Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Асель отчет1.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
82.87 Кб
Скачать
  1. Ақша қаражаттарының есебі

7 «Ақша қаражат қозғалысы туралы есеп» Халықаралық Қаржылық Есеп Беру Стандартына сәйкес, ал 4 «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп» Бухгалтерлік Есеп Стандартына сәйкес жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің жанындағы «Бухгалтерлік есеп және аудит әдістемесі департаментінің» 4 «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп» — деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартының бірінші бабында: «Кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни субъектілердің ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі осы деректі пайдаланушыларды түрлі операциялық және инвестициялық қаржы қызметі бойынша есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп түсуі, кірістелуі ол қаржылардың жұмсалуы туралы ақпараттармен қамтамасыз етіп және оларға осы заңды тұлғаның, яғни субъектінің қаржы жағдайындағы өзгерістерін бағалауына мүмкіндік береді» делінген. Ал осы стандарттың екінші бабында: «Заңды тұлғалар, субъектілер (банктер мен бюджеттік мекемелерден басқа) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті осы стандарттың талаптарына сай жүргізеді және есепті кезеңдегі қаржы нәтижелері есептемесінің құрамында (яғни сонымен бірге) тапсырады» делінген.

Кассадағы операциялар есебі 1010 – «Кассадағы ақша қаражаты» активті шотында жүргізіледі. Онда кассадағы ұлттық және шетел валюталарымен ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады.

Кассаға ақша қабылдау бас бухгалтер қол қоятын касса кіріс ордерлері бойынша жүзеге асырылады.

Кассадан ақша беру кассаның шығыс ордерлерімен немесе басшы мен бас бухгалтер қол қойған тиісінше рәсімделген төлемдер тізімдемелерімен, ақша беруге жазылған өтінішпен, шоттармен және басқа да құжаттармен рәсімделеді. Егер касса шығыс ордерлеріне қоса тіркелген құжаттарда ұйым басшысының рұқсат берілген қолы болса, ордерге оның қол қоюы міндетті емес.

Кассадан қолма-қол ақшаларды беру шығыс кассалық ордерлер бойынша немесе дұрыс рәсімделген төлем ведомосьтері , шоттары, ақшаны беру туралы өтініштер және басқалары бойынша шығыс кассалық ордерлерінің көрсеткіштерімен арнайы штампты қою арқылы жүргізіледі. Олар басшылармен және бас бухгалтер немесе оған оған уәкілетті тұлғамен қол қойылуы тиіс. Ақшаны беру туралы құжаттарды бухгалтерия береді. Кассир ақшаны тек шығыс кассалық ордерде көрсетілген тұлғаға ғана бере алады. Егер ақша сенімхат бойынша берілсе, онда ордердегі алушының аты-жөнінен кейін бухгалтерия ақшаны беру сенімді тұлғаның аты-жөні көрсетіледі. Егер ақшаны беру ведомосьтер бойынша жүргізілсе, онда ақшаны алғандығы туралы қолхаттың алдында кассир : «сенімхат бойынша» деген жазу жазады.

Кассадағы ақшалардың қозғалысының есебін кассир кассалық кітапта жүргізеді. Әр Ұйымда тек бір ғана кассалық кітап болуы тиіс, ол нөмірленген, байланған және сүргіш немесе маститтік мөрмен басылған болуы тиіс. Кассалық кітаптағы беттердің саны Ұйым басшысы мен бас бухгалтерінің қолдарымен расталады.

Ұйымдар меншікті және қарыздық ақшаларды (кассадағы ақшаның қалдығынан басқа) банктегі шоттарда сақтауы тиіс.

Заңды тұлғаның банкте бірнеше шот ашуға құқығы бар.

Есеп айырысу (ағымдық) шотын және басқа шоттарды ашу үшін банкке анықталған тәртіпте шот ашу туралы өтініш, Ұйымның құрылуы, тіркелуін куәландыратын құжаттар, бекітілген жарғының көшірмесі, төлем құжаттарына қол қоюға құқысы бар тұлғалардың қолдарының үлгілері бар карточка, мөрдің үлгісі, зейнетақы және басқа да бюджеттік емес қорларда тіркелгендігі туралы анықтама, салықтық есепке тұрғандығын растайтын анықтама беріледі. Шоттар бойынша операцияларды жүргізу мен рәсімдеу тәртібі Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік банкінің ережелерімен реттелінеді.

Әр ашылған шотқа осы шоттағы ақшаның қозғалысымен байланысты барлық құжаттарда көрсетілетін нөмір беріледі.

Есеп айырысу (ағымдық) шотындағы ақшалардың қозғалысы төлем құжаттарымен рәсімделеді, оларға ақшаны кіріс етуге хабарлама, чектер, төлем тапсырмалары және басқалары жатады.

Кесте 2

«Астана қалалық жарық» ЖШС-нің ақшаларының қозғалысы

Операциялар мазмұны

Дебет

Кредит

Сумма

1

ЖШС-нің есеп айырысу шотынан жабдықтаушыларға ақша төленді

3310

1030

200 000

2

Ұйым қызметкеріне кассадан жалақы берілді

3350

1010

125 000

3

Ұйымның есеп айырысу шотынан қысқа мерзімдік банктік қарыз өтелді:

3010

1030

93000