Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың мәні және қажеттілігі.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.71 Mб
Скачать

13.3. Кәсіпкерлік қызмет инфрақұрылымынын, институттары. Шағын бизнес орталыңтарының құрылуы мен қалыптасуы

Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымы жеке кәсіпкерлік қызметті құрудың, қызмет етуі мен дамуының қолайлы жағдайларын қамтамасыз ететін ұйымдар кешенін сипаттайды.

Қазаңстан Республикасында мұндай ұйымдарга мыналарды жатцызуга болады:

• мемлекеттік ұйымдар және мемлекеттің қолдауымен құрылған ұйымдар;

• үкіметтік емес ұйымдар;

• халықаралық және шетелдік ұйымдар;

• коммерциялық ұйымдар.

Функционалдық бағытталуына байланысты инфрақұрылым институттарының құрылымы келесідей түрде болады:

• кәсіпкерліктің қалыптасуы, қызмет етуі мен даму кезеңдерінде мемлекет тарапынан қолдау көрсету;

• қаржылық қолдау;

• ақпараттық талдаушылық қолдау;

• білім беру мен кадрлардың біліктілігін арттыру аясын-дағы қолдау;

• материалдық-техникалық қолдау.

¥йымдық және функционалдық құрылымдарды сәйкестендіру Қазақстандағы кәсіпкерліктің даму үрдісіндегі институттардың оған қатысу деңгейінің матрицасын құрастыруға мүмкіндік береді (20-кесте).

20-кестенің мәліметтеріне жүгінсек мемлекеттік басқару органдарына жоғарыда аталған бағыттар бойынша кәсіпкерлікке септігін тигізу саясатын қалыптастыру мен жүзеге асыру бойынша қүқықтар мен құзыреттілік берілген. Мемлекет олардың сапалы түрде өтуі мен алынган нәтиже үшін жауапты болады.

Кәсіпкерлікті дамытуға септігін тигізетін барлық ұйымдардың қызметіне әсер ететін факторларға байланысты олардың өз артықшылықтары мен кемшліктері бар. Кәсіпкерлерге қатысты шешімдер қабылданған жағдайда, біреулерге мотивация ретінде коммерциялық мақсат басым болса, ал басқа жағдайда басшылық тарапынан өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға деген мүдде көбірек әсер етуі мүмкін.

Мемлекеттік ұйымдар мен мемлекет бастамасымен құрылган ұйымдар

Кәсіпкерліктің дамуы үшін жауапты және саясатты жүзеге асыратын жоғары мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасының Ипдустрия және жаңа технологиялар министрлігі (ИЖТМ). Министрлік орталық атқарушы органға жатады және ел Президенті мен Үкіметке есеп береді. Мемлекеттік органдардың құзыреттерін тарату сызбасы 41-суретте келтірілген.

¥йымдық құрылым ретінде ИЖТМ-нің құрамына Кәсіпкерлікті дамыту департаменті кіреді. Ол кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау аясындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен нормативтік-құқықтық реттеу бағыттары бойынша функцияларды жүзеге асырады.

Құжаттарда көрсетілгендей, департамент қызметін реттейтін оның негізгі міндеттері болып мыналар табылады:

• кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау аясындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру;

• кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасау;

• инвестицияларды тарту бойынша шараларды жасап шығару.

Департамент құзыреттілігіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың қызметін қадағалау.

Аталған функциялардан басқа, Департамент сонымен қатар кәсіпкерліктің дамуына бөгет жасайтын шенеуніктердің қарама-қайшы іс-әрекеттеріне деген кәсіпкерлердің өтініштерін қарастырып, олар бойынша қажетті шараларды жүзеге асыруға міндетті.

Республикадағы кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік құрылымының келесі деңгейі Алматы және Астана цалалары мен облыстары Әкімдерінің аппараты аясында жергілікті атқарушы органдар болып табылады. Кәсіпкерлікті дамы-ту мен қолдау аясындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асы-ру үшін экімшіліктер жанынан Кәсіпкерлік бөліміне кіретін Кәсіпкерлік пен өнеркәсіп департаменттері (Басцармалары) құрылған.

