Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Асель отчет1.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
82.87 Кб
Скачать
  1. Дебиторлық берешектердің есебі

Дебитолық қарыз деп жеке азаматтардың, ұйымдардың және мекемелердің осы ұйым алдындағы ақшалай түрдегі міндеттемелері есептелінеді. Дебитолық қарыз қарыз алушының шоттарды төлеу және төлейді деп күтілетін мерзімге байланысты ағымдағы және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Дебитолық қарыз тауарларды өткізу, қызметтерді көрсету сияқты операциялар нәтижесінде туындайды.

Дебиторлық қарыздардың есебі, олардың түрлері бойынша жүргізіледі: қаржылық есептің халықаралық стандарты (ХҚЕС) бойынша қаржылық есеп берулерді жасамайтын ұйымдар – 12 «Дебиторлық берешектер және басқа да активтер» шотында жүргізеді, ал қаржылық есеп берулерді қаржылық есептің халықаралық стандартына (ХҚЕС) сәйкес жасайтын ұйымдар – 22.12.2010 жылы №426 ҚРҚМ бекіткен бухгалтерлік есептің шоттарының 1200 «Қысқа мерзімді дебиторлық берешектер» және 2100 «Ұзақ мерзімді дебиторлық берешектер» бөлім шоттарында жүргізеді.

Кесте 3

Дебиторлық қарыз бойынша шоттар корреспонденциясы

Оперциялар мазмұны

Дебет

Кредит

Сумма

1

Ұйымға ЖКУ 15өнімдерін еншілес ұйымдарға сатып өткізілді:

1210

6010

80 000

2

Сатып алушы еншілес компанияларға сатылған ЖКУ 15 үшін төлемдер келіп түсті

1030

1210

123000

3

Алдын ала төленген аванстар есебінен еншілес ұйымдардың дебиторлық берешегі жабылды

3510

1210

56 000

  1. Міндеттемелер есебі

Мiндеттеме дегеніміз өткен операциялар немесе оқиғалар нәтижесiнде туындаған және жеке тұлғаның немесе ұйымның пайдасына белгілі бiр iс-әрекет жасауға: мүлiк беруге, жұмыстар орындауға, ақша төлеуге және басқаларына, не өтелуi активтердi азайтуға әкеп соғатын белгiлi бiр iс-әрекеттен қалыс қалуға құндық бағасы бар мiндеттеме. 

Яғни, міндеттемелер төмендегі үш белгісі бойынша анықталады:

  • міндеттеме тек активті немесе қызметтерді басқа кәсіпорынға аудару жолымен реттеледі;

  • кәсіпорында міндеттемені туындатушы оқиға орын алуға тиісті;

  • міндеттеме даусыз (анық) болуға тиісті.

  • Міндеттемелер әртүрлі тәсілдермен өтелуі мүмкін:

  • Ақша төлеу арқылы;

  • Басқа активтер беру арқылы;

  • Қызмет көрсету арқлы;

  • Бір міндеттемені басқа міндеттемемен ауыстыру арқылы;

  • Міндеттемені капиталға аудару арқылы.

Кәсіпорындар мен ұйымдар банктен бірінші рет несие алуы барысында жоғарыда аталған құжаттармен қоса банкке өздерінің жарғысын, құрылтайлық құжаттарының көшірмесін, тіркелу куәліктерін және тағы да басқа құжатарды табыс етуі керек.

Кәсіпорын банк мекемесінен несие алған уақытында:

Дт 1030 - «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты» немесе 3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді берешек» және тағы басқа шоттар,

Кт 3010 - «Қысқа мерзімді банктік қарыздар» немесе 4010 - «Ұзақ мерзімді банктік қарыздар» шоттары түрінде бухгалтерлік жазуы жазылады.

Ал бұл алынған несие қайтарылған уақытта:

Дт 3010 - «Қысқа мерзімді банктік қарыздар» немесе 4010 - «Ұзақ мерзімді банктік қарыздар» шоты,

Кт 1030 - «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты» және тағы басқа шоттар түрінде бухгалтерлік жазуы жазылады.

Осы алынған несие үшін есептелген пайыз сомасына:

Дт 7310 - «Сыйақылар бойынша шығыстар» шоты,

Кт 3380 - «Төлеуге арналған қысқа мерзімді сыйақылар», 4160 - «Төлеуге арналған ұзақ мерзімді сыйақылар» шоттары түрінде бухгалтерлік жазуы жазылады.

Кәсіпорын бұл міндеттемені төлеген уақытында:

Дт 3380 - «Төлеуге арналған қысқа мерзімді сыйақылар», 4160 - «Төлеуге арналған ұзақ мерзімді сыйақылар» шоттары,

Кт 1030 - «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты» шоты түрінде бухгалтерлік жазуы жазылады.

Еңбек ақының мерзімдікжәне кесімдітүрі бар.

Мерзімдік еңбек ақықарапайым мерзімдіжәне мерзімдік-сыйлықтықеңбек ақы жүйесіне бөлінеді.

Мерзімдік еңбек ақы жүйесіндеқызметкерге лауазымына байланысты еңбек ақы мөлшері белгіленеді. Ол егер қызметкер ай ішіндегі барлық жұмыс күндерін істесе толық төленеді, ал егер істемесе - нақты жұмыс істеген күндеріне ғана төленеді.

Кесімді еңбек ақытікелей кесімді, кесімді-сыйлықтық, аккордты, жанама кесімді еңбек ақы жүйелеріне бөлінеді.

Кәсіпорын жұмыскерлеріне есептелінген еңбек ақыдан, еңбек шарты бойынша және қосымша жұмыс істейтіндердің еңбек ақысынан әр түрлі ұсталымдар жасалады. Оларды екі топқа бөлуге болады:

  • міндетті ұсталымдар;

  • кәсіпорын ұйғарымынабайланысты ұсталымдар.

Міндетті ұсталымдарғазейнетақы жарналары, табыс салығы, заңды және жеке тұлғаның есебіне жасалған нотариалдық кеңсенің жазбалары және атқару қағаздары бойынша ұсталымдар жатады.

Кәсіпорын ұйғарымына байланысты ұсталымдарға: кәсіпорынның шеккен материалдық зиянының орнын толтыру үшін еңбек ұжымының мүшелерінен және жұмыскерлерден ұсталатын сомалар, есеп беруге тиісті соманың уақытысында қайтарылмаған бөлігі жатады.

Біздің фирма мысал бойынша қарастырсақ, ұйым 2016 жылдың наурыз айында банк мекемесінен несие алғанда:

Кесте 4

Банк мекемесінен несие алғандағы шоттар корреспонденциясы

Оперциялар мазмұны

Дебет

Кредит

Сумма

1

Банк мекемесінен несие алғанда

1030

3010

1500 000

2

Несие қайтарылған уақытта

3010

1030

1500 000

3

Алынған несие үшін есептелген пайыз сомасына

7310

3380

143000