- •4. Туберкулезді емдеу
- •5. Диспансерлiк есептi ұйымдастыру
- •6. Туберкулезбен ауырып, сауыққан жандарға жұмыс істеуге және оқу оқуға рұқсат берiлу тәртiбi
- •Емнің стандартты үлгілері
- •I, II және III категория бойынша туберкулезге қарсы бiр құрамды дәрілермен емдеу
- •I, II және III категория бойынша 2-3 құрамды мөлшері белгіленген туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілермен емдеу
- •Туберкулезбен ауыратын науқастарды диспансерлiк бақылау
Қазақстан Республикасының
денсаулық сақтау Министрiнiң
«_____»_____________2007 жыл
№ _________ бұйрығымен
бекiтiлген
Алғашқы медико – санитарлық көмек жүйесiнде және туберкулезге қарсы күресу ұйымдарында туберкулезді анықтау, тiркеу, емдеу және диспансерлiк бақылау Нұсқауы
Жалпы баптар
1. Осы Нұсқау алғашқы медико-санитарлық көмек (бұдан әрi – АМСК ) жүйесi мен туберкулезге қарсы күресу ұйымдары (бұдан әрi - ТҚКҰ) мамандарының туберкулездi анықтау және емдеудегі негізгі тәртібі мен жұмыс көлемін анықтайды.
Орналасуына байланысты туберкулездің түрлері:
өкпе туберкулезi - (өкпе паренхимасының патологиялық үрдіспен зақымдануы) өкпе ұлпасымен байланысты патологиялық үрдiс;
өкпеден тыс туберкулез – өкпеден тыс барлық басқа мүшелер (ағзалар) мен тіндердің туберкулезi (плевра, лимфа түйiндерi, iш қуысы, несеп–жыныс жүйесi, терi, буын мен сүйек, бас миы не/немесе жұлын қабықшалары туберкулезі).
3. Туберкулезге шалдыққан науқастардың түрлерi:
алғашқы рет ауырған (жаңа жағдай) науқас – туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілерді (бұдан әрі - ТҚД) бұрын-соңды ешқашан қабылдамаған немесе бiр айға дейін қабылдаған науқас;
аурудың қайталануы (рецидив) - бұрын туберкулезге қарсы толық ем курсын қабылдаған және «жазылды» немесе «ем аяқталды» деген ем нәтижесі анықталған, бірақ кейін қайта бактерия бөлу пайда болған науқас (қақырығынан қайта туберкулез микобактериялары анықталған науқас);
сәтсiз ем (емнің нәтижесіз болуы) - туберкулезге қарсы жүргізілген алдыңғы ем курсының нәтижесіз болуына байланысты ем қайта тағайындалған науқас;
үзiлiстен кейiнгi ем – емін 2 ай және одан ұзақ мерзiмге үзгеннен кейін емді қайта бастаған, қақырығында туберкулез микобактериялары анықталған науқас;
ауысып келген - бір емдеу мекемесінде туберкулезбен ауыратын науқастар тiзiмiне тіркелген, бірақ емiн жалғастыруға екінші (басқа) мекемеге келген науқас. Ем аяқталғаннан кейiн ем нәтижесі науқас алғашқы тіркелген ТҚКҰ–ға жiберiледi;
басқалар - жоғарыда аталған анықтамаларға сәйкес келмейтін (жатпайтын) туберкулезге шалдыққан басқа науқастар. Бұл қайталанған бактерия бөлусіз өтетін өкпе және өкпеден тыс туберкулез түрлерi. Аталған жағдайлар сирек болу тиіс, диагнозды әрдайым патоморфологиялық және бактериологиялық зерттеулермен дәлелдеу қажет.
7) IV категория - I, II және III категория бойынша емі нәтижесіз болған көптеген дәрiге төзiмдiлiгі (мультирезистентті туберкулез - кем дегенде HR–ге төзімділік) не әр түрлі дәріге төзімділігі (полирезистентті туберкулез) бар бактерия бөлуші науқастар.
