- •Пәні бойынша білімгерлерге арналған оқу бағдарламасы (силлабус)
- •Курсты қысқаша сипаттау
- •1. Тақырып. Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуды сипаттау.
- •2 Тақырып. Экономиканы мемлекеттік реттеу.
- •3.Тақырып. Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде.
- •Тақырып. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі.
- •5 Тақырып. Негізгі капитал
- •6.Тақырып. Шикізат, материалдық және жанармай, энергетикалық ресурстар
- •7.Тақырып. Айналым капиталы
- •8.Тақырып. Еңбек ресурстары.
- •9.Тақырып. Еңбекақы.
- •10.Тақырып. Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты.
- •2.Инвестицияның мәні.
- •3.Қр инвестициялық саясаты
- •11.Тақырып. Өнімді өткізу және өндіріс шығындары
- •12.Тақырып: Өнімнің бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету
- •13.Тақырып. Кәсіпорынның экономикалық стратегиясы.
- •14.Тақырып. Кәсіпорынның рентабельділігі мен пайдасы.
- •15.Тақырып. Кәсіпорын қаржысы.
8.Тақырып. Еңбек ресурстары.
Әр кәсіпорынның еңбек ресурстары бұл басты ресурстары бола тұрып оның сапалы іріктеліп нәтижелі қолдануына байланысты, өндірістің тиімді болуына көп мүмкіндік береді. Кәсіпорында «еңбек ресурсы» деген термин, көбіне «кадрлар» немесе «персоналдар» деген терминдержиі қолданылады.
Кәсіпорын кадрлары деп толығымен жұмыс істейтін жұмысшылар құрамын айтады. Орындайтын функцияларына байланысты кәсіпорын кадрлары келесі категорияларға бөлінеді: - басшыларға, мамандарға және қыземткерлерге жоғарыда көрсетілген жұмысшылар категориялары (өнеркәсіптік-өндірістік персоналдары, Ө.Ө.П) деп аталады.
Әрбір жұмысшылар категориялары өзінің құрамында бір қатар мамандық, кәсіпке бөлінеді, ал келесі топ мамандарға, сонымен дәрежелеріне байланысты бөлініп отырады.
Кәсіп – бұл бір өндіріс саласындағы нақты өнім өндіру үшін қажетті аранайы теория білімі мен тәжірибелі еңбек дағдарысының жиынтығын айтамыз.
Мамандық – бір нақты іс-әрекет түұрі бойынша аранайы білім мен тәжірибе жинауды талап етеді.
Дәреже – бұл бір күрделі жұмысты орындау үшін қажетті білім мен тәжірибелі әдеттің жиынтығын айтамыз.
Мамандықтарды дәрежелеріне байланысты келесі топтарға бөлуге болады: мамандандырылмаған, аз мамандандырылған, мамандандырылған және жоғарымамандандырылғандар. Ал, мамандар категорияларына байланысты 1, 2, 3 – ші категорияларға және категориясыз маманға бөлінеді.
Мамандар – деп, инженерлі-техникалық, экономикалық мәселелермен айналысатындарды (инженер, экономист, бухгалтерлер, юристер және т.б.) айтамыз.
Қызметкерлер – деп құжаттарды дайындау мен формаға келтірумен айналысатындарды (іс-қағаздарды жүргізуші, кассир, табель жүргізуші, есеп жүргізушілерді) айтамыз.
Жоғарыда айтылған жұмысшылар категорияларының жалпы кәсіпорын жұмысшылар ішіндегі өзара байланыстылығын пайызбен көрсетілгенін – «кадрлар құрылымы» деп айтады.
Кадрлар құрлымын әртүрлі белгілеріне байланысты анықтауға болады: жастарына, жыныстарына, білімдеріне,стажына, дәрежелеріне байланысты.
Кәсіпорын кадрлары әрдайым өзгеріп отырады: біреулері жұмыстан шығып, ал біреулері жұмысқа орналасып отырады. Бұл жағдайды кәсіпорын кадрларының тұрақсыздылығы деп атайды.
Еңбек – адамдардың өздерінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін табиғи заттарды өздеріне бейімдеп алатын адам қызметі жатады. Еңбек ресурстары – еңбекке қатынасатын жұмысшылар. Еңбек қызметінің мәні техниканы, технологияны, өндірісті ұйымдастыруда, кадрларды сапалы даярлауда анықталады.
«Кадрлар», кәсіпорынның, шаруашылықтың еңбек ресурстары мен персоналдары деген түсінік бар.
Еңбек ресурстары – бұл жұмысшылар, кәсіпорынның жұмысшыларының маманданған құрамы.
Сандық құрамы бойынша жұмысшылардың келуі және орташа тізімдік саны арқылы бөледі. Келуі – жұмысқа келген жұмысшылар саны. Орташа тізімді – кәсіпорынның тізімінде тұрғандар.
Жұмысшылардың орташа тізімдік көрсеткіші еңбек өнімділігін анықтау үшін қолданылады. Ал еңбек өнімділігін шығарылған өнім көлемін жұмысшылар санына бөлу арқылы анықтайды.
Нарықтық қатынас жағдайында жұмысқа кадрларды даярлау. Нарық жағдайында квалификацияны жоғарылатыға және даярлауға кететін қаржылық шығындар. Көбінесе кәсіпорын дайын мамандарды қабылдайды.
Еңбек ресурстарына кәсіпорынның қажеттілігін анықтау. Еңбек ресурстарына кәсіпорынның қажеттілігі өндіріс технологиясына байланысты анықталады. Еңбек бойынша жоспарда жұмысшылардың барлық топтары үшін квартал бойынша бөлінген. Онда жұмысшылар саны күндік еңбек нормасы бойынша орташа тізімдік ретінде анықталады, әрі жұмысшылар 2 топқа бөлінеді:
Негізгі - өнеркәсіптік - өндірістік персонал. Орындалатын жұмыстық сипатына байланысты категорияға бөлінеді:
Жұмысшылар; ИТР; Қызметкерлер; Кіші қызмет персоналдары; Оқушылар мен күзетші.
Жұмысшылар санын жоспарлау. Еңбек ресурстарын тиімді пайдалануды есептегенде персоналдардың категориялық есебін дұрыс есептеу қажет.
Персоналдардың сандық жоспары бекітілген лимиттен аспауы қажет.
Еңбек өнімділігі және оны өлшеу әдісі.
Қазіргі кәсіпорындарда еңбек өнімділігі уақыт бірлігінде (мысалы, жұмыс күні аралығында немесе 1 сағатта) өндірілген өнім көлемінің санымен өлшенеді. Негізгі көрсеткіштерге өнімнің еңбек сиымдылығы (Мтр) және өнімділік (Q). Келесі формуламен есептеледі:
О = Т / Б; Мтр = Т / Ш
Мұндағы: Ш - өндірілген өнім көлемі, теңге немесе тонна; Б – жұмысшылардың орташа тізімдік саны, адам; Т – нақты ауқытта (сағат немесе жұмыс күні) барлық өнімге немесе тауар өндірісіне кеткен ауқытшығыны.
Еңбек өнімділігінің резервтік қоры, біріншіден, жұмыс уақыт қорын пайдалануды жақсарту, екіншіден, өнімнің бір бірлігін даярлауға кететін жұмыс уақыт шығынын төмендету; үшіншіден, бір станокта жұмыс істейтін адам санын қысқарту.
