Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5.ОНЖ кызмет бузылысы для студ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.16 Mб
Скачать

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РК

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

Факультет: Емдеу

Кафедра: Жедел медициналық жәрдем беру

Студенттерге арналған Әдістемелік нҰсҚау

Тақырыбы: «Комалар (диабеттік, церебралды, бауырлық, бүйректік). Ес-түссіз жағдайлардың салыстырмалы диагностикасы. Науқасты емдеу тәсілдері. Жедел жәрдем. Тасымалдау».

Курс: 6

Құрастырған: ассистент

Маденов Н.Н.

м. ғ. к. Карабаева А.И.

АЛМАТЫ – 2008 ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланды

“_____”_____________ 2008 ж

№____ Хаттама

Бекітемін кафедра меңгерушiсi

м.ғ.д.,проф Тұрланов Қ.М.

1. Тақырыбы: «Комалар (диабеттік, церебралды,бауырлық, бүйректік). Ес-түссіз жағдайлардың салыстырмалы диагностикасы, жедел жәрдем. Науқасты емдеу тәсілдері. Жедел жәрдем. Тасымалдау».

2. Оқу сағатының саны: 6 сағат

3. Тақырыптың маңыздылығы:

Комалар жедел патологиялық жағдай болғандықтан ерте кезеңде жедел көмекті қажет етеді. Жедел медициналық жәрдем Ұлттық Ғылыми –тәжірибелік ұйымның мәліметтері бойынша ауруханаға дейінгі кезеңде комалар жиілігі 1000 шақыртудың 5,8 үлесіне тиеді. Бұл кезде ауруханаға дейінгі өлім 4,4% құрайды. Комалық жағдайлардың негізгі себебі болып инсульт - 57,2%, 2-орында –наркотиктерді артық қолдану -14,5%, одан кейін гипогликемиялық кома – 5,7% , БМЖ-3,1%, диабеттік кома және дәрілермен улану -2,5%, алкоголді кома - 1,3%; аз дәрежеде әртүрлі улармен улану -0,6% кездеседі. Көп жағдайларда кома деп емес, кома деп ойламастан өлім -11,9% жиілікте кездеседі. Жүйке жүйесі жарақатындағы жедел жағдайларды білу жедел жәрдем дәрігері үшін өте маңызды, себебі ауруханаға жатқызылған науқастардың көбі осындай болады. Бұл қазіргі кезде маңызды мәселе болып тұр, себебі көп жағдайларда жедел жәрдемді арнайы дайындығы жоқ дәрігерлер мен фельдшерлер көрсетеді. Жүйке жүйесі зақымдалу ерекшелігі болып тек жүйке жүйесі қызметінің тез зақымдалуы ғана емес, сонымен қатар тыныс алу мен қанайналым жүйесінің зақымдануы жатады. Жұлынның зақымдалуы аяқ-қолдың қозғалысының бұзылуымен, сезімталдықтың өзгеруімен, жамбас дисфункциясымен көрінеді. Болжамы жедел жәрдем көрсету көлеміне байланысты.

Жедел неврологиялық жағдайлар жедел медициналық жәрдем дәрігерінің тәжірибесінде әртүрлі жағдайларда тууы мүмкін, олар: ОЖЖ біріншілік зақымдануы, улану, ішкі мүшелердің аурулары. Ауруханаға дейінгі кезеңде берілген жағдайдың себебін, көмек көрсету көлемі мен болжамын анықтау өте қиын, өйткені уақыт өте аз.

Неврологиялық жағдайлардың көбі жедел нейрохирургиялық көмекті қажет ететіні белгілі, бұл жерде жедел медициналық жәрдем дәрігерінің міндеті – тез арада диагноз қою және соған сәйкес арнайы бөлімшеге жеткізу. Бригада дәрігерлері жедел реанимациялық көмекті қажет ететін неврологиялық патологиялармен жиі кездеседі, бұл өз кезегінде бірқатар ем жүргізу тактикасында және тасымалдағанда қиындықтар туғызады.

4. Сабақтың мақсаты: негізгі клиникалық көріністерін, диагностикасын және есі жоқ кезде жедел медициналық жәрдемді көрсете білу. Осы жағдайлардың негізгі синдромының диагностикасын студент өзіндік жұмысы кезіндегі шақыртуларда тәжірибелік дағдысын қалыптастыру.

- cтудент білуі қажет:

әртүрлі ес бұзылыстарының диагностика принциптерін, әртүрлі ес бұзылыстарына әкелетін ауруларға, ОЖЖ аурулары және жарақаттарына ауруханаға дейінгі кезеңде жедел медициналық жәрдемді көрсете білу.

- cтудент жасай білуі қажет:

сананың жоғалу деңгейін бағалау, әртүрлі комалық жағдайлардың түрлерімен диф.диагноз жасау, ауруханаға дейінгі кезеңде көмек көрсету, осындай науқастарға тән мед.құжаттарды дұрыс толтыру.