4. АМСК жүйесi мекемелерінің мамандарына келесі міндеттер жүктеледі:
1) аурудың клиникалық белгiлерi бар науқастар арасында қақырық жағындысын микроскопиялық зерттеу әдiсі арқылы және тұрғындардың туберкулезге шалдығу қауіпi жоғары топтары (қауіп-қатер топтары) арасында флюорографиялық әдiспен туберкулездi ерте анықтау;
2) бақылаулы емдi (химиотерапияны) жүзеге асыру;
3) тұрғындар арасында туберкулездiң алғашқы белгiлерi және оның алдын алу шаралары туралы кең көлемдi ағарту жұмыстарын жүргiзу.
5. АМСК жүйесiнiң медицина қызметкерi барлық қауiпсiздiк ережелерiн және шараларын сақтай отырып, қақырықты сапалы жинап, зерттеу үшін зертханаға уақытында жеткiзуге тиісті.
6. АМСК жүйесiнiң мамандары туберкулезбен күресу шараларына ТҚКҰ - ның базасында оқытылып, соған сәйкес сертификат берiліп және кейін жылына бiр рет аттестация тапсырулары арқылы дайындалуы тиiс.
7. Туберкулездiң бiр немесе бiрнеше клиникалық белгiлерi бар жандарда АМСК жүйесi мекемелерінде қақырық жағындысы микроскопиялық зерттеледі:
1) екi аптадан астам жөтелдiң болуы (жөтел өкпе туберкулезiнің жұқпалы түрiнiң басты белгiсi болып табылады);
2) салмақтың жоғалуы (азу);
3) тершеңдiк;
4) кеуде қуысындағы ауру сезімі;
5) қан түкiру;
6) ұзақ уақыт бойы дене қызуының көтерiлуi.
8. Науқаста жоғарыда аталған белгiлер байқалған жағдайда, медицина қызметкері туберкулездi анықтауға бағытталған диагностикалық алгоритмге сәйкес толық кешенді шараларды жүргiзуге мiндеттi. Осы Нұсқаудың 1-қосымшасында ұсынылған диагностикалық алгоритмге сәйкес науқасты туберкулезге тексеру қажет.
Науқаста туберкулез микробактериялары (бұдан әрi - ТМБ) анықталғанда, ол ТҚКҰ - ға жіберілуі тиіс. Ол жерде науқасқа қосымша зертханалық зерттеулер жүргiзiлiп, қажетті ем тағайындалады.
Қақырық жағындысының микроскопиясы терiс нәтижелі болса және науқаста туберкулезге күмән белгiлердiң күшейуi байқалса науқас мiндеттi түрде дәрiгер-фтизиатрдың кеңесiне жiберiледi.
Тұрғындар арасында санитарлық – ағарту iсiн жүргiзу үшiн нақты жағдайда қолайлы әдiстер мен тәсiлдер қолданылады.
Флюорографиялық жолмен анықтау әдiсi туберкулезбен ауыру қаупі жоғары топтар арасында жүргiзiлуi керек.
Алғаш рет ауырған науқастарда туберкулездің келесі клиникалық түрлері анықталса, олар туберкулездің кеш анықталған жағдайларына жатады:
жеделдеу және созылмалы диссеминирлі (шашыранды) туберкулез;
асқынған ағымдағы туберкулезді менингит;
казеозды пневмония;
фиброзды-кавернозды туберкулез;
асқынған өкпеден тыс туберкулез;
АМСК жүйесі мекемелері мен ТҚКҰ-да диагностикалық алгоритмнің стандартты мерзімде жүргізілмеуіне немесе науқас балалардың кеш қаралуына байланысты өкпесінде ыдыраудың болуы мен бактерия бөлуі.
Туберкулездiң кеш анықталған жағдайлары бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары, ТҚКҰ, АМСК жүйелерi бiрiгiп талдау тиісті және талдау Хаттамасы толтырылып, шаралар жоспары құрастырылады.
