Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Асель отчет1.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
82.87 Кб
Скачать
  1. Кірістер мен шығыстар есебі

Қаржылық есептіліктің 18 «Түсім» халықаралық стандартына сәйкес табыстар төмендегі жағдайда танылады:

  • Тауарды сатқан кезде;

  • Қызмет көрсеткен сәтте;

  • Компанияның активтерін өзге тарап пайдаланған жағдайда алынатын пайыздар, дивидендтер, роялти.

Табыстардың жіктелуі ақпаратты пайдаланушының компания операцияларын түсінуге мүмкіндік береді. Табысты операциялық қызметтен алынған және операциялық емес қызметтен алынған деп бөліп көрсету қажет.

Табысты есепке алған кезде табысты тану сәтін анықтау маңызды болып табылады. Табыс төмендегі жағдайда танылады:

  1. Тауарды сатып алу мен иемдену барысындағы тәуекелділік сатып алушыға көшкен кезде;

  2. Табыс сомасы сенімді түрде бағаланған болса;

  3. операциялармен байланысты экономикалық табыстың түсу ықтималдығы жоғары болса;

  4. Есепті күнге операцияның аяқталу сәті сенімді түрде анықталған.

  5. Операцияларды жүзеге асырумен байланысты шығындар сенімді түрде анықталған кезде.

Әдетте тауарларды сатумен байланысты табыс сатып алушыға меншік құқығы өткен сәтте танылады. Бөлшек саудада бұл сәт меншік құқығын беру сәтімен сәйкес келеді. Басқа жағдайда меншікті құқығын беру сәтімен табысты тану сәтінде бірнеше кезең өтуі мүмкін. Осыған сәйкес төмендегі операциялардық төрт түрі табысты тануға мүмкіндік береді.

  1. Сатып алушыға тауарды жеткізу сәтіндегі табысты тану;

  2. Қызметтерді көрсетуден түскен табыс қызмет көрсетілгеннен кейін және сол бойынша шот ұсынылғанда танылады.

  3. Активтерді пайдалану құқығын беру нәтижесінде пайыз түрінде алынған табыс, активті пайдалану сәтінен бастап танылады.

Табыстың сомасы сатушы мен сатып алушының келісіміне қарай анықталады. Осы кезде берілетін сату сәтіндегі жеңілдіктер, тауарларды қайтару және басқа да жағдайда табыс сомасын азайтады. Олар шығындар емес, табыстың азаюы ретінде қарастырылады.

Табысты танудың төмендегідей сәттері кездесіп жатады:

  • активті бергеннен кейінгі танылған табыс;

  • активті бергенге дейінгі танылған табыс;

  • активті беру сәтінде танылған табыс.

Кейбір жағдайда табысты алу процесі бірнеше есептік кезеңдері қамтуы мүмкін. Мысалы: құрылыста, мұнай өндіру құралдарын дайындау мерзімі құрылыстық келісім шартта есепке алудың 2 әдісі бар:

  1. Келісім-шартқа толық аяқталу әдісі-табыс, шығыс және жалпы пайда келісім шартқа аяталған сәтте танылады. Бұл кезде жинақталған шығындар (аяқталмаған құрылыс шотында)жинақталады.

  2. Жұмыстың аяқталуының пайыздық әдісі- табыс пен шығыс және жалпы пайда өқұрылыстың жүруіне сәйкес әрбір есепті кезеңде танылып отырады, яғни орындалғанжұмыстың пайыздық арақатнасына негізделеді.

Өнімді сатудан және қызметтерді ұсынудан түсетін кірістерді есепке алуға 6000 «Өнімді сатудан және қызметтерді ұсынудан түсетін кіріс» кіші бөлімінің 6010 – «Өнімді сатудан және қызметтер көрсетуден түсетін кіріс» шоты арналған.

Қаржылық активтер бойынша кірістерді алумен байланысты операциялар 6110 – «Сыйақылар бойынша кірістер» шотында көрсетіледі, мәселен депозиттер, берілген қарыздар.

Бағалы қағаздар бойынша алынған дивидендтер бойынша кірістерді алумен байланысты операциялар 6120 – «Дивидендтер бойынша кірістер» шотында көрсетіледі.

Есепті кезеңнің соңында жоғарыда аталған шоттардың барлығы 5610 – «Қорытынды пайда (қорытынды залал)» тобының шоттарына жабылады.

Сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құнын есепке алуға 7000 «Сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны» кіші бөлімінің 7010 – «Сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны» шоты арналған.

Кәсіпорынға тұтастай алғанда қызмет көрсетуге және оның бүкіл өндірістік-шаруашылық қызметін басқаруға байланысты жалпы шығатын шығындар жалпы және әкімшілік шығындар болып табылады. Бұл шығындардың есебі 7200 «Әкімшілік шығыстар» шотында жүргізіледі. Бул активті шот. Жазбалар кәсіпорын бекіткен баптардың номенклатурасына қарай жазылады.

Өнімдерді сатумен және қызметтер көрсетумен байланысты шығыстарды есепке алу үшін 7110 – «Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар» шоты қолданылады.

Бұл шотта сату бойынша жұмсалған шығындардың мынадай түрлері көрініс табады: кәсіпорын қоймаларындағы өнім ыдыстарына және өнімді буып-түюге жұмсалған шығындар, бұл арада шарт ережелеріне тікелей байланысты, өнім ыдысқа салынбай және буып-түйілмей босатылуы да мүмкін, немесе қоймаға кірістелген өнімнің өзіндік құнының құрамына ыдыс құнының енгізілуі де мүмкін.

