- •Пәні бойынша білімгерлерге арналған оқу бағдарламасы (силлабус)
- •Курсты қысқаша сипаттау
- •1. Тақырып. Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуды сипаттау.
- •2 Тақырып. Экономиканы мемлекеттік реттеу.
- •3.Тақырып. Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде.
- •Тақырып. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі.
- •5 Тақырып. Негізгі капитал
- •6.Тақырып. Шикізат, материалдық және жанармай, энергетикалық ресурстар
- •7.Тақырып. Айналым капиталы
- •8.Тақырып. Еңбек ресурстары.
- •9.Тақырып. Еңбекақы.
- •10.Тақырып. Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты.
- •2.Инвестицияның мәні.
- •3.Қр инвестициялық саясаты
- •11.Тақырып. Өнімді өткізу және өндіріс шығындары
- •12.Тақырып: Өнімнің бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету
- •13.Тақырып. Кәсіпорынның экономикалық стратегиясы.
- •14.Тақырып. Кәсіпорынның рентабельділігі мен пайдасы.
- •15.Тақырып. Кәсіпорын қаржысы.
6.Тақырып. Шикізат, материалдық және жанармай, энергетикалық ресурстар
1.Отын – энергетикалық және шикізат ресурстарының түсінігі мен клссификациясы.
Материалдық-техникалық ресурстар –өндіргіш күштің негізгі звеносы болып табылады. Өндірісті дамытуға әсер ететін әдістер мен сапалы сипаты бойынша өндірістің әртүрлі құралдарын қамтиды. Бұған тракторлар, комбайндар, автокөліктер, әртүрлі өндірістік машиналар, жанармай материалдары, органикалық және минералдық шикізат, әртүрлі шаруашылық жабдықтар, ғимараттар және т.б. жатады.
Материалды- техникалық ресурстар материалдық-техникалық база өндірістік күштердің элементтерінің жиынтығын ұсынады. Одан басқа оларға жер, су ресурстарын және технологиялар жатады.
Кәсіпорынның материалдық-техникалық базасына өндіріс құралы ретінде негізгі және айналым қорлары да енеді.
2.ҚР отын – энергетикалық кешенін дамытуды болжау. Жетілген халықаралық технологияларды жұмылдыру үшін негізгі халықаралық мұнай компанияларымен ұзақ мерзімдік келісімді бекіту, ноу-хау және шикізат бөлшектерін тиімді әрі жылдам пайдалану үшін ірі капиталды жұмылдыру:
Экспортты құбыр жүйелерін құру;
Қазақстанға әлемдік стандартқа сәйкес ірі мемлекеттерді жұмылдыру және отынмен жабдықтаушыларды жоғарылату;
Ішкі энергетикалық инфрақұрылымды дамыту;
Республикада отын-энергетика кешенінен түсетін табысты тиімді пайдалану.
3.Материалды ресурстарды пайдалануды талдау әдәсі мен көрсеткіштері.
Материалдарды пайдалануды талдағанда оларды үнемдеу немесе артық шығынын анықтау. Жоспарлы норманы сақтай отырып өнім ассортименті мен шығарылатын өнімнің көлеміне кәсіпорын қанша материал жұмсайтынын есептеп алу қажет.
Үнемдеу немесе артық ығынның қатынасы келесі формуламен есептеледі:
Ам=Г1-Г0хКп/Кф
Мұндағы: Ам – нақты өнім шығаруға материалдар түрін үнемдеу немесе артық шығындалу; Г1 – материалдардың нақты шығыны; Г0 – материалдардың жоспарлы шығыны; Кп – тауарлы өнімді шығару жоспары; Кф – нақты шығарылатын көлем.