Туберкулезбен ауыратын науқастардың емі арнайы дайындалған медицина қызметкерлерінің бақылауымен жүргізіліуі тиіс (барлық тағайындалған дәрілерді қабылдауын бақылау). Науқаспен ем алдында туберкулезге қарсы дәрiлердi толық қабылдау қажеттілігі туралы кеңес жүргізіліп, «ақпараттандырылған келiсiмге» қол қойылады.
Туберкулезбен ауыратын науқастардың емі үздiксiз 2 кезеңде жүргізіледі:
бiрiншi кезең - емнің қарқынды кезеңі негізінен стационарда жүргізіледi, амбулаторлық ем қабылдау мүмкiндiгiн орталық дәрiгерлер кеңесiнiң комиссиясы (бұдан әрi - ОДКК) шешедi.
екiншi кезең – емнің жалғастыру кезеңі негізінен амбулаторлы немесе шипа-жайда жүргiзiледi. Бұл кезеңнiң стационарда жүргізілу мүмкіндігін ОДКК шешедi (негiзiнен әлеуметтiк–сәтсіз жағдайлы, нашар тұрмысты науқастар).
Науқастың тұратын жерінде бақылаулы амбулаторлық ем жүргізу тәртібі лайықты медициналық құжаттарда жан–жақты қамтылып көрсетілуі қажет.
АМСК жүйесiнің әрбір мекемесінде туберкулезге күмән науқастарды тіркеу Журналы (ТБ 15) және науқастың медициналық картасы (ТБ 01) жүргiзiлуі қажет.
АМСК жүйесiнiң әрбір мекемесiнде бiр айлық ТҚД қоры болуы қажет. Науқастарды амбулаторлы бақылаулы емдеуге арналған дәрі-дәрмектердің есебi мен шығыны арнайы журналға тiркеледі. Дәрі-дәрмектердің қолданылуы (қозғалысы) туралы есеп аймақтық ТҚКҰ-ға ай сайын берiлуi қажет.
АМСК жүйесi мекемелерiнде ТҚД-мен туберкулезбен ауырмайтын науқастарды емдеуге тиым салынады.
2. Туберкулездiң шоғырланған орны
Туберкулездiң шоғырланған орны осы Нұсқаудың 2-ші бабына сәйкес анықталады.
Өкпе және өкпеден тыс туберкулез жанасқан науқасты өкпе ауруы туберкулезі деп санау керек. Өкпе тіні де зақымдалатын болғандықтан милиарлы туберкулез өкпе туберкулезiне жатқызылады.
Өкпеден тыс туберкулез ауруының диагнозы өкпеден тыс туберкулездің белсендiлігіне сілтейтін бактериологиялық, цитоморфологиялық зерттеулерлерге немесе клинико-рентгенологиялық мәліметтерге негізделеді. Туберкулезбен өкпеден тыс бiрнеше ағза зақымдалған жағдайда, науқас үрдістің ең ауыр шоғырланған орнына сәйкес тiркеледi.
Қақырық жағындысының микроскопиясы оң нәтижелi өкпе туберкулезi (бактерия бөлушi) бар науқас деп төменде аталғандар саналады:
1) ем тағайындалғанға дейiн кем дегенде екі қақырық жағындысында ТМБ анықталған жағдайда;
2) қақырық жағындысында микроскопиялық зерттеу кезінде бiр рет ТМБ табылып және дәрiгердiң қорытындысы бойынша рентгенде белсендi өкпе туберкулезiне сәйкес патологиялық өзгерiстер анықталған жағдайда.
Қақырық жағындысының микроскопиясы терiс нәтижелі өкпе туберкулезi бар науқас – қақырық жағындысының микроскопиясы оң нәтижелi өкпе туберкулезi бар науқастың анықтамасына сәйкес келмеген жағдайда.
Қақырық жағындысының микроскопиясы терiс нәтижелі, бірақ дақылдық әдіс оң нәтижелi болған жағдайда науқаста туберкулездің белсендiлігі анықталып, туберкулез диагнозы дәлелденеді.
