Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Кєсіп. экон.қаз-нов.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
454.14 Кб
Скачать

1. Тақырып. Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуды сипаттау.

1.Қазақстан Республикасының экономикасын дамытудың негізгі бағыттары.

Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан –2030 өркендеу, қауіпсіздік және барлық қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту» мақсатындағы жолдауында экономиканы дамыту арқылы халықтың әл-ауқатын әлеуметтік жағдайын жақсарту арқылы, тұрақты мемлекеттік саясат пен тәуелсіздікті құру қарастырған.

Қазақстан табиғи ресурстарға бай, әрі ауылшаруашылық өнімдерін және кең жер аумақтарына ие.

Әрбір адамның өзі, оның білімі мен мамандануы қойылған мақсатқа жеткізіп, экономиканы жоғарлатудың бір факторы болып табылады. Осы аталғандардың барлығы нарықтың тәртібін сақтау негізінде өндірістің экономикалық өсуін қамтамасыз етеді:

  • экономикаға мемлекеттің шектеулі араласуы;

  • макроэкономиканың тұрақтануы;

  • тауарға бағаның жоғарлауы;

  • жеке меншік институттарды бекіту;

  • кәсіпорынды жекешелендіру;

  • ашық сауда және ашық экономика;

  • шетел инвестициясын қорғау;

  • қазақстан үшін жеке техникалық стратегияны жүргізу;

  • өндірісті диверсификациялау.

Концентрация – бір ауданда орналасқан өндірістік бірлестіктің немесе саланың, бір кәсіпорында алынған өнімнің және жұмыс күшінің шоғырлануы.

Ол әрбір басқа өндірістің тиімділігін жоғарлатады. Ірі кәсіпорындар былай жұмыс істейді, мысалы, шикізатты қайта өңдеу мен дайын өнімді өткізетін мұнай өндіруші зауыттарды айтуға болады.

Кәсіпорынның мамандануы, яғни оның болашақта даму мүмкіндігін айтуға болады. Ол кәсіпорынның құрылымдық саласын анықтап және өндірістің бағытын сипаттайды.

Кооперация – бір өнім түрін бірлесіп жұмыс атқаруы. Мысалы, бірнеше мұнай өндіретін компаниялар бірлесе отырып, өздеріне қажетті мұайды өндіретін зауыт құрап алуларына болады. Біріншіден, бір орында өңделгендіктен өнімнің көлемі артады, екіншіден пайдасы жоғарлайды.

Өндірістің тиімділігін жоғарлатудың бір тиімділігі ішкі салалық бірлестік, яғни ол еңбек өнімділігін жоғарлатып және өнімнің өзіндік құнын төмендетіп отырады.

2. Өнеркәсіп және қоғамды дамытуға оның әлеуметтік-экономикалық ролі.

Республиканың кейбір аймақтарында өнеркәсіпті қайта құру (мысалы, Атырауда, Ақтауда, Жезқазғанда пайда мен өндірістік өнімдердің ұлғаюы, қоғамдағы және аймақтағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға әсер етеді. Жергілікті билік органдары арқылы, орташа еңбекақысы артып, жұмыссыздық бойынша жеңілдік алып, зейнеткерлер мен Ұлы Отан соғысына қатысқандар үшін жеңілдіктер беріліп және халықты әлеуметтік қорғаудың түрлері артып отыр.)

Өндірістік процеске әсер етуіне байланысты инфрақұрылымды өндірістік және әлеуметтік деп екіге бөлуге болады.

Өндірістік инфрақұрылымға өндіріске қызмет ететін салалар жатады: транспорт, электрэнергиясы, байланыс, материалды-техникалық қамтамасыз ету, өткізу, ғылыми және ақпараттық сипатқа ие кәсіпорындар байланысы, білім және мәдениет ұйымдары, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, медициналық және мектепке дейінгі балалар мекемесі, қоғамдық тамақтану және сауда кәсіпорындары жатады.

Өнеркәсіптерде экономиканы жоғарлату әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына әсер етеді.

Халық шаруашылығы саласының құрамына үш сфера енеді:

  • біріншісіне өнеркәсіп салалары жатады, өндіріс ресурстары және өндіретін құралдар;

  • екінші әрі ауыр өндіріс, жанар-май энергетикалық, электроэнергиясының өнеркәсібі, машина жасау, қара және түсті металлургия, химия және мұнай өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі;

  • үшіншісіне қызмет көрсету саласы жатады: байланыс, автокөлік, жол құрылыс кәсіпорындары және т.б.