КІРІСПЕ
Курстық жобаның мақсаты болып «Автомобильді жобалау» пәні бойынша білімді бекіту, тарту есебін орындау және автомобильдің кинематикалық схемасын таңдау дағдысын қалыптастыру, автомобильдің негізгі функционалды элементтерінің құрылыстарының жетілгендігін бағалауды үйрену және оның негізгі параметрлерін анықтау бойынша керекті есептерді орындау табылады.
Курстық жобаның мәселелері болып мыналар табылады, атап айтқанда, «Автомобильді жобалау» пәнін оқығанда алған білімді бекіту; арнайы әдебиеттерді: каталогтарды, анықтамаларды, нұсқауларды, периодикалық шығарылымдарды, атластарды, сызба альбомдарын, стандарттарды, пайдалану арқылы инженерлік есептерді орындау бойынша тәжірибе алу; өз бетінше творчестволық жұмыстың, қабылданған шешімді дәлелдеу тәжірибесін және қазіргі кездегі құрылымдарды талдаудың дағдысын ұлғайту.
Әрбір білім алушы курстық жоба жетекшісінің берген тақырыбы бойынша курстық жоба орындайды.
Курстық жоба түсініктеме хаттамадан және 3 бет А1 форматтағы сызбалардан тұрады.
Түсініктеме хаттама көлемі 30...40 беттен болатын жазбаша тексттен тұрады және оны орындағанда СТ РГП 38944979-09-2012 талаптары міндетті түрде ескерілуі тиіс.
Курстық жобаның графикалық бөлімі әрбіреуі А1 форматында орындалған автомобильдің жалпы көрінісінің сызбасынан, тарту есебінің графиктерінен және автомобиль трансмиссиясының кинематикалық схемасынан тұрады. Сызбалар ЕСКД талаптарын орындау арқылы жасалады. Сызбаларды орындағанда компьютерлік бағдарламаларды пайдалану жақсырақ болып санады.
Түсініктеме хаттаманың негізгі бөліміне мыналар кіруі тиіс:
1) Бастапқы мәліметтерді таңдау және дәлелдеу;
2) Жобаланатын автомобильдің үйлесімдік схемасын жасау;
3) Автомобильдің тарту есебі;
4) Трансмиссияның кинематикалық схемасын таңдау және дәлелдеу.
1 Бастапқы мәліметтерді таңдау және дәлелдеу
1.1 Автомобильдің түп тұрқысын таңдау және баяндау
Автомобильдің түп тұрқысын таңдау үшін бастапқы мәліметтер болып мыналар табылады: ең үлкен жүк көтергіштік (таңдап алынған автомобильдің жүк көтергіштігі тапсырмада берілген жүк көтергіштіктен кем болмауы керек), қозғалтқыш түрі және автомобильдің қажеттігі. Таңдап алынған автомобиль өзінің техникалық сипаттамалары бойынша курстық жоба тақырыбында берілген жағдайларға мейлінше жақын болуы тиіс. Таңдап алынған автомобильдің баяндамасында оның негізгі техникалық сипаттамасын көрсету керек:
- қозғалтқыш түрі мен оның қуаты;
- берістер қорабының құрылыстық көрсеткіштері;
- автомобильдің жылдамдық көрсеткіштері;
- отын - экономикалық көрсеткіштері;
- машинаның геометриялық көрсеткіштері (габариттік өлшемдер, із, табан);
- таңдап алынған автомобиль маркасының автокөліктік құралдардың қабылданған жіктелуіне сәйкес көрсетілуін беру керек.
1.2 Автомобильдің толық массасын анықтау
Автомобильдің қажеттігін басшылыққа ала отырып, бастапқы мәліметтерді талдайды және жобалау үшін керекті бастапқы мәліметтерді керек болса түзетеді, пайдалану жағдайларын баяндайды және автомобильдің құрылысы мен оның үйлесімдік схемасы сәйкес болатын негізгі талаптарды тұжырымдайды.
Автомобильдің үйлесімдік схемасын жасау алдында оның массасы мен осьдер санын анықтайды.
Автомобильдің толық массасы мына формула бойынша анықталады:
(1.1)
мұндағы
-
жабдықталған автомобильдің өзіндік
салмағы, кг;
-
кабинадағы отыратын орын саны;
-
тасылатын жүктің ең үлкен салмағы, кг.
Тұғырлы тартқыштың толық салмағын анықтау үшін жүктелген жартылай тіркеменің ең үлкен салмағы мен тартқыштың өзіндік салмағын ескеру керек.
2 Жобаланатын автомобильдің үйлесімдік схемасын жасау
2.1 және 2.2-суреттерінде екі осьді және үш осьді автомобильдердің үйлесімдік схемалары көрсетілген.
а-кабина қозғалтқыштан кейін; б- кабина қозғалтқыш үстінде |
а-кабина қозғалтқыштан кейін; б- кабина қозғалтқыштың үстінде |
2.1-сурет. Екі осьді автомобильдің үйлесімдік схемасы |
2.2-сурет. Үш осьді автомобильдің үйлесімдік схемасы |
2.3 және 2.4-суреттерінде автомобильдердің жалпы үйлесімдері келтірілген.
Автомобильдің үйлесімінде оның негізгі тораптары мен агрегаттарының өзара орналасуы қарастырылады, атап айтқанда, қозғалтқыш, трансмиссия агрегаттары, алдыңғы және артқы белдіктер,аспалар, жүктік платформа және т.б.
|
|
Рисунок 2.3. Компоновка легкового автомобиля |
Рисунок 2.3. Компоновка грузового автомобиля |
Сондықтан автомобильдің көрсетілген тораптары мен агрегаттары автомобильдің жалпы көрінісінің сызбасында көрсетілуі тиіс, сонымен қатар бұл сызбада автомобильдің негізгі габариттік өлшемдері мен оның профильді жүргіштік параметрлері көрсетілуі керек.
Жолаушылар салонының өлшемдері антропологиялық талаптарға сәйкес жолаушылардың ыңғайлы орналасуынан, салон ішіндегі ауаны алмастыру саны мен ұзақ уақыт автомобильде қозғалғанда комфортты жағдайлар қамтамасыз етуден таңдалады.
Жүктік платформаның өлшемдері жобаланатын платформаның тасылатын жүктің класына байланысты, жүктің платформаға орналасуы мен габариттік шектеулерді ескеру керектігінен таңдалады.
2.5, 2.8 және 2.7-суреттерінде жеңіл автомобильдердің үлгілік үйлесімдері мен олардың кинематикалық схемалары көрсетілген.
2.5-сурет. Жеңіл автомобильдің классикалық үйлесімі
2.6-сурет. Жеңіл автомобильдің артқы жетекті үйлесімі
2.7-сурет. Жеңіл автомобильдің алдыңғы жетекті үйлесімі