Қақырық жағындысының микроскопиясы терiс нәтижелі өкпе туберкулезiнің белгiлері:
ТМБ анықтау үшін қақырық жағындысын микроскопиялық зерттегенде, үш реттен кем емес теріс нәтижелі болуы;
белсендi өкпе туберкулезіне сәйкес рентгенологиялық өзгерiстердiң анықталуы;
туберкулезге қарсы толық химиялық емдi жүргiзу туралы ОДКК-ның шешiмi.
3. Туберкулезбен ауыратын науқастардың түрлерiн анықтау
28. Туберкулезбен ауыратын науқастардың түрлерi осы Нұсқаудың 3-ші бабына сәйкес анықталады.
29. IV категория түрi көптеген дәрiге төзiмдiлiгі бар барлық науқастарды бақылау мақсатында бөлiніп көрсетiлген. Науқастың IV категорияға көшірілуі және ем тәртібі туралы шешімді ОДКК қабылдайды.
30. IV категория науқастарының бөлiнуi:
1) «IV категория. Бұрын ТҚД–мен емделмеген науқас» (біріншілік дәріге төзімділік): туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілерді бұрын ешқашан қабылдамаған немесе бiр айға дейін қабылдаған науқаста I немесе III категория бойынша ем тағайындау алдында жасалған дәріге сезімталдық тесті (бұдан әрi - ДСТ) нәтижесінде дәрiге төзімділік анықталып, IV санатқа ауыстырылған науқас;
2) «IV категория. Бұрын негізгі топтағы ТҚД–мен емделген науқас» (жүре келе пайда болған немесе екіншілік дәріге төзімділік) – бұрын 1 ай немесе одан аса уақыт бойы негізгі топтағы ТҚД-мен емделген науқас;
3) «IV категория. Бұрын резервті топтағы ТҚД–мен емделген науқас» (жүре келе пайда болған) – бұрын 1 ай немесе одан аса уақыт бойы резервті топтағы ТҚД-мен емделген науқас;
4) «IV категория. Ауысып келген» – бір емдеу мекемесінде туберкулезбен ауыратын науқастар тiзiмiне тіркелген және IV категория бойынша емін бастаған, бірақ резервті топтағы дәрілермен емiн жалғастыруға екінші (басқа) мекемеге келген науқас. Ем аяқталғаннан кейiн ем нәтижесі науқас алғашқы тіркелген ТҚКҰ–ға жiберiледi.
5) «IV категория. Басқалар» – жоғарыда аталған категорияларға жатпайтын науқастар.
4. Туберкулезді емдеу
Туберкулез ауруларының емі категорияларға сәйкес стандартты тәртіпте жүргізіледі.
I (бiрiншi) категорияға бактерия бөлуші өкпе және өкпеден тыс туберкулезбен алғаш рет ауырған науқастар, сонымен қатар бактерия бөлмейтін келесі науқастар жатады: 1 сегменттен аса зақымдануы бар өкпе туберкулезi; өкпе және өкпеден тыс туберкулездің асқынған және жанасқан түрлерi.
33. II (екiншi) категорияға туберкулездің қайталануы бар науқастар, емi сәтсiз аяқталған науқастар, үзiлiстен кейiнгi ем алушы науқастар және басқа науқастар жатады.
34. III (үшiншi) категорияға шектелген (1 сегменттің ішінде) алғаш рет ауырған бактерия бөлмейтiн өкпе туберкулезі мен өкпеден тыс туберкулездің асқынбаған түрлерімен ауыратын науқастар жатады.
35. Негізгі топтағы ТҚД-дің түрлерi мен мөлшерлерi осы Нұсқаудың 2- қосымшасында келтірілген.