Кезең ішінде танылған кірістер мен шығыстардың барлық баптары міндетті түрде пайдаға немесе залалға қосылуға тиiс. 8 - «Кезең ішіндегі таза пайда немесе залал, есеп саясатындағы іргелі қателіктер мен өзгерістер» ХҚЕС-на сәйкес кезең ішіндегі таза пайда немесе залал әрқайсысы пайда мен залал туралы есептің өзінде тікелей мына құрамдас бөлімдер бойынша ашылуға тиісті:

  • әдеттегі қызметтен алынатын пайда немесе залал;

  • төтенше баптар.

Ұйым қандай ұсынудың сенімді болып табылатынына және неғұрлым маңызды ақпарат беретініне байланысты не шығыстарының сипатына, не ұйым ішіндегі олардың мақсатына (функциясына) негізделген сыныптауды пайдалана отырып, шығыстарды талдауды ұсынуға міндетті.

«Астана қалалық жарық» ЖШС-ң ай аяғында түскен кіріс мекеменің қорытынды пайда есебіне апарылды:

Дт 6010 Кт 5610 5 000 000тг.

ЖШС-ң жедел бухгалтірлік және статистикалық есебімен мен есептемесі Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген Заңына сәйкес орындалады. ЖШС қызметінің қаржылық нәтижесі жылдық бухгалтірлік есеп негізінде белгіленеді. ЖШС қаржылық есептері жыл сайын жасалады және ЖШСкіріс пен шығысын теңге түрінде, шетел валютасымен көрсетіледі. Қаржылық жыл – күнтізбелік жылымен сәйкес келеді, 1 қаңтарда басталып 31 желтоқсанда аяқталады.

ЖШС кірісі (кіріс бөлігі) бюджетпен қорлардың (таза кіріс) құрлуына және толығуына бағытталған сомаман қарым- қатынасы сомасын алып тастау сыртында, ЖШС қызметіне сәйкес жылдағы нәтижелерін бекітуге арналған, қатысушылардың кезекті жалпы жиналысына сәйкес, қатысушылардың арасында олардын жарғы капиталындағы салымына бара –бар бөлінгені үшін жақтар келісіп, дауыс береді. Жалпы жиналыс таза табысты немесе оның бір бөлігін қатысушылардың арасында бөлуден алып тастау туралы шешім қабылдауға да құқылы. Жарғылық капиталы толық төленгенде дейін табысты қатысушылар арасында бөлуге құқығы жоқ. Жарғылық капиталдың азайтыуына байданысты жарғылық каптилдаң жаңа мөлшерінен катысушыларына төлемдер жасауға құқылы. Қатысушылар жарғылық капитал көлемін фактілік көлемге дейін (бірақ Заңмен ең төменгі көлемімен төмен есем) азайтуға құқылы, осыдан кейін осы бапта қарастырылған тәртіппен таза пайданы бөлуге болады.

Қаржы есептiлiгi ұйым қызметінің қаржы жағдайы мен қаржы нәтижелерінің құрылымдалған ұсынуы болып табылады. Оның мақсаты - мүдделі тұлғаларды дара кәсіпкерлер мен ұйымдардың қаржылық жағдайы, қызметінің нәтижелері және қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы толық және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. Қаржы есептiлiгi сондай-ақ ұйым басшылығына сенiп тапсырылған ресурстарды басқару нәтижелерiн де көрсетедi.

Мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігін қоспағанда, қаржылық есептілік мыналарды қамтиды:

1) бухгалтерлік баланс;

2) пайда мен зияндар туралы есеп;

3) ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп;

4) капиталдағы өзгерістер туралы есеп;

5) түсіндірме жазба.

1-ші «Қаржы есептiлiгiн ұсыну» халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес әрбiр кәсiпорын, өз операцияларының сипатына сүйене отырып, қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi активтер мен мiндеттемелердi жеке сыныптау ретiнде баланстың өзiнде ұсынатынын немесе ұсынбайтынын анықтауға тиiс. Егер кәсiпорын ондай сыныптау жүргiзбеудi ұйғарса, онда активтер мен мiндеттемелер олардың өтімділігі тәртiбiмен, еркiн ұсынылуға тиiс.

Қаржылық есептілік нысандары бірігіп ұйымның ресурстарының болашақтағы қозғалысы мен қаржылық жағдайына қатысты шешімдерді қабылдауға және болжау жасауға көмек ретінде ішкі және сыртқы пайдаланушыларға өткен кезең жөніндегі мәліметтер ұсынады.

ЖШС-ң кірісі (кіріс бөлігі) бюджетпен қорлардың (таза кіріс) құрлуына және толығуына бағытталған сомаман қарым- қатынасы сомасын алып тастау сыртында, қызметіне сәйкес жылдағы нәтижелерін бекітуге арналған, қатысушылардың кезекті жалпы жиналысына сәйкес, қатысушылардың арасында олардын жарғы капиталындағы салымына бара –бар бөлінгені үшін жақтар келісіп, дауыс береді. Жалпы жиналыс таза табысты немесе оның бір бөлігін қатысушылардың арасында бөлуден алып тастау туралы шешім қабылдауға да құқылы. Жарғылық капиталы толық төленгенде дейін табысты қатысушылар арасында бөлуге құқығы жоқ. Жарғылық капиталдың азайтыуына байданысты жарғылық каптилдаң жаңа мөлшерінен катысушыларына төлемдер жасауға құқылы. Қатысушылар жарғылық капитал көлемін фактілік көлемге дейін (бірақ Заңмен ең төменгі көлемімен төмен есем) азайтуға құқылы, осыдан кейін осы бапта қарастырылған тәртіппен таза пайданы бөлуге болады.