Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Асель отчет1.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
82.87 Кб
Скачать
  1. Еңбек және оны төлеу есебі

Еңбек ақы есебінің маңызды элементі оның техникалық нормалануы, яғни жұмыстың түрлері бойынша еңбектің күрделілігі мен жұмысшылардың біліктілігін ескере отырып, жұмыс уақыты шығынын нормалау.

Тарифтік жүйе – еңбек ақыны дұрыс реттеудің негізі бола отырып, жұмыстың саны мен сапасына және жұмысшылардың біліктілігіне қарай еңбек ақыны саралауды қамтамасыз етеді. Тарифтік жүйе жұмысшылар мен қызметкерлердің мамандық дәрежесіне қарай жұмыстың әр түріне кететін жұмыс уақытының мөлшерін анықтайды. Жұмыстың күрделігіне қарай еңбек ақының мөлшері тарифтік жүйеде қаралады. Тарифтік жүйенің негізгі элементтері болып мыналар табылады:

  • тарифтік кесте;

  • тарифтік мөлшерлеме;

  • трифтік мамандық анықтамалары.

Тарифтік кесте арқылы жұмысшалар мен қызметкерлердің әрбір топтарының арасында төленуге тиісті еңбек мөлшерінің арақатынасы анықталады (сараланады). Тарифтік кестеде тарифтік еңбек ақы (сағаттық, күндік, айлық) осы саладағы әртүрлі жұмыстарға төленетін мөлшерде бектіледі. Тарифтік коэффициент әрбір разрядтың тарифтік мөлшерлемесінің бірінші разрядтың есептік мөлшерлемесіне қатынасын білдіреді. Тарифтік коэффициент осы разрядтағы жұмысшының сағаттық еңбек ақысын есептеу үшін қолданылады және ол бірінші разрядтағы жұмысшының тарифтік мөлшерлемесін оған бекітілген тарифтік коэфициентке көбейту арқылы анықталады.

Жұмысшыларға тағайындалған разрядтар, лауазымдық жалақылар еңбек келісім шартында және бұйрықта көрсетіліп, ұйымның есеп бөліміне жұмысшылармен есеп айырысуды жүргізу үшін беріледі.

Еңбек ақы деп – салықтар мен басқа да ұсталымдарды шегермей жалданушы жұмысшыға орындаған жұмыстары үшін ақшалай немесе натуралдық түрде төленетін сыйақыларды түсінеміз.

Әрбір жұмысшының жал ақысы орындалған жұмыстың санына, спасына және күрделілігіне байланысты болады.

Қазіргі қолданылып жүрген заңдылықтарға есептелген еңбек ақыдан барлық негіздемелер бойынша мыналар ұсталынады:

  • жеке табыс салығы:

  • жинақтаушы зейнетақы қорына аударымдар;

  • шот және әкімшілік органдардың үкімі бойынша айыппұлдар;

  • сот шешімі бойынша алименттер.

Қаржылық есептің халықаралық стандарттары бойынша қаржылық есептілікті жасайтын ұйымдар еңбек ақы бойынша есеп айырысу есебін 3350 «Еңбек ақы бойынша қысқа мерзімді берешек» шотында жүргізеді. Есептелген еңбек ақы сомасы 3350 шоттың кредиті және мына шоттардың дебеті бойынша корреспонденцияланып, көрсетіледі:

- 1310 «Шикізаттар мен материалдар» - материалдарды жеткізу бойынша жұмысшыларға және қойма шаруашылығы жұмысшыларына есептелген еңбек ақы;

- 8110 «Негізгі өндіріс», 8210 «Меншікті өндірістің жартылай фабрикаттары», 8310 «Көмекші өндіріс» - көлік жүргізушілеріне, шеберхана жұмысшыларына, құрылыс машиналары мен механизмдерін басқарушылары мен оған қызмет көрсетушілеріне, құрылыс учаскісі жұмысышларына есептелген еңбек ақы;

- 8410 «Үстеме шығыстар» - прораб, мастерлерге және басқа да құрылыс учаскісіндегі сызықтық қызметкерлерге есептелген еңбек ақы;

- 7210 «әкімшілік шығыстар» - басқару аппараты қызметкерлеріне есептелген еңбек ақы;

- 3430 «Қызметкерлерге сыйақылар бойынша қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері» - есепті айға тиісті кезекті демалыс уақыты үшін және көпжылғы еңбегі үшін есептелген төлемдер мен сыйақылар.

3350 шоттың дебеті төленген төлемдер және еңбек ақыдан ұсталымдар бойынша мына шоттардың кредитімен корреспонденцияланады:

- 1010 «Кассадағы нақты ақша» - жұмысшыларға төленген еңбек ақы сомасы;

- 3120 «Жеке табыс салығы» - жеке табыс салығының сомасы;

- 3220 «Зейнетақы аударымдары бойынша міндеттемелер» - жинақтаушы зейнетақы қорына аударымдар сомасы;

- 3390 «Басқа да кредиторлық борыштар» - атқарушы парақтар бойынша және сот шешімі, банк несиесі бойынша берешек сомалар;

- 1250 «Жұмысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық борыштары» есеп беруге тиісті тұлғаның берешек сомасы.

Кесте 5

«Астана қалалық жарық » ЖШС-ті бойынша мысал келтірсек

Оперциялар мазмұны

Дебет

Кредит

Сумма

1

Бас бухгалтерге жалақы есептелінді

7210

3350

320000

2

МЗА сомасы есептелінді

3350

3220

32000

3

ЖТС сомасы есептелінді

3350

3120

30656

4

Жалақы сомасы төленді

3350

1010

304568