Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фарм тер.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
32.12 Кб
Скачать

Фармакодинамикасы

Аквадетрим Д3 витамині – рахитке қарсы препарат. Аквадетрим Д3 витаминінің ең маңызды функциясы кальций және фосфат метаболизмін реттеу болып табылады, бұл қаңқаның минералдануы мен өсуіне ықпал етеді. Двитамині – адам терісінде күн сәулелерінің әсер етуімен түзілетін Д витаминінің табиғи түрі. Кальций мен фосфаттардың ішектен сіңірілуінде, минералды тұздар тасымалдануында және сүйектердің кальцификация үдерісінде елеулі рөл атқарады, сондай-ақ кальций мен фосфаттардың бүйрекпен қайта сіңірілуін реттейді. Кальций иондары қаңқа бұлшықеттерінің тонусын, жүйке қозуының өтуін демейтін бірқатар маңызды биохимиялық үдерістерге, қан ұю үдерісіне қатысады. Аквадетрим Д3 витамині лимфокиндер өнімін көтермелейді.

Қолданылуы

Алдын алу және емдеуде

- балалар мен ересектердегі рахит пен остеомаляцияның алдын алу және емдеу

- шала туылған жаңа туған нәрестелердегі рахиттің алдын алу

- ішекте сіңу патологиясынсыз осындай жай-күй қаупі бар балалар мен ересектерде Д витамині тапшылығының алдын алу

- балалар мен ересектерде мальабсорция кезіндегі Д витамині тапшылығының алдын алу

- ересектердегі гипопаратиреозды емдеу

Кешенді ем құрамында

- остеопороз

Қолдану тәсілі және дозалары

Препарат дозасын жалпы кальций қолданылуын (күнделікті тамақтану рационында да, дәрілік препараттар түрінде де) ескеріп, әркімге жеке белгілеген жөн.

Препарат аздаған сұйықтық мөлшерімен ішу арқылы қабылданады.

1 Тамшы құрамында шамамен 500 хб д3 витамині бар. Препарат дозасын дәл өлшеп алу үшін тамшыны есептеу кезінде құтыны 450 бұрыштап ұстау керек.

Д витамині тапшылығының алдын алу:

- Балаларға өмірінің 2-ші аптасынан бастап және ересектерге тәулігіне 500 ХБ (1 тамшы)

Д витамині тапшылығын емдеу:

Препарат дозасын дәрігер, Д витаминінің жеткіліксіздік дәрежесіне қарай, әркімге жеке белгілейді

Рахитке тәуелді Д витамині:

Балаларға тәулігіне 3000 ХБ-дан 10000 ХБ дейін (6-20 тамшы)

Құрысуға қарсы дәрілер қолданумен байланысты остеомаляция:

Балалар – 1000 ХБ (тәулігіне 2 тамшы)

Ересектер – тәулігіне 1000-4000 ХБ (2-8 тамшы)

    Остеомаляция және остеопорозда кешенді ем құрамында – тәулігіне 500-1000 ХБ (1-2 тамшы). Дозаны дәрігер аурудың себебі мен ауырлығына қарай әркімге жеке белгілейді.

Жағымсыз әсерлері

Ұсынылатын дозаларда қолданылғанда білінбейді. Двитаминіне сирек білінетін жекеше жоғары сезімталдық жағдайында немесе ұзаққа созылатын кезең бойына аса жоғары дозаларын қолдану нәтижесінде Двитаминінің артық дозалануы, Двитаминінің гипервитаминозы туындауы мүмкін.

- гиперкальциемия және гиперкальциурия

- аллергиялық реакциялар (қышыну, бөртпе, есекжем)

- асқазан-ішек жолының бұзылыстары (іш қату, метеоризм, жүрек айну, іштің ауыруы немесе диарея)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың әсер етуші затына немесе компоненттеріне, әсіресе бензил спиртіне жоғары сезімталдық

- Д витаминінің гипервитаминозы

- бүйрек жеткіліксіздігі

- қанда және несепте кальций мен фосфор деңгейінің жоғарылауы

- кальцийлі бүйрек тастары

- саркоидоз

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Эпилепсияға қарсы дәрілер (әсіресе, фенитоин және фенобарбитал), рифампицин Д3 витаминінің қайта сіңірілуін төмендетеді.

Д3 витаминін тиазидті диуретиктермен бір мезгілде қолдану гиперкальциемияның даму қаупін арттырады.

Д3 витаминін жүрек гликозидтерімен бір мезгілде қолдану олардың уытты әсерін күшейтуі мүмкін (жүрек ырғағы бұзылуының көрініс беру қаупін арттырады).

Құрамында алюминий және магний бар антацидті дәрілерді Д витаминімен біріктіріп ұзақ уақыт қолдану қандағы алюминий концентрациясының жоғарылауына және соның салдарынан бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде алюминийдің сүйек тініне уытты әсер етуі мен гипермагниемияға ықпал етуі мүмкін.

Құрамында кальций мен фосфордың жоғары концентрациялары бар препараттар гиперфосфатемияның даму қаупін арттырады. Д витаминін басқа аналогтарымен бір мезгілде қолдану Д витамині гипервитаминозының даму қаупін арттырады.

Кетоконазол 1,25(ОН)2-колекальциферол биосинтезін де, катаболизмін де бәсеңдетуі мүмкін.

Д витамині гиперкальциемия кезінде қолданылатын кальцитонин, этидронат, памидронат препараттарының антагонисі болып табылады.

Қоса берiлiп отырған "2004-2007 жылдарға арналған инфекцияға қарсы жаңа препараттарды әзiрлеу" ғылыми-техникалық бағдарламасы бекiтiлсiн.