36. I категориядағы науқастарды емдеу:
1) емнің қарқынды кезеңі туберкулез үрдiсiнiң ауырлығы мен жайылуына байланысты екi айдан төрт айға дейін жүргiзiледi. Емдi бастамас бұрын туберкулез микробактерияларының туберкулезге қарсы дәрілерге сезімталдығын (ДСТ) анықтау үшін қақырықты дақылды әдіспен тексеру қажет;
2) ем мөлшері науқастың салмағына сәйкес төрт дәрімен жүргiзiледi: изониазид (Н), рифампицин (R), пиразинамид (Z), этамбутол (Е) немесе стрептомицин (S).Стрептомицин екi айдан артық қолданылмайды.
екi ай емдегеннен кейiн, ТМБ екi қайта зерттелген қақырық жағындысы терiс нәтиже көрсеткен жағдайда ғана науқасты емнің жалғастыру кезеңіне ауыстыруға болады;
егер екiншi айдың аяғында қақырық жағындысы оң нәтижелi болса, ДСТ-і қайталанып, емнің қарқынды кезеңі бiр айға созылады;
егер үшiншi айдың аяғында қақырық жағындысы екi рет терiс нәтижелі болса, науқас емнің жалғастыру кезеңіне ауыстырылады;
егер үшiншi айдың аяғында қақырық жағындысы оң нәтижелi болса, емнің қарқынды кезеңі тағы бiр айға созылады;
төртiншi айдың аяғында қақырық жағындысы екi рет терiс нәтижелі болса, науқас емнің жалғастыру кезеңіне ауыстырылады;
егер төртiншi айдың аяғында қақырық жағындысы оң нәтижелi болса немесе жалғастыру кезеңінде бактерия бөлушiлiк пайда болса, науқасқа «сәтсiз ем» деген нәтиже анықталады. ТМБ ТҚД сезiмталдығы сақталған жағдайда, науқас II категория бойынша емге қайта тiркеледi. Полирезистенттiлік анықталған жағдайда науқас IV категорияға ауыстырылып, оған «IV категорияға ауыстырылды» деген ем нәтижесі анықталады. Қайта емдi бастау мүмкіндігін ОДКК шешедi;
егер науқаста туберкулезге қарсы дәрілерге көптеген төзімділік дәледенсе, онда I категория бойынша ем тиімділігіне қарамастан, VI категорияға ауыстырлып, оған «IV категорияға ауыстырылды» деген ем нәтижесі анықталады;
VI категорияға тіркелгеннен кейін I категория бойынша емі тиімді (қақырық жағындысының конверсиясы, оң нәтижелi клиникалық рентгенологиялық динамикасы бар) болған науқас сол аталған категория бойынша емiн жалғастырады. Егер I категория бойынша ем тиiмсiз болса (2/3 айдан кейiн қақырық жағындысының конверсиясы болмаса, оң клиникалық рентгенологиялық динамика болмаса), онда науқасқа резервті топтағы ТҚД-мен стандартты ем тағайындау мүмкіндігін ОДКК қарастырады;
емнің жалғастыру кезеңі 4 ай бойы күнара (аптасына 3 рет) немесе күнде екi дәрі - изониазид (Н) және рифампицинмен (R) жүргізіледі;
ауыр жағдайларда емнің жалғастыру кезеңі 7 айға дейін күнде немесе күнара жүргізіледі.