Облыстық Кәсіпкерлік пен өнеркәсіп департаменті (Алма-ты мен Астана қалаларынікі сияқты) өз құзыреттілігі шегінде шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауды жүзеге асыра алады.

Қойылған міндетті жүзеге асыру үшін Департаментке мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бопынша келесідей функциялар мен цүцъщтар берілген:

• кәсіпкерлік аясындағы бірегей мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыру;

• мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының қызметін қадағалау;

• қоғамдық бірлестіктермен және басқа да мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдармен өзара әрекеттесу;

• белгіленген тәртіп бойынша хаттарды, өтініштерді, ұсыныстарды және түлғалардың жеке ұсыныстарын қарастыру.

Кәсіпкерлік жүйесіндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру түрғысындағы іс-әрекеттер, құрамында кәсіпкерлік мәселелерімен айналысуға міндетті Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі мен Экономика мен царжы бәлімі бар, республиканың аудандары мен ңалалары Әкімшілігінің аппаратымен белгіленген аумақтық атқарушы органдар болып табылады. Аумақтық атқарушы органдарға қабылданған мемлекеттік саясатты тікелей жүзеге асыру және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын жоспарларды, бағдарламаларды жүзеге асыру функциялары жүктелген.

Осылайша, атқарушы мемлекеттік органдар мемлекет пен кәсіпкерліктің өзара қарым-қатынастарын реттеу аясында үкімет тарапынан белгіленген кәсіпкерлік саясатты жүзеге асырудың негізгі субъектісі болып табылады.

Кәсіпкерлік ортаның бастамаларын жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау және Үкімет тарапынан қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында, жергілікті органдарда экім аппараттары жанынан Кәсіпкерлік істер жөніндегі комиссиясын құру арқылы кәсіпкерлермен «кері байланыс» жүйесі жұмыс істеуде. Оның негізгі функцияларына мыналар кіреді:

• шагын және орта бизнестің дамуына бөгет болатын мәселелерді зерттеу;

• атқарушы органның жергілікті және аумақтық органда-ры үшін ұсыныстар жасау.

Мұндай «кері байланыс» жүйесін ұйымдастыру үшін кәсіпкерлермен орталық атқарушы органдар деңгейінде Қазацстан Республикасы Президенті жанынан құрылган Кәсіпкерлер кеңесі бар. Кеңестіц негізгі міндеттері болып мыналар табылады:

• кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуға бағытталған ұсы-ныстарды жасап шыгару;

• нарықтық экономиканың дамуын ынталандыратын жағдайларды қарастыру;

• Қазақстан Республикасында жұмыс жасайтын іскерлік орталықтарды, кәсіпкерлік ассоциациялар мен одақтарды құру;

• кәсіпкерлік жұмыс аясындағы маңызды мемлекеттік мәселелерді шешу үшін ұсыныстарды дайындау.

Қазақстан Республикасы Президенті жанынан құрылған Кәсіпкерлер кеңесі кәсіпкерлікті одан әрі дамыту мен кәсіпкерлікті дамыту жолындағы кездесетін кедергілерді жүйелі түрде жою мақсатында Президентке, Үкімет пен Парламентке нақты ұсыныстарды дайындайды. Сонымен қатар, бұл Кеңес кәсіпкерлік істер бойынша ассоциациялардан, кәсіпкерлерден түсетін ақпаратты өңдеу және жинақтау жұмыстарымен де айналысады.

Кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдау мақсатында олар-ды материалдық-техникалық және ақпараттық-талдаушылық, қаржылық тұрғыдан қамтамасыз ету бағыттары бойынша жұмыстар жүргізеді. Қолдаудың бұл түрлері жергілікті және аумақтық деңгейлерде қабылданатын алуан түрлі бағдарламаларды жүзеге асырумен, сонымен қатар, мемлекеттік