Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіпкерлік мәдениеттің мәні және мағынасы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
724.64 Кб
Скачать

Кәсшкерлік мәдениет пен этика

10.1. Кәсіпкерлік мәдениеттің мәні және мағынасы

Кәсіпорын (ұйым) қызметінде кәсіпкерлік мәдениет маңызды рөл атқарады. Ол кәсіпорынның тек жоғары беделін ғана қамтамасыз етіп қоймай, сонымен қатар өндіріс тиімділігінің, өнімдер мен қызметтер сапасының артуына және табыстардың ұлғаюына септігін тигізеді.

«Кәсіпкерлік мәдениет» түсінігінің бірнеше анықтамасы бар.

1) Кәсіпкерлік мәдениет — бұл құндылықтар туралы түсінік пен нақты сенімді үйлестіре отырып жүзеге асыру жүйесі. Бұл тұрғыда құндылықтар туралы түсінік кәсіпорын үшін не маңызды екендігін, ал сенім - кәсіпорын қалай қызмет ету керек және оны қалай басқару қажет екендігін анықтауға мүмкіндік береді (32-сурет).

32-сурет. Кәсіпкерлік мәдениеттің қалыптасуы

2) Ұйымдық мәдениетке кәсіпорынның өзінше ерекше нысан екенін көрсететін түсініктер, құндылықтар мен ережелер жиынтығы жатқызылды.

Сонымен қатар, кәсіпкерлік мәдениетке аясы кең ұғым ретінде төмендегідей де анықтама беріледі.

Кәсіпкерлік мәдениет — белгілі бір уақыт аралығында субъектілерді кәсіпкерлік аяда экономикалық белсенділіктің қандай да бір түрлеріне бағыттайтын, кәсіпкерліктің тұрақты дамуына септігін тигізетін, жинақталған тәжірибені беруді қамтамасыз ететін мінез-құлық үлгілерінің, құндылықтар жүйесінің, әлеуметтік нормалардың, іргелі қағидалар мен қоғамдық институттардың жиынтығы болып табылады.

Адамдарға әсер етудің, яғни оларды басқарудың үш түрлі құралы бар, олар:

иерархия (ұйым), онда адамға әсер етудің негізгі құралы бағындыру болып табылады;

нарық, онда көлденең түрде тепе-теңдіктен қарым-қатынастар қалыптасады;

мәдениет - жасап шығарылған және қоғаммен танылған құндылықтар, мінез-құлық ерекшеліктері, әлеуметтік нормалар.

Мәдениет қызметтің әр түрлі нысандарында және әлеуметтік жүйелердің әр түрлі деңгейлерінде танылады. Мәдениеттің екі жағын бөліп керсетеді :рухани және материалдың. Материалдың мәдениеттің құрамына нысандары мен типтері бойынша алуан түрлі материалдық-өндірістік база, оның ішінде шикізат және энергетикалық ресурстар, еңбек құралдары және материалдық өндірістің басқа да өнімдері, адамдардың материалдық-заттық, тәжірибелік қызметі, өндіру, айырбастау және тұтыну барысындағы материалдық-заттық қатынастар, материалдық құндылықтар жатқызылады.

Материалдық мәдениеттің құрамдас бөлігі кәсіпкерлік мәдениет болып табылады. Оған басқару мен ұйымдастыру, айырбастау мен үлестіру, технологиялар, еңбек жағдайларының және т.б. мәдениеті жатады. Яғни, ол кәсіпкерлік қызмет үрдісі барысындағы субъектілер арасындағы қатынастардың ұдайы өндірісімен байланысты.

Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру мәдениетінің 10 негізгі белгісін бөліп көрсетуге болады:

1) мәдениет әлеуметтік болып табылады, өйткені оның қалыптасуына фирма қызметкерлерінің басым бөлігі әсер етеді;

2) ұжым мүшелерінің мінез-құлқын реттейді;

3) адамдар құрады;

4) барлық қызметкерлер қабылдайды;

5) дәстүрлерді ұстануға негізделген;

6) танымды сипатқа ие болады;

7) өзгеруге бейім;

8) көпқырлы, яғни оны қандай да бір тәсіл арқылы ғана тану мүмкін емес;

9) сезілетін және сезілмейтін;

10) тұрақты даму үстінде болады. Кәсіпкерлік қызметтің қалыптасуы мен дамуы:

- біріншіден, табиғи жолмен жүзеге асырылады. Яғни, онда кәсіпорындар өткен және қазіргі тәжірибені ескере отырып, қойылған мақсаттарды қамтамасыз етуде нәтижеге әкелетін мәдени дәстүрлерді қолдайды;

- екіншіден, мінез-құлықтың белгілі бір кешендерін енгізу жолымен қалыптасуы мүмкін.

