Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДАМУ билеты 2015-2016.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
72.99 Кб
Скачать

Емтихан билеті № 13

  1. Үш жас кезеңінде жаңадан пайда болатын заттық әрекеттер.

  1. Көрнекі бейнелеу және логикалық ойлау.

  1. Сәби тілінің дамуы

Сәбилік кезеңде бала тілінің дамуы екі бағытта өтеді:

  • Үлкендердің сөзін түсінуі жоғарғы бағытта өтеді

  • Сәбидің өзіндік белсенді сөздік қоры қалыптасады.

Балада дыбыстарды есту негізі қалыптасады. Бірте – бірте өңделіп, сөздік дыбыстар құрайды, ақырында балада алғашқы сөзді түсінуі мен құрастыру дағдысы қалыптасады да үлкендермен айналасындағы құрбылармен қарым-қатынас жасау мүмкіндігі артып кеңейеді. Сәбилік кезеңде баланың тілінің дамуы үшін үлкендермен қарым-қатынас жасау мен заттармен әрекет етудің маңызы зор.

Кейбір үлкендермен сирек араласатын баланың тілі кеш дамиды. Тағы да ескертетін жай баланың барлық талап – тілектерін, айтқанын орындап, қажеттіліктерін қанағаттандыратын болсақ, бала көпке дейін сөйлей алмайтын болады.

Бір жарым жасқа дейін баланың күрделі активтік сөздік қоры жай дамиды. Осы кезде олар 30-40 тан 100 ге дейінгі сөзді меңгереді және оны өте сирек қолданады. Бір жарым жастан соң кенет өзгеріп, бала сөйлеуге ынталы боып, тек заттың атын атап қана қоймай, оны затпен байланыстырып айтатын болады.

Емтихан билеті № 14

  1. Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық даму ерекшеліктері.

Баланың ойыны үлкендердің ісіне үйрену үшін арналған деп, әлем психологтары қорытынды жасайды.Психикалық зерттеу бойынша ерте кезде балалар ойын дегенді білмеген, яғни бірнеше жыл бұрынғы өлген кісілердің молласы, жер астында көміліп қалған адамдар ешқандай олшем таппаған. Балаға арнап ойыншық жасау соңғы ғасырлар пайда болып осындай зерттеу қарастырғанда ерте кездегі баланың көбі 5-6 жасында ғана ойнап, кейін үлкендермен бірге жұмысқа кірір, кішкентайынан материгке үлес қосқан. Психолог Эльконин айтуы бойынша бұрынғы тайпалардың балалардың әке-шешесі бірігіп балық аулаған, егін салуға көмектескен. Сол сияқты қазақтың балалары 4-5 жасынан бастап еңбекке үйреткен. Қазіргі кезде мектеп жасындағы балалар негізгі ойыны рольдік ойын. Рольдік ойын кішкентай балалар мен дәрігер немесе мұғалім болам деп белгілі бір адамға еліктеуін туады. Қазіргі заман талабына сай, ойындар, ережелерінің түрлері өзгерді. 1 жастағы балаға манипуляциялық ойын маңызды орын алады.

  1. Сәбилік кезең дамуының басты белгілері.

  1. Үш жас кезеңіндегі балада кездесетін дағдарыстар.

Ерте балалық шақ және мектепке дейінгі жас арасында 3 жас дағдарысы болады. Өзінің «менін» бөлініп шығу дағдарысы, әлеуметтік қатынастар жүйесін қайта қарау. Бала бағыты өзгереді. Егер де жаңа қатынастар дұрыс қалыптаспаса, оның ұсынысы қолдау таппаса, дербестілік шектеледі, балада үлкендермен қарым-қатынасында көрінетін дағдарыстық құбылыстар пайда болады. Л.С.Выготский, Э.Келлер 3 жас дағдарысының 7 сипаттамасын суреттейді.

3 Жас дағдарысының 7 сипаттамалары:

  1. Негативизм- бала ересектер қойған талаптарға жағымсыз реакция көрсетеді. Негативизм таңдамалы да болуы мүмкін, ол отбасы мүшесінің біреуінің тілін ғана алмайды немесе бір ғана тәрбиешіні тыңдамайды, ал басқаларымен қалыпты қатынаста болады. Әрекеттің басты мотиві- барлығын керісінше жасау.

  2. Қыңырлық ( упрямство)- бұл баланың өзі қалаған нәрсесін жасауға ұмытылуы. Өтпелі кезеңде қырсықтық ( строоптивость) көрініс беруі мүмкін. Бұл нақты бір адамға емес, ерте балалық шақта қалыптасқан қатынастар жүйесіне бағытталған. Дербестілік тенденциясы байқалады: бала барлығын өзі жасап өзі шешкісі келеді. Негізінен бұл жақсы құбылыс, дегенмен дағдарыс кезінде бұл өз еріктілікке алып келуі мүмкін.

  3. Наразылық бүлікші ( қасарыспалық)- кейбір балаларда ата-аналарымен конфликтілі жағдай жиі кездеесуі мүмкін, олар үлкендермен үнемі соғыс күйінде болады.

  4. Деспотоизм ( шексіз билеушілік)- отбасында бір ғана бала болса көрініс береді. Бала қоршаған адамдарға өзінің билігін көрсетеді.

  5. Бағасыздану (обесценивание)- 3 жас дағдарысының ең қызық сипаттамасы. 3 жасар бала ұрыса бастайды, сүйікті ойыншығын лақтырып тастауы мүмкін, бұл құбылыстың барлығы баланың басқа адамдарға деген өзіне деген қатынасының өзгеруі жайында хабар береді. Бала 3 жасқа келгенде көптеген жаңа әрекеттердің түрі пайда бола бастайды. Осы кезде психикасы да ерекше қарқынмен дамиды. Мұндай жаңа әрекеттерге сәбидің ойнайтын ойынының түрленуі, сурет салуы, жапсыру, құрастыруы жатады. Бейнелеу әрекетінің әр түрі мен шұғылданып, қарандашпен қағазға өзінше жазу жазып, шимайлап, түзу таяқшалар сыза бастайды. Бұлар сурет салу дегеннің өзі бір заттың бейнесін қағазға түсіру екенін түсінеді. Баланың алғашқы сурет салуы үлкендердің басшылығымен жүзеге асады.