- •Жшс «Астана қалалық жарық»шаруашылық қызметімен танысу
- •Бухгалтерлік есепті құрудың негіздері
- •Кәсіпорынның меншікті қаржысының есебі
- •Негізгі қорлар есебі мен материалдық емес активтердің есебі
- •Қорлар есебі
- •Ақша қаражаттарының есебі
- •Дебиторлық берешектердің есебі
- •Міндеттемелер есебі
- •Еңбек және оны төлеу есебі
- •Кірістер мен шығыстар есебі
- •11 Қаржылық есеп беру: құрастыру әдістемесі
11 Қаржылық есеп беру: құрастыру әдістемесі
Есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.
Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ мемелекеттік органдар кіреді.
Мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігін қоспағанда, қаржылық есептілік мыналарды қамтиды:
1) бухгалтерлік баланс;
2) пайда мен зияндар туралы есеп;
3) ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп;
4) капиталдағы өзгерістер туралы есеп;
5) түсіндірме жазба.
1-ші «Қаржы есептiлiгiн ұсыну» халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес әрбiр кәсiпорын, өз операцияларының сипатына сүйене отырып, қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi активтер мен мiндеттемелердi жеке сыныптау ретiнде баланстың өзiнде ұсынатынын немесе ұсынбайтынын анықтауға тиiс. Егер кәсiпорын ондай сыныптау жүргiзбеудi ұйғарса, онда активтер мен мiндеттемелер олардың өтімділігі тәртiбiмен, еркiн ұсынылуға тиiс.
Қаржылық есептілік нысандары бірігіп ұйымның ресурстарының болашақтағы қозғалысы мен қаржылық жағдайына қатысты шешімдерді қабылдауға және болжау жасауға көмек ретінде ішкі және сыртқы пайдаланушыларға өткен кезең жөніндегі мәліметтер ұсынады.
Егер кəсіпорын тіркеуден 1 қазан мен31 желтоқсанаралығында өткен жағдайда, ол кəсіпорынның алғашқы есеп беру уақыты келесі жылдан басталады. Кəсіпорынның тіркеуден өткенге дейінгі операциялары бойынша шығындары алғашқы жасалатын бухгалтерлік қорытынды есепке қосылады.Қаржылық есептілік №30 ХҚЕС-на сəйкес жасалады. Қаржылық есептілік, оған аудиторлық жəне тексеруші комиссияның қорытындысы берілгеннен кейін серіктестіктің қатысушысына ұсынылады.Бухгалтерлік есеп жүйесіндегі барлық жазулар жұмыс шоттар жоспарының классификациясына сəйкес болуы керек.Қаржы-шаруашылық операцияларын құрудың бастапқықұжаттары болып Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің талаптарына жəне жақтардың келісіміне сəйкес рəсімделетін шарттар, келісімдер, бұйрықтар жəне т.б. табылады.
Қорытынды
ЖШС-ң бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға байланысты жүргізілген зерттеулер негізінде келесідей тұжырымдар мен ұсыныстарды жасауға болады:
ЖШС-ң бәсекеге қабілеттілігі – бәсеке жағдайында ,қызмет көрсетуге,электр энергияға автоматтандырылған басқару жүйесін енгізу саласында , қаланы жарықтандырудағы қабілеттілігі жоғары мекеме.
Қажетті құралмен толық жабдықталған, орнының көлемінің кішілігі мен ауласының көлемі кедергі келтіреді.
Нәтиже көрсеткіштері бәсекеге қабілеттілігі өзіндік құны жоғары екендігін көрсетеді, негізгі қорды, технологияны жаңарту, сапалы материалдардың алуға ,ауыстыруға шығын жұмсайды. ЖШС-ң осындай жағдайда болуы бәсекеге қабілеттілігін жоғары екендігі дәлелдейді..
Қорытындылай келсек, қаржылық есептілікке кіретін элементтерді атап өтсек: бухгалтерлік баланс, пайда мен зияндар туралы есеп, ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп, капиталдағы өзгерістер туралы есеп, түсіндірме жазба.
Баланстың өзi кем дегенде мыналарды көрсететiн жекелеген баптарды қамтуға тиiс:
жылжымайтын мүлiк, үйлер және жабдық;
материалдық емес активтер;
қаржылық активтер
босалқылар;
сауда және басқа несиегерлiк берешек;
12 - «Пайдаға салынатын салықтар» ХҚЕС-на сәйкес салық мiндеттемелерi мен активтер;
бағалау мiндеттемелерi;
пайыздар есептелетiн ұзақ мерзiмдi мiндеттемелер;
азшылық үлесi;
шығарылған капитал мен резервтер.
