3.3. Кәсіпкерлік тәуекелдерді басқару
Кәсіпкерлік қызмет қолайсыз нәтижелердің, оң салдардың пайда болу мүмкіндігімен байланысты болгандықтан, олардың пайда болуын азайтатын немесе теріс салдарды болдырмай- тын әдістер мен тәсілдерді жасап шығару қажеттілігі туындайды. Экономикалық ғылымда мұндай сипаттағы ісәрекеттерді тәуекелді басқару жүйесі деп атайды. Кәсіпкерлік фирманың қызметінің шекті нәтижелеріне тәуекелдің әсерін жұмсартуға бағытталған қызметтің ерекше түрі.
тәуекелді басқару тұжырымдамасы үш негізгі айқындамадан тұрады:
тәуекел жағдайында кәсіпкерлік қызмет салдарын анықтау;
бұл қызметтің мүмкін болатын теріс салдарына әсер ету қабілеті;
жасалатын іс-әрекеттердің оң нәтижелері жойылатын немесе теріс нәтижелердің орны толтырылатын шараларды жасап шығару мен жүзеге асыру.
Тәуекелді басқару шешімді қабылдау барысында нұсқаларды іздеуді білдіреді. Тәуекелді сапалық бағалау кәсіпкерлік фирманың ұзақ мерзімді перспективада кәсіпкерлік фирманың табысқа жету мүмкіндіктерін арттырады, оның қаржылық жағдайының нашарлау қаупін біршама темендетеді.
4-кестеде кәсіпорын тәуекелін басқарудың негізгі әдістерінің жіктемесі келтірілген. Аталған әдістердің бір белігі болашақта тәуекелді темендетуді, ал қалған белігі дереу темендетуді кепілдендіреді. Бір әдістерді шамаға тікелей әсер ету шаралары ретінде, ал қалған әдістерді - жанама әсер ету шаралары ретінде қарастыруға болады.
Тәкекелді ескерту әдістері |
Тәкекелді болдырмау әдістері |
Тәкекелді локальдау әдістері |
Тәкекелді әртараптандыру әдістері |
Тәкекелді экономикалық салдарын төмендету әдістері |
Тәуекел туралы қажетті ақпаратты алу Кәсіпорын қызметін стратегиялық жоспарлау белсенді мақсатқа бағытталған маркетинг Сыртқы орта дамуын болжау Персоналды оқыту мен оның нұсқамасы Ескерту шараларын жүзеге асыру (аварияға қарсы, өртке қарсы) |
Сенімсіз әдеттерден бас тарту Гранттарды іздестіру Тәуекелді жобалардан бас тарту Мүліктің консервациясы Қабылетсіз қызметкерлерді жұмыстан босату |
Тәуекелді жобаларды жүзеге асыру үшін еншілес кәсіпорындарды құру Арнайы құрылымдық бөлімшелерді құру (негізделген балансы бар) Тәуекелді жобаларды жүзеге аыру үшін бірлескен қызметті жүзеге асыру туралы келісімшартты жасау |
Жеке жобалардың қатысушылары (бірігіп орындаушылыр) арасында тәуекелдерді үлестіру өткізумен тасымалдарды әртараптандыру Инвестицияларды әртараптандыру қызмет түрлерін әртараптандыру уақыт бойынша тәуекелді үлестіру |
Лимиттеу өзін-өзі сақтандыру (қорларды құру мен резервтілеу ) өзара сақтандыру сақтандыру |
Қазақстанның шаруашылық жүргізу тәжірибесінде тәуекелді болдырмау мен локальдау әдістері кеңінен тараған. Бұл әдістерді сөнімсіз әріптестер қызметінен бас тартатын, тек сөнімді контрагенттермен жұмыс істеп, әріптестер ортасын кеңейтуді қаламайтын көптеген өндірістік кәсіпорындар басшылары қолданады.
Тәуекел дәрежесін болдырмау және лимиттеу. Кәсіпкерлік тәуекелдерді болдырмаудың бұл бағыты ең ұтымды болып табылады және кәсіпорын үшін тәуекелдің кез келген түрін болдырмауды білдіреді. Тәуекелден бас тарту туралы шешім, оны қабылдаудың алдынғы сатысында немесе шешімді қабылдау сатысында қабылдынуы мүмкін, ал кейбір жағдайда кейіннен де қабылдануы мүмкін. Тәуекел деңгейі болжанғаннан жоғары болса, кәсіпорын өзі атқаратын қызметтің қандайда бір түрінен бас тартуы да мүмкін. Оны болдырмау туралы шешімдердің көбісі шешімді қабылдау сатысында қабылданады. Өйткені кәсіпорын қатысатын қызмет түрі ол үшін бір шама қаржылық және басқа да шығындарға алып келуі мүмкін. Бұл жағдай көбінесе келісім шарт міндеттемелерін орындаумен байланысты.
