3-лекция. КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ТӘУЕКЕЛДЕР
Жоспар:
3.1. Кәсіпкерлік тәуекелдер: түсінігі, түрлері, жіктелуі
3.2. Кәсіпкерлік тәуекелдерді бағалау
3.3. Кәсіпкерлік тәуекелдерді басқару
3.1. Кәсіпкерлік тәуекелдер: түсінігі, түрлері, жіктелуі
Экономикалық ортаның өзгеруі мен шаруашылық жүргізу жағдайлардың белгісіздік жағдайына байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру қандай да бір тәуекелмен байланысты. Соған қатысты күтілетін шекті нәтижеге қол жеткізе алмау қаупі пайда болады.
Нарықтық қатынастар аясында экономикалық еркіндік шегіндегі кәсіпкердің мінез-құлқы бәсекелік стратегия арқылы көрінеді. Бұл жағдайда кәсіпкердің негізгі міндеті, нарықтағы тауарлар мен қызметтерді іздеу мен өз орнын табу ғана емес, сонымен қатар нарықтан оппонентті шығарғысы келетін кәсіпкер-бэсекелестердің іс-әрекетіне қарсы түру болып табылады. Сәйкесінше, аталған жағдай өндірістік-шаруашылық қызмет барысындағы әр түрлі шығындармен қоса, тәуекел кәсіпорынның қаржылық және коммерциялық операциялардың ажырамас бөлігіне айналады. Сондықтан тәуекелді көре біліп, оны минималды мүмкін деңгейге дейін төмендетуге ұмтылу қажет.
Кәсіпорын ондірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыра отырып, өнім өндіру, сату және сатып алу барысында туындай- тын тәуекелдерді, тәуекел шығындарының орнын толтыру ғана емес, сонымен қатар зиянның алдын алу мақсаты бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізуі тиіс.
Кәсіпкерлік тәуекел - кәсіпорынның мүмкіндіктерінің әлеуетінен шыға отырып күтілген табыс мөлшерін ала алмау немесе пайда болуы мүмкін қауіптің әсерінен болатын ресурстарды жоғалту ықтималдылығы.
Тәуекелдердің жіктемесін әр түрлі ерекшеліктері бойынша жасалады:
- пайда болу себептері бойынша;
- кәсіпкерлік салалары мен функционалды түрлері бойынша;
- сақтандыру мүмкіндігі, жіберілу деңгейі бойынша және т.б.
Өндірістік тәуекел өндірістік қызметтің кез келген түрлерін жүзеге асырумен, өнімді, тауарлар мен қызметтерді өндірумен байланысты. Өндірістік тәуекелдің негізгі себептері болып өндірістің әр түрлі себептерден тоқтауы, өндірістік қорлардың істен шығуы, айналым құралдарының жойылуы, құрал-жабдықты, шикізатты уақытысында жеткізбеу және т,б өнім өндіруші және тұтынушы арасындағы келісім шарт өз міндеттемелерін орындай алмаумен байланысты туындайтын өндірістік тәуекел.
Қаржылық тәуекел кәсіпкердің банктермен және басқа қаржылық институттармен қарым қатынастар аясында пайда болады. Қаржылық тәуекелдің себептері болып қарыз және меншікті қаражаттардың арақатынасының жоғары алшақтығы, кредтторға тәуелділік, капиталдардың пассивтілігі, бір жобаға үлкен қаражаттарды орынсыз жұмсау. Қаржылық тәуекел фирма қызметін қаржыландыру қарыз алу натижесінде фирманың өз қаржылық міндеттемелерін орындай алмау мүмкіндігімен байланысты.
Коммерциялық тәуекел кәсіпкермен өндірілген немесе сатып ылынған тауарлар мен қызметтерді өткізу үрдісінде пайда болады. Коммерциялық тәуекелдің себептері болып нарық конъюктурасында, коммерциялық қызмет жүргізу барысында күтпеген өзгерістердің болуы. Өзінің қызмет ету барысында кәсіркерлік фирмалар кезігетін тіуекелдердің белгілі бір түрлері бар. Олар:
заңды тәуекел заңнамалық актлердің төмен сапасымен және заңнамадағы күтілмеген өзгерістерге байланысты.
заңды тәуекел техникалық-экономикалық негіздемелерді сапасыз өңдеумен, жоба құнының күрт өсуімен , қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың күшеюімен негізделеді. Сонымен қатар жеке меншік сатып алынған бағалы қағаздардан туындайтын инвестициялық-қаржылық портфельдің құнсыздануымен байланысты.
Нарықтық тәуекел валюталардың ұлттық ақша бірлігінің курсына, нарықтық пайыздық ставкаларының өзгеруіне байланысты;
Сақтандыру тәуекелі сақтандыру қорын қалыптастырумен, басқарумен, сонымен қатар меншікті мүлікті, ақшалай қаражаттарды және персоналды басқарумен байланысты;
Иновациялық тәуекел осы аядағы белгісіздікпен (идеяны жасап шығарудан бастап, оны өнім өндіруге немесе жаңа технологияны өндіріске енгізе отырып, өнімді нарыққа енгізуге дейін ) байланысты.
Кәсіпкерлік қызметтің тәуекелінен болатын шығындары, еңбек, қаржылық, уақыт және арнайы шығын деген түрлерге бөлінеді.
Материялдық шығындар – бұл жобамен қарастырылмаған натуралды сипаттағы материалдық объектілердің тікелей шығындары (үйлер, ғимараттар, өнім, жартылай шикізаттар, иатериалдар, шикізаттар, құраушы бөліетер)
Еңбек шығындар – кездейсоқ немесе күтпеген жағдайлардан туындаған жұмыс уақытының шығыны: техникалық орындауға кететін уақыт нормаларды қолдану (өлшем бірлігі <<адам-сағат>> немесе адам-күн)
Қаржылық шығындар – тікелей ақшалай зиян (кәсіпкерлік жобамен қарастырылған төлемдер, айыппұлдар, мерзімі өтіп кеткен несиелер үшін төлемдер, қосымша салықтар, ақшалай қаражаттардың немесе бағалы қағаздардың жоғалуы). Олар жобамен қарастырылған көздерден, қарызды әр түрлі себептерден ала алмау натижесінен болуы мүмкін.
Уақыт шығындары кәсіпкерлік қызымет үрдісі жобамен қарастырылған мерзімінен баяу жүрген жағдайда (сағаттармен, тәуліктермен, айлармен өлшенеді.) пайда болады. Шығындардың арнайы түрлеріне келесілерді жатқызуға болады: адамдардың өмірімен денсаулығына, қоршаған ортаға, еәсіпкерлер беделіне зиян келтіру және басқа да қолайсыз әлеуметтік және моральдық-психологиялық факторлармен байланысты шығындарды жатқызуға болады. Шығындардың арнайы түрлерінің ерекше тобына-саяси сипаттағы пакторлардың күтпеген әсерінен болатын шығындарды жатқызуға болады. Олар адамдардың қалыптасқан экономикалық жағдайына түсінбеушілік енгізеді, өндірістік-шаруашылық қызметтің ырғағын бұзады, шығындардың өсуіне және табыстардың төмендеуіне әкеледі.
