Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Асель отчет1.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
82.87 Кб
Скачать
  1. Бухгалтерлік есепті құрудың негіздері

Қаржы есептiлiгi ұйым қызметінің қаржы жағдайы мен қаржы нәтижелерінің құрылымдалған ұсынуы болып табылады. Оның мақсаты - мүдделі тұлғаларды дара кәсіпкерлер мен ұйымдардың қаржылық жағдайы, қызметінің нәтижелері және қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы толық және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. Қаржы есептiлiгi сондай-ақ ұйым басшылығына сенiп тапсырылған ресурстарды басқару нәтижелерiн де көрсетедi.

Мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігін қоспағанда, қаржылық есептілік мыналарды қамтиды:

1) бухгалтерлік баланс;

2) пайда мен зияндартуралыесеп;

3) ақшақаражатыныңқозғалысытуралыесеп;

4) капиталдағыөзгерістертуралыесеп;

5) түсіндірмежазба.

1-ші «Қаржы есептiлiгiн ұсыну» халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес әрбiр кәсiпорын, өз операцияларының сипатына сүйене отырып, қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi активтер мен мiндеттемелердi жеке сыныптау ретiнде баланстың өзiнде ұсынатынын немесе ұсынбайтынын анықтауға тиiс. Егер кәсiпорын ондай сыныптау жүргiзбеудi ұйғарса, онда активтер мен мiндеттемелер олардың өтімділігі тәртiбiмен, еркiн ұсынылуға тиiс.

Қаржылық есептілік нысандары бірігіп ұйымның ресурстарының болашақтағы қозғалысы мен қаржылық жағдайына қатысты шешімдерді қабылдауға және болжау жасауға көмек ретінде ішкі және сыртқы пайдаланушыларға өткен кезең жөніндегі мәліметтер ұсынады.

Кəсіпорынның бухгалтерлік қорытынды есебін пайдаланушылардың барлығы бухгалтерлік есептің халықаралық стандартына сəйкес, ілгеріде айтып өткеніміздей үш топқа біріктіріледі. Бірінші топқа осы кəсіпорында қызмет атқаратын адамдар, яғни жұмысшылар мен қызметкерлер жатады. Оларды осышаруашылықтың экономикалық тұрақтылығы мен табыстылығытуралы ақпараттар қызықтырады. Сонымен қатар, олар өздерінің жұмыс орындарының сақталуы, сондай-ақ уақытыменеңбекақы жəне басқа да жəрдемақы, сыйақы алу үшін мүдделі болып табылады. Қатаң бəсеке шартында кез келген кəсіпорынның өміршеңдігі оның басшысының ең негізгі міндеті, яғни пайдалы жұмыстың табыстылығы(рентабельділігі) мен активтердің өтімділігін қамтамасыз етуді қаншалықты үздік шешуіне байланысты.

  1. Кәсіпорынның меншікті қаржысының есебі

Ұйымдарды бастапқы кезеңде құру және бұлардың атқаратын қызметін бастау процесіне меншік иелерінің, сондай-ақ басқа да тұлғалардың осы ұйымға салған қаражат көздерін – жарғылық капитал немесе акционерлік капитал деп атаймыз.Қазақстан Республикасының заңнамаларына сай үлес қосушылардың бастапқыда қалыптастыратын жарғылық капиталдың сомалық көлемі бір жүз айлық есептік көрсеткіштен кем болмау керек.

Негізгі капитал – негізгі құралдардан, материалды емес активтерден, ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялардан және аяқталмаған құрылыстардан қалыптасады.

Активті капиталдың қаржылық көздері меншікті және қарыз капиталынан қалыптасады.

Ұйымдық құрылым үлгісіне қарай ұйым капиталы:

  • жарғылық (акционерлік) капитал;

  • үлестік сапада салынған капитал;

  • пай жарнасындағы капитал сапасында ажыратылып жазылады.

Акционерлік қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 50 000 еселенген мөлшерінде болады.

Акционерлік қоғамда жарғылық капиталының бары мен оның қозғалысының есебін жүргізу үшін 5010 – «Артықшылықты акциялар» және 5020 – «Қарапайым акциялар» шоттары арналған.

5010 – «Артықшылықты акциялар» шотында акционерлік қоғамның төленген эмиссияланған артықшылықты акцияларының жиынтықты атаулы құны есепке алынады;

5020 – «Қарапайым акциялар» шотында акционерлік қоғамның төленген эмиссиялық қарапайым акцияларының жиынтық атаулы құны есепке алынады;

Бұл шоттардың кредитінде акционерлік қоғамның жарияланған капиталы, яғни акционерлердің оның жарғылық капиталына қосатын үлестері бойынша қарыздарының сомасы көрсетіледі.

5110 – «Төленбеген капитал» шотында жеке тұлғалардың және ұйымдардың эмиссиялық акцияларды төлеу жөніндегі берешегі көрсетіледі.

Сатып алынған меншікті үлес құралдары 5210 «Сатып алынған меншікті үлес құралдары» шотында есепке алынады. Бұл шотта өздерінің меншікті үлес құралдарын сатып алу кезінде ұйым келтірген шығындар ескеріледі.

Сатып алынған меншікті акциялар кейіннен сатып алу құнына:

а) тең;

ә) жоғары;

б) төмен бағамен сатылуы мүмкін.

Қосымша төленген капитал деп – акционерлік қоғамның меншікті акцияларының олардың номиналдық құнынан жоғары бағаға сатып өткізу нәтижесінде алынған эмиссиялық табысын айтамыз. Капиталдың бұл түрінің есебі 5310 – «Эмиссиялық кіріс» шотында жүргізіледі. Бұл шот пассивті қарапайым шот болып табылады, ол бойынша аналитикалық есеп жүргізілмейді.

5310 – «Эмиссиялық кіріс» шотында шығарылған акциялар бойынша эмиссиялық кіріс (жеке меншік үлестік құралдардың құны мен оларды іске асыру кезіндегі олардың атаулы құны арасындағы айырма) есепке алынады. Бұл сома салынған капиталдың бір бөлігі болып табылады және акционерлер арасында дивиденд түрінде таратылуға жатпайды. Яғни, эмиссиялық кірістің ақшалай эквиваленті алынғаннан кейін компанияда қалады.

Таза пайда жетіспеген жағдайда акционерлер жиналысы резервтік капиталдың есебінен немесе басқа көздерден дивиденд төлеу шешімін қабылдайды.

Бөлінбеген пайданың немесе жабылмаған залалдың есебі төмендегі шоттарда жүргізіледі:

5510 – «Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы)», онда есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы) көрсетіледі;

5520 – «Өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы)», онда өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы) көрсетіледі.

5610 – «Қорытынды пайда (қорытынды залал)» есепті жылда ұйымның қорытынды пайдасын (қорытынды залалын) есепке алуға арналған, сондай-ақ есепті жылда түпкілікті қаржы нәтижесін қалыптастыру жөніндегі ақпарат қорытындылады.

Кәсіпорын жарғысында жазылғандай, жарғылық капиталы құрылтайшылардың ақшалай және заттай салымдарының бірігуі нәтижесінде пайда болды және ол 14 000 000 теңгені құрады. Бұл мынадай шот корреспонденциясымен бейнеленеді:

Кесте 1

Операция мазмұны

Дебет

Кредит

5110 «Төленбеген капитал»

13 000 000

1010 «Ақша қаражаты»

11 000 000

1310 «Қорлар»

3 000 000