- •Жшс «Астана қалалық жарық»шаруашылық қызметімен танысу
- •Бухгалтерлік есепті құрудың негіздері
- •Кәсіпорынның меншікті қаржысының есебі
- •Негізгі қорлар есебі мен материалдық емес активтердің есебі
- •Қорлар есебі
- •Ақша қаражаттарының есебі
- •Дебиторлық берешектердің есебі
- •Міндеттемелер есебі
- •Еңбек және оны төлеу есебі
- •Кірістер мен шығыстар есебі
- •11 Қаржылық есеп беру: құрастыру әдістемесі
Қорлар есебі
Халықаралық қаржы есептілігінің 2 «Қорлар» стандартының мақсаты –қосалқылар есебін жүргізу тәртібін орнату болып табылады.Аталған стандарт келесі активтерді босалқылар ретінде қарастырады:
қалыпты қызмет барысында сатуға арналған;
осындай сату үшін өндіріс процесіндегі;
немесе өндіріс процесінде немесе қызмет көрсетулері кезінде пайдалануға арналған шикізат немесе материалдар нысанындағы активтер.
Өндіріске жіберілетін материалдық қорлардың нақты өзіндік құндары келесі бағалу әдістері арқылы анықталады:
орташа құн әдісі;
ФИФО;
арнайы есептеу әдісі.
Материалдық қорлардың орташа құнын анықтау үшін есепті мерзімнің басындағы материалдардың қалдық көлеміне (натуралдық өлшеммен) есепті мерзімнің ішінде алынған материалдардың көлемін, ал есепті мерзімнің басындағы құнына - түскен материалдардың құнын қосады. Материалдар бірлігінің орташа құны олардың жалпы құнын (есепті мерзімінң басындағы баланс пен сатып алынғаны) жалпы санына бөлу (есепті мерзімінң басындағы баланс пен сатып алынғаны) арқылы анықталады. Қорлардың шығысы (сатылуы) осы алынға орташа құнмен көрсетіліп, есепті мерзімінің соңында сатылған өнімнің жалпы өзіндік құнына қосылады.
ФИФО әдісімен материалдық қорларды бағалау кезінде олардың алғашқы кезекте кіріске алынғандарының өзіндік құны бойынша бағалау әдісі болып табылады. ФИФО әдісі материалдық құндылықтардың ағымдағы құнына жақын келетін қүнды береді және жүйеленген, объективті болып саналады. Бұл әдіс қағидасы бойынша материалдық қорлар бірінші кезекте кірісіке алынғаны, алғашқы болып шығыс етіледі деп есептелінеді.
Арнайы есептеу әдісі бірін-бірі алмастыра алмайтын материалдық құндылықтардың немесе тауарлар мен қызметтердің өзіндік құнын бағалауға арналған. Бұл әдіс әрбір материалдық құндылықтың сипатын ерекшелейді және кез-келген уақытта материалдық құндылықтардың құнын, сатылған күнін, сатылған материалдардың өзіндік құнын, сондай-ақ ұйымда қалған қорлардың құндарын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл әдісті қолдану кезінде материалдық қорлардың құндарының қозғалысы олардың физикалық қозғалысымен сәйкес келіп отырады. Яғни, бұл әдіс қорлардың физикалық және құндық айналымын толықтай сәйкестендіретін жалғыз әдіс болып табылады.
Материалдарды жеткізу келісім шартының орындалуын, қорлардың түсуін және кірістелуін бақылауды ұйымның жабдықтау бөлімі жүзеге асырады. Түскен материалдар бойынша есеп айырысу құжаттары (төлем тапсырмалары, шот фактуралар және т.б.) оларға тіркелген басқа да құжаттармен бірге жабдықтау бөліміне немесе басқа да ұқсас бөлімдерге жіберіліп, ол жердегі жауапты тұлғалар құжаттарды түскен жүктердің есебі журналына (ү. М-1) тіркеп, онда тіркеу нөмірін, жазудың күнін, жабдықтаушының аталауын, көлік құжатының күні мен нөмірін, шоттың нөмірі мен сомасын, жүктің тегін, кіріс ордерінің немесе қабылдау актісінің нөмірі мен күнін, жүкті іздестіру жөніндегі белгі анықтамасын (ескерту бөлімінде шоттың төленгенін немесе қайтарылғанын белгілеп) көрсетіп, осы құжаттардағы мәліметтерді материалдарды жеткізу келісім шартындағы, яғни олардың саны, бағасы, жөнелту мерзімі сияқты мәліметтермен сәйкестігін салыстырады; карточкаға немесе жедел есеп кітабына жеткізу келісім шартының орындалғаны жөнінде тиісті жазуларды көрсетіп, есеп айырысу құжаттарын акцептеп немесе акцептеуден бас тартудың негіздемесін жасап, жауапты тұлғаға материалдық құндылықтарды алу және жеткізу үшін тапсырма бергеннен кейін, құжаттарды қаржы немесе есеп бөліміне тапсырады.
