыз.Гиперкоагуляцияға қарсы гепарин қолданамыз.Ми ісінуінің алдын алу үшін оксигенатерапия жасап,глютамин қышқылын енгіземіз.

Гипогликемиялық кома

Гипогликемиялық кома деп қант диабетімен ауыратын науқастарда болатынЕ патологиялық синдром ол естің жоғалуымен қан плазмасында глюкоза мөлшерінің 3,33-2,77 ммоль л төмен болғанда дамиды.

Этиология: өзіндік инсулинді көп қолданғанда,диетаны бұзғанда,алкогольді ішкенде,психиологиялық жүктеме, жедел инфекция,көмірсулардың жоғары метоболизмі,бауыр жетіспеушілігі,ұйқы безінің ісігі кезінде көп мөлшерде инсулиннің бөлінуі.

Клиника. Қорқыныш, қатты қарын ашу сезімі,бас айналу,тер шығу,жүрек айну,АҚ жоғарлауы,әлсіздік.Кома алды кезінде психомоторлы қозу,агрессивті,галлюцинациялар,көз алмасының әртүрлі болуы,Бабинский симтомы оң,сілекейдің,тердің көп бөлінуі.

Кома кезінде беткей тыныс,гипотония,брадикардия болады.

Емі: глюкозаның мөлшерін қалыптастыру,гипогликемияның жанама әсерлерін жою.

Жедел көмек: 40-60 мл 40% глюкоза көктамырға ағымды.Егер асқыну болмаса науқас иненің ұшынан тіріледі.Гипогликемиялық кома кезінде жасалған емнен нәтиже болмаса 60 мл 40% глюкоза 3 минуттан кейін енгіземіз,инфузия түрінде 10% глюкоза,тері астына инсулин 0,5 мл 0,1 % енгіземіз, бұлшықетке 30-60 мг преднизалон,ми ісінуінің алдын аламыз.

Егер қолда инсулин болмаса,не істейміз Онда науқасты шымшып жұмсақ тіндерінен интенсивті соққылар жасаймыз.Сол кезде адреналин бөлініп,ол эндогенді гликогенді глюкозаға айналдырып науқасты комадан шығарады.науқасқа тәтті зат береміз.

Цереброгенді кома. Ес жоғалуымен қоса,жергілікті симптомдар басым джексондық тырысулар.Себептері ми инсульті,бас ми жарақаты,ми абсцесі,менингоэнцефалит,ми ісігі,эпилептикалық статус.

Нерв жүйесінін зерттеу. Есінің жоғалуына байланысты неврологиялық зерттеу жүргізу қиын.

Көз қарашығын зерттеу. Көлемін,жарыққа реакциясын.

Қалыпты жағдайда қарашықтың диаметрі нұрлы қабықтың диаметріне тең.

Анизокория бір қарашықтың диаметрінің өзгеруі

Қарашықтың тарылуы миоз,ал ұлғаюы мидриаз деп аталады.Кейде қарашықтың шеті бұдырланып өзгереді.Естің жоңалуы қарашықтың өзгеру дәрежесімен бірдей болады.Қарашықтың өзгеруіне байланысты патологиялық процестің орналасуын,реанимацияның нәтижесін анықтаймыз,

Жарыққа реакцияның болмауы көз қозғалтқыш нервтің,орталық мидағы ядроның зақымдалуын көрсетеді.

Біржақтық миоз. Ми бағанасының мишыққа кіріп кетуінен болады,тереңдеген миоз зақымдалған жақта мидриазға ауысып,бара бара жарыққа реакциясы бұзылады.Жұлынның латеральді бөлігінің төменгі мойын сегменттері зақымданса біржақтық миоз көзінің кішіреуімен,энофтальммен білінеді.

Екі жақтық кенеттен пайда болған миоз.(нүктелік қарашық) Орталық мидың,көпірдің,ми бағанасының екіншілік компрессиясының зақыдалуынан бас ми ішілік қысымның көтерілуі,Жедел уланулар антихолинэстеразадан,резерпиннен,опиаттардан,миға қан құйылғанда,дамиды.

Біржақтық кенеттен қарашықтың ұлғаюы. Жарыққа реакцияның болмауымен қоса естің тежелуі,тахикардия,артериальді гипо гипертониялар,тыныс ритмі жиілігі өзгереді,жиі бас ішілік гемотома,жедел дислокоционды синдром мидың ісігі кезінде дамиды.

Екі жақтық мидриаз.жарыққа реакциясы болмағанда,коматозды жағдайда дамиды.Пульстің жиілеуі,артериальді қысымның өзгеруі барбитуратты және барбитуратты емес ұйықтатқыштармен ауыр уланғанда болады.сонымен қатар тахикардия қосылса атропинмен фенотиазинді препараттармен уланғанын көрсетеді.Бұл картина жайылған эпилептикалық ұстамалардан кейін гипоксия жағдайында дамиды.

Көз қимылының өзгеруі. Көз карашығын зерттеуден кейін көз алмасының қалпын анықтайды.

Көз қозғалысының екі категориясын ажыратады.

-көз алмасының қалпы бір түрлі

-көрудің парезі

Көздің орналасу қалпының өзгеруі көз қозғалтқыш нервінің біржақты немесе екі жақты зақымдануына байланысты болады.Көз алмасының сыртқа төмен түсуі,қарашықтың кеңеюі,птоз,бас мидың зақымдануында,Виллизиев айналымының алдыңғы бөлігінде болған аневризмаларда,самай бөліктегі ісіктерде көрінеді.Әкету нервінің біржақты зақымдануында көз алмасы ішке қарай кіреді.