Тәуекелді төмендетудің аталған бағыты ең қарапайым және ұтымды болып табылады. Ол жұмсалатын шығындар мен белгісіздікті толығымен болдырмауға мүмкіндік береді, алайда тәуекелге байланысты қызметтен пайда көлемін алуға мүмкіндік бермейді.
Белгілі бір дәрежеде тәуекелді жартылай болдырмау тәсілі оның шоғырлануын лимиттеу болып табылады. Бұл механизм тәуекел жіберілетін деңгейі шегінен шығатын кәсіпкерлік тәуекелдерге қатысты қолданылуы мүмкін. Мұндай лимиттеу, кәсіпорын қызметінің алуан түрлі аспектілерін жүзеге асыру саясатын жасап шығару үрдісінде, кәсіпорында сәйкес нормативтерді орнату жолымен жүзеге асырылады. Тәуекелдердің шоғырлануын лимиттеуді қамтамасыз ету келесі жағдайлардан тұруы мүмкін.
Шаруашылық қызметте қолданылатын қарыз қаражаттарының шекті мөлшері (үлес салмағы). Бұл лимит кәсіпорынның операциялық және инвестициялық қызметі үшін бөлек белгіленеді. Ал бірқатар жағдайларда - жеке қаржылық операциялар үшін (нақты инвестициялық жобаны қаржыландыру үшін, айналым активтерін қалынтастыруды қаржыландыру үшін және т.б.);
жоғары өтімді нысандагы активтердің минималды мөлшері (үлес салмагы). Бұл лимит кәсіпорынның жедел қаржылық міндеттемелерін жуық арада өтеу мақсатында жоғары өтімді активтердің резервін жасаумен сипатталатын «өтімді жастықтың» қалыптасуын қамтамасыз етеді. «Өтімді жастық» ретінде ең алдымен кәсіпорынның қысқа мерзімді қаржылық салымдары, сонымен қатар оның дебиторлық борышының қысқа мерзімді нысандары шығады;
бір сатып алушыга ұсынылатын тауарлық (коммерциялық) немесе тұтынушылық несиенің максималды мөлшері. Несиелік тәуекелді шоғырландыруды темендетуге бағытталған несиелік лимиттің мелшері, өнім сатып алушынарына тауарлық несиені ұсыну саясатын қалыптастыру кезінде орнатылады;
бір банкте орналастырылатын депөзитті салымның максималды мөлшері. Бұл нысандағы депөзитті тәуекелді шоғырландыруды лимиттеу, кәсіпорын капиталын инвестициялаудың аталған қаржылық құралын қолдану үрдісінде жүзеге асырылады;
бір эмитенттіц багалы қағаздарының қаражаттарын салудың максималды мөлшері. Лимиттеудің Бұл нысаны, бағалы қағаздар портфелін қалынтастыру кезінде жүйелік емес (ерекше) қаржылық тәуекелді шоғырландыруды төмендетуге бағытталған. Бірқатар институционалды инвесторлар үшін Бұл лимит міндетті нормативтер жүйесінде, олардың қызметін мемлекеттік реттеу үрдісінде орнатылады;
дебиторлық борышқа қаражаттарды аудартудың максималды кезеңі. Осы қаржылық норматив есебінен телем қабілетсіздігі тәуекелін, инфляциялық тәуекелді, сонымен қатар несиелік тәуекелді лимиттеу қамтамасыз етіледі.
Қаржылық тәуекелдердің шогырлануын лимиттеу үлкен шығындарды талап етпейтін және осы тәуекелдерді қабылдау бөлігіндегі, кәсіпорынның қаржылық идеологиясын жүзеге асыратын тәуекел-менеджменттің, кеңінен таралған ішкі механизмдерінің бірі болып табылады. Тәуекелдерді басқарудың аталған әдісі қаржылық және коммерңиялық тәуекелдерге қатысты тиімдісі болып табылады және басқа тәуекелдерді басқару кезінде оны қолдану міндетті емес.
