- •Жоспар:
- •Кәсіпорынның қаржылың ресурстары және қалыптасу көздері
- •Қаржылық ресурстарды жоспарлау
- •5.1. Кәсіпорынның қаржылың ресурстары және қалыптасу көздері
- •Қаржы ресурстарының құрамы
- •5.2. Қаржылық ресурстарды жоспарлау
- •5.3. Кәсіпорын қаржысын басқару жүйесі
- •5.4.Кәсіпкерліктегі лизингтік операциялар
- •5.5. Кәсіпкерліктегі факторинг
5-лекция КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
Жоспар:
Кәсіпорынның қаржылың ресурстары және қалыптасу көздері
Қаржылық ресурстарды жоспарлау
Кәсіпорын қаржысын басқару жүйесі
Кәсіпкерліктегі лизингтік операциялар
Кәсіпкерліктегі факторинг
5.1. Кәсіпорынның қаржылың ресурстары және қалыптасу көздері
Кәсіпкерлік ұйымдарды қаржыландыру - бұл жай және ұлғаймалы ұдайы өндірісті қаржылық қамтамасыз ету шартта- ры мен қағидаларының, нысандары мен эдістерінің жиынтығы. Қаржыландыру деп ақшалай қаражаттардың қалыптасу үрдісін немесе кең мағынада - капиталдың барлық түрлерінің қалыптасу үрдісін айтады. «Қаржыландыру» түсінігі «инвестициялау» түсінігімен тығыз байланысты. Еғерде қаржыландыру
бұл ақша қаражаттарының қалыптасуы болса, твестицишау
бұл оларды пайдалану. Екі түсінік өзара байланысты, бірақ та біріншісі екіншісін туындатады: царжыландыру көздері болмай, қандай да бір инвестицияларды жоспарлауга болмайды. Соны- мен қатар, кәсіпорынның қаржы ресурстарының қалыптасуы эдетте оларды пайдалану жоспарын ескере отырып жүрғізіледі.
Кәсіпорынды царжыландыру көздерін тацдау барысында келесідей бес негізгі міндеттерді шешу цажет:
қысқа және ұзақ мерзімді капиталға деғен қажеттілікті анықтау керек;
оңтайлы құрылымын анықтау мақсатында қаражат- тардың активтері мен пассивтерінің құрамын анықтау керек;
кәсіпорынның тұрақты төлемқабілеттіліғін және сәйкесінше қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету керек;
максималды пайда экелетіндей етіп кәсіпорынның оз және қарыз қаражаттарын пайдалану керек;
шаруашылық қызметті қаржыландыруға деғен шығын- дарды төмендету керек.
Кез келғен кәсіпорын экономикалық жүйеніц элементі болып табылады және кәсіпкерлік қызмет бойынша серіктестермен, әр түрлі деңгейдеғі бюджеттермен, капитал иелерімен және басқа да субъектілермен белгілі бір қарым-қатынастарға түседі. Қаржылық ресурстарды қалыптастыру мен пайдалану үрдісінде кәсіпорында нарықтың басқа субъектілерімен қаржылъіқ қатынастар пайда болады. Дэл осы қатынастар кәсіпорын қаржысының мэнін құрайды.
Кәсіпорын ңаржылары оның өндірістік-шаруашылыц қызметі барысында пайда болатын және оның қаржылық ре- сурстарын қалыптастыру және болумен байланысты ақшалай қатынастарды сгтаттайды.
Қаржылық қатынастар құрамында кэсінорынның ақшалай қатынастарының келесідей топтарын бөліп көрсетеді.-
контрагенттермен - бастапқы табыстарды қалып- тастыру және шаруашылық ішіндегі мақсатты қорларды құру және қолдану бойынша (жаргылық капитал, жинақтау мен тұтыну қорлары);
үйымдар және кәсіпорындармен - қаржыларды болу бойынша, бұл жағдайда қаржылық ресурстардың қозгалысы қор сипатында емес түрде жүзеге асырылады (келісімшарттық міндеттемелерін бұзған жағдайда айыппүл төлеу, әр түрлі пайлық салымдар салу, бірлескен қызметтен түсетін пайданы үлестіру, мемлекет пен басқа да кәсіпкерлік үйымдардың қүнды қағаздарын сатып алу, олардан дивидендтер алу);
өнім түтынушылармен - кәсіпорындар олармен бай- ланысқа түсе отырып келісімшарттардың түрлері мен нысанда- рын өзі таңдайды. Міндеттерді орындау шарттары мен санкция- ларды пайдалану тәртібін оздері анықтайды. Өз енімдеріне деген бағаны ездері қалыптастырады. Жабдықтаушылар багаларының негізділігін ез бетінше анықтайды. Жоғарьща аталған фактор- лар кәсіпорынның қаржылық шекті нэтижелеріне бірпіама әсер етеді;
сақтандыру үйымдарымен - міндетті және ерікті сақтандырудың әр түрлі түрлерін тавдау бойынша;
банктік жүйемен - қарыздарды алу және өтеумен, пай- ыздарды телеумен байланысты есепті-кассалық қызмет керсету бойынша, сонымен қатар банктерге езінің бос ақша қаражат- тарын белгілі бір ақы үшін уақытша пайдалануды ұсыну бой- ынша;
мемлекетпен - бюджеттік және бюджеттен тыс қор- ларды құрастыру және қалыптастыру, қолдану бойынша. Ақшалай қатынастардың бүл тобы бюджетке және бюджеттен тыс қорларға алуан түрлі салықтарды, алымдарды, жарналар- ды және т.б. телеу арқылы жүзеге асырылады. Екінші жағынан, өндірістік емес сфераны, мақсатты багдарламаларды және т.б. бюджеттік қаржыландыру түрлері жүзеге асырылады;
> жогары басшылыц цүрылымдармен - кәсіпорын ішіндегі қаржылық ресурстарды қайта үлестіру бойынша «тікелей» және «көлденең» езара байланыстар.
Жогарыда аталган қаржылық қатынастар үшін ортақ нәрсе,
ол:
олардың ақшалай нысанда сипатталуы және ақша қаражаттарының қозгалысын бейнелеуі;
екі жақты сипатқа ие болатындыгы және кәсіпорынның нарықтың басқа да қатысушыларымен белгілі бір шаруашылық операңияларының нэтижесі болып табылатындыгы;
ақшалай қаражаттың қозгалу үрдісінде, қаржылық қарым-қатынастық негізінде әр түрлі багыттагы кәсіпорынның ақшалай қорлары қалыптасады.
Кәсіпорынды қаржыландыру көздері - ішкі (меншікті ка- питал) және сыртцы (царыз және тартылган капитал) болып бөлінеді. Ішкі царжыландыру өз қаржысын пайдалануды, оның ішінде ең алдымен - таза пайда мен амортизациялық аударым- дарды пайдалануды қарастырады.
Ішкі және сыртқы коздерден түсетін қаржы ресурстарының қүрамы 12-суретте келтірілген.
