Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фарм тер.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
32.12 Кб
Скачать

 

Ем мақсаттары: симптормдарды басу, мұрын жолдарының өтімділігін қалпына келтіру жəне мұрынмен тыныс алу (əсіресе түнде), өмір сапасын жақсарту, жұмысқа қабілеттілікті қалпына келтіру.  Дəрі-дəрмексіз ем:  - сақтанулық режим (мұздауға жол бермеу, жедел респираторлы вирусты инфекция жəне  с.с);

- гипоаллергендік диета;

- себептік жəне ықпал ететін факторларды жою (элиминация);

- аллергеннің толық элиминациясы мүмкін болмаған жағдайда;

- тыныс алу жаттығулары.

Дəрі-дəрмектік ем:

Антибактериалды препараттар қарсы көрсетілмеген!

Жергілікті антисептикалық заттар қарсы көрсетілмеген!

Иммуностимуляторлар қарсы көрсетілмеген!  1-ші буындағы антигистаминдік заттар. Алғашқы 3-5 күн ішінде орташа жəне ауыр дəрежедегі жедел ағым кезінде пайдаланылады, мұнан кейін 2-ші буындағы препараттарға ауысады:

- хлоропирамин 25-75 мг/тəулігіне;

- хифенадин 25-75 мг/тəулігіне;

- мебгидролин 50-150 мг/тəулігіне;

- дифенгидрамин 50-150 мг/тəулігіне;

- клемастин 1-3 мг/тəулігіне;

- прометазин 25-75 мг/тəулігіне;

- астемизол 10-20 мг/тəулігіне.  2-ші буындағы антигистаминдік заттар. Аллергиялық риниттің базалық емі. 10 күннен бастап бірнеше айға дейінгі курстар пайдаланылады:

- лоратадин 10 мг/тəулігіне;

- цетиризин 10 мг/тəулігіне;

- фексофенадин 120 мг жəне 180 мг/тəулігіне;

- дезлоратадин 5 мг/тəулігіне;

- эбастин 10 мг/тəулігіне. 

Мұрын ауруларын емдеу үшін симпатомиметикалық заттар (деконгестанттар). Мұрын жолдарының өтімділігін уақытша қалпына келтіру үшін (мысалы, топикалық стероидтарды қабылдаудан алдын), сонымен қатар бір аптадан аспайтын аллергиялық риниттің жеңіл ағымы кезінде (тахифилаксияға берілгіштік бар) симптоматикалық заттар қолданылады:

- нафазолин 0,05%;

- оксиметазолин 0,05%;

- ксилометазолин 0,05%;

- тетризолин 0,05%. Мембраностабилизаторлар. Көбіне жергілікті қолданылады. 3-4 айға дейін курспен жүйелі қолдану, аллергенмен жанасуды шектеу мүмкін болмаған жағдайдағы мезгілдік (орташа немесе ауыр дəреже) немесе жыл бойы аллергиялық ринитте мүмкін:

- кромоглицин қышқылы 50-200 мг/тəулігіне;

- кетотифен 2-4 мг/тəулігіне.

Топикалық (интраназалды) глюкокортикостероидтар. Аллергиялық риниттің базалық патогенетикалық емі. 6 айға дейінгі курстармен қолданылады:

- бетаметазон (200-400 мкг/тəулігіне);

- мометазон (200-400 мкг/тəулігіне).  

Спецификалық емес гипосенсибилизация.  Қарсы көрсетілімдер болмаған кездегі мезгілдік аллергиялық ринит кезінде мүмкін. Гистамин гидрохлоридімен бірге адам ииммуноглобулині (схема бойынша).  

Кальций хлориді Инъекцияға арналған ерітінді 10%, 5млҚұрамы5 мл ерітіндінің құрамындабелсенді зат - 500 мг кальций хлорид гексагидраты          қосымша зат  инъекцияға арналған суСипаттамасы Мөлдір түссіз сұйықтық

Фармакотерапиялық тобыПлазмаалмастырғыш және перфузиялық ерітінділер. Электролиттік ерітінділер. Кальций хлориді.

ФармакокинетикасыҚанда кальций қосылыстарда және иондалған күйде (белсенді және иондалған кальций) болады. Көктамыр ішіне енгізгенде, кальций хлориді сүйек тінінде жинақталады, ол жерде организмдегі барлық кальцийдің 99 %-ы болады. Организмнен негізінен ішекпен, ішінара – бүйрекпен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Препарат жүйке импульстерінің берілісі, қаңқа бұлшықеттері мен жүрек бұлшықеттерінің жиырылуы, сүйек тінінің қалыптасуы, қанның ұюы және басқа ағзалар мен жүйелердің қалыпты қызмет атқаруы үшін қажетті кальций иондары тапшылығының орнын толтырады. Кальций жасуша жарғақшалары мен тамыр қабырғаларының өткізгіштігін төмендетеді, қабыну реакциялары дамуының алдын алады, организмнің жұқпаларға төзімділігін арттырады және фагоцитозды едәуір күшейтуі мүмкін. Көктамыр ішіне енгізгенде вегетативтік жүйке жүйесінің симпатикалық бөлігін стимуляциялайды, эпинефриннің бүйрекүсті бездерінен бөлініп шығуын күшейтеді, орташа диуретикалық әсер береді.