Егер материалдық қорлар темір жол немесе су транспортымен келсе, онда көлік ұйымының түбіртектері экспедиторға беріледі. Экспедитор бекетке келген материалдардың орын сандары және массасы бойынша қабылдап алады. Жүктің толықтай сақталғанына күмән болатын болса, экспедитор көлік ұйымынан жүктерді тексеру жөнінде талап ете алады. Егер жүк орындарының немесе массасының жетіспеушілігі, ыдыстар мен материалдардың бұзылғаны анықталса, онда олар көлік ұйымына немесе жабдықтаушыға талап қоюдың негізі болып табылады. Экспедитордан материалдар қоймаға қабылдану кезінде материалдық-жауапты тұлға (қойма меңгерушісі, қоймашы) жабдықтаушының құжаттарымен түскен материалдардың санын, сапасын және түрлерінің сәйкестігін тексереді. Көрсеткіштер сәйкес келген жағдайда материалдық – жауапты тұлға кіріс ордерін толытырады.
Құжатсыз түскен материалдар актімен кірістеледі. Актіні қабылдау комиссиясы материалдық жауапты тұлғаның, жабдықтаушы жақтың өкілінің немесе мүдделі жақтың міндетті қатысуымен екі данада толтырылады. Материалдарды қабыдағаннан кейін актінің бір данасы құжаттардың қосымшасымен (жүкқағазы, специяфикация және т.б.) материалдар қозғалысынң есебін жүргізу үшін есеп бөліміне, екінші данасы жабдықтаушыларға талап қою үшін жабдықтау бөліміне немесе есеп бөлімшесіне тапсырылады. Ұйымға түсетін материалдар дер кезінде тиісті қоймаларға кірістелуі қажет. Егер өндірістің мүддесі үшін кейбір материалдардың партиясы тікелей құрылыс учаскілеріне жіберу дұрыс болатын болса, онда есепте материалдардың мұндай партиясы қоймаға түскен және учаскіге берілген материалдар болып көрсетіледі. Кейбір жағдайларда (материалдар партиясы техникалық қабылдау процесінде, зертханалық сынақтарда немесе шоттарды акцептеуден бас тарту жағдайында болса) материалдар уақытша сақтауға қабылданады. Материалдық қорлар тек жабдықтаушылардан ғана емес, сонымен қатар есеп беруге тиісті тұлғалар арқылы да кірістеледі (мысалы, шаруашылық және кеңсе тауарлары). Сатып алынған тауарлардың құндарын куәландыратын құжаттар болып шаруашылық операциялары, сатып алудың күні, орны, сатып алынған тауарлық-материалдық құндылықтардың атаулары, бағасы, саны көрсетілген тауар чектері (фискалдық чектер) немесе актілер (анықтамалар) табылады. Бұл құжаттар есеп беруге тиісті тұлғаның аванстық есебіне тіркеледі.
Материалдардық құндылықтардың сорттық-сандық есебін осы материалдарға жауапты тұлға жүргізеді. Кейбір жағдайда материалдарға жауапты тұлғаның келісімі бойынша қойманың карточкалық есебін жүргізу жұмысы басқа адамға, яғни есепшіге немесе операторға жүктелуі мүмкін.
Материалдардың номенклатуралық түрі аз болатын ұйымның қоймасында бұл карточканың орнына материалдар есебін тиісті түрде жүргізуге арналып жасалған сорттық есеп кітабында жүргізуге болады. Қоймашы белгіленген тәртіп бойынша толтырылған алғашқы құжаттардың (кіріс ету ордері, талаптар мен жүкқағаздары және т.б.) материалдардың кіріске алынуын және есептен шығарылу операцияларын, олардығ іске асырылған күнін қойманың есеп карточкасына жазып және күннің соңындағы материалдық құндылықтардың қалдығын шығарып отыруға тиісті.
