3.2. Кәсіпкерлік тәуекелдерді бағалау
Тәуекелді басқару үрдісінде езекті мэселелердің бірі болып кәсіпкерлік қызметтің нәтижелеріне әсер е гетін және есептелегін бағалау сатысы болып табылады.
Тәуекелді багалау - Бұл тәуекел шамасын (дәрежесін) сандық және сапалық тэсілмен анықтау. Тәуекелді бағалаудың эмбебап тэсілдері жоқ. Пайдаланып жүрген тэсілдердің артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Бағалаудың қандай да бір белгілі тэсілін таңдау нақты жағдай мен кәсіпкер түлғасына байланысты. Сондықтан, сандық-сапалық тэсілді үштастырып, яғни кәсіпкерлік тәуекелді қүрамдастыру әдісімен бағалауды өткізген дүрыс. Кәсіпкерлік тәуекелді сандық және сапалық бағалау 11-суретте керсетілген.
Тәуекелді
сапалық бағалау критерийлері
шығын
жоғалтулар
зияндар
Тәуекелді
бағалаудың сандық шамасы
Абсалюттік
деңгей
Салыстырмалы
деңгей
Материалдық-заттық
сипатталуы
Құндық
сипатталуы
Ресурстардың
жалпы шығындары (ағымдық
және капиталды)
Күтілетін
табыс
Сапалық багалау барлық мүмкін болатын тәуекелдердің идентификациясымен сипатталады. Саналық бағалау салыстырмалы түрде қарапайым болуы мүмкін, оның басты міндеті орындау барысында тәуекел пайда болатын факторларды, жұмыс сатыларын анықтау.
Тәуекелді бағалау барысында тәуекел дәрежесін анықтау қажет және ол келесідей болуы мүмкін:
жіберілетін - жоспарланған объекті өткізуден түсетін табысты толық жоғалту қаупі;
шегіне жеткен - тек қана табыстың түспеуі ғана емес, сонымен қатар кәсіпкер қаражаттары есебінен қарыздардың жабылмауы мүмкін;
■ катастрофалық - капиталдың, мүліктің жоғалуы, кәсіпкердің банкротқа үшырауы да болуы мүмкін.
Кәсіпкер тәуекелі сандық түрде, салынған капиталдың түскен ықтималды немесе жоспарланған, максималды және минималды табысты (зиянды) субъективті бағалаумен сипатталады. Сонымен қатар, мұнда алынған табыстың (зиянның) максималды және минималды деңгейінің арасындағы диапазон неғүрлым үлкен болған сайын, тәуекел дәрежесі де жоғары болады.
Сандық багалау тәуекелдерді сандық сипаттауға, оларды талдау мен салыстыруды еткізуге бағытталған. Тәуекелді сандық бағалау жағдайында әр түрлі әдістер қолданылады.
Кейде сандық және сапалық бағалауды сыртқы және ішкі факторлардың әсерін талдау негізінде жүргізеді: олардың жекелеген элементтерінің кәсіпорынның жұмысына әсер ететін үлес салмағы элементтік бағалау жүзеге асырылады және оның ақшалай керсеткіші анықталады. Мұндай әдіс сандық талдауда өте көп еңбекті қажет етеді, бірақ сапалық талдауда ұтымды бо- лын табылады.
Абсолюттік талдауда тәуекел құндық (ақшалай) сипатта немесе материалды заттық (физикалық) сипатта мүмкін болатын жоғалтулардың мөлшерімен анықталуы мүмкін.
Салыстырмалы сипатта тәуекел жоспарланған табысқа немесе кәсіпкерлік қызметтің аталған түріне жұмсалған ресурстардың жалпы құнына қатысты шығынның сомасы ретінде анықталады.
Тәуекелді сапалық бағалау статистикалық әдіс көмегімен орындалуы мүмкін. Бағалаудың аталған әдісінің басты құралдары - орташа күтілетін мәні, дисперсия, стандартты ауытқу, вариация коэффициенті.
Вариация - нәтиженің бір нұсқасынан екіншіге ету барысындағы сандық көрсеткіштердің езгеруі.
Дисперсия - нақты мәннің орташа мәнінен ауытқу шамасы.
Осылайша, тәуекел дәрежесі екі критериймен елшенуі мүмкін: орташа күтілетін мәнмен, мүмкін болатын нәтиженің құбылуымен (өзгергіштігімен).
Орташа күтілетін мән - белгісіз бір жағдайға байланысты нәтиженің (жағдайдың) мәні. Ол әрбір нәтиженің ықтималдылығы сәйкес мәннің жиілігі немесе салмағы ретінде қолданылатын мүмкін болатын нәтижелердің орташа салмақтысы болып табылады. Осылайша, болжамды күтілетін нәтиже есептеледі.
Сараптамалық багалаулар әдісі. Бұл әдіс әдетте тәжірибелік кәсіпкерлер мен мамандардың ойпікірлерін өңдеу жолымен жүзеге асырылады. Ол статистикалықтан тек тәуекел қисығын сызу үшін ақпаратты жинақтау әдісімен ерекшеленеді.
Есептік-аналитикалық әдіс - шығындар ықтималдылығының қисығын құрастыруга және кәсіпкерлік тәуекел керсеткіштерін бағалауға негізделген.