37. II категориядағы науқастарды емдеу:
емнің қарқынды кезеңі туберкулез үрдiсiнiң ауырлығы мен жайылуына байланысты үш айдан бес айға дейін жүргiзiледi. Емдi бастамас бұрын қақырықты дақылды әдіспен тексеріп, ДСТ жүргізу қажет;
алғашқы екi ай мерзiмiнде ем бес дәрімен салмақ мөлшерiне сәйкес жүргiзiледi: изониазид (Н), рифампицин (R), пиразинамид (Z), этамбутол (Е), стрептомицин (S). Кейiннен ем стрептомицинсiз төрт дәрімен жалғастыры-лады: изониазид (Н), рифампицин (R), пиразинамид (Z), этамбутол (Е);
үш ай өткеннен кейiн емнің жалғастыру кезеңіне қақырық жағындысы екi рет теріс нәтижелi болған жағдайда ғана көшеді;
егер үш айдың соңында қақырық жағындысы оң нәтижелi болса, ДСТ қайталанып, емнің қарқынды кезеңі бiр айға созылады;
егер төртiншi айдың соңында екi рет қақырық жағындысы теріс нәтижелi болса, науқас емнің жалғастыру кезеңiне ауыстырылады;
егер төртiншi айдың соңында қақырық жағындысы оң нәтижелi болса, емнің қарқынды кезеңi тағы бiр айға созылады;
бесiншi айдың аяғында қақырық жағындысы екi рет теріс нәтижелi болған жағдайда, науқас емнің жалғастыру кезеңіне ауыстырылады;
егер бесiншi айдың аяғында қақырық жағындысы оң нәтижелi болса, науқаста «сәтсiз ем» деген нәтиже анықталып, IV категорияға ауыстырылады. Науқасқа қандай ем тағайындау керек екенін ОДКК қайта тiркеуден кейiн шешедi.
қарқынды кезеңнің аяғына дейiн ДСТ дәрiге төзiмдiлiктi анықтаса, науқас қабылдап жатқан емнiң (II категория бойынша) тиiмдiлiгiне қарамастан IV категорияға ауыстырылып, оған «IV категорияға ауыстырылды» деген ем нәтижесі анықталады;
VI категорияға тіркелгеннен кейін II категория бойынша емі тиімді (қақырық жағындысының конверсиясы, оң нәтижелi клиникалық рентгенологиялық динамикасы бар) болған науқас сол аталған категория бойынша емiн жалғастырады. Ал II категория бойынша ем тиiмсiз болса, онда науқасқа ОДКК шешімімен резервті топтағы ТҚД-мен стандартты ем тағайындалады;
емнің жалғастыру кезеңі бес ай бойы күнара (аптасына 3 рет) немесе күнде изониазид (Н), рифампицин (R) және этамбутолмен (Е) жүргізіледі;
38. III категориядағы науқастарды емдеу:
қарқынды кезең екi ай көлемiнде негізінен амбулаторлы, сирек жағдайда стационарда төрт дәрі: изионазид, рифампицин, пиразинамид және этамбутолмен жүргізіледі;
екi ай емдегеннен кейiн, ТМБ екi қайта зерттелген қақырық жағындысы терiс нәтиже көрсеткен жағдайда ғана науқасты емнің жалғастыру кезеңіне ауыстыруға болады;
қарқынды кезеңнің соңында немесе жалғастыру кезеңінде науқаста бактерия бөлу байқалса, «Сәтсiз ем» деген нәтиже анықталып, науқас II категория бойынша ем алу үшін қайта тіркеледі;
егер науқаста туберкулезге қарсы дәрілерге көптеген төзімділік дәледенсе, онда III категория бойынша ем тиімділігіне қарамастан, VI категорияға ауыстырлып, оған «IV категорияға ауыстырылды» деген ем нәтижесі анықталады;
VI категорияға тіркелгеннен кейін, III категория бойынша емделгенде оң нәтижелi клиникалық рентгенологиялық динамикасы бар науқас осы категория бойынша емiн жалғастырады. Егер III категория бойынша ем тиiмсiз болса (2 айдан немесе одан кейін бактерия бөлу пайда болса, оң клиникалық рентгенологиялық динамика болмаса), онда науқасқа резервті топтағы ТҚД-мен стандартты ем тағайындау мүмкіндігін ОДКК қарастыруы керек;
емнің жалғастыру кезеңі төрт ай бойы екi дәрі - изониазид, рифампицинмен жүргiзiледi.
Алғаш рет ауырған науқастарда ем бастамас бұрын жүргізілген ДСТ арқылы изониазид немесе рифампицинге жеке төзімділік анықталған жағдайда, емнің жалғастыру кезеңінде этамбутол косымша тағайындалады.