Ай соңында ұйымның есеп бөліміне материалдардың толықтай алынғаны немесе алынып болмағанына қарамастан шектеп-алу карталарының барлығы тапсырылуға тиісті. Қоймалық – сорттық карточканың дұрыс жүргізілуін есеп бөлімі бақылып отырады. Есеп бөлімінің қызметкерлері жиі-жиі, (апта сайын, 10 күнде) қоймадағы операцияларды жүргізуге негіз болған алғашқы құжаттардың дұрыс рәсімделуін және қоймалық – сорттық карточканың дұрыс жүргізілуін, сонымен қатар осы карточкалардағы материалдар қалдығының дұрыс анықталуын тексеріп отыруы қажет. Карточкадағы жазылған операциялардың дұрыстығын және оны тексергені жөнінде есеп бөлімінің қызметкері есеп карточкасының тиісті жолына қол қояды.
Ұйымның орталығынан қашық жерде орналасқан қойма басшысы белгіленген күні есеп бөліміне екі дана етіп материалдардың ай соңындағы ведомостісін немесе тізімін тапсыру керек.
Қаржылық есептің халықаралық стандарттарына сәйкес материалдық қорлардың есебін 1310 «Материалдар» шотының «Шикізаттар мен материалдар», «Сатып алынған жартылай фабрикаттар мен жинақтаушы бұйымдар, тетіктер мен бөлшектер», «Отын», «Ыдыс және ыдыстық заттар», «Қосалқы бөлшектер», «Басқа да материалдар», «Өңдеуге берілген материалдар», «Құрылыс материалдары» сәйкесті шоттарында жүргізеді. Бухгалтерлік есепте 1310 «Материалдар» бөлімінің сәйкесті шотарының дебетінде түскен материалдардың құндары мына шоттардың кредитімен корреспонденциясы көрсетіледі:
- 3310 «Төленуге тиісті шоттар» - барлық үстемелер мен жабдықтаушылар шотына енгізілген басқа да шығындарды қоса (ҚҚС қоспағанда) жабдықтаушылар бағасы бойынша материалдардың құнына;
-3390 «Басқалары» көлік ұйымдары мен тауар биржаларының қызметтері үшін төленген қызметтердің құны (ҚҚС қоспағанда);
-1250 «Жұмысшылардың және басқа да тұлғалардың берешегі» - есеп беруге тиісті тұлға арқылы төленген материалдардың құны;
-8310 «Көмекші өндіріс» - материалдарды ұйымның меншікті көлік құралдарымен тасымалдау шығындары және өзіндік өндірісте пайдалануға арналған өзіндік өндіріс материалдарының нақты өзіндік қүны;
- 6200 «Негізгі емес қызметтерден басқа да кірістер» - заңды және жеке тұлғалардан әншейін алынған материалдардың құндары; түгендеу кезінде артық шыққан материалдардың құндары.
Өндіріске және басқа да қажеттіліктерге жұмсалған материалдар 20 «Материалдар» бөлімінің сәйкесті шоттарының кредитінен мына шоттардың дебетіне шығарылады:
- 7110 «Дайын өнімдерді (тауарлар мен қызметтерді) сату бойынша шығыстар» және 7210 «Жалпы және әкімшілік шығыстар» - жалпы және әкімшілік мақсаттар үшін, сонымен бірге сату процесі үшін пайдаланылған материалдардың құны;
- 7400 «Негізгі емес қызметтер бойынша шығыстар» - әншейін берілген және сатылған материалдардың құны;
Қаржылық есептің халықаралық стандарттарына сәйкес қаржылық есептіліктерін жасайтын ұйымдар материалдардың нақты барын және олардың қозғалысының есебін 1310 «Шикізаттар мен материалдар» және 1350 «Басқа да қорлар» шотында жүргізеді. Бұл шоттардың дебетінде алынған материалдардың құндары келесі шоттардың кредитімен корреспонденцияланады: 3300 «Қысқа мерзімді кредиторлық борыштар»; 4100 «Ұзақ мерзімді кредиторлық борыштар»; 6220 «Өтеусіз алынған активтерден кірістер»; 6280 «Басқа да кірістер» және т.б.
