- •Студенттерге арналған Әдістемелік нҰсҚау
- •2. Оқу сағатының саны: 6 сағат
- •3. Тақырыптың маңыздылығы:
- •5. Өзіндік дайындыққа арналған сұрақтар:
- •Ақпаратты - дидактикалық бөлім: Кома
- •Команың клиникалық жіктелуі
- •Болжамын және ем тактикасын анықтауда комалық жағдайға не алып келгенін білу маңызды:
- •Сананың бұзылысын екі топқа бөледі:
- •Делирий, аменция, сананың бұлыңғыр бұзылыстары
- •Сана бұзылысының сандық синдромдары
- •Кесте 1.5. Глазго шкаласы.
- •2. Цереброспинальды сұйықтықта қан немесе цитоз болуымен жүретін ми қабықтарының тітіркену аурулары, әдетте бұлар церебральды және бағанды белгілердің ошақтық өзгерісінсіз болады.
- •Сананы жоғалту түрлерін жүйелері
- •Жедел көмек көрсету бойынша жалпы нұсқаулар
- •Кесте №1. Жанындағы адамнан сұрау (Colin Ogilvie, 1987)
- •Диагностика критерийлері
- •Кесте №2. Комадағы науқасты қарау схемасы (Colin Ogilvie, 1987)
- •Терішілік көптеген иньекция іздері қант диабеті туралы, ал күтпеген жерлерде тамырішілік иньекция іздері наркоманияны айтады.
- •Жайлап басталатын ұзаққа созылған сананы жоғалту
- •Комалық жағдайдағы науқастарды ауруханаға дейінгі қараудың жалпы тактикасы
- •Комалық жағдайларда жіберілмейтін шаралар
- •Спецификалық емес симптоматикалық ем
- •Ауруханаға дейінгі кезеңде комалық науқастарды жүргізу тактикасында кеткен қателіктер
- •Қант диабеті кезінде сананың бұзылуы.
- •Кетоацидоздық кома
- •Емдеу принциптері
- •Гиперосмолярлы кома.
- •Жедел жәрдем:
- •Гипогликемиялық кома
- •Менингеальді синдром үш симптомнан тұрады
- •7. Сабақтың мазмұны:
- •8. Ұсынылған оқулықтар:
- •1 Вариант
- •2 Вариант
- •3 Вариант
- •Жауап эталондары
- •1 Вариант
- •Жауап эталондары
- •2 Вариант
- •Жауап эталондары
- •3 Вариант
- •Есептер
- •Жауап эталондары
Емдеу принциптері
жасушаның және жасущаралық кеңістіктің регидратациясы;
қысқа әсерлі инсулин препараттарымен орын басушы терапия;
КЩС негізгі көрсеткіштерін және электролит деңгейін қалпына келтіру;
ятрогенді гипогликемияның алдын алу (инсулинді артық қолдану);
инфекциялық және қабыну аурулары болса емдеу;
кома шақырған басқа да ауруларын немесе жағдайларды анықтап, емдеу;
симптоматикалық ем.
Шамалы ацидоз терапиясын қысқа әсер ететін инсулин препараттарымен 5-6 рет күніне тері астына гликемияны бақылап отырып әр инсулин енгізер алдында жүргізеді (инсулиннің тәуліктік дозасы 0,9-1 ЕД/кг аспау керек), күніне 2-3 л содалы сұйықтық беру және кетоацидозға әкелген себепті жою керек.
Жедел жәрдем
ауруханаға дейінгі кезең. Ауыр кетоацидоз кезінде жалпы дегидратациядан, әсіресе бас миының, қауіптену керек, сондықтан емінде бірінші инсулин емес, орнына тұзды ертінділерді құю керек. Осы мақсатпен жедел жәрдем кезеңінде патогенетикалық емді (ЖЖҚЖ және ЖТЖ болса соларды емдегеннен кейін) инфузия түрінде 400-500 мл және одан көп изотониялық ерт. 15 мл/мин бастау керек. Тасымалдау кезінде инфузия жасауды тоқтатпайды, яғни оны жедел жәрдем машинасында жасайды. Калий препараттарын және натрий бикарбонаты сияқты буферлік ерт.енгізуге болмайды. Диагноздың дұрыстығына күдіктенгенде инсулин енгізуден аулақ болған жөн. Дұрыс диагноз қойылса инсулинотерапияны қысқа әсер ететін жоғары дәрежеде тазартылған шошұа инсулинімен МК, Humalog, Actrapid NM жасайды, препарат мөлшері 16-20 ЕД бұлшықетке аспайды. Тасымалдау қағазына препараттың саны және енгізген уақыты жазылады.