Кәсіпкерлік қызметте тәуекелдерді төмендету әдістерінің бірі әртараптандыру болып табылады. Әртараптандыру - бір-бірімен өзара тікелей байланысты емес, қызметтің алуан түрлері арасында капитал салымдарының күшін үйлестіру. Бұл жағдайда, егерде күтілмеген жағдайлар нәтижесінде қызметтің бір түрі зиянды болса, екіншісі табыс әкелетін болады.
Әртараптандыру тәуекел деңгейін төмендету әдісі ретінде.
Өз қызметінде кәсіпкер әртараптандырудың келесідей типтерін қолдана алады:
Шогырланган әртараптандыру - техникалық және маркетингтік көзқарастан кәсіпорыннан шығарылатын өнімге үқсас болатын өз номенклатурасын толтыру. Мысалы, құрылыс кәсіпорындары үшін, өнеркәсіптік және азаматтық қүрылыспен қатар - коттедждер, гараждар, саяжайдағы үйлер, сауда павильондарының құрылысы, күрделі және ағымдық жөндеу. Әртараптандырудың Бұл түрі өндіріс профилін өзгертпейтін болғандықтан, қызмет үрдісіне біршама қосымша салымдарды талап етпейді.
Көлденең әртараптандыру - кәсіпорынның негізгі қызметіне байланысты болмайтын қызметтермен және өнімдерімен өз ассортиментін ұлғайту арқылы, сонымен қатар, тұтынушынардың қызығушылығын тудыратын қызмет жүйесі.
Конгломератты (латенттік) әртараптандыру - кәсіпорын қолданатын технологияға, қызмет ету аяларына және қазіргі өндіріліп жатқан тауарларына ешқандай қатысы жоқ жаңа өнім өндіру арқылы өз ассортиментін кеңейту. Тәжірибеде көбінесе колденең әртараптандыруды қолдану жиі кездестіріледі.
Әртараптандыру әдісі өндірістік, коммерциялық және инвестиңиялық тәуекелдерді төмендетуге мүмкіндік береді. Қазіргі кезде кәсіпорындардың көпшілігінде конгломератты әртараптандыру қолданылады. Бұл механизм, ең алдымен тәуекелдердің жүйелік емес түрлерінің теріс қаржылық салда- рын болдырмау үшін қолданылады. Сонымен қатар, ол белгілі бір дәрежеде жүйелік тәуекелдердің жеке түрлерін төмендетуге мүмкіндік береді. Әртараптандыру механизмінің іе-әрекет ету кағидасы шоғырлануға бөгет болатын тәуекелдерді таратуға негізделген.
Әртараптандыру механизмін жалпы сипаттай отырып, ескеретін жайт, ол жеке тәуекелдердің теріс салдарын төмендетуте әсер етеді. Жүйелік емес топтың кешенді тәуекелдерін болдырмауда сөзсіз тиімділікті қамтамасыз ете отырып, ол жүйелік тәуекелдердің, ең алдымен инфляциялық және салықтық тәуекелдерді болдырмауға септігін тигізбейді. Сондықтан, кәсіпорында Бұл механизмді қолдану шектеулі сипатқа ие. Сонымен қатар, тәжірибе жүзінде әртараптандыру тәуекелді тек төмендетпей кобейтеді. Тәуекелдің көбеюі кәсіпкер өз қаражаттарын, оның білімі мен басқарушылық қабілеттері шектеулі болатын қызмет аясына салған жағдайда болады. Бұл жағдайда қызметтің басқа аяларынан алынатын пайдалар есебінен, зиян әкелетін қызмет аясын қолдауды болғызбау керек. Өйткені мұндай тәжірибе барлық пайданы зиянды салаға жұмсалуына әкелуі мүмкін.
Демек, әртараптандыру - Бұл негізгі қызметпен байланысты емес, белгілі бір жобаларға салымдарды салудан түсетін табыс алуға мүмкіндік беретін тәуекелдерді басқару әдісі. Әртараптандыруды қолдану, кәсіпорынды банкроттықтан құтқаруға және ары қарай өз қызметін жалғастыруға мүмкіндік береді.
