Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фарм тер.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
32.12 Кб
Скачать

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

қарсы қолданылатын препараттар[өңдеу]

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Вирусқа қарсы қолданылатын препараттар. Оларға биологиялық препарат тар — гамма-глобулининтерферон, сондай- ақ кейбір химиялық заттар жатады. Гамма — глобулинқан сарысуының белоктық фракцияларының бірі болып табылады; бұл препараттың құрамында микроорганизмдерді — ауру қоздырғыштарды өлтіруге көмектесетін қорғаушы антителолар бар. Оларды қан берушілердің, олардың ішінде белгілі бір жұқпалы ауруға қарсы вакцина егілген қан берушілердің қанынан, вакцина егілген малдың, т. б. қанынан алады. Гамма-глобулин препараттарын тұмау, Боткин ауруы, қызылша, энцефалит, құтыру, және басқа вирустық аурулардың, сондай-ақ бактериялар тудыратын кейбір аурулардың (стафилококк жұқпалы ауруы, көкжөтел, т. б.) алдын алу және оларды емдеу үшін қолданады. Гамма-глобулин организмнің түрлі ауруларға жалпы қарсылық көрсет у д де күшейте алады. Оның аллергиялық әрекеттер және басқа құбылыстар туғызуы мүмкін, сондықтан ол тек дәрігердің ұйғаруымен ғана енгізілуге тиіс.

Лейкоцитті интерферон — организм клеткаларында вирустың енуіне қарсы жетілетін қорғаушы белоктар. Кейбір вирустық аурулардың алдын алу және оларды емдеу үшін пайдаланылады. Тұмаудың алдын алу үшін — ауру етек ала бастаған кезде оны мұрынға күніне 2 рет (ең алдымен 3 айға дейінгі нәрестеге) тамызу керек. Химиялық препараттар да: ремантадин мен оксолинде вирусқа қарсы әрекет етеді. Ремантадинді ересек адамдардың тұмауын бастапқы кезінде емдеу және оның алдын алу үшін қолданады; 0,25 проценттік сүртпе май түріндегі оксолинді (мұрынға жататын) тұмаудың алдын алу үшін пайдаланады.[1]

АКВАДЕТРИМ Д3 витамині

АКВАДЕТРИМ Д3 витамині

Халықаралық патенттелмеген атауы

Колекальциферол

Дәрілік түрі

Ішуге арналған тамшылар 15 000 ХБ/мл, 10 мл

Құрамы

1 Мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат - 15 000 ХБ колекальциферол ,

қосымша заттар: макрогол глицерилрицинолеаты, сахaроза, натрий гидрофосфаты додекагидраты, лимон қышқылының моногидраты, анис хош иістендіргіші, бензил спирті, тазартылған су.

Сипаттамасы

Анис иісі бар мөлдір, түссіз (бозаңдануына жол беріледі) сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Витаминдер. А және Д витамині және олардың біріктірілімі. Д витамині және оның туындылары. Колекальциферол.

АТХ коды А11СС05

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Д3 витаминінің сулы ерітіндісі, майлы ерітіндіге қарағанда, жақсы сіңеді (бұл шала туылған нәрестелерде қолдану кезінде маңызды). Ішу арқылы қолданудан кейін колекальциферолдың сіңуі 50-ден 80% дейінгі дозаның баяу диффузиясы арқылы аш ішекте жүреді.

Тез сіңіріледі (аш ішектің дистальді бөлігінде), лимфа жүйесіне өтеді, бауырға және жалпы қан ағымына түседі. Қанда альфа2-глобулиндермен және ішінара альбуминдермен байланысады. Бауырда, сүйектерде, қаңқа бұлшықеттерінде, бүйректерде, бүйрек үсті бездерінде, миокардта, май тінінде жиналады. Тіндерде ТСmax (ең жоғары концентрация кезеңі) – 4-5 сағат, одан кейін препарат концентрациясы біршама төмендеп, тұрақты деңгейде ұзақ уақыт сақталады. Полярлы метаболиттер түрінде көбінесе жасушалар мен микросомалардың, митохондриялар мен ядролардың жарғақшаларында шоғырланады. Плацентарлық бөгет арқылы өтіп, ана сүтімен бөлінеді.

Бауырда жинақталады.

Бауырда және бүйректе метаболизденеді: бауырда белсенді емес метаболит - кальцифедиолға (25-дигидрохолекальциферол) айналады, бүйректе кальцифедиолдан белсенді метаболит - кальцитриолға (1,25-дигидроксихолекальциферол) және белсенді емес метаболит 24,25-дигидроксихолекальциферолға айналады. Ішек-бауырлық қайта айналымға ұшырайды. Қандағы жартылай шығарылу кезеңі бірнеше күн құрайды және бүйрек ауруы жағдайында ұзаруы мүмкін.

D витамині және оның метаболиттері өтпен, мардымсыз мөлшері бүйрекпен шығарылады. Жинақталады.