7.Тақырып. Айналым капиталы
Кәсіпорынның өндірістік қоры екі топқа бөлінеді: негізгі жіне айналым қоры. Тәжірибе жүзінде нарықтық экономикаға көшкен елдерде мұндай қорларды негізгі және айналым капиталы деп атайды. Өнімнің құнын белгілеу кезінде өндіріс процестерінде негізгі мен айналым құралдары әр түрлі деңгейде қолданылады. Кейбіреулері толығымен, ал кейбір қорлар бірте-бірте қатысып құнына толығымен көшпей, өздерінің қолдану мерзіміне байланысты бөлініп көшіріліп отырады. Ал, негізгі капиталға қарағанда, айналым құралдары өнім өндіру процесінде бір цикл процесінде толығымен қолданып өзінің алғашқы формасын жоғалтады.
Сонымен, айналым құралы дегеніміз – ақша құралдарының жиынтығын айтамыз, бұлар өндіріс процесінің тоқтаусыз жұмыс істеуін және дайын өнімді сатуды қамтамасыз етуіне мүмкіндік беретіндігі. Яғни айналым өндіріс қоры өндіріс процесінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етсе, ал айналым құралдары сол дайын өнімді сату кезінде қолданып, кәсіпорынның ақшалай формада кіріс алуына ықпал етеді. Сондықтан айналым құралдарының экономикалық ролінің мәні – бұл өндіріс процесінің үздіксіз жұмыс етуіндегі қажеттілігінде болып саналады.
Айналым өндіріс қорлары - бұл еңбектің орындалу кезіндегі негізгі құрал-саймандар, (негізгі шикізат пен жартылай фабрикаттар және жанармай мен өнімді тасымалдау кезіндегі қажетті қораптары мен ыдыстары және басқа да ресурстар және тез тозатын арзан құралдарды айтамыз).
Өнеркәсіп салаларына айналым құралдарының құрамының көпшілік үлесін өндіріс запасындағы әсіресе шикізат пен негізгі материалдарына жұмсалатындығы байқалады.
Кәсіпорынның айналым қоры, оның құрылымы мен құрамы.
Негізгі өндірістік қорлар - өндіріс процессіне ұзақ мерзімді қатысатын бағалы материалдық – заттардың жиынтығы болп табылады.
Негізгі қорларға қарағанда, айналым қорлары өндіріс процессінде бір рет қатысып онда өзінің тұтынушылық құнын өзгертеді.
Өндірістік негізгі қорларға өндірістік құралдар жатады, әрі олар өнім өндірісінде тікелей қолданылады. Нақты заттық құрамына байланысты оған жататындар: еңбек құралы, өндірістік ғимараттар мен үй жайлар, машиналар, ұзақ мерзімді пайдаланатын құралдар, автокөлік құралдары, егістік жерлер, бау-бақша.
Ал өндірістік қорларға жататындар айналым құралдары немесе айналым қорлары, олар жалпы өндірістік циклде тұтынылып, осы цикл аралығында өндірілетін өнімге айналады және кәсіпорынға әр цикл сайын ақшалай формада қайтарылады.
Айналым капиталы үзіліссіз айналымды қамтамасыз етіп, қор айналымы мен өндірістік қорлардың айналымын құру үшін, басқа да қайнар көздерді және несие құралдарын ұсынады.
Өндірістік стадия өндірістің технологиялық процессін ұсынады. Осы стадияда өндірілетін өнімнің құны, бөлініп, ал өндірістік бөлшектердің пайдалану құны еңбек ақы қорына да қосымша еңгізіледі.
Кәсіпорынның қорытынды жұмысының нәтижесіне айналым капиталының әсері.
Айналым құралдарын тиімді пайдалану кәсіпорынның қаржылық қызметіне әсер етеді. Оны талдауға келесі көрсеткіштер қолданылады: жеке айналым құралдарының саны, кәсіпорынның төлем қабілеті, оның ликвидтілігі, айналым құралдарының айналымдылығы және т.б.
Төлемқабілеттілік бұл ликвидтілік, яғни қажетті көлемдегі шығындарды жабу мүмкіндігі.
Ликвидтілік қарыздардың көлеміне байланысты, әрі ликвидті құралдардың көлемі, бағалы қағаздар мен жылдам өткізілетін тауарлар.