40. I категория бойынша ем тағайындаған жағдайда 4-ші дәрі ретінде этамбутолды қолданған артығырақ.
41. Туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілердің ересектерге арналған тәуліктік мөлшері осы Нұсқаудың 3-қосымшасына сәйкес тағайындалуы қажет.
42. Адамның иммундықтапшылық вирусы (АИВ) жұққан және жұқпаған науқастарды қарап-тексеру (анықтау, емдеу, бақылау) және туберкулезге қарсы емдеу тәртiбi бiркелкі болады.
43. Балалар мен жасөспiрiмдерде туберкулез ауруын емдеу үлгісі ересектердікіне ұқсас болады.
44. Балалардағы өкпе және кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезінің жайылған және асқынған түрлеріндегі (I және II категория) емнің қарқынды кезеңі ауруханада өткiзілуі қажет және де стандартты емнің ұзақтылығын ОДКК шешедi. Емнің жалғастыру кезеңі стационарда, туберкулезге қарсы шипажайда немесе амбулаторлы жағдайда жүргізіледі.
45. Балалардағы туберкулез ауруын емдеуге қолданылатын туберкулезге қарсы дәрілердің тәулiктiк мөлшерi осы Нұсқаудың 4-қосымшасына сәйкес тағайындалады.
46. Туберкулездiң бактерия бөлусіз түрi мен науқастанған балаларды емнің жалғастыру кезеңіне ауыстыру рентгендiк томографиялық зерттеудiң қорытындысына негiзделеді.
47. Туберкулезге қарсы ем үзiлген жағдайда осы Нұсқаудың 5-қосымшасында келтірілген шаралар қолданылуы керек.
Патогенетикалық ем туберкулез ауруының фазасын, жеке көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштерді қатаң ескере отырып химиотерапиямен қатар жүргiзiлуi қажет.
Туберкулезбен ауыратын науқастарға хирургиялық ем фтизиохирургтың кеңесiнен кейiн жүргiзiледi.
Туберкулезбен ауыратын науқастардың ем нәтижесі:
1) жазылды (сауықты) - емнiң аяғындағы және кем дегенде оның алдындағы бір зерттеу кезiнде қақырық микроскопиясы терiс нәтижелі болса;
2) ем аяқталды - науқас туберкулезге қарсы тағайындалған дәрілердің бәрiн қабылдады, бірақ «жазылды (сауықты)» немесе «сәтсiз ем» нәтижелерінің белгілеріне сәйкес келмейді;
3) сәтсiз ем, егер науқаста:
- емнің 5-ші айында және одан кейiн қақырық микроскопиясы оң нәтижелi болса;
- ем алдындағы теріс нәтижелі қақырық микроскопиясы, емнің қарқынды кезеңінің соңында оң нәтижелі болса;
4) қайтыс болды – науқас кез-келген себептен ем алу кезiнде қайтыс болса;
5) ем тәртiбiн бұзды – науқас емін 2 ай және одан ұзақ мерзімге үзсе;
6) ауыстырылды – науқас басқа мекеменің бақылауына ауысып, емiнiң қорытындысы белгiсiз болса;
7) IV категорияға ауыстырылды – туберкулезбен ауыратын науқаста:
көптеген дәрiге төзімділік (кем дегенде HR-ге) болса;
полирезистентiлiгі болып, I, II және III категория бойынша сәтсiз емделсе.
51. Өкпеден тыс туберкулезі бар науқастар мен бактерия бөлусіз өкпе туберкулезi бар балаларда «сәтсiз ем» нәтижесі клиникалық рентгенологиялық зерттеулердің қорытындысына негізделеді.
52. Емнiң сәттiлігі тіркелген «сауықты» және «ем аяқталды» деген нәтижелері бар науқастар санының жиынтығымен анықталады.
53. ТБ 03 тiркеу журналына тiркелген әрбір науқастың ем нәтижесi анықталуы керек.
54. Туберкулез бойынша тiркеу-есеп құжаттары осы Нұсқаудың 6- қосымшасына сәйкес толтырылады.