ауруханалық кезең. Комадағы барлық науқастар интенсивті терапия бөлімшесіне жатқызылады.
Гиперосмолярлы кома.
Гиперосмолярлы кома деп ҚД науқастарында болатын және кетоацидозсыз гипергликемия және плазма гиперосмолярлығы фонында болатын естен танумен сипатталатын патологиялық синдромды айтамыз.
Гиперосмолярлы кома көбінесе елу жастан асқан ҚД диета немесе сульфанилмочевина препараттарымен тез емге көнетін жеңіл немесе орташа ауыр түрлерінде кездеседі. Гиперосмолярлы кома кетоацидозды комаға 1:1 кездеседі, өлім жағдайы 30% дейін, алқосымша асқынулары болса (мысалы, эпилепсиялық талмалар) өлім жағдайы 60-70% дейін жетеді.
30% жағдайда гиперосмолярлы кома ҚД бірінші көрінісі болады.
Этиологиясы. Берілген патологиялық жағдай ҚД метаболикалық декомпенсациясында болады және қандағы глюкоза деңгейі өте жоғары болады (55,5 ммоль/л) гиперосмолярлықпен бірге (330 бастап -500 және одан көп мосмоль/л) және кетоацидоздың болмауымен сипатталады.
Әсер етуші факторларға бүйректік жетіспеушілік(90% науқастарда), инфекциялық аурулар, бірқатар дәрілерді қабылдау: глюкокортикоидтар (әсер ету механизмі глюконеогенез күшейіп және инсулинге қарсы әсер етуімен сипатталады), фуросемид сияқты салуретиктерді (калий деңгейінің сарысуда азаюы инсулин секрециясын тежейді), басқа да препараттар.
Патогенезі. Бұл патологияның механизмі әлі күнге белгісіз. Жоғары гликемия (160 ммоль/л дейін) дамуына себепкер БЖ фонында глюкозаның бүйректермен шығуының блокадасы деген пікір бар.
Гипергликемия сұйықтық жоғалтумен байланысты, бұл диурездің осмостық стимуляциясы әсерінен, нейрогипофизден АДГ тежелуінен және бүйректің дистальды өзекшелерінен судың реабсорбциясының тежелуіне байланысты.
Тез және көп сұйықтық жоғалту кезінде СЩК төмендейді, қан осмолярлығы глюкозаның жоғары концентрациясы әсерінен ғана емес плазмадағы басқа да заттар(мысалы, калий және натрий иондары) әсерінен көтеріледі. Қоюлану мен жоғары осмолярлық жасушаішілік дегидратацияға, ми микроциркуляциясының бұзылуына, ликвор қысымының төмендеуіне әкеледі, мұның бәрі кома дамуының қосымша факторлары болып есептеледі және спецификалық неврологиялық симптоматика шақырады.
Кетоз болмауын ағзада эндогенді инсулиннің жеткілікті болуымен түсіндіруге болады.
Инсулин липолиз және кетоз болмауына жетеді, бірақ гипергликемия болдырмауға жетпейді.
Клиникасы. Кома біртіндеп басталады. Анамнезінде ҚД кома болғанға дейін диетамен және пероральды қант төмендететін дәрілермен компенсацияланатын жеңіл немесе орташа ауырлықта болғанын көрсетеді.
Кома басталғанға дейін бірнеше күнде науқастарда шөлдеу, полиурия, әлсіздік болады. Жағдайы үнемі ауырлайды, дегидратация дамиды. Сананың бұзылуы болады: ұйқышылдық, біртіндеп комаға ауысатын тежелу болады.
Неврологиялық және нейропсихикалық бұзылыстар тән: галлюцинациялар, түсініксіз сөйлеу, тырысулар, арефлексия, бұлшықет тонусының жоғарылауы, кейде орталық текті жоғары қызба болады.
Емдеу принциптері. Кетоацидоздық кома еміне ұқсас және дегидратацияны, гиповолемияны жою және плазманың осмолярлығын қалпына келтіру. Инфузиялық терапияның кетоацидозға қарағанда маңызы үлкен.