Пайдалар мен залалдар туралы есептiң өзiнде міндетті түрде кезең ішінде мынадай сомаларды көрсететін кем дегенде мынадай желілік баптар болуға тиіс:
табыс;
қаржыландыру жөніндегі шығындар;
қауымдасқан компаниялар мен бірлескен кәсіпорындардың пайдалары мен залалдарында үлес қосып қатысу бойынша есептеу әдісіне сәйкес ескерілген ұйымның үлесі;
салық бойынша шығыстар;
тоқтатылған қызметтен алынған салық салудан кейінгі жиынтық пайда немесе залал;
және
пайда немесе залал.
Пайдалар мен залалдар туралы есептiң өзiнде міндетті түрде мынадай баптар кезең ішінде пайданы немесе залалды бөлу ретінде ашып көрсетiлуге тиіс:
азшылық үлесіне жатқызылатын пайда немесе залал;
және
еншілес компанияның меншікті капитал иелеріне жататын пайда немесе залал.
Ұйым қызметінің қаржы нәтижелерін түсіну үшін осылайша ұсыну маңызды болған кезде, пайдалар мен залалдар туралы есептің өзінде міндетті түрде қосымша желілік баптар, бөлімдердің тақырыптары және аралық сомалар ұсынылуға тиіс.
Ұйым меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп ұсынуға және осы есептің өзiнде мынадай ақпаратты ашып көрсетуге міндетті:
кезең iшiндегi пайда немесе залал;
Стандарттар мен Түсіндірмелердің талаптарына сәйкес тiкелей меншiктi капиталда танылатын кезең ішіндегі кiрiстер мен шығыстардың барлық баптарын, сондай-ақ осы баптардың жиынтық сомасын;
еншідес компанияның меншікті капиталының иелеріне және азшылық үлесіне қатысты жиынтық сомаларды бөлек көрсетіп, кезең ішіндегі кірістер мен шығыстар сомасын;
меншікті капиталдың әрбір компоненті бойынша - 8 ІAS Халықаралық саясатына сәйкес танылған есеп саясатындағы өзгерістердің және қателерді түзетудің ықпалы.
Тек осындай баптарды қамтитын меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп танылған кірістер мен шығыстар туралы есеп ретінде аталуға тиіс.
Ұйым сондай-ақ меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есепте, не қаржы есептілігіне ескертулерде мыналарды ұсынуға міндетті:
меншікті капитал иелерінің төлемдерін жеке көрсете отырып, меншiкті капитал иелерi ретінде әрекет жасайтын меншiкті капитал иелерiмен операциялар сомасын;
кезеңнiң басындағы және есепті күнгі тікелей пайда сальдосы, сондай-ақ кезең ішіндегі тиісті өзгерістер;
және
әрбiр өзгерiстi жеке ашып көрсете отырып, төленген меншiктi капиталдың әрбiр тобының және кезеңнiң басындағы және соңындағы әрбiр резервтiң баланстық құнының арасындағы тексеру.
Қаржылық есептіліктерге жасалатын ескертулер міндетті түрде:
қаржы есептiлiгiн және таңдап алынған нақты есеп саясаты туралы ақпаратты ұсынуға;
Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарының талаптарына сәйкес баланстың өзінде, пайдалар мен залалдар туралы есепте, меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есепте немесе ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есепте ұсынылмайтын ақпаратты ашып көрсетуге;
баланстың өзінде, пайдалар мен залалдар туралы есепте, меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есепте немесе ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есепте ұсынылмайтын, бірақ есептіліктің осы түрлерінің кез келгенін түсіну үшін маңызды қосымша ақпарат беруге тиіс.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
ЖШС «Астана қалалық жарық» жарғысы
Абленов Д.О.Аудит негіздері.Оқулық.-Алматы.Экономика,2012.
Ажибаева З.Н. Аудит: Учебник.- Алматы: Экономика,2013.
Әбдіманапов Ә. Қаржылық есеп. Оқулық. – Алматы, 2011. - 544б.
Баймұханова С.Б. Қаржылық есеп. Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2007. – 296 б.
Дуйсембаев К.Ш. Қаржы есептілігін талдау. Оқулық. – Алматы: Экономика, 2011. - 348 б.
Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп принциптері. Оқулық. – Алматы: Полиграфкомбинат, 2011. – 255 б.
Назарова В.Л. Шаруашылық жүргізуші субьектілердегі бухгалтерлік есеп.Оқулық.-Алматы, Экономика,2012.
Нұрсейітова Е.О. Ұйымдағы бухгалтерлік есеп. Оқу құралы. – Алматы: , 2010ж.
Өтебаев Б.С. Қаржылық талдау. Оқулық. Астана: ҚазЭҚХСУ, 2008. – 220 б. Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары. - Алматы: «Lem баспасы», 2011. – 35 б.
Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы - 28 ақпан 2007ж. № 234-Ш
