Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лаб раб ГИТ каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.29 Mб
Скачать

6.5 Зертханалық жұмыстар бойынша есеп беруге қойылатын талаптар:

Есеп А4 форматындағы беттерде және титулдық бетпен рәсімделеді, есепке кіретіндер:

6.5.1 Зертханалық жұмыстың атауы

6.5.2 Жұмыстың мақсаты

6.5.3 Тәжірибелік қондырғының сұлбасы және оның сипаттамасы

6.5.4 Жұмыстың орындалу тәртібі

6.5.5 Тәжірибелік нәтижелерді өңдеу

6.5.6 Тәжірибелік есептеу нәтижелерін енгізу кестесі

6.5.7 Қорытынды

Барлық аралық есептеу нәтижелері кестеге енгізілмейді

Бақылау сұрақтары:

1. Қалыптасқан ламинарлық режимде құбырдың қимасы бойымен жергілікті жылдамдықтар қалай таралады?

2. Құбырдың ұзындық бойындағы арын шығындары немен түсіндіріледі?

3. Ламинарлық режимде Дарси коэффициенті қандай формуламен есептеледі?

Әдебиеттер:

1. Агроскин, И. И. Гидравлика / Г.Т. Дмитриев, Ф.М. Пикалов. - М. : Госэнергоиздат,1964. - 213 с.

2. Башта, Т.М. Гидравлика, гидравлические машины и гидравлические приводы / Т.М. Башта. – М. : Машиностроение, 1970. - 503 с.

3. Большаков, В.А. Гидравлика / В.А. Большаков, В.И Попов. — К. : Высшая школа, 1989.- 213 с.

4. Гаврилов, М. Б. Гидравлика / М.Б. Гаврилов, Ж.К. Абдикеримов. – Алматы. : КазНТУ им. К.И.Сатпаева, 2000. - 103 с.

5. Рабинович, Е. З. Гидравлика / Е.З. Рабинович. - М. : Недра, 1977. – 304 с.

6. Тажибаев, Л. Е. Основы гидравлики и гидромеханизация сельскохозяйственного производства / Л.Е. Тажибаев. – Алматы. : КазСХИ, 1986. - 640 с.

7. Чугаев, Р. Р. Гидравлика / Р.Р. Чугаев. – М. : Энергоатомиздат, 1982. - 672 с.

8. Штеренлихт, Д. В. Гидравлика / Д.В Штеренлихт – М. : Энергоатомиздат, 1984. - 640 с.

7 Зертханалық жұмыс. Дөңгелек құбырдағы турбуленттік режимдегі сұйық қозғалысының гидродинамикалық үйкеліс коэффициентін анықтау.

Жұмыстың мақсаты: Дөңгелек құбырдағы турбуленттік режимдегі сұйық қозғалысының гидродинамикалық үйкеліс коэффициентін анықтау.

7.1 Жалпы мағлұматтар:

Қалыптасқан турбуленттік режимдегі сұйық қозғалысының негізгі дифференциалдық теңдеуі мынадай түрде болады:

(7.1)

мұндағы: - қабырғадағы жанама үйкеліс кернеуі;

- араласу жолының ұзындығы, [м].

Аз шаманың әсерінен турбуленттік қозғалыс туған жағдайда, мүшесін ескермеуге болады, сонда 7.1 теңдеуі мына түрде болады:

(7.2)

Дөңгелек құбырдағы жыдамдықтың тарлуының логарифмдік заңы:

(7.3)

Турбуленттік режимдегі сұйық қозғалысына арналған гидравликалық үйкеліс коэффициенті Рейнольдс санына байланысты мына теңдеу арқылы табылады:

2320 < Ry < 4000 –тұрақсыз турбуленттік аймақ.

Сондықтан бұл зонаны гидравликалық есептеулерде ұсынбайды.

4000<Re < 10 тегіс қабырғалы құбырлар аймағы.

Бұл жерде гидравликалық үйкеліс коэффициенті Блазиусформуласы бойынша анықталады:

(7.4)

гидравликалық кедір-бұдырлы құбырлардың ауыспалы аймағы.

Бұл жерде А.Д. Альтшуль формуласы қолданылады:

(7.5)

- толық кедір-бұдыр құбырлар аймағы.

Бұл аймақта Шифринсон формуласы қолданылады.

(7.6)

7.2 Тәжірибелік қондырғының сипаттамасы

Қондырғы, ағызатын құбырдың 2 көмегімен сұйықтың тұрақты деңгейін ұстап тұратын арынды резервуардан 1 (6.2 сурет) тұрады. Резервуарға 1 құбыр 3 жалғанған, құбырдың резервуарға бекітілген жерінде сұйықтың құбырға ауытқусыз кіруін қамтамасыз ететін, дөңгелек кіру-коллекторы бар. Құбырдың бастапқы және соңғы учаскелерінде пьезометрлік 6 және 7 түтікшелер орнатылған. Сұйық шығынының өзгеруі 5 вентильдің көмегімен жүргізіледі, ал оны өлшеу үшін өлшегіш ыдыс орнатылған 8.

7.1. Сурет Тәжірибелік қондырғының сипаттамасы:

1-резервуар; 2- ағызатын құбыр; 3- құбыр; 4- коллектор; 5- вентиль; 6 и 7-

Пьезометрлік түтікшелер; 8- өлшегіш ыдыс.