Екі жақты зақымдануында қылилық,бұл жағдай көпірде,сопақша мида үлкен патологиялық процестің барлығын көрсетеді.

Төртінші пар зақымдалуын дәрігердің айтуы бойынша науқасты тексереміз.Егер науқастың көруі бұзылса ол көз алмасын жан жаққа жоғары төмен қозғалта алмайды.Жарты шарда,қыртыс астында өзгеріс болса,зақымдалған жаққа қарама қарсы жаққа қарайды.

Төрт төмпешікте патологиялық процес болса көру парезі жоғары төмен өзгереді.Корнеальді рефлекстің төмендеуі немесе мүлдем болмауы ми бағанасының зақымдалуын көрсетедіЫм мускулатурасының зақымдалуы жетінші нервке байланысты,ол кезде көз толық жабылмайды,зақымдалған жақта ауыз бұрышы төмен түседі.Тіл жұтқыншақ нерві зақымдалса жұмсақ таңдай төмен түсіп,ал тілшік зақымдануға қарама қарсы жаққа ауысады.Тоғызыншы жұп екі жақты зақымданса жұмсақ таңдай шпательге реакция беомейді,жұтыну рефлексі жоғалады.Жұтыну рефлексін ауызға аз мөлшерде сұйықтықты құю арқылы тексереміз.Жұтынудың бұзылыстары жөтел,шашалу,психомоторлы қозу арқылы білінеді.

Вегетативті бұзылыстар ми бағанасының дисфункциясын көрсетеді.

Бұл категорияның бұзылыс белгілеріне жатады:

-пульс жиілігінің өзгеруі және жүрек ритмінің өзгерісі

-артериальді гипо гипертензия

-тыныс жиілігінің бұзылысы

-гиперсаливация

-айқын гипергидроз

-гипер,гипогликемия

-полиурия

Вегетативті бұзылыстар ми бағанасының анық зақымдалғанын көрсетпейді.

Науқастардың қимыл қозғалысын зерттеу үшін ол дәрігердің айтқанын істеу керек.

Егер науқас сөзге келмесе монмпарез бен гемипарездің бар жоқтығын аяқты бірдей емес қозғалыста пассивті түрде төмен түсіру арқылы анықтаймызДәрігер ретімен аяқ қолды түгел тексереді.Салданған қол тез құлайды,аяқты тізеден бүккенде ол тұрмай төмен түседі,салданған табан сыртқа қарап тұрады.

Моториканың бұзылысы тоникалық феноменді децеребрацияны, декортикацияны, гермотонияны байқау кезінде анықталады.Зақымданған жақта естің тежелуі қорғаныс рефлекстерінің салданған аяқта айқын болуы,әлсіз автоматикалық жестикуляциядан көрінеді.

Бір аяғы ауырып қозғалта алмаса жергілікті травманы ойлау қажет.Бұлшықет тонусы арқылы салдануды анықтау мүмкін емес себебі бұлшықет тонусы тез гипо гипер тонустық болып ауысады.

Тонус өзгеру феномені маңдай бөлікте, ми бағана қыртыс аймағындағы жайылмалы патологиялық процестің барын көрсетеді.

Горметония массивті түрде ми бағанасына,одан өтіп ми қарыншаларына қан құюлулар кезінде болады. Қозғалыс феномені –кеуде бұлшықеттерінің, қол аяқ тырысуларымен, тыныс аритмиясымен байқалады.

Сіңір рефлекстері ес түссіз жағдайда аз информация береді.Жедел жағдайда біржақтық патологиялық табандық рефлекстерінің анықталуы қарама қарсы жарты шардың зақымдалуын көрсетеді.екі жақтық ми бағанасының зақымдалғанын 6-12 сағаттан кейін көрінсе,ол ми ісінуімен,ми дислокациясымен жүрсе ми жарты шарларының массвті зақымдалғанын көрсетеді.

Қозғалыс сферасын зерттегенде моторика мен аяқ қол рефлекстерінің зақымдалуы бірге жүреді.

Қол аяққа қарағанда аз зақымдалса жұллынның зақымдалуын көрсетеді.

Мишық функциясын анықтағанда есін ескеру керек себебі ес түссіз болса анықтау мүмкін емесБұл кезде қосымша белгілерге сүйенеміз,оларға нистагм,ми бағанасының тежелу белгілері жатады.

Ми қабықтарын тітіркендіру синдромдары.Жедел жағдайларда диагностика үшін маңызды болып ми қабықтары симптомдарының тұрақсыз болуы жатады.Бірінші сағаттарда ми қабығының қабынуын,субарахноидальді кеңістікке қан құйылғанын,ми ісінуін анықтауда ми қабықтарының симптомдарының арасындағы байланысты анықтай алмаймыз.

Тіпті тежелу өте ауыр болса да патологиялық процесс бүкіл ми қабықтарын алса да соның әсерінен бас ішілік қысым көтерілсе де қабық синдромдары болмауы мүмкін.

Сондықтан жедел жағдайда менингеальді симтомдардың болмауы оның мүлде зақымданбағанын көрсетпейді.