Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фарм тер.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
32.12 Кб
Скачать

5% Декстроза ерітіндісімен және 0,9% натрий хлоридінің ерітіндісімен үйлесімді.

Айрықша нұсқаулар

Тітіркендіргіш және некроздаушы әсеріне байланысты, кальций хлоридін тері астына немесе бұлшықетке енгізуге болмайды.

Тиімді әсер етуі үшін дәрі-дәрмектік инфильтраттың аумағына бірізді түрде бастапқыда 5-10 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісі, содан соң 10 мл 0,25% новокаин ерітіндісі (тері астына 10% кальций хлориді инъекциясы анықталғаннан кейінгі алғашқы 10-15 минут) инъекциясын енгізу, одан кейін осы аумаққа жартылай полуспирттік компресс қою ұсынылады.

Препараттың ерітіндісі тері астына немесе бұлшықетке түсіп кеткен жағдайда, мүмкіндігінше, кальций хлоридін еккіштің көмегімен сорып алу, ал инъекция орнына 1 % новокаин ерітіндісін егу керек.

Емдеуді қандағы кальций концентрациясын бақылай отырып жүргізеді

Препараттың тамыр қабырғасына зақымдағыш әсер ету мүмкіндігін азайту үшін, инъекция үлкен көктамырға жіңішке ине арқылы жүргізілуі тиіс.

Препаратты балаларға, ауырлығы жеңіл және орташа дәрежелі бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі бар емделушілерге, дегидратацияда, электролиттік теңгерім бұзылуларында (гиперкальциемия қаупі), жүрек ауруларында (аритмия қаупі), бүйрек ауруларында, "өкпелік" жүректе, респираторлық ацидозда, тыныс алу жеткіліксіздігінде (кальций хлоридінің тотығуы салдарынан уытты реакциялар қаупі) сақтықпен қолданады.

Кальцийдің асқазанның қышқыл түзу функциясына стимуляциялаушы әсеріне байланысты, кальций хлоридін қабылдау асқазан-ішек жолының тітіркену симптомдарын туғызуы мүмкін, әсіресе пероральді қабылдағанда.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе аса қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратпен емдеу кезінде автокөлік жүргізу және қауіпті механизмдермен жұмыс жасау қарсы көрсетілімді.

Артық дозалануы

Гиперкальциемия симптомдары: әлсіздік, анорексия, іштің ауыруы, құсу, жүрек айнуы, іштің қатуы, полидипсия, полиурия, қатты қажу, ашушаңдық, өзін нашар сезіну, депрессия, дегидратация, жүрек ырғағы бұзылуы мүмкін, миалгия, артралгия, артериялық гипертензия.

Емі: елеусіз артық дозалануында (қан сарысуындағы кальций концентрациясы – 2,6-2,9 ммоль/л) енгізуді тоқтатады және құрамында кальций бар басқа дәрілік заттарды да тоқтатады. Ауыр артық дозалануында (қан сарысуындағы кальций концентрациясы 2,9 ммоль/л асады) кальцитонинді кг дене салмағына тәулігіне 5-10 ХБ дозада парентеральді енгізу (оны 500 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде сұйылта отырып), көктамыр ішіне 6 сағат бойы тамшылатып енгізу керек. Көктамыр ішіне сорғалатып баяу тәулігіне 2-4 рет енгізуге болады. Тиазидтік емес диуретиктер қолданылады; сарысудағы калий және магний концентрациясына бақылау жүргізеді, қажет болса – калий және магний препараттарын енгізеді, жүрек-қантамыр жүйесі функциясына бақылау жүргізу, аритмиялардың алдын алу үшін бета-адреноблокаторларды енгізу керек. Қажет болса гемодиализ жүргізіледі.

Шығарылу түрі және қаптамасы

5 мл-ден бейтарап шыныдан жасалған ампулаларда немесе еккішпен толтыруға арналған стерильді ампулаларда.

Әр ампулаға заттаңбалық немесе жазу қағазынан жасалған заттаңба жапсырылады немесе мәтінді тікелей ампулаға шыны бұйымдарға арналған терең баспа бояуыменжазады.

5 ампуладан поливинилхлоридті үлбір мен алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады. Әр қаптамаға ампулалық скарификатор салынады.

Кертіктері, сақиналары және нүктелері бар ампулаларды қаптағанда скарифика­торлар салынбайды.

Пішінді ұяшықты қаптамаларды медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықтармен бірге картоннан жасалған қорапқа салады. Нұсқаулықтар саны қаптамалар санына сәйкес салынады.