Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Кєсіп. экон.қаз-нов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
454.14 Кб
Скачать

13.Тақырып. Кәсіпорынның экономикалық стратегиясы.

1.Экономикалық стратегияның түсінігі.

Экономикалық стратегия ұзақ мерзімге кәсіпорынның экономикалық даму бағытын анықтайды. Оның бөлінуі:

  • экономикалық өсуге бағытталған экономикалық пен құқықтық механизмді дамыту стартегиясы;

  • рентабельсіздік өндірісті қысқарту, тауарлардың кризисті жағдайында қажетті объектілерді сақтапқалу.

Қазіргі стратегия ұзақ мерзімді мақсатты жоспарланғанда иекмді болып келеді.

Кәсіпкерлер, кәсіпорын жетекшілері бірнеше стратегиялық міндеттер қояды:

  • әртүрлі нарықтар үшін өндірісті жаңа өнімге бейімдеу;

  • қызмет көрсету ие немесе тауар өндіру.

Көптеген жағдайда мақсатқа жету үшін кәсіпорын өзінің потенциалдық мүмкіндігін бағалайды. Мысал үшін баға белгілеу стратегиясын алайық.

Егер баға саясаты нарыққа енуге бағытталса, «төмен бағадағы жақсы сапа» әдісі қолданылады. Өндірістің тиімділігін төмендетпеу үшін шығындарды тұрақты төмендетіп отыруды талап етеді.

Нарық жағдайында өз өнімін өткізуді қамтамасыз ету үшін, өндіруші тек өз көзқарасымен ғана өз тауарын бағалап қана қоймай, әрі тұтынушы тарапынан да көзқарасты бағалай білу қажет. Осындай жағдайда ғана тауар өндіруші де, тұтынушы да өздеріне қажетті бағаны белгілей салады. Нарық жағдайында баға белгілеудің негізгі аксиомы келесі: - бағаны төмендету әлдеқайда жеңіл ал жоғарылату - әлдеқайда күрделі.

Баға белгілеудің негізгі аспектісі – бәсекелестердің жауапты өлшемдерін есепке алу. Баға тек қана нарықтағы үлесті жаулап қана қоймайды, әрі бұрыңғы жоғалтқан үлесін қайтару үшін қажет.

Жеке капиталды қалыптастыру үшін бағалы қағаздар мен қарапайым акциялар жеткілікті.

Оның иелеріне акционерлер ретіндегі құқығы пайда болады. Оларға жататындар:

  • пайдаға үлесінің құқығы; ликвидациялық соммаға үлесінің құқығы.

Барлық стратегиялық жоспарлардың қойылған мақсатқа сәйкестігін және мерзімінде орындалуын бақылау қажет.

2.Сыртқы экономикалық қызмет стратегиясы.

Инвестициялық қызмет стратегиясы.

Инвестициялық пайда табуды жоспарлау ұзақ мерзімдік болып табылады.

Инвестиция қаржылық болып табылады (бағалы қағаздар акциясын тұтыну, процент пен көптеген операцияның орындалуы үшін банктің депозиттік шотына ақша салу).

Персоналдарды ынталдыру стратегиясы:

Барлық аталған стартегия кәсіпорындағы персоналдарды, коллективті ынталандыру стратегиясын қосымша алып жүрмесе қойылған мақсатқа жеткізе бермеіді. Өндірісте тек бір ғана тауарлы өнім бәсекелестік қабілетке ие бола бермейді, сондықтан кадрларды өзгерту қажет:

  • сандық құрамы бойынша төмендету немесе ұлғайту;

  • негізгі немесе көмекші өндірісте технологиялық процессті қамтамасыз ету;

  • квалификациясы, разряды бойынша;

  • білім деңгейі бойынша;

  • нақты жұмысты орындау бойынша технологиялық процесске мамандарды әзірлеп, алмастыру.

  • Ағымдылығы бойынша;

  • Жоғары мамандандырылған кадрлардың үлес салмағы арттыру бойынша.

Қажетті саясат: өнімді өткізу бойынша өз ауқытында маркетингтік зерттеу жүргізу, тауар номенклатурасын жаңарту, жабдықтарды, техниканы жаңарту, квалификациялық сипатына сәйкес емес мамандарды жұмыстан босату және т.б.

Экономикалық стратегияның локальды жүйесі: барлық аталған бағыттар бойынша бақылау жүргізу.

3.Экономикалық стратегияны қалыптастыру кезеңдері. Экономикалық стратегияны қалыптастыру жүзеге асыру:

  • кәсіпорынды дамыту стратегиясы; өмір сүру стратегиясы;

  • тауар өндірісінің стратегиясы; баға белгілеу стратегиясы;

  • өндірістік ресурстар нарығындағы кәсіпорын іс-әрекетінің стратегиясы;

  • бағалы қағаздар нарығында фирманың мінез-құлық стратегиясы;

  • трансакциондық шығындарды төмендету стратегиясы;

  • сыртқы экономикалық қызмет стратегиясы;

  • өндірістік шығындарды төмендету стратегиясы;

  • инвестияциялық қызмет стратегиясы;

  • персоналдарды ынталандыру стратегиясы;

  • зиянсыздықты бодырмау стратегиясы. Олардың барлығы нақты жоспарлану қажет.

Стратегия 3-5-7 жылға жоспарланып отырады.