- •Пәні бойынша білімгерлерге арналған оқу бағдарламасы (силлабус)
- •Курсты қысқаша сипаттау
- •1. Тақырып. Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуды сипаттау.
- •2 Тақырып. Экономиканы мемлекеттік реттеу.
- •3.Тақырып. Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде.
- •Тақырып. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі.
- •5 Тақырып. Негізгі капитал
- •6.Тақырып. Шикізат, материалдық және жанармай, энергетикалық ресурстар
- •7.Тақырып. Айналым капиталы
- •8.Тақырып. Еңбек ресурстары.
- •9.Тақырып. Еңбекақы.
- •10.Тақырып. Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты.
- •2.Инвестицияның мәні.
- •3.Қр инвестициялық саясаты
- •11.Тақырып. Өнімді өткізу және өндіріс шығындары
- •12.Тақырып: Өнімнің бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету
- •13.Тақырып. Кәсіпорынның экономикалық стратегиясы.
- •14.Тақырып. Кәсіпорынның рентабельділігі мен пайдасы.
- •15.Тақырып. Кәсіпорын қаржысы.
9.Тақырып. Еңбекақы.
Кәсіпорынның жұмысшыларының еңбегіне төленетін еңбек ақысы олардың жеке кірісі болып есептелінеді, сонымен қатар еңбек ақы әрбір жұмысшының кәсіпорын нәтижесіне қосатын үлесіне байланысты төленуі қажет. Жұмысшылардың алатын еңбек ақысы және қоғамымыздың тұтыну қоры екі түрде анықталады:
номиналды еңбек ақы;
нақтылы еңбек ақы.
Номиналды еңбек ақы дегеніміз – бұл жұмысшылардың орындаған еңбегіне төлетін ақы.
Кез-келген кәсіпорынның еңбекшілерінің еңбек ақысын төлеуді ұйымдастыруының негізінде еңбек ақыны төлеу қоры немесе (еңбек-ақы қоры) деген мағына орын алады.
Еңбек ақы қоры – бұл еңбекшілердің еңбек ақысын және әлеуметтік жағдайын жақсарту жағдайларына төленетін ақша құралдарының жиынтығын айтамыз.
Бұл көрсеткіш, ортатізімдік жоспарлы еңбекшілер санын, жоспарлы мерзімдегі бір еңбекшінің орташа еңбек ақысына көбейту арқылы анықталады, немесе нормативті әдіс арқылы, өндірілген өнімнің жалпы көлемін бір өнімді өндіруге кеткен нормативті еңбек ақыға көбейту арқылы.
Жұмысшылардың еңбек ақысы екі бағытта ұйымдастырылады:
І ші – тарифтік жүйесі бойынша;
2 ші – еңбек ақыны жүйелік форма бойынша.
Тарифтік жүйе бойынша еңбек ақыны ұйымдастыру дегеніміз – бұл мемлекеттік таратынан реттелініп, еңбек ақы заңына сай төленетінін айтамыз:
Еңбек ақыны ұйымдастыруының жүйелік формасын қарастырсақ, ол екі түрде кездеседі:
1 – келісімді шарт бойынша;
2 – уақыт бойынша.
Кесімді шарт бойынша еңбек ақы төлеу – бұл өндірілген өнім санына қарай еңбек ақы алу деген мағына.
Келісімді шарт бойынша еңбек ақы көбінесе жұмысшылар өзінің квалификациялық дәрежесі бойынша жоғары еңбек өнімділігін көрсету білу кезінде қолданылады.
Ал уақыт бойынша еңбек ақыны төлеу жұмыстың жоғары сапалы орындауын талап етілу кезінде және орындалған жұмыс көлемін есептеу қиынға соғып бағалауға мүмкіндік жоқ болған жағдайда қолданады.
Кесімді шарт бойынша еңбек ақы көбіне өнеркәсіптік, құрылыстық, тоқыма кәсіпорындарында қолданылады.
Кесімді форма бойынша еңбекшілердің еңбек ақысын төлеу, жұмысшылардың дәрежесін жоғарылатуға ынталандырады, сонымен қатар материалдық қызығушылығы мен еңбек өнімділігін көтеруді қамтамасыз етеді. Бұл шарт бойынша еңбек ақыны төлеуінің бір кемшілігі, онім сапасының төмендеуі мүмкін, яғни технологиялық процесс уақыты бұзылуы, техника қауіпсіздігі талабының бұзылуы, материалдық қорларының тыстан көп жұмсалуы.
Кесімді форма бойынша еңбек ақы төлеу келесі жүйелерді қамтиды: - түзу – кесімді, прогрессивті – кесімді, сыйлықты – кесімді, жанама – кесімді. Түзу – кесімді жүйе бойынша еңбек ақыны төлеу, өндірілген өнім көлемін, оған белгіленген бағаға көбейту арқылы есептелінеді.
Еңбек төлемнің принциптері мен мәні жұмысшыға ақшалай компенсация.
Еңбек қызметінің түріне байланысты еңбекке төлем жеке келісім арқылы анықталады: жұмысшыларға – келісімдік тариф бойынша, инженерлерге, мғалімдерге – жұмыс уақытының ұзақтығы мен тарифтік ставкаға байланысты бекітіледі.
Әртүрлі өндірістік салаларда еңбекке төлем бойынша тарифтік жүйені құрудың арнайы еңбек нормасы бар. Ол еңбек жағдайы мен жұмысшының квлификациясына байланысты.
Кәсіпорындарды тауардың құнын есептемес бұрын ең алдымен еңбек төлеміне кететін шығындарды анықтайды.
Еңбек ақының жүйесі мен формасы.
Еңбекке төлем жұмыстың түріне орай келісімді, ауқытша, келісімшартқа байланысты болады.
Келісімді төлем нақты орындалатын жұмыстың көлемі мен сапасына орай жұмысты орындаушы мен жұмыс берушінің арасындағы алдын-ала келісімімге байланысты есептеледі.
Ауқытқа бойынша еңбекке төлем тарифтік ставкаға арқылы 1 сағатпен, мысалы, мектептерде, жоғары оқу орнында, медициналық мекемелерде, мемлекеттік қызметтерде.
Жұмысшылардың еңбек ақысын төлеудің негізгі қайнар көзіне еңбек ақы қоры жатады. Былай есептеледі:
Есептеудің нормативті әдісі:
Еңбекақы қоры =А*НЗП
Мұндағы: А – шығарылған өнім көлемін жоспарлау теңге;
НЗП – шығарылатын өнімнің 1 теңгесіне еңбекақының нормативті.
Еңбек ақы қорын талдауда кейбір жұмысшылардың жұмысының сапасы мен санына сәйкес есептеу қажет.
3.Еңбекке төлемнің тарифтік емес жүйесі.
Төлемнің тарифтік емес жүйесіне марапаттау жатады. Ал марапаттауға автокөлікті пайдалану құқығы, төлемді демалыс, еңбекке жарамсыздығына байланысты төлемдер жатады. Жетекшілер немесе бас мамандарға ерекше жұмысқа белсенділігі үшін бос акцияларды сатуға болады.
Кәсіпорынның акция пакетін иеленушілер жылдың соңында пайдадан дивиденттер төлейді.