Тәуекелді төмендетудің келесі әдісі сақтандыру болып табылады. Өз кезегінде сақтандыру тәуекелді төмендетуге қойылатын идеалды жағдайларға жауап береді. Өйткені шығындарды жабу үшін қажетті ресурстарды, кәсіпкерлік фирмалар бизнес ішіндегі басқа ресурстарды қоспағанда, сақтандыру ұйымдарынан тез алады
Сақтандыру үшін төленетін сақтандыру жарналары (сақтандыру сыйақылары) есебінен қалыптасатын, ақшалай қорлар есебінен белгілі бір жағдайлар (сақтандыру жағдайлары) болған кезде жеке және заңды түлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау бойынша өзара қатынастарын сипаттайды. Және де мұнда, кәсіпкердің потенциалды сақтандыру мүддесі тәуекелдің максималды мүмкін болатын шамасын жабуға қол жеткізумен байланысты. Бірақ, сақтандырушы, жауапкершілікті қабылдау туралы мәселені шешу барысында ең алдымен, сақтандырушының еркіне байланысты болмайтын сақтандыру жағдайының ықтималды сипатынан шығуы керек. Ішкі тәуекелдер әрқашанда бұл талаптарға жауап бере бермейді. Сәйкесінше, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында бірінші кезекте сыртқы тәуекелдер сақтандырылуы тиіс.
Сақтандыруды жүзеге асыру тиімділігі деп, үрдіске қатысатын екі тарап - сақтандьірушы мен сақтандырылушы келісім жасалмаған кездегі жағдаймен салыстырғанда, сақтандыру келісімін жасаған жағдайда экономикалық тиімділікке қол жеткізеді.
Сақтандырылуының экономикалық тиімділігінің мәні - бизнес пайдалылығы мен қорлардың айналымы төмендейтіндіктен, сақтандыру жарналарын төлеуге біршама қаражаттарды бөлмеу және күтпеген жағдайларда пайда болған зияндардың орнын толтыру үшін ақшалай қаражаттардың қосымша көзін қамтамасыз етуде.
Сақтандырушыға төленген жарналар есебінен сақтандырылушы өзіне кәсіпкерлік қызмет барысында катастрофалық зияндар пайда болған жағдайда өз тұрақтылығының қосымша кепілдігін қамтамасыз етеді.
Кәсіпкерлік тәуекелдерді басқару, сонымен қатар күтпеген жағдай пайда болған пайдадан кәсіпкерлік фирманың арнайы резервтік қорын (тәуекел қорын) құру өзін-өзі сақтандыру құралдары есебінен жүргізілуі мүмкін. Кәсіпкерлік тәуекелдерді болдырмаудың Бұл бағытының механизмі, тәуекел контрагенттерінің ісәрекеттерімен байланысты емес. Сонымен қатар, өзін-өзі сақтандырудың натуралды нысаны болуы мүмкін. Өзін-өзі сақтандыру қоры өнім барысында уақытша қиындықтарды жеңіп шығуға мүмкіндік береді.
Өзін-өзі сақтандыру, сақтандырылатын мүліктің құны кәсіпкерліктің барлық мүліктік және қаржылық көрсет- кіштерімен салыстырғанда онша үлкен емес болған жағдайда қолданылады. Шындығында, ірі кәсіпкерлік фирмаға сақтандыру компаниясы арқылы онша қымбат емес қүрал жабдықты кездейсоқ Бүлінуден сақтау тиімсіз. Өзін-өзі сақтандыру шығындардың ықтималдылығы аз болған жағдайда да маңызға ие болады.
Тәуекелді басқарудың көптеген әдістері тек өзара толықтырушы ғана емес, сонымен қатар нақты жағдайдан шыға отырып, баламалы болып табылғандықтан, әрбір кәсіпорын экономикалық кезқарас тұрғысына ең оңтайлы әдісті таңдап алуы керек.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
Кәсіпкерлік тәуекел пайда болуының негізгі объективті белгілерін атап өтіңіз.
Тәуекелдердің негізгі жіктемелік белгілерін атап өтіңіз.
Кәсіпкерлік тәуекелді сапалыц және сандық бағалау.
Кәсіпкерлік тәуекелді басқару үрдісі қандай сатылардан тұрады?
Кәсіпкерлік тәуекелдің деңгейіне қандай факторлар әсер етеді?
Кәсіпкерлік тәуекелді болдырмау механизмі қандай?
Тәуекелдерді болдырмау багыты ретінде одан қашу мен лимиттеу әдістемесі.
Тәуекелді төмендету әдісі ретіндегі әртараптандырудың мәнінеде?
Сақтандыру - тәуекелді төмендету әдісіретінде?
Өзін-өзі сақтандыруды кәсіпкерлік тәуекелдерді басқару тәсіліне жатқызуга болама?
