4.3.. Бизнес жоспарлаудың мәні, мазмұны
Кәсіпкерліктің көп түрлігімен - өндірістік комерциялық, қаржылық сақтандыру, делдалдық, консалтингтік, инженерлік, реинженерлік -бизнестің барлық саласында және әр түрлі ұйымдық - құқықтық түрдегі және басқару құрлымы әр түрлі фирмалар үшін тәжірбеде қолданылатын кілттік жағдай бар. Бұл мәселелерді білу бизнестегі нақты төтенше жағдайларды, потенциялдық қиыншылықтардан өту үшін уақтылы, жан - жақты және нақты дайындалу үшін қажет. Осының көмегімен фирманың алдына қойылған экономикалық, қаржылық және әлеуметік мақсаттарға жету барысындағы кәсіпкерлік тәуекелділіктің деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.
Кез - келген фирма қызметін ғылыми негізделген стратегиялық және фирма ішілік жоспарлаған кезде қазіргі әдістеме ретінде бизнес жоспарлаудың методологиясы табылады.
Нарықтық экономика жағдайында бизнес - жоспар қызмет етуші сонымен бірге жаңадан қалыптасқан фирма үшінде маңызды жүмыс қүралы болып табылады. Отандық кәсіпкерлер барлық уақытта бизнес жоспардың кәсіби дайындалғанның және оның негізгі мәнін жақсы біле бермейді. Оның көмегі мен қажетті инвестиция алу мүмкіндігі, ұзақ мерзімді преспективаға нақты жоспарлар құруға, өз ісінің сәтті дамуы туралы нақты білуге болатын экономикалық қаржылық және әлеуметтік көрсеткіштерді бағалайтын фактілік және болжамдық жүйені құруға болады. Бизнес жоспар кәсіпкердің нарықтық жобаның ұсынылған тәуекелінің әр бір элементін терең зерттеуге, білуге әрекет еткізеді.
Бизнес жоспардың жасаудың қажеттілігін негіздейтін екі негізгі себеп бар. Келесі қажет:
• инвесторлар жағын осы бизнес - жоспарға экономикалық мақсатты бағытталып ақша салуды немесе несие беруге сендіру;
• фирманың қалыптасқан миссиясын толық көлемде жүзеге асыруға көмектесу және фирманың таңдап алынған басты мақсатынан тайғызатын жағдайларды болдырмау.
Әдеби кітаптарда бизнес - жоспарға әртүрлі түсініктемелер берілген. Отандық шаруашылық жағдайға бейімделе келіп бизнес - жоспар келесі түрде қалыптасуы мүмкін.
Бизнес — жоспар бұл ұзақ мерзімге арналған (5,10 және оданда көп жыл ) типтік жобалық шешім, яғни онда нақты өндірістік, инвистициялық, материялды - техникалық, үйымдық және логистикалық қамтамасыз етуге негізделген кәсіпорын қызметінің экономикалық, қаржылық және басқада нәтижелерін нарықтың сол сегментінде бағалау мүмкіндігі беріледі:
Бизнес жоспар — бұл өнім өндірісінің фирма ішілік жоспарлаудың маңызды негізі болып табылатын перспективті құжат. Сондықтан оны уақыт кескінінде, 3-5 жылға тең етіп құруды ұсынады. Бұл кезде әр кезең уақтындағы дифференцияцияланған жоспар әр түрлі болады.
Бизнес жоспар әрдайым басқарушы қүжат болып табылады. Ол жүйелі түрде жаңартылуы керек, оған фирма ішіндегі және нарықта болып жатқан өзгерістерге сәйкес қажетті өзгертулер енгізілуі керек.
Бизнес жоспар стратегиялық жоспар секілді ұзақ мерзімді қамтиды. Бірақ та стратегиялық жоспар фирма қызметінің жоспарлық көрсеткіштерін бағалау санын қамтымайды.
Ірі өндірістік кәсіпорындардағы бизнес - жоспардың құрамына келесі негізгі бөлімдерді енгізуге болады:
Маркетингтік жоспар.
Өнімді өндіру мен өткізу жоспары.
Ғылыми зерттеу және тәжірибелі құрастырушы жүмыстар (НИОКР)
Нормативтік қамтамасыз етілу.
Өнімді өткізу мен өндірісті материалды - техникалық қамтамасыз
ету.
Менеджмент.
Үйымдық жоспар.
Қаржылық жоспар.
Маркетингтік жоспар ғылыми тәжірибелерді жән жақты және терең зерттеуді орындаудың нәтижесінде алынады, зерттеуге кіретіндер:
нарықтық ортаны талдау;
өнімге тұтынушылардың талабын кешенді зерттеу, сонымен бірге нарық конъюнктурасын, оның сиымдылығын және сұранысын зерттеу.
Бәсекелестер туралы мәліметтер;
бұйымды иемделу туралы шешім қабылдау кезінде тұтынушының мотиві;
кәсіпорынның ресурстық және өткізу потенциялын, оның нарықтық әр бір сегментіндегі бәсеке қаблеттілігін анықтау және т.б.
Маркетингтік жоспар келесідей негізгі бөлімдерді қамтиды:
Жоспарлық көрсеткіштердің салыстырылуы;
Даму стратегиясын және нарықты толығымен игеру.
Кәсіпорын қызметінің әлсіз және күшті жақтары;
Кәсіпорынның негізгі мақсаты мен міндеті;
Маркетинг стратегиясы;
Тауар стратегиясы;
Тауар қозғалысының тетіктерін дамыту және қалыптастыру стратегиясы;
Баға стратегиясы;
Сұранысты қалыптастыратын және өнімді өткізуді ынталандыратын стратегия.
Маркетингтік бағдарламаны өткізу шығыны, оның тиімділігін бағалау;
Алға қойылған жиындардың орындалуына бақылау және олардың шығындары.