Кәсіпкерлік мәдениет келесідей функцияларды атқарады:

коммуникативті-интегративті — әлеуметтік-экономикалық ортада төселуді және тұрақтылықты қамтамасыз етеді;

консервативті - кәсіпкерлік еңбектің дәстүрлі үлгілерін қайта жаңғырту есебінен, сыртқы қарама-қайшылықтарға төзімділік пен ішкі тұрақтылық күштерін құрайды;

инновациялық - өзгермелі жағдайға дұрыс бейімделген жаңа үлгілерді танытады;

трансляциялық - ақпаратты берумен айналысады;

мақсатты - құндылықтарды, үлгілерді қалыптастырады;

бағалаушы - іс-әрекеттерді бағалау әдістері мен көрсеткіштерін құрастырады.

Кәсіпкерлік мәдениеттің басты функциясы - құндылықтардың алуан түрлі типтері мен нысандарын сақтап қалу, ұдайы шығарып отыру және оларды болашақ ұрпақтарға табыс ету.

Кәсіпкерлік мәдениеттің қалыптасуына келесілер әсер етеді:

• жалпы адами құндылықтар (борыш, әділеттілікке деген ұмтылыс және т.б.), өмірдің мәні, адамның парызы туралы жалпы түсініктер;

• елдегі өмір сүру сипатының ұлттық-мәдени және діни-мәдени стереотиптері (таптаурын);

• мінез-құлық нормалары мен ережелері, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің өзара әрекеттесу үлгілері;

• еңбекке, байлыққа, жағдайға деген құндылық-мотивациялық қатынас (еңбек этикасы);

• шаруашылық жүргізудің мәдени үлгілері;

• елдің орналасу, ландшафттық, климаттық және оның жер көлемінің ерекшеліктері.

Кәсіпкерлік мәдениеттің қалыптасуы ең алдымен, кәсіпкерлік ұйымдардың мәдениетімен, кәсіпкерлердің өздерінің мәдениетімен, іскерлік этика деңгейімен, іскерлік қатынастардың мәдениетімен қалыптасады. Кәсіпкерлік ұйымдардың мәдениеті бірңатар сыртқы және ішкі факторлармен анықталады, олардың ішінде маңыздылары келесілер:

• ұйым қызметкерлерінің өз назарларын сыртқы міндеттерге аударуы - ашықтылығы, тұтынушыларға анық және сапалы қызмет көрсетуі, тұтынушылармен жақсы, өзара қарым-қатынастарда болуы;

• қызметкерлердің ұйым мүдделеріне берік болуы, ұйымның аралық және шекті мақсаттарға жетуі барысында олардың өз рөлінің қаншалықты маңызды екендігі туралы ақпарат алуы;

• ұйымда шешім қабылдау барысында шешімдерді қабылдаудың топтық нысандарының басым болуы;

• ұйым қызметінің алдын ала жоспарларға сай жүруі, жеке бір қызметкерлер мен қызметкерлер тобы арасындағы тығыз ынтымақтастық;

• ұйымдағы инновациялық үрдістер, ұйымның инновациялармен қатар жүретін тәуекел деген құбылысқа дайын болуы.

Корпоративтік мәдениет кәсіпорын ерекшеліктерін көрсететін, ұйым мүшелерінің өзара пікір алмасулары, мінез-құлық, көңіл-күй сипаттары, қызмет жүргізу деп қарым-қатынастар мен механизмдер кешені ретінде анықталады.

Корпоративтік мәдениет өзара байланысты екі құрамдас бөлімнен тұрады.

Біріншісі - ұйым мүшелерінің сыртқы, яғни көзге көрінетін мәдени өлшемдері: киім кию өнері, арнаулы белгілер, ұйымдық салт-дәстүрлер, жұмыс жағдайының қолайлығы және т.б. Екіншісі — кәсіпорын қызметкерлерінің мінез-құлқын анықтайтын, реттейтін құндылықтар мен т.б. керсеткіштерді қамтиды.

Корпоративтік мәдениет негізінен екі маңызды фактормен анықталады:

• ұйым мүшелерінің кәсіпорынның негізгі құндылықтарын қабылдау дәрежесімен;

• ұйым мүшелерінің осы құндылықтарға адалдығы дәрежесімен.

Корпоративтік мәдениеттің қажетті деңгейін ұстап түрудың қиындығы жаңадан қабылданған қызметкерлер өздерімен бірге жаңа идеялар мен кәсіби міндеттерді шешудің жеке тәсілдерін ғана емес, өздерінің дербес құндылықтарын, көзқарастарын, сенімдерін алып келуінде. Қызметкерлердің жеке тұлғалық құндылықтары ұйым ішінде қалыптасқан мәдени құндылықтардың әсерімен ауытқуы мүмкін. Сондықтан, қызметкерлердің құндылықтары мен ұйым құндылықтарын мейлінше жақындату үшін ұйым басшылығы қызметкердің жеке басының құндылығы мен кәсіпорын құндылығының үйлесімділігін қалыптастыруға үнемі ықпал етіп отыруы қажет.

Ұйымдық, корпоративтік және кәсіпкерлік мәдениет түсініктерінің ерекшеліктер 13-кестеде келтірілген.

Тәжірибеде ұйымдық, корпоративті және кәсіпкерлік мәдениет түсініктерін сәйкестендіру олардың араласуына алып келеді.

Кәсіпкерлік қызметте барлық қабылданған заңдарды ұстану мәдениеттің басты элементі болып табылады. Өз жұмысы барысында ұйым мемлекетпен, қоғаммен, жабдықтаушылармен және тұтынушылармен, өз қызметкерлерімен алу ан түрлі қатынастарға түседі. Осы жағдайларда оған кәсіпкерлікке тікелей немесе жанама түрде әсер ететін қабылданған құқықтық актілерді, стандарттарды, ережелерді, нормаларды қатаң ұстану қажет.

Қабылданған міндеттер мен міндеттемелерді қатаң ұстану кәсіпкерлік қызмет мәдениетінің тағы да бір маңызды элементі болып табылады. Кез келген ұйымның заңнамалық актілерден, келісімшарттардан келіп шығатын міндеттемелері бар. Оларды бұзу серіктестерге, жабдықтаушылар мен тұтынушыларға, ұйым қызметкерлеріне мүліктік және моральдық зиян әкеледі.

Кәсіпкерлік қызмет мәдениетінің тағы бір маңызды элементі - бизнесті әділетті түрде жүргізу. Барлық дамыған әлемде адамдарға, бизнес жүйесіндегі әріптестерге, мемлекетке қатысты әділетті және таза қарым-қатынас кәсіпкерлік мәдениеттің маңызды белгісі болып табылады.

Кәсіпкерлердің жалпы этикалық нормаларды ұстануы кәсіпкерлік қызмет мәдениетінің маңызды элементі болып табылады. Ол нормалар кәсіби этикадан, бизнесті жүргізудің жалпыға бірдей ережелерінен және кәсіпкерлердің өздерінің тәрбиелілігі мен мәдениеттілігінен тұрады.

13-кесте. Ұйымдық, корпоративтік және кәсіикерлік мәдениет түсініктерін салыстыру

Салыстыру параметрлері

Ұғымдық мәдениет

Корпоративтік мәдениет

Кәсіпкерлік мәдениет

Талдау объектісі

Жергілікті салалық ұйым

Көп профильді компания Халықаралық корпорация

Ұйым шаруашылық субъектісі ретінде

Концептуалды диапазон

Жеке ұйым деңгейінде

Корпорация деңгейінде

Ел ауқымында

Мазмұны

Жалпы

Ұйымдардың барлық түрлеріне тән емес, жеке

Ерекше, тарихи негізделген жағдайларға көзқарас тұрғы-сынан ұйым мәдениетінің ерекшеліктерін сипаттайды

Пайда болу

Басшы

Директорлар

Басшы

көзі

кеңесі

Меншік иесі

Талдау

Макро

Мезо

Микро

деңгейі

Басымды

Сапаны

Сапаны артты

Сапаны артты-

институ-

арттыру

РУ

РУ

ционалдық

Нарықтағы ре-

Нарықтағы ре-

Нарықтағы ре-

құндылық

сурсты үнемдеу

сурсты үнем-

сурсты үнемдеу

деу

Өндірістің орг-

Өндірістің орг-

Ө ндір і сті ң

техникалық да-

техникалық да-

оргтехникалық

муы

муы

дамуы

Тұлғаның да-

Тұлғаның

Тұлғаның

муы

дамуы

дамуы

Ұйымдық

¥йым мәдение-

Бір кәсіпорын-

Кәсіпорынның,

мәдениет

тінің, құры-

дардың екінші

бизнестің жаңа

проблема-

лымының, ст-

кәсіпорындар-

аяларының күрт

сының

ратегиясының

ды қосып алуы

дамуы

өзектілігін

сәйкессіздігі

Қазақстандық

көрсететін

нарықта ше-

жағдай

телдік кәсіп-

орындардың

құрылуы мен

қызмет етуі

Әсер ету

¥йым элемент-

Бизнес бойын-

Іскерлік әріп-

тері мен оның

ша серіктестер

тестердің ара-

персоналы

арасында өзара

ласу үрдісі

әрекеттесу

Іскерлік әріп-

тестердің биз-

несін ұйым-